Ісжегі қуысын егеп- тазалау кезеңдері. 4 страница
•Шыныполиалкенатты цементті қойғаннан кейін оны ауыз сұйықтығынан арнайы лактарды қолдана отырып оқшаулау керек: Final Varnish, Ketak Glaze немесе композиттік жабысқақ жүйесін қолданады.
•Пломбаны жылтырату келесі кезеңде ― 24 сағ кейін жүргізіледі.
•2 аптадан кейін шыныполиалкенатты цементтерден қойылған пломба аздап өзінің түсін өзгертеді. Сондықтан материалдың түсін таңдау кезінде бір реңкі түс ― ақшылдау етіп алу керек.
3.12.4. ТҰРАҚТЫ ПЛОМБАҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР.
МЕТАЛҚҰРАМДАС ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР (АМАЛЬГАМА).
Амальгамадеп бір немесе бірнеше металдың сынаптағы ертіндісін айтады. Сынапта металл үгінділерін араластырған кезде жұмсақ, өз бетімен қатаятын құйма пайда болады. Бұл үдеріс амальгамдану (амальгамирование) деп аталады. Стоматологиялық тәжірибеде қазіргі кезде екі түрлі – күміс және мыс амальгамасы қолданылады.
Күміс амальгамасы классикалық ұнтағының металл құймасы төмендегіше: күмістен (65-66%), қалайыдан (29-32%), және мыстан (2-6%) тұрады. Бұл құйма жақсы жабылатын шыны құтыдағы сынаппен араластырылады (қолданар алдында белгілі мөлшермен).
Ал металдар құймасының үгіндісі пластмасса құтыда шығарылады. Қазіргі кезде Ресейде СРСТ-43 маркалы күміс амальгамасы арнаулы қос камералы капсулаларда шығарылады және сапасы жағынан шетелдік амальгамалардан кем түспейді.
Амальгама XIX ғ бірінші жартысында пайда болды. Алғаш рет француз Таво өзіне күміс амальгамасынан пломба даярлаған.
Амальгаманың құрамында алғашында 65% күміс және 6% мыс , 29–32% қалайы және 2% цинк болған (спецификация АДА № 1).
Алғашында амальгаманы фарфор шәшкеде ұнтақ пен сынап компоненттері келсаппен (ұнтағыш) мұқият араластырған. Кейіннен әртүрлі амальгаманы араластырғыш аспаптар құрастырылды. Бұл кезеңнің негізгі жетіспеушілігі ― амальгаманы қолдану кезінде қоршаған ортаны сынаппен ластандыру болып табылды.
Амальгаманы қолданудағы ең үлкен жетістік ― заводта амальгаманы арнайы капсулаларда шығару болды. Медициналық қызметкерлер сынаптың бос радикалдарымен тікелей жанасуды доғарды және емханаларда амальгаманы даярлауға арналған арнайы бөлмелерді ұйымдастыруды қажетсіз болды. Амальгама екі негізгі капсуладан тұрады: белсендіргіш және өздігінен белсенгіш. Белсендіргіш капсуланы қолдануда араластырар алдында ұнтақ және сұйықтықты бөліп тұратын қалқаншаны арнайы қондырғымен алып тастайды. Ал егер арнайы қондырғы болмаса, онда капсуланы саусақтармен қысып, қалқаншаны бұзады.
Өздігінен белсенгіш капсула ішіне пішіні цилиндр тәрізді, амальгама араластырғышпен араластыру кезінде жұқа қалқаншаны тесетін арнайы келсап орналастырылған. Капсулалық жүйе ұнтақ пен сұйықтықтың біркелкі араласуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде амальгамалар алдын ала дозаланған капсулаларда шығарылады: № 1 амальгаманың құрамында ― 400 мг, № 2 амальгама құрамында — 600 мг,
№ 3-те — 800 мг амальгама бар. Тісжегі қуысының көлеміне қарай дәрігер- стоматолог керекті амальгаманы таңдап алады.
Дұрыс қойылған амальгама пломбалары (АП) ұзақ уақыт қанағаттанарлық жағдайда сақталады және онымен жұмыс істеу өте қарапайым, арзан. Амальгамадан қойылған пломбалар жылдар бойы жанасу нүктесін бұзбай сақтап отырады.
Амальгаманың қатаюы үш фазадан тұрады. Гамма фазада күміс пен қалайының қоспасы түзіледі және бұл фаза ең берік фаза болып саналады. Содан кейін гамма -1 фазасында күмістің сынаппен байланысуы жүреді, ал гамма -2 фазасында қалайы сынаппен байланысады. Ең соңғы фаза амальгаманың осал фазасы болып келеді. Гамма -2 фазасында пломбаның жалпы құрылымының беріктігін, құрамында қалайының болуына байланысты оның коррозияға беріктілігін төмендетеді.
1960 жылдардың ортасында амальгаманы жаңартуда оның құрамына 12 ден 28% -ға дейін мыс қосылып жетілдірілді. Қоспада мыстың 20% болуы қалайы мен сынаптың реакциясын бейтараптандырып, гамма -2 фазасында түзілетін осал тұстарын жойып, материалдың коррозияға беріктігін жоғарылатты.
Міне, сондықтан амальгаманы жетілдіруде төмендегілерге қол жеткізілді:
1) Амальгаманың коррозияға беріктілігін жоғарылатты;
2) Шайнау салмағы түсуі барысында пломбаның деформациялануын азайтты;
3) Компрессиялық беріктілігін арттырды;
4) Макроскопиялық кеңеюін жойды;
5) Түсін өзгертуін жойды;
6) Амальгаманың құрамындағы күмістің мөлшерін азайтып, оны мыспен алмастыру арқылы бағасын арзандатты.
Амальгаманың жүйесі.Морфологиялық құрылымына қарай амальгама ұнтағында инелі, шар тәрізді, сфералық, аралас бөлшектер болады.
Бөлшектердің пішіні амальгама араластырғышта пломбаның араласу уақытын анықтайды. Араласу уақыты капсуладағы ұнтақтың мөлшеріне және амальгама араластырғыштың түрлеріне де байланысты болады.
Бөлшектердің пішіні амальгаманың тұтыну және амальгаманы өңдеу техникасы уақытын анықтайды. Инелі- бөлшекті амальгаманы амальгамалық қоспаларды токарлық станокта қырнау арқылы алады. Бұндай амальгамалар жақсы тығыздалады, баяу тотығады, бірақ қатайғаннан кейін беті тегіс болмайды, нашар тегістеледі.
Шар тәрізді бөлшектен тұратын амальгаманың қатаю мерзімі қысқа болғандықтан, АП қойғаннан кейін пломбаны өңдеу уақыты да қысқа болады және пломбаны тығыздағаннан кейін беті тегіс болып келеді.
Сфералық бөлшекті амальгаманы инертті газда амальгаманы шашу арқылы алады. Мұндай амальгаманы конденсациялау үшін өте аз қысым керек болғандықтан қолдануға өте қолайсыз.
Аралас бөлшекті амальгамалардың қатаю конденсациялануы және тегістелініп жылтырату уақыты инелі, шар тәрізді, сфералық бөлшектердің орта көрсеткішіне тең. Амальгаманы даярлау үшін келесі амальгамаараластырғыш приборларды қолданады: MixomatЃ, Silamat, Automix.
Араластыру уақытын өндіруші көрсеткен уақыт бойынша ұстану керек.
Қандай да бір амальгаманы араластыру уақыты оның капсуладағы массасына тікелей байланысты және ол өзгеріп отырады. (400, 600, 800 мг).
Амальгаманың араластыру уақытының қысқаруы ― қоспаның барлық бөлшектерінің сынаппен араласуын төмендетеді немесе толықтай араласпайды, ал егер уақытын созатын болса ― онда амальгама қатты қызып, кристалданады және тез сынғыш болып келеді.
Амальгаманы орташа араластыру уақыты ― 4-8 секунд. Амальгаманы
араластырып болғаннан кейін капсуланы ашып, оны металл немесе шыны сауытқа салып, оны амальгаманы тасымалдаушы пистолетке орнатады. Пистолеттер металлдан немесе пластмассадан жасалған болады.
( 3.14-сурет).
Амальгаманы өңдеу 2-10 минутты құрайды. Бірінші порцияны қуыстың апроксималды аймақтарына және қабырғаларына үйкей отырып арнайы аспаптармен тығыздайды. Окклюзиялық бетті ең соңында қалыптастырады.
Амальгамадан қойылған пломбаны нығыздау үшін негізгі бөлігі жазық, шар, ромб тәрізді немесе трапеция кесінділі штопферлерді –нығыздағыштарды қолданады.Пломбаның салбыраңқы шеттерін (II және V класты тісжегі қуыстарын пломбалау кезінде) орақ тәрізді аспаптармен алып тастайды.
II класты тісжегі қуыстарын пломбалау кезінде жанасу айдаршығын қалыптастыруда ерекше назар аудару керек. Амальгамадан қойылған пломбаны тегістеуді келесі кезеңде алдыменен металдық финирлерді немесе әртүрлі пішіндегі қара –қоңыр түсті силикондарды қолдана отырып жүргізеді. (3.15-сурет). Ескі амальгамада қойылған пломбаны алып тастауды тек қана сулы салқындатуды қолдана отырып жүргізу керек.
Амальгаманы жою. Амальгаманың қалдықтарын мұқият амальгама тұрған пластикалық капсулаға жинайды. Амальгаманың қалдықтарын өткізуді арнайы СЭС –пен келісе отырып жүргізеді.