Периодонтиттерді физио ем-шаралармен емдеу әдісі.
Созылмалы периодонтиттерде қолданатын
Физио-ем шаралар.
Созылмалы гранульденген және тамыр жайған периодонтит-терде диатермокоагуляция жолымен, түйірлі тіндердің құрамындағы ақуыз коагуляция жасалынады. Мұнда тіндер құрамындағы ақуыз іриді, жылу микрофлораның өсуін тоқтатып, тіндердің қайта қалпына келуін жолға қояды.
Сүйек тіндерінің қайта қалпына келуіне дәрі-дәрмектермен әсер ету үшін электрофорез жасау керек. Сары сулы қабынуларда йод пре-параттарымен, ал іріңді қабынуларда трипсин ферментімен электро-форез жасалады. Ол үшін бірінші арналардан некротомия жасалып, йод тұнбасын азу тістерде, алдынғы тістерде калии йодидін қолда-нады. Йод тістерді бояйды. Трипсинді натрий хлордың изотоник ерітіндісі 2 мл ерітіп қолданылады. Трипсинді қолдану кезінде басқа ерітінділер қолданылмайды.
Электрофорез әдісі:
- арналардан некротомия жасалады;
- арналар дәрі-дәрмектермен өңделеді;
- түбір инесіне білте оралып, трипсинге малынып арнаға ендіріледі, өтпейтін арналардың бастауына тампон қойылады;
- ерітілген балауызды қуысқа енгізіп, жабыстырады да, белсенді электродты түбір инесіне жалғайды;
- белсенді емес электродты иыққа жабыстырады;
Трипсин және йодты (-) полюстен гальваникалық аппарат арқылы 15-20 минут 1-2 мкА ток күшімен енгізіледі. Манипуляция аяқталғаннан кейін электродты ажыратып, ине шығарылып алынады да, тісті герметик жауып қалдырамыз. 1-2 ден 5-6 ем-шара қолданылады.
Гальванизация әдісі- катодты тіс жегі қуысына орнатып, 5 минутқа ток көзіне қосылады. Қуыста электролиз жүреді, сүйек тіндері қалпына келеді. Кейде бұл әдіс қабыну үрдісін асқындыруы да мүмкін. Сондықтан кең қолданылмайды.
Йодпен ультрафонофорез жасау әдісі- 30-60 секунд ішінде ультрадыбысты қалпақ арқылы арнаға 2% йод тұнбасын қолданамыз. Тербелістер жиілігі 880- 900 кГц импульсті тәртіпті, күшеюі 0,2 Вт/см2. Бұл әдіс қабыну үрдісінің тез тоқтатып, тіндердің қайта қалпына келуін күшейтеді.
Жедел периодонтиттерде қолданылатын
Физио ем-шаралар.
Іріңдіктер ашылып, ірің шығарылып жіберілгеннен кейін тө-мендегі физио ем-шаралар қолданылады. ЖЖТ (УВЧ) қабынуға қар-сы, стимулдеуші, қан тамырлардың, бұлшық ет жиырылуын жояды, ауруды жойып, сілекей бөлінуін көбейтеді.
Амплипульстерапия- айнымалы синусты ток 5000 Гц әсер етеді. Науқас жағымды тербелістерді сезеді, ол ауруды жай ығыстырып, өзіне көңіл аударады. Бұл ем қан тамырларды жиырылуын жойып, тіндердің көректенуін жақсартады. Оны 5-6 минутдан 2-5 рет ем жасайды.
Қабынуға қарсы өте жақсы әсер ететін флюктуоризация әдісін қолданса болады. Синусты айнымалы токпен ретсіз жиілікте 106дан 2000 Гц дейін әсер етеді. Оны 8-10 минут қояды. Флюктуоризация ауруды басады, жараның жазылуын жылдамдатады, сау тіндерден іріңді ошақты ажыратады және қабыну тығыздалған тіннің (ин-фильтрат) кері дамуына көмек береді.
Егер қабыну кезінде ауру сезімі басқа белгілерге қарағанда күшті болса, онда қызыл иекке 3-5 минут дарсонвализация жасалады. Оны айнымалы токпен жоғары жиілікте (100-300 кГц), жоғары кернеуде 20кВ, әлсіз ток күшімен (0,02 мА) қолданады. Ол бұлшық еттер мен қан тамырлардың сергектігін қалыптастырады. Қан тамыр-ларды кеңейтіп, фагоцитозды көбейтіп, тіндерді қайта қалпына кел-тіреді, ауруды кемейтеді.
Диадинамотерапия – тұрақты токтың жарты синусты түрімен 50 және 106 Гц жиілікте әсер етеді. Диадинамотерапияның бірнеше түрі бар. Олар рефлекторлы бас миына әсер етіп ауруды басады, ауруды жансыздандыру арқылы тоқтатып, тіндердің көректенуі мен қан айналуын күшейтіреді, сұйықтық жиналуын кемейтіреді.
Магниттік терапия- қабынуға қарсы әсер етеді, ауруды басады, қан айналуын жақсартады, тіндердің көректенуін және зат алмасуын реттейді.
Тақырып. Периодонтиттерді емдеуде пайда
Болатын асқынулар.
Периодонтиттерді емдеуде болатын асқынулар 2 топқа бөлінеді:
1. ерте асқынулар;
2. кеш асқынулар.
Ерте асқынуларға:
- емдеу кезінде және емдеп болғаннан кейін болатын асқы-
нулар;
- эндодонтиялық құрал –саймандардың арнада сынып қалуы;
- арнаны өту кезінде қабырғасының тесіліп қалуы.
Тісті емдеп болғаннан кейін болатын аурулар, түбір ұшында ем-шаралар жасау нәтижесінде, дәрі- дәрмектер мен пломбалық мате-риалдардың әсерінен периодонт тіндері тітіркеніп, ауру пайда болады. Мұндай кезде диадинамикалық токпен не флюктуоризация жасалады. Аурудан басқа да қабыну үрдісі байқалса, онда ЖЖТ, гидрокортизонмен ультрафонофорез, флюктуоризацияны қолданады.
Арнада құрал- саймандар сынып қалғанда, оларды шығарып алуға әрекет жасау керек. Арнаны ЭДТА ерітіндісімен кеңейтіріп, мүмкіндік болмағанда электрофорез қолдану, не ота жолымен түбір ұшын кесіп алып тасталынады.
Ең ауыр асқынулар болып түбір арнасының тесілуі саналады. Мұнда рентгенде қадағалап отырып, арна пломбаланады, тесік жабылады. Егер жабылмаса түбір ұшы кесіледі.
Кеш асқынулар:
Арналарды дәрі-дәрмектермен өңдеуде күшті әсер ететін антисептиктерді қолданудан периодонттың улануы келіп шығады. Ол препараттарға формалин, фенол, резорцин-формалин ерітінділері жатады. Улану белгісі: тістескенде ауру сезіміне шағымданады. Мұн-дай кезде арнада периодонтты тітіркендірмейтін заттарды (эвгенол, қалампыр майы, фурациллин, гидрокортизон) қолданады, не калии йодпен, ферменттермен электрофорез жасалады.
Көбіне периодонтиттерді емдеуде герметикалық жабу кезінде тіс ауырып, қайта ашуға тура келеді. Бұл арналардың ұшына дейін өтілмегенінен болады. Мұндай кезде арнаны толық ашып өтіп, электрофорез жасалса жақсы нәтиже береді.
Емдеп болғаннан кейін ауру пайда болса, онда өтпелі қатпарға антибиотик, гидрокортизон егіледі, физио ем-шаралар тағайындала-ды. Өтпелі қатпар ісінсе, ошақты кесіп ашып, жиналған іріңді шыға-рып, дренаж салу қажет.
Уақыт өтуімен келіп шығатын кеш аурулар, арнаны толық тол-тырылмағандықтан, тар арналарда импрегнацияны жеткіліксіз жаса-ғандықтан периодонтиттердің асқынуы болады. Мұндай жағдайда арнаны қайта өңдеп, пломбалау қажет. Ал тар арналарды эндодон-тиялық құралдарды пайдалана отырып өтіп, кеңейтіріп, пломбалау керек.
Кеш асқынуларға созылмалы тамыр жайған, созылмалы грану-льденген периодонтиттерді емдегеннен кейін болатын асқынулар да жатады. Мұнда түбір ұшында сарысулы қуыс(киста) пайда болады. Ол өте қиын емделеді. Түбір ұшын кесіп алып тастау керек, көп тү-бірлі тістерде йод препараттарымен электрофорез жасалады. Созыл-малы периодонтиттерді емдеуде ем қонбағанда, ол жалпы ағзаның улануына (интоксикация) алып келеді. Дер кезінде емделмегенде сепсиске өтіп кетуі мүмкін. Сондықтан ем қонбаған кезде тістерді ота жолымен жұлынады
Тақырып. Балалардағы периодонтиттердің
клиникалық ағымы мен емдеу ерекшеліктері.
Балалардағы периодонтиттердің келіп шығу себебі үлкендерде-гідей болып, жұқпадан, жарақаттан және химиялық агенттердің әсе-рінен болуы мүмкін. Балаларда ең көп кездесетін периодонтит ол жұқпаның өлеттенген ұлпа арқылы периодонтқа шығуы болып саналады. Ағымына қарай жедел, созылмалы, және созылмалы перио-донтиттердің асқынуы болып бөлінеді. Балалар тәжірибесінде сүт тістердің периодонтиттері көп кездеседі. Алдыңғы сүт тістердің периодонтиті тіс мойнын айнала тіс жегімен зақымдануынан келіп шығады. Тіс сауыты мойнынан сынып, тіс қуысы ашылып, жұқпа ұлпадан периодонтқа өтеді де, оны қабындырады.
Жедел периодонтит балаларда өте қарқынды өтеді. Ол тіс айна-ласындағы тіндердің ісініп, абсцесс, флегмона және лимфаденитке өтіп, жалпы жағдайының нашарлап, дене қызуы көтеріліп, ЭШЖ көтерілуімен барады.
Балалардағы жедел шектелген периодонтит, тез арада жайылып, одонтогенді қабыну үрдістеріне себеп болады, кейде сепсиске алып соғады.
Үлкендерге қарағанда ауру тез дамиды. Ол бала ағзасының қан тамырлар мен май тіндеріне бай екендігінен болады.
Созылмалы периодонтиттердің көбіне тамыр жайған түрі кездеседі, сирек талшықты және гранульденген түрі кездеседі.
Мұнда периодонтит шектелмей, тістерді бифуркациясына дейін зақымдайды.
Балалар тәжірибесінде сүт тістерді және тұрақты тістердің түбірлері қалыптаспағанда емдеу өте қиын болады. Үлкендерде емдеу өте қиынға түсетін периодонтит, балаларда емдеу оңай болады, себебі бала ағзасы қабынуға өте жақсы қарсы тұра алады. Сондықтан созылмалы периодонтиттерде үрдіс жайылып бифуркацияға дейін жайылса да, жыланкөздер болса, ем тиімді болады. Қолданылған ем шаралардан кейін сүйек тіндері тез түзіліп, өз қалпына келеді. Егер сүт тістер ерте жұлынса, тістемнің өзгеріп, патологиялық тістем қалыптасуына алып келеді. Ұзақ уақыт тістер болмағандықтан тамақ жақсы шайналмай, асқазан ішек ауруларына себеп болады. Жақтар-дың ұзына өсуі негізінде тістер аралығында және соңғы азу тіс ар-тында болады. Тіс ерте жұлынса, ол тұрған жердің өсуі тоқтап, жұлы-нған жақ кеміс болып қалады. Ол өз кезегінде бет-жақ аймағының ассиметриясына алып келеді. Өспеген жақта шығатын тұрақты тіске орын болмай, ол тіс доғасының шетінен шығады, яғни дистопияға ұшырайды. Сондықтан тіс алмасуына 1 жыл қалғанға дейін оны жұлмай, емдеу қажет.
Сүт тістерді емдеуге қарсы көрсеткіштер:
1) түбірлері сорылып кеткен тістер;Тіндерді жиырылуына төмендегі дәрі-шөп тұнбалары қолданылады.
2) тіс ауысуына 1 жылдан кем уақыт қалғанда;
3) периодонттағы қабыну үрдісінің тұрақты тіс ұрығына таралау
қаупінде;
4) қолданылған ем-шараларға қарамай науқастың жағдайы
нашарлағанда, сүт тістер міндетті түрде жұлынады.
Жедел және созылмалы периодонтиттердің асқынуында қолданатын ем үлкендердегідей болады. Бірақ жалпы ем белсенді жүргізіледі.
Емдеу тәртібі:
- іріңді ошақтан арна арқылы шығару;
- өтпелі қатпарда ісік болып тегістелсе, оны міндетті түрде
кесіп, білте салынады;
- үйге- науқас төсекте жату қажет, антибиотиктер егу тағайын-
далады;
- ішуге 10% кальций хлор ерітіндісі 1 шәй не десерт қасықта
күніне 3 рет
- көп сүйықтық ішу;
- ауыз қуысын жылы антисептик ерітінділерімен шаю.
Науқас жағдайын дәрігер күнделікті қадағалау қажет. Арналар-ды антибиотик, антисептик және фермент ерітінділерімен жуып- шайылады. Науқас жағдайы жақсарса, антибиотиктерді тоқтатып, сульфаниламид препараттарына өтеді. Егер науқас жағдайы нашар-ласа, ірің тұрақты тіс ұрығына, сүйекке және жұмсақ тіндерге өтіп, флегмона, остеомелит, сепсис қаупі төнсе, тіс жұлынады. Ал қолдан-ған ем шаралардан кейін тістегі ауру басылса, емді созылмалы перио-донтитті емдегендей жалғастырылады.