Балда шіріткіш аурулардың қоздырғыштарын табу әдістері

Зерттеу үшін заттар: өзіне қоса берілетін сүзгіштері бар МЛ-2 люминесценттік микроскоп немесе арнайы люминесценттік құрылғымен жабдықталған қарапайым биологиялық микроскоп (МБИ-1, МБИ-3, МБИ-4); арнайы өнімдердің люминесценциясын қоздыруға арналған жарықтандырғыш (СВД-250 сынап шамы тоқ көзі ретінде қызмет етеді); СС-4, СС-8 жарық сүзгісі, ОИ-17 немесе ОИ-18опак-иллюминаторы, майсыздандырылған шыны зат пен жабынды, құбылмалы антиларвейлік және антиальвейлі іріткі мен қоянның люминесценетін бақылау іріткісі, этил және метил спирті, буферленген физиологиялық ерітінді (фосфатты буфер); буферленген глицерин ерітіндісі, құбылмайтын иммерсиялық май, иммесиялық сұйықтықтар, олар болмаған жағдайда диметилфталат пайдалануға болады.

Глицерин буферін нейтралды глицериннің тоғыз бөлігі мен 8,0 рН фосфатты буфердің бір бөлігін араластыру арқылы даярлайды.

Арнайы өнімді этил немесе метил спиртімен қатырып, 7,4 рН фосфатты буферімен жуады. Соңғысын 30 мл Г/15 М натрий немесе калийдің орны бір рет басылған фосфорқышқылды ерітіндісін, 120 мл 1/15 М натрийдің орны бір рет басылған фосфорқышқылды ерітіндісін және 8,78 г хлорлы натрийді 1 л тазартылған суда араластыру арқылы даярлайды. Сұйық балды алдын ала араластырып, сынама алады. Қантталған балдан сынаманы әр түрлі тереңдіктен сүзгімен; кәрезді балдан салмағы 30 г сынаманы іріктейді, артық заттарын алып тастап, балдың кәрездерде толық еруі үшін 15-20 мл залалсыздандырылған физиологиялық ерітіндіге батырады.

15-20 г бал ілмегін залалсыздандырылған шыны сауытшаға салып, 25-30 мл залалсыздандырылған физиологиялық ерітіндіні қосады (35-40оС температура). Еріген балды 15 минут ағымында 2000 айн/мин центрофугалайды. Тұнба үстіндегі сұйықтықты ақырын құйып алып, центрофугатқа қайтадан 25-30 мл залалсыздандырылған физиологиялық ерітінді қосады, араластырып, тағы бір рет центрофугалайды. Алынған центрофугаттан параллель екі жағынды жасап, біреуін Грам бойынша бояп, екіншісін 2 % карболды фуксиннің ерітіндісімен таласқа реакция жасайды. Bac.larvae табу үшін центрофугатты ет-пептондық іріткіш агарға (Томашец ортасы) себеді және Bac.alvei, streptoe, apis үшін – МПА және МПБ. Қоздырғыштың өсірілген дақылын жалпы қабылданған бактериологиялық әдістерге сәйкес теңестіреді.

Балдың тығыздығы төмен жағдайларда бактериологиялық әдіспен қоздырғыштарды бөлі мүмкін болмаған кезде, антиларвейлік және антиальвейлік іріткіштерді пайдалана отырып, антителаның құбылмалы әдісін қолдануға болады.

Осы мақсатта келесі әдістемені пайдаланады: 15-20 г балды 25-30 мл физиологиялық ерітіндіде ерітіп, центрофугалайды. Центрофугаттан жағынды жасап, этил спиртімен 15 минут ағымында қатырады, ауада құрғатып, 7,4 рН фосфатты буферімен ылғалдап, соң тағы құрғатады. Арнайы өнімдерді тура тәсілмен бояйды. Ол үшін жағындыға тиісті құбылмалы іріткінің тамшысын тамызып, ылғал мақтаның тығынымен Петри шыны аяғына салады және 37оС температурада 35-45 минут ағымында ұстайды. Боялған жағындыларды 20 минут сайын ерітіндіні ауыстырып, екі рет сол буферлік ерітіндімен жуады және тазартылған сумен шаяды. Құрғатылған жағындыларға буферлік глицериннің тамшысын тамызып, жұқа шынымен жабады да, оған құбылмайтын иммерсиялық май енгізіп, жалпы қабылданған әдістеме бойынша МЛ-2 люминесценттік микроскопы арқылы қарап, тексереді.

Іріткілер Украина сараптамалық ветеринария ғылыми зерттеу институтының тапсырысы бойынша жеткізіледі.

Микробтық талшықтардың жарқырау деңгейін төрт баллды жүйе бойынша бағалайды:

++++ - микробтық талшықтардың пішіні анық байқалып, Bac.larvae таласы мен таяқшаларының жалтыраған алтындай жасыл жарқырауы;

+++ - пішіні анық байқалған талас пен таяқшалардың ашық жасыл жарқырауы;

++ - айқын пішінделген талас пен талшықтардың әлсіз жасыл-сары жарқырауы;

+ - пішін айқындалмаған талас пен талшықтардың әлсіз сұрғыш жарқырауы;

- - талшықтар байқалмайды немесе сұр көлеңке түрінде ғана байқалады.

Көптеген талшықтардың жарқырау деңгейін бағалайды. Bac.larvae таза дақылдарын боялған құбылмалы антиларвейлік іріткімен бақылауда, жарқырау (++++) болуы керек; центтен даярланған арнайы өнімдерді бал рифугаттарын антиальвейлік құбылмалы іріткімен бояу кезінде, жарқырау (++) және (+) болуы керек.

Аралардың шіріткіш ауруларының қоздырғыштарымен зақымдалған балды 120оС температурада 20 минут ағымында автоклавтағаннан кейін, араларды қоректендіруге болады немесе кондитерлік өнеркәсіпке жібереді.

Бақылау сұрақтары:

1. Бал сынамасына қосымша зертханалық зерттеу жасау.

2. Зерттелетін бал сынамасының санитарлық бағасын негіздеу.

Наши рекомендации