Сурет. «National Oilwell» фирмасының қысқа тальды блокы бар күш вертлюгы
PS-350/500 күш вертлюгы барлық қолдану ыңғайлылықтарына және «National Oilwell» ілінетін бұрғылау жабдығында кездесетін жұмыс істету тиімділігіне ие:
1. Бұрғылау ұзақтығы 10-30 %-ға қысқарады. Бұрғылау кезінде бұрғылау мұржаларын бекіту саны азаяды, үшмұржалықтармен жұмыс істеудің арқасында скважинаны кеңейту уақыты қысқарады, бұрғылау сұйық затының циркуляциясы жақсы бақыланады, қармауды азайтатын бұрғылау мұржаларын жуып-шаю жұмысы мен оларды жоғары немесе төмен араластыру жұмысын бірге атқару мүмкіндігі пайда болады;
2. Горизонтальды бұрғылау жұмысы жеңілдейді – аз скважина бұрғылау отырып, көп дебит алуға болады;
3. Жабдықтың ұш жағында бірден жоғары қысым пайда болғанда, манифольдты жалғауға және циркуляцияны қалпына келтіруге аз уақыт кетеді;
4. Басқа конструкцияларға қарағанда жұмыс істетуге жұмсалатын шығын 40 %-ға дейін азаяды.
National Oilwell» күш вертлюгтарының техникалық мағлұматтары
Кесте
Вертлюгтардың техникалық мағлұматтары және габариттық өлшемдері | Р-200 | Р-300 | Р-400 | Р-500 | Р-650 | Р-750 |
Статикалық салмағы, т | 200(181) | 300 (272) | 400 (363) | 500 (454) | 650 (590) | 750 (680) |
Переводниксіз жалпы ені, фут-дюйм (мм) | 6-10 7/8 (2105) | 7-5 3/4 (2280) | 7-8 'Л (2350) | 8- 1/2 (2451) | 8-4 1/4 (2546) | 10-3 5/8 (3140) |
Жалпы ені, дюйм (мм) | 34% (870) | 35% (895) | 39 (991) | 42 Уг (1080) | 45 (1143) | 55 1/4 (1403) |
Ілгіштің штроптары арасындағы ені, дюйм (мм) | 31 % (794) | 31 1/4 (794) | 31 1/2 (800) | 31 1/2 (800) | 32'/2 (826) | 45 3/8 (1153) |
Штроп пен горловина арасындағы ашық жер, дюйм (мм) | 19 (483) | 21 (533) | 21 (533) | 22 (559) | 23 (584) | 2413/16» (630) |
Вертлюгтың негізгі бөлігіндегі тесіктің диаметрі, дюйм (мм) | 3(76) | 3(76) | 3(76) | 3(76) | 3(76) | 4(102) |
API нормалары б-ша негізгі бөліктің астыңғы шетіндегі кілтті муфты ойық, дюйм(мм) | 4У2 F. Н. (114.3) | 5У2 (139.7) | 6% (168.3) | 7У8 (193.7) | 7% (193,7) | 85/. (219) |
API нормалары б-ша переводник үшін кілтті ниппельді ойық, дюйм (мм) | 6 5/8 н/се 4 '/2 (168.3 н/се 114.3) | 6 5/8 н/се 4 1/2 (168.3 н/се 114.3) | 6 5/8н/се 4 1/2 (168.3 н/се 114.3) | 6 5/8 н/се7 5/8 (168.3) н/се (193.7) | 6 5/8 н/се 7 5/8(168.3) н/се (193.7) | 7(193.7) |
Горловинасы бар ішіне енгізілген жалғау торабы б-ша ойық, дюйм (мм) | 6(152.4) | 6(152.4) | 6(152.4) | 6(152.4) | 6(152.4) | 7(177.8) |
Майдың сыйымдылығы, галл (л) | 11(42) | 15(57) | 18(68) | 24(91) | 31(117) | 24(91) |
Массасы, фунт (кг) | 3005 (1363) | 3735(1694) | 4 895 (2220) | 6 000(2722) | 7105 (3223) | 11 000 (4990) |
15.4.3. Уралмашзаводтың күш вертлюгтары
Уралмашзавод СВП 320 және СВП 500 типоөлшемді екі күш вертлюгын шығарады.
СВП 500 - жылжымалы және жылжымайтын деген екі бөліктен тұрады. Жылжымайтын бөлігі шың басының аяқ жағына және кронблокқа арнайы кронштейндермен бекітілетін екі бағыттаушы 8-ден (15.14 сурет), кабельдердің екі жгуттарынан: оның бір жағы жылжымалы бөлікке, екінші жағы [6] бұрғылаушының басқару пультымен бірге қызмет атқаратын басқару пульты мен терристорланған арнайы кронштейндермен шың басының аяқ жағына бекітілетін күш және басқару немесе кабельдердің бір шлейфінен тұрады.
15.14 суреттегі жылжымалы бөлігі, оған екі 2 штропы бар арнайы ілгіштің көмегімен үстіңгі привод ілінетін 3 тальды блоктан тұрады. СВП, корпусындағы фланцқа негізгі 5 электроқозғалтқыш бекітілетін вертлюг-редуктор 1-ден тұрады. Оның валының бір ұшы эластикалық муфттың көмегімен редуктордың тез жүргіш валымен жалғанған, валдың екінші ұшында дискті-колодкалық тежеуіш 4 орнатылған. Редуктордың корпусы, 7 блок-роликте шың басының ұзындығына қарай 8 бағыттаушы бойынша орналасқан 6 арбаға бекітіледі. Арнайы тығыздалған тығынның көмегімен корпусқа 9 мұржалы манипулятор ілінеді.
Вертлюг-редуктор (15.15 сурет), валдардың вертикалды соосты орналасуымен екі сатылы бір жылдамдықты цилиндрлі редуктор болып табылады. Бірінші саты – қисық тісті, екіншісі де – қисық тісті. 18 шестернялар мен 17 дөңгелектер кейінірек шлифовка жасалатын HRC>57...64 тісінің қаттылығымен термоөңдеу мен цементацияға ұшыраған жоғарғылегирлі болаттан жасалған. 16 тезжүргіш вал екі екіқатарлы роликті 12 подшипниктеріне, валдың шығыс шетіне шлицтарға 13 эластикалық муфта орнатылған. Тезжүргіш валдың шығыс шеті севанитті тығыздауы бар сальникті тораппен герметизацияланады. 11 аралық вал, сонымен қатар, екі қатарлы роликті конустық подшипниктерге орнатылған. Редуктордың 3 баяужүргіш валы, шеттері роликті радиалды сфералық екі қатарлы 2, 5 подшипниктеріне орнатылған вертлюгтың негізгі бөлігі болып табылады. Негізгі бөліктегі осьтік күш бұрғылау колоннасының салмағынан, корпус редукторына тығыздалған тығынға орнатылған роликті конустық 4 қысым подшипнигін қабылдайды. Үстіңгі қысымның шарикті подшипнигі қақпақтың тетігіне орнатылған және ұш жақтың астынан үстіне қарай бағытталған соққылы салмақтары мен үстіңгі привод массасынан келген салмақтарды қабылдау үшін қызмет атқарады.
Вертлюг-редуктордың негізгі бөлігінің үсті вертлюгтың қақпағын қоюға арналған метрикалық ойықпен аяқталады. Негізгі бөліктің астыңғы жағына 1 тығыздау торабы орнатылған. Тығыздау торабы екі вариантпен жасалған, олар: шеткі (торцевой) және манжетті.
Астыңғы подшипниктер мен екінші сатылы тісті передачаның майлануы – картерлі майлану, үстіңгі подшипниктер мен бірінші сатылы тісті передачаның майлануы- тарату коллекторы арқылы электросорапты агрегаттан міндетті майлану. Сорапты агрегат редуктор корпусының бір жанына орнатылған. Осылайша, сорап әрдайым ағыстың астында болады. Қолданылған майды төгу, кран орнатылған мұржалардың төгу жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Редуктордың ішіне құйылатын майдың мөлшері 250 литр, май әр маусымдық трансмиссиондық ТСзп-8 ТУ 38.1011280-89. Май, майдың үстіңгі және астыңғы риск дәрежесін көрсететін 15 май көрсеткіші орнатылған редуктордың қақпағындағы тесік арқылы құйылады.
15.14 сурет. СВП 500 күш вертлюгы:
1-вертлюг-редуктор; 2 - штроп; 3 - тальды блок; 4 - дискілі-колодкалы тежеуіш;
5 - электрқозғалтқыш; 6 - арба; 7-роликтер блокы; 8 - бағыттаушы; 9 - мұржа
манипуляторы; 10 - отвод; 11 – шарлы механикаландырылған кран; 12 – қолды приводпен шарлы кран;
13 - бандаж; 14 – мұржа қысқышы
15.15 сурет. СВП 500 вертлюг-редукторы:
1 – тығыздау торабы; 2 - подшипник; 3 – баяужүргіш вал; 4 – қысым подшипнигі; 5,6 - подшипник; 7 -қақпақ; 8-сақина; 9 - қақпақ; 10 – тез шешілетін тығыздау;
11 – аралық валы; 12 - подшипник; 13 - муфта; 14 - тығыздау; 15 – май көрсеткіші; 16-тезжүргіш вал; 17 - тісті дөңгелек; 18 - вал-шестерня
Күш вертлюгтарының техникалық сипаттамалары 15.7 кестеде көрсетілген.