ГОСТ бойынша мыс қорытпалрын белгілеу.
Қысыммен өңделетін қорытпалардың маркаларында қорытпалардың алғашқы әріптері және легірленген элементтерді белгілейтін әріптер көрсетіледі, содан кейін легірлендіруші элементтердің орташа мөлшерін көрсететін цифрлар беріледі.
Латундерде Л әрпінен кейін легірлендіретін элементтер белгіленеді, содан кейін мыс пен легірлендіруші элементтердің орташа мөлшерін көрсететін цифрлар қойылады. Мысалы, ЛАЖ 60-1-1 маркалы латуньде 60 % - мыс , 1 % алюминий және темір, қалғаны - мырыш.Қолада Бр - дан кейін легірлендіруші элементтер белгілеуі келеді, содан кейін пайызбен берілген олардың орташа мөлшері көрсетіледі.Мысалы, БрАЖМц10-3-1,5 маркалы қолада 10 % алюминий, 3 % темір және 1,5 % марганец, қалғаны - мыс. Құйылған қорытпалар маркаларындағы легірлендіруші элементті белгілейтін әріптерден кейін оның пайызбен көрсетілген орташа мөлшері көрсетіледі.
1.3. Мысмырышты қорытпалар (латуньдер)
Латуньдер - бұл мысмырышты қорытпалар, оларда мырыш негізгі легірлеуші компонент болып табылады. Мырыш пен латуньнің минималды мөлшері 4% (массасы бойынша). Латуньдер мыс негізіндегі ең кең таралған қорытпалар.
Мыстан тұратын қорытпалар қарапайым летуньдер деп аталады. Мырыштан бөлек әртүрлі элементтер қоспаларынан тұратын латуньдер көпкомпонентті немесе күрделі деп аталады.
Мыс - мырыш күйінің диаграммасы 16 суретте көрсетілген. Мыстың α - қатты ерітіндісінде 33 % мырыш бар. Мыс мырышпен интерметалл қосылысты түзеді. Мыс - мырыш жүйесі қоспаларының интерметалл фазаларының негізгі параметрлері 13 кестеде келтірілген.
Қысыммен өңделетін стандартты латуньдердің химиялық құрамы (ГОСТ 15527-70) 14 кестеде, физикалық және механикалық қасиеттері - 15 кестеде, ал технологиялық қасиеттері - 16 кестеде берілген.
кесте . Cu - Zn жүйесі қорытпаларының интерметалл фазаларының параметрлері.
Мырыш мөлшері | Фаза | Формула | Тор түрі | Тор параметрлері,нм |
45-49 56-60 | Β γ | CuZn Cu - Zn | Шаршы қырлы центрленген | 0,294 0,883 |
Фазалық құрамына байланысты қосарланған немесе қарапайым латуньдер екі түрге бөлінеді: 1 фазалық α - латуньдер (Zn 33% - ға дейін) және екі фазалықα + β (> 33%Zn).
Бір фазалық α - латуньдерде баяу өтетін диффузиялық процестер нәтижесінде β - фазаның аздаған мөлшері болады. β - фазаның қосындылары α - латуньдердің қасиеттеріне әсер етпейді. Сонымен, олардың құрылымы екі фазалық болғанымен, өзінің физика - механикалық және технологиялық қасиеттеріне байланысты олар да бір фазалыққа жатады. Ыстықтай деформациялау кезінде бір фазалық α - латуньдер, әсіресе баяу балқитын (висмут, қорғасын) қоспалар құрамына өте сезімтал келеді. Мырыш мөлшері жоғары ыстықтай илектелген күйде α - латуньдердің өңделуі нашарлайды. Суықтай илектелген күйінде латуньдер жақсы өңделеді.
Ыстықтай илектелген күйдегі екі фазалық латуньдер (α + β) бір фазалық летуньдерге қарағанда жақсы өңделеді, олардың қоспаларға сезімталдығы төмен болады. Бірақ олар салқындаудың температуралық - жылдамдық режимдеріне сезімтал келеді. Осы себептен ыстықтай илектелген жартылай фабрикаттардың құрылымы біркелкі емес.Суық күйде екі фазалы латуньдер бір фазалық латуньдерге қарағанда нашар өңделеді.
Салқын күйінде олардың созылымдылығы құрылымына байланысты . Егер α -фаза β - фазаның негізгі фонында жіңішке инелер түрінде орналасса, онда салқын күйде екі фазалық латуньнің өңделуі жақсарады. 200-600 º С температура интервалында латуньдерде мырыштың фазалық құрамы мен мөлшеріне байланысты төменгі созылымдық аймағы байқалады. Латуньдерді суықтай илектеуде, сүйретуде, терең штамптауда фазалық құрамына байланысты түйіршік шамасы 0,5 нм құрылым қажет.
Қарапайым латуньдердің салқын деформациялау дәрежесі белгілі шегімен анықталады, одан жоғары жерде оның созылымдылығы күрт төмендейді. Бұл деформациялау дәрежесінің мүмкін шегі мырыш мөлшері жоғарылағанда азаяды, латуньнің әрбір маркасы үшін белгіленеді.
Жай латуньдердің термиялық өңдеуінің негізгі түрі - ішкі кернеулерді түсіру үшін қайта кристалдау.
Мырыш мөлшері көбейгенде α - латуньдердің қайта кристалдану температурасы төмендейді.Қатты деформацияланған екі фазалық латуньде α -фазаның қайта кристалдануы 300º С температурада жүреді. Бұл жағдайларда β - фаза өзгеріссіз қалады және оның қайта кристалдануы одан жоғары температурада басталады. Сондықтан жұмсарту температурасын таңдаған кезде оңтайлы құрылым алу үшін осыны ескерген жөн. Ауа және қышқылдану атмосферасында латуньді жартылай фабрикаттарды жұмсарту кезінде олардың беттерінде қышқылдану өнімінің дақтары қалады, сондықтан жұмсартуды минималыд температурада және қорғаныс атмосферасында орындау керек.
Латуньдерді кесу арқылы өңдеу олардың фазалық құрамына байланысты. Бір фазалық α - латуньдер екі фазалық (α + β) латуньдерге қарағанда кесумен нашар өңделеді, сонымен қатар латунь құрылымында β - фаза көбейгенде жаңқа сынғыш әрі қысқа болады. Бір фазалық α - латуньдер жақсы тегістеледі, екі фазалық оларға қарағанда нашарлау тегістеледі.Жай латуньдер пайкалау кезінде оңай біріктіріледі.Жай латуньдердің пісірімділігі пайкаға қарағанда нашарлау.
Латуньдер өндірістік, теңіз және ауылдық атмосфераға төзімді, олар көптеген қышқылдарға қатысты орнықты келеді. Латуньдер көл және тұзды суға инертті. Топыраққа қатысты латуньдер жақсы коррозиялық төзімділікке ие, тағамдық өнімдерге қатысты - бейтарап келеді. Құрғақ газдар - фтор, бром, хлор, хлорлы және фторлы сутегі, көміртек пен азот оксидтері + 20 º С және одан төмен температурада латуньге әсер етпейді.
Азот қышқылының шекті концентрациясы - 0,1% (массасы бойынша). Қоспалар жай латуньдердің механикалық, химиялық және физикалық қасиеттеріне (темірден басқасы) әсер етпейді, бірақ олардың технологиялық сипаттамаларына әсерін тигізеді.
Жай латуньдерден жасалған жартылай фабрикаттар сапасына қоспалардың әсері:
- алюминий құю сапасын нашарлатады, құймаларды көпіршітеді;
- висмут латуньдердің, әсіресе бірфазалық латуньдердің ыстыққа сынғыштығын қамтамасыз етеді;
- темір қайта кристалдану процесін қиындатады;
- кремний пайкілеу және пісіру процесін жақсартады,коррозиялық төзімділікті арттырады;
- никель қайта кристалданудың басталу температурасын көтереді;
- қорғасын латуньдердің, әсіресе 30-33 % мөлшерінде мырышы бар бір фазалық латуньдердің ыстыққа сынғыштығын қамтамасыз етеді;
- сурьма қысыммен өңделуіне кері әсерін тигізеді;
- мышьяк созылымдылығын нашарлатады;
- фосфор құйма күйінде құрылымын майдалайдыжәне қыздырған кезде жарылуын болдырмайды, қайта кристалдану кезінде түйіршіктердің өсуін жылдамдатады, коррозияны азайтады;
- қалайы латунь созылымдылығын төмендетеді.