Дәріс. Кенді қолмен талдау
Пайдалы кен орындары қорының азаюы, бағалы зат үлесі төмен кен орнында жаңа әдіспен яғни, минералды өнімдерді комплексті түрде қайта өңдеуді қажет етеді. Оларға арнайы және қиыстырылған әдіс яғни минералды затты өңдегенде жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін бірнеше өңдеу әдістерін бірге қолдану әдісі.
Қазіргі уақытта арнайы және қиыстырылған әдіспен келесі кендерді бөлуге болады:
- құрамында бағалы заттары бар кесектерді талдау;
- әр түрлі көлемде бөлінген кесектер.
Кенді талдау әдістерінің бірі ол кенді қолмен талдау әдісі. Кенді қолмен талдау өнімділігі шағын өндірістерде қолданылады.
Қолмен талдау адамзаттың ең алғашқы игерген әдісі. Бұрынғы өткен кезеңдерде табиғи тас күйінде табылған өнімдерді адамдар еңбек құралдары және әшекей түрінде қолданған.
Қолмен талдау әдісі механикалық және химиялық байыту әдісін игере алмайтын жағдайда қолданылды.
Қолмен және механикалық сұрыптау минералдардың түстерінің, жылтырлықтарының және кристалл пішіндерінің әртүрлілігіне негізделген.
Кенді қолмен талдау. Кенді қолмен талдау өнімділігі шағын өндірістерде қолданылады.
- Құрамында асыл және жартылай асыл тастар бар (алмаз, изумруд, тау хрусталі, сапфир және т.б) жыныстарды өңдеу кезінде;
- Жалпы массадан флюоритті исландия шпатын, кварцты (SiO2), байытылған штуфты жыныстардың (хромит, антимонит, көмір) арнайы (маңызды) сорттарын іріктеу үшін;
- Құрамында алтын және берилий бар кендерді өңдеуде (алтын мен берилийдің проценттік үлесін жоғарылату үшін).
Кендерді талдау алдында жуып, жеке кластарға класификациялайды.
Кенді талдау үшін оның ірілігі 25 (40) мм-ден 300 мм-ге дейін өзгеруі мүмкін. Ондаған жылдар бұрын алтын өндіретін фабрикаларда сұрыпталатын кен ірілігі 50 мм, кейде 40 мм болған.
Кен талдау технологиясын сұрыпталатын кен ірілігіне байланысты анықтайды. Ірілігі 100 мм-ден жоғары өнімді байыту кезінде қозғалмалы лентадан жеке түйіршіктерді сұрыптау әдісін қолданды.
Бұл жағдайда конвейердің максималдық жылдамдығы 0,7 м/с-тан аспауы тиіс. Майда түйіршікті шикізат үшін (-60 +20 мм) конвейердің қозғалу жылдамдығы 0,1 - 0,3 м/с аралығында болады.
Егер сұрыпталатын өнімнің құрамында қоспаның массалық үлесі 20-30% шамасында болса, онда конвейердің қадамдап жұмыс істеу режимі қолданылады (қозғалмайтын лентада сұрыптау).
Кенді талдау үшін қарапайым ленталы және пластикалы конвейерлер немесе арнайы столдарды қолданады.
Бір сұрыптағышқа келетін кен талдау участогінің ұзындығы 1-2 м.
Сұрыптағыштар орындарына тұрғаннан кейінгі лентаның максималды ені:
- конвейердің бір қапталынан (жағынан) -750 мм.
- Конвейердің екі қапталынан -1200-1400 мм. Конвейер лентасының қозғалу жылдамдығы 9-12 м/мин. Конвейердің сұрыптау жазықтығынан лентаға дейінгі биіктігі 0,7-0,8 м
20-40 мм ірілікті кен үшін сұрыптағыштың сменада шығаратын өнімділігі 1,5 тонна дейін және 200-300 мм кен үшін 8 тонна дейін.
Конвейердің көлбеу бұрышы 20 градустан аспауы керек.
Кен талдау столымен немесе конвейермен қатар сұрыпталған өнім үшін кең ыдыстар немесе течкалар қойылады. Ленталы конвейердің кен талдау аймағында бір роликті тіректер орнатылады. Жұмыс орындарын жарықтандыру үшін люминесцнтті лампаларды қолдану ұсынылады.
Қолмен сұрыптау тікелей кен қазып алынатын орындарда (шахталарда және карьерлерде), не арнаулы жабдықты орындарда жүргізілуі мүмкін. Сұрыптау кезінде кен ішінен не бағалы минералдар не тау-жыныс минералдары теріледі. Әдетте қайсысы аз болса, сол теріледі. Әрине, қолмен сұрыптау көп еңбек етуді талап өтеді. Сондықтан бұл әдіс өте қажетті жағдайларда ғана демек, сирек қолданылады. Мысалы асыл тастар, алмаз кристалдары, кейбір оптикалық қасиеті бар минералдар неғұрлым ірі түрде алынса олардың құны жоғары болады. Олардың ірі кесектері тікелей карьерлерде жарылыстан кейін терілсе ұсақтау кристалдары байыту фабрикаларында белгілі дәрежеде ұсатудан кейін арнаулы орындарда теріледі. Ол үшін кен аз жылдамдықпен жылжыйтын тасымалдыжалпақ ленталы конвейер үстіне түсіріледі. Жұмысшылар оның екі жағынан қатарға тұрып теріп қабылдағыш ыдыстарға тастап тұрады. Не болмаса кен дөңгелек айналмалы стол үстіне түсіріледі.
Қолмен сұрыптау үшін алынатын кесектердің, біріншіден, салмағы белгілі мөлшерден аспауы керек, екіншіден, көрнекті және теруге оңай болу үшін тым ұсақ болмауы қажет. Ол үшін ұсату белгілі бір ірілікке дейін жүргізіліп, одан кейін тым ұсақ класс бөлінуі қажет. Ұсақ класс одан әрі ұсақталып не ұнтақталып басқа әдістермен байытылады.
Кенді байытудың бұл түрі алаңдарда, таспаларда, үстелдерде, астауларда және елеуіштерде іске асырылады.
Енді бұл аппараттарды құрылғы жобасына және қалай іске асатындығына тоқталамыз.
Алаңды қолданған кезде байытылатын пайдалы қазба үнемі қозғалыссыз болады. Негізгі шикізат қолмен айырылатындықтан алаң беті темірмен қапталған тегіс, әрі жылтыр ағаштан жасалады. Қазіргі кезде мұндай алаңдар байыту зертханаларында үлгі алу үшін өңделінетін заттарда қолданылады.
Қолмен өңдеуде қолданылатын бұл алаң беті 12,5 мм. болат қаңылтырмен қапталған тар табаншамен жабдықталған (11 сурет). Қажетті материал вагоншалар арқылы табаншамен қозғалмайтын елгезерлерге жеткізіледі (елгезердің саңылаулары 25 мм болады). Торлы елгезердің үстіндегі көлемі 25×200 мм.-дей болатын материалдар алаңға жөнелтіледі. Бұл жерде қолмен өңдеу іске асырылады, кейде бұл екі тісті ұсатқыш арқылы іске асады (балғамен ұсатылып, сумен шаю арқылы). Руда табаншадағы тасымалдаушы вагоншалар арқылы жеткізіліп отырады.
Бұл құрылғы өте төменгі еңбек өнімділікті болып табылады.
Таспаларда өңдеу көбінесе (жетекті және кергіш) екі барабанға керілген резеңкеленген соңсыз тегіс таспадан тұрады. Таспаның екі жағы роликтерге кигізіледі.
Бұл таспалар резеңкеден, түйенің жүнінен, кендірден және т.б. заттардан жасалады. Бұл таспалардың көлік таспаларынан өзгешелігі төменгі жылдамдықпен айналуында, жылжымайтын ернеушелерінде және айырылған метал бөлшектерін қабылдап алатын құрылғыларында.
Өңдеуші тегіс таспаның жылдамдығы 0,3-0,4 м/сек.-тан асып кетпеуі қажет, ал ені 1,2 метрден жалпақ болмауы керек. Сондай-ақ, бұл таспалардың дөңгелек үстелдерден және осы орайдағы өзге құрылғылардан өзгешелігі материалды белгіленген қашықтыққа тасымалдай алуында.
11 сурет― Пайдалы қазбаларды қолмен өңдеуге арналған алаң
Бұл таспалар белгілі дәрежедегі өрлерге орнатыла алады (15º-тан аспайтын өрлерге) және едәуір биіктікке материалдарды шығаруға септігін тигізеді. Бірақ, материал ірі болған сайын өр де соғұрлым төмен болуы қажет.
Көлденең тасымалдайтын таспалар жоғарыға қарай да әрекет ете алады. Бірақ, айналым радиусы 40 метрден кем болмауы қажет.
Иілгіш таспалар онша ірі емес материалдарды тасымалдау үшін қолданылады (70-80 мм аспайтын). Онымен егер өте үлкен кесектерді тасымалдайтын болса тез тозып қалады. Мұндай жағдайда иілгіш таспалардың орнына пластиналы таспалар қолданылады.
Таспадағы тасымалданатын материал қабатының қалыңдығы ондағы ең үлкен кесектердің көлемінен асып кетпеуі қажет.
Таспаның ені 800 мм немесе одан да енді болғанда іріктеушілер екі жағына да қондырылады. Әрбір іріктеушінің арасы да 1 метрден кем болмауы керек. Ол кейде 1,25, 1,5 және 2 метрге дейін барады.
Сұрыптаушылар материалдың ұсақ бөлігін өзінен түсіріп тастайды, ал қалған ірі бөлігін арнайы воронкаға апарып төгеді. Таспаның ұзындығы іс жүзінде 30 метрге жетеді.
Әдебиет: 1-нег. [80-96]