Электрондық микроскоптық әдіс неге негізделген?Оның артықшылықтары мен кемшіліктері

Электронды микроскопия – дисперсті жүйелерді зерттеудің бір әдісі. Электрондық микроскопия әдісінде жарықтың орнына электрондар ағыны қолданылады. Бұның өзі прибордың сезімталдығын арттырады. Бұл әдіс арқылы коллоидтық бөлшектерді көруге және оның суретін түсіруге болады. Электрондық микроскопия әдісімен коллоидтық бөлшектердің көлемін және сандық концентрациясын анықтауға болады

Артықшылықтары:

Бөлшектерді 0,5 нм-ге дейін үлкейтіп корсетеді

Кемшіліктері:

1. Алынатын сурет ақ-қара түстерде болады

2. Микроскопты жұмысқа дайындау өте күрделі әрі аса білікті мамандардың бақылауында болу керек

Ерітінділердің коллигативтік немесе молекула-кинетикалық қасиеттеріне не жатады?

Молекула-кинетикалық теория молекулалардың өздігінен қозғалу,жылжу заңдылықтарын зерттейді. Молекулалардың сандық концентрация арқылы ғана анықталатын ерітінділердің қасиеттерін – коллигативтік қасиеттер деп аталады.

Дисперсті жүйелердің молекула-кинетикалық қасиеттері:

· Броундық қозғалыс

· Диффузия

· Осмос

· Седиментация

Коллигативтік қасиеттер:

· Диффузия

· Осмос қысымы

· Беттік қысым

· Еріткіштің қаныққан буы қысымының өзгеруі

· Ерітіндінің қату және қайнау температураларының өзгеруі

Диффузия дегеніміз жүйедегі молекулалар, иондар немесе коллоидты бөлшектердің хаосты жылулық қозғалысының әсерінен олардың концентрациясының өздігінен теңесу процесі.

Дисперсті фаза бөлшектерінің үздіксіз,ретсіз қозғалысының табиғаты – броундық қозғалыс.

Коллоидтық бөлшекке бір секундта дисперстік ортаның 1019 молекула келіп соқтығысады.

Седиментация дегеніміз - дисперсиялық ортадағы ауырлық күшінің әсерінен дисперстік бөлшектердің шөгуі. Седиментацияның негізгі көрсеткіші – жеке дисперстік бөлшектің шөгу жылдамдығы болып табылады.

Қатты бөлшектердің седиментациясы. Радиусы r қатты сфералық бөлшектің шөгу жылдамдығын анықтайық.

Қозғалтқыш күш (fs) дисперстік фаза (ρd) мен дисперсиялық ортаның (ρ0) тығыздықтар айырымынан ∆ρ = ρd - ρ0 пайда болады: ,мұндағы g – ауырлық күшінің үдеуі (9,81 м/с2).

Еріткіштің жартылай өткізгіш арқылы ерітіндіге өздігінен диффузиялану құбылысын осмос деп атайды.


Осмометрдің сызба-нұсқасы

осмос қысымыдеп ерітіндіні еріткішпен тепе-теңдік күйде ұстап тұру үшін осмометр ішіндегі ерітіндіге түсірі-летін қысымдыайтады.

Шын ерітінділердегі осмос қысымының шамасы Вант-Гофф теңдеуімен анықталады:

p = (m / M×V) R×T = с×R×T

Мұндағы p - осмос қысымы, m мен М – еріген заттың массасы мен молекулалық массасы; V – ерітіндінің көлемі; R –универсал газ тұрақтысы; с – ерітіндінің мольдік концентрациясы; Т – аб-солюттік температура.

Наши рекомендации