Диастазалық белсенділігін анықтау

11 шыны түтікке балдың 10 % ерітіндісін және 42 кестеге сәйкес басқа да компоненттерді құяды.

42 кесте – Диастаздық санын анықтау сұлбасы

Компоненттер Түтікшелер нөмірі
10 % бал ерітіндісі, мл   1,0 1,3 1,7 2,1 2,8 3,6 4,6 6,0 7,7 11,1 15,1
Тазартылған су, мл   9,0 8,7 8,3 7,9 7,2 6,4 3,4 4,0 2,3 - -
0,58 % ас тұзының ерітіндісі, мл 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5
1 % крахмал ерітіндісі, мл 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0
Диастаздық саны (Готе бірлігі)   50,0 38,5 29,4 23,8 17,9 13,9 8,3 6,5 6,5 1,4 3,3

Түтіктерді тығындарымен жауып, мұқият шайқайды және 40оС-тағы ( Диастазалық белсенділігін анықтау - student2.ru 1о) су буына 1 сағатқа қояды. Соң бөлме температурасына дейін салқындатылған түтікшелерге йод ерітіндісінің (100 мл тазартылған суға 0,5 г йод, 1 г йодталған калий) бір тамшысынан құйып шығады.

Крахмал ажырамаған түтікшелердің ішіндегісі көк түске боялады, демек диастазасы жоқ. Диастазаның аз мөлшері болған жағдайда түтік ішіндегісі қарқындылығы әр түрлі күлгін түске боялады, диастазаның мөлшері көп болса, қоңыр түске боялады. Түссіздер (сарғыш реңкі бар) жанындағы соңғы әлсіз боялған түтік зерттелген балдың диастаздық күшіне сәйкес келеді.

Диастаздық санды Д мына формула бойынша анықтайды:

А Диастазалық белсенділігін анықтау - student2.ru

мұнда О – 1 % крахмал ерітіндісінің мөлшері, мл; А – зерттелген балдың диастаздық күшіне сәйкес келетін, түтікке құйылған 10 % бал ерітіндісінің мөлшері, мл; 10 – 10 % бал ерітіндісінің ерітілмеген балға есептелген коэффиценті.

Мысал. Әлсіз бояу 10 % бал ерітіндісінің 2,1 мл және крахмал ерітіндісінің 5 мл болған, 4 түтікте қадағаланды:

А Диастазалық белсенділігін анықтау - student2.ru

Қазіргі уақытта диастаздық сан әрбір республика, облыс үшін облыс, өлке, автономдық немесе одақтық республиканың ветеринарлық бөлімімен регламенттелген, бірақ барлық аймақтарда да ол 5-тен төмен болмауы керек.

Егер ерігіш крахмал болмаса, оны келесі тәсілмен даярлауға болады: 250 г картоп крахмалын 1 л тазартылған суда жуып, тұнғаннан кейін суды төгіп тастайды. Тұнбаға 1,5 л 4 % тұз қышқылының ерітіндісін құйып, 1-2 сағат ұстайды, соң қоспаны сүзеді. Сүзгіде жиналған крахмалды лакмус бойынша нейтралды реакцияға дейін тазартылған сумен бірнеше рет жуады және 90оС температурада құрғатады.

Рақты немесе қызылша қантының қоспасын анықтау

Қант құмының қоспасын анықтау үшін шыны затта балдың жұқа жағындыларын дайындап, микроскоптың аз ұлғайтуымен қарайды. Қант кристаллдары ірі түйір түрінде болады; табиғи балдың кристаллдары ине немесе жұлдызша тәрізді болады. Сонымен бірге көрінетін қара жиекті дөңгелектер – ауа көпіршіктері болып табылады.

Егер қант құмын сұйық балға қосатын болса, ол тез арада тұнады және органолептикалық оңай анықталады. Қажет болған жағдайда микроскопиялық жағындыға жүгінеді.

Қою, жақсы кристаллданған ара балынан кейде шыны затқа жұқа жағынды жағу қиын болады. Ол жағдайда жағындының екі жағының біріне тазартылған судың бір-екі тамшысын қосады және ол бал кристаллдарын ақырындап ерітеді, соңынан ерімеген кристаллдар жақсы көрінетін болады.

Наши рекомендации