Төрт тактілі дизельдің фазалық диаграмма
Клапандардың ашылу кезінен жабылу кезіне дейінгі кезеңді газтарату фазасы деп атайды. Газтарату фазасын дөңгелек диаграмма түрінде бейнелейді, сондықтан оны газтарату диаграммасы деп атайды(5-сурет).
Газтазарту диаграммасына – газтазарту фазаларын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар сығылу және ұлғаю процестеріндегі иінді біліктің айналу бұрышында көрсетуге болады. Мысалы(5-сурет) А нүктесінде φ1озықтық бұрышта енгізу клапаны ашылады да В нүктесінде φ4 кешігу бұрышында жабылады. Демек енгізу процесі иінді біліктің бұрылу бұрышы 180-та емес, ол 180+φ1+φ4 -ке тең.
5-сурет. Газтазарту диаграммасы.
Сығылу процесі В нүктесінен басталып С нүктесінде аяқталады. Жану процесі (ұлғаю такті) С нүктесінен басталып Д нүктесіне дейін жалғасады. Д нүктесінде шығарушы клапан ашылады және осы кезде цилиндрдегі газдар шығарылып, тазаланады процесс А нүктесінде аяқталады, цилиндрге таза заряд ене бастайды. Цилиндрдің толық тазалануы Е нүктесінде аяқталады. Демек, шығарушы клапан φ3 озық бұрышында ашылып, φ2 бұрышында кешігіп жабылады. Клапанның ашылуы, иінді біліктің бұрылу бұрышына 180+φ3 +φ2 тең.
Іштен жану қозғалтқыштарын енгізу клапанының озықтық бұрышы 3...31°, ал жабылуының кешігу бұрышы 8..47° тен.
38 ІЖҚ-ның оталдыру жүйесі Қозғалтқыштың иінді білгіне берілетін энергия от алдыру кезінде жұмсалады:
- бөлшектердің үйкелісін жеңуге және көмекші механизмдерді қозғалысқа келтіруге;
- жұмыс циклінің көмекші жүрістерін жасауға (цилиндрді жаңа зарядпен толтыруға, оны сығымдауға және шағаруға);
- қозғалтқыштың барлық қозғалатын массаларына кинетикалық энергия беруге.
Көліктік типтегі шапшаң жүрісті қозғалтқыштар үшін қоршаған ортаның температурасы -ден төмен болмағанда от алдыру ең аз айналу жиілігі мынадай:
- отын тікелей шашыратылатын дизельдерде 125 айн/мин;
- құйынды және қарсы камералы дизельдерде 150 200 айн/мин.
Температура кезінде карбюраторлы қозғалтқыштарды от алдырудың айналу жиілігі 30 60 айн/мин. От алдыру сапасы жоғары қозғалтқыштар біліктің жарты айналымынан-ақ от ала береді.
Қозғалтқыштарды от алдырудың негізгі тәсілдері:
- қолмен айналдыра от алдыру;
- электр стартерімен от алдыру;
- сығымдалған ауамен от алдыру (пневматикалық от алдыру);
- инерциялық стартермен от алдыру;
- дизельді қысқа уақыт бензинге ауыстырып от алдыру;
- дизельді көмекші бензин қозғалтқышымен от алдыру.
От алдыруды қамтамасыз ет үшін шапшаң жүрісті дизельдер су мен майды жылытуға арналған арнайы жабдақпен жабдақталады.
Қолмен айналдыра от алдыруды автотрактор және қуаты аз қозғалтқыштарда қолданады. Қозғалтқышты от алдыруға арналған сайман адамның айналдыру күші 16 кг (160 Н) аспайтындай етіп жасалады.
Қазіргі кезде қолмен айналдыра от алдыру негізгі от алдыру жүйесі істен шыққанда қолданылатын қосымша жүйе болып табылады.
Қозғалтқышты электр стартерімен от алдыру. Электр стартері деп қозғалтқыштың серпінімен қысқа уақыт (от алдыру кезінде) ілінісетін арнайы құрылымы бар шағын габаритті тұрақты ток электр қозғалтқышын айтады..
Карбюраторлы қозғалтқыштар үшін олардың қуаты 0,3-тен 2 кВт-қа дейін, дизельдер үшін – 1,5-нан 6 кВт-қа дейін.
Электр стартері қысқа уақыт (10 20 с) от алдыру кезінде жұмыс істеуге есептелген. Стартердің жұмысшы ток күші бірнеше жүз амперге дейін жетеді. Стартердің қорек көзі болып кернеулері 6, 12, 24 немесе 32 В, электр заряды 80-100 ағ (300-360 кк) аккумуляторлар қызмет етеді.
Электрлік от алдыру жүйесіне кіретін электр генераторы аккумулятор батареяларын зарядтауға және басқа да көмекші мақсаттарға арналған.
Сығымдалған ауамен от алдыру. Бұл жүйе 11.1-суретте көрсетілген. Сығымдалған ауа баллоннан 7 өткізіп жіберуші
11.1-сурет. Дизельді сығылған ауамен от алдырудың сұлбасы (төмендеткіш) клапан 4 арқылы ауа таратқышқа 1, одан кейін кезегімен қозғалтқыш цилиндрлерінің жұмыс тәртібіне сәйкес, ұлғаю тактісі кезінде блок басында орналасқан от алдырудың автоматты клапанына жетеді. Поршеньдер сығымдалған ауа әрекетінен жылжиды және иінді білікті айналдырады. Сығымдалған ауамен бір мезгілде бүріккіш арқылы қозғалтқыш цилиндрлеріне отын беріледі. Ауа таратқыш қозғалтқышта орнатылған және отын сорғысынан айналысқа келеді.