Сурет – СК3-1,2 -630сериялы айдағыш станоктың ваттметрграммасы

Модернизациялауға дейін және одан кейін ваттметрграммалар бойынша баланстау нәтижелерін талдау модернизацияланғанжетектің Кнб=0,91<1 балансталмау коэффициентіне ие екендігін көрсетті, дәл сол кезде сериялыжетекКнб=0,71балансталмау коэффициентіне ие, яғни, шекті мәндеріне жақын.

Ваттметрграммаларды талдау нәтижелері сондай-ақ айдаулардың үш есе төмендеуіне орай, модернизацияланған жетектің динамикалық сипаттамаларының айтарлықтай жақсарғандығын көрсетіп отыр, электр қозғалтқышқа жүктеменің ауытқулары айтарлықтай төмендеді, динамограммалар көбірек тегістелген, бұл жүктеудің бірқалыптылығын куәлендіріп отыр. Жетектің электр қозғалтқышының бірқалыпты жүктелуін қамтамасыз ету, оның қуатын пайдалану коэффициентінің артуын береді.

Сурет – СК3-1,2 -630сериялы айдағыш станоктың ваттметрграммасы - student2.ru

Сурет – Модернизацияланған жетектің ваттметрграммасы

Мұнымен қатарлас, штоктың аспасына әсер ететін жүктемелерді бағалауға арналған ДДС-04 аспабымен динамометрлендіру жүргізілді.

Динамометрлендірудің нәтижесінде, сериялы жетектен өзгешелігі, модернизацияланған балансирлік жетектің штангаларының орын ауыстыруының және жүктелуінің жылдамдығының, оның кинематикалық сызбанұсқасының ерекшеліктеріне орай, азырақ қарқынды өзгеретіндігі анықталды.

Модернизацияланған жетектің стендтік сынақтардың негізінде алынған жылдамдығының және үдеуінің диаграммалары, сериялы жетекпен салыстырғанда, олардың айтарлықтай төмендегендігін көрсетіп отыр (17-ші суретті қар.).

Ұзарған жүрістер кезінде жылжытылатын элементтердің орнынан жылжи бастауына және екпін алуына кететін шығындар еселеп төмендейтіндіктен, қысқа жүрістердің арттырылған цикліндегіге қарағанда, ұзартылған жүрістердің азырақ саны кезінде әрбір жүріске кететін энергетикалық шығындардың анағұрлым төмен болатындығы белгілі. Плунжердің қозғалу жылдамдығының күрт өзгерістерінің болмауы әртүрлі шығындардан өтуге жұмсалатын қуаттың шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді, ал сораптың поршенінің қосарланған жүрістер санының еселеп төмендеуі ұңғыманың өнімін айдауға жұмсалатын қуаттың шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сурет – СК3-1,2 -630сериялы айдағыш станоктың ваттметрграммасы - student2.ru

Сурет – Тиісіншесериялы және модернизацияланған балансирлік жетек үшін жүріс ішіндегі V - 1, 2 жылдамдықтың және W - 3, 4 үдеулердің өзгеруі

Бұған полиспастты жабдықтың арқандарының, жүрістің соңғы нүктелеріндегі жүктемені тегістей отырып, штангаларға күш түсу берген кезде әлдебір демпфирлейтін әсерін тигізетіндігі де жағдай жасайды. Сондықтан, айдағыш станоктың электр қозғалтқышының тұтынылатын белсенді қуатының уақыт бойынша өзгеруінің сипаты, штоктың қозғалыс бағыты алмасқан кезде соңғы нүктелердегі пиктік «лақтыруларсыз», көбірек тегістелген болып шығады. Бұл пайдалану барысында штангалардың ресурсына қолайлы әсерін тигізетін болады.

Осылайша, стендтік сынақтардың негізінде модернизацияланған жетектің техникалық тапсырмада белгіленген эксплуатациялық параметрлерге сәйкес келетіндігін алдын ала атап өтуімізге болады.

КОРЫТЫНДЫ

Модернизацияланған балансирлік жетекті стендтік эксперименталды зерттеулерді жүргізуге арналған эксперименталды зерттеу әдістемесі жасалды және өзіне жетектің жұмысы кезінде динамограммаларды тіркеуге арналған ДДС-04динамометрлендіру жүйесін, әртүрлі жүктемелер кезінде жетекті баланстауды бақылау аспабын, арқанды аспаның керілуінің максималды күшін бақылау аспабын қосатын өлшегіш-тіркегіш аппаратура кешені дайындалды.

Тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғының стендтік сынақтарын талдаудың нәтижелері модернизацияланған жетектің, бір мезгілде конструкцияның ұстап тұратын элементтерін жүктеу динамикасын жақсарта отырып, жүрістің ұзындығының 1,2м бастап 3,5м дейін үш мәрте артуын қамтамасыз ететіндігін көрсетті.

Наши рекомендации