Тақырып 1.7 Қызанақ көкөністерінің сараптамасы
Мақсаты: 1. Қызанақ, баялды, тәтті бұрышқа қойылатын негізгі талаптар мен нормаларды зерделеу. 2. Қызанақ көкөністерін ветеринарлық - санитарлық сараптау әдістерімен танысу.
Жұмыс мазмұны:
Балғын күйде пайдаланылатын қызанақтар 11 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.
11 кесте – Қызанақ көкөністерінің сипаттамасы және нормасы
Көрсеткіш атауы | Сипаттамасы мен нормасы |
Сыртқы көрінісі | Жемістер балғын, тұтас, сау, ластанбаған, піскен, зиянкестермен зақымдалмаған, тығыз, пісіп кетпеген, сабақты және сабақсыз, механикалық зақымдалмаған және күн өтпеген, пішіні және түсі жағынан ботаникалық сортпен типтес болуы керек. Тағайындау орындарында ыдыстан аздап қысылған жемістерге рұқсат етіледі. |
Иісі мен дәмі | Аталған ботаникалық сортқа сәйкес, бөгде иіссіз және дәмсіз болуы керек. |
Аса көлденең диаметр бойынша жемістің өлшемі, см, кем болмауы керек: белгіленген өлшемнен аз барлық қызанақ сорттары үшін тиеу және іске асыру барысындағы әр түрлі піскен (ауданы 2 шаршы см-ден аспайтын гүлі, әрбірі ұзындығы 1,5 см-ден аспайтын жарығы бар қызанақтар); шабылмаған жырықтары бар, жасыл, мыжылған, аурулармен жараланған, а/ш зиянкестерімен зақымдалған, солған, пісіп кеткен және үскен қызанақтардың болуы | 4,0 5,0 5,0 15,0 Рұқсат етілмейді |
Жемістерге жабысқан топырақтың болуы | Рұқсат етілмейді |
Ызанақ аурулары
Қара шірік - жемістің төбесі мен қапталында қара қоңыр, ал ортасында қара дақтар пайда болып, қабығын асты бүртпеленеді. Мұндай қызанақтарды сатуға рұқсат етілмейді.
Ылғал шірік (төбелік бактериоз) - жемістің төбесінде қара қоңыр дақ пайда болып оның қабаттарын зақымдайды.
Қызғылт шірік (фузариоз) - жемістердегі ақ немесе қызғылт дақтар жемістерді шірітеді.
Фитофтора - зақымдану жемістің төбесінен басталып, аздап жаншылған қатты сұр дақтар пайда болып, ішкі жағы ашық сұр түске айналады. Жемістердің дәмі ащы болып, жеуге жарамсыз қалыпқа енеді.
Баялды 12 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.
12 кесте –Баялдының сипаттамасы және нормасы
Көрсеткіш атауы | Сипаттамасы мен нормасы |
Сыртқы көрінісі | Жемістер балғын, тұтас, сау, ластанбаған, піскен, сабақты және сабақсыз, механикалық зақымдалмаған және күн өтпеген, пішіні және түсі жағынан ботаникалық сортпен типтес болуы керек. |
Ішкі құрылысы | Жұмсағы шырынды, тығыз, босамаған, дән ұяшығының дәндері қабықтанбаған пісіп жетілмеген болуы керек. |
Жемістің өлшемі, см, кем болмауы керек. жемістің ұзын қалыптағы сорттары үшін; өзге қалыптағы сорттары үшін; қабығы аздап солған, жеңіл жырылған жемістердің болуы | 10,0 5,0 10,0 |
Сапаны анықтау әдістері
Әрбір нүктелік сынаманың салмағы 5 кг-нан кем болмауы керек.
Біріккен сынамаларды өлшеп, тексеріп көрсеткіштер бойынша фракцияларға сорттайды.
Сыртқы көрінісін, ауырған және зақымдалған жемістердің болуын органолептикалық, ал өлшемін өлшеу арқылы, ішкі құрылысын жемістердің біріккен сынама массасынан 3,0 пайызын кесіп анықтайды.
Әрбір фракция жемістерін өлшеп, біріккен сынаманың қатысы бойынша олардың құрамындағы үлесі есептеледі.
Сақтау
Баялдыны ауа температурасы 7-ден 10оС-қа дейін, 85-90 пайыз қатысты ауа ылғалдылығында 15 тәуліктен асырмай сақтау қажет.
Бұрыш 13 кестеде көрсетілген талаптар мен нормаларға сәйкес болуы керек.
13 кесте - Бұрыштың сипаттамасы және нормасы
Көрсеткіш атауы | Сипаттамасы мен нормасы |
Сыртқы көрінісі | Жемістер балғын, тұтас, сау, ластанбаған, піскен, сабақты, пішіні және түсі жағынан ботаникалық сортпен типтес болуы керек. |
Жемістің өлшемі, см, кем болмауы керек. жемістің ұзын қалыптағы сорттары үшін; ддөңгелек қалыптағы сорттары үшін (көлденең диаметрі бойынша) | 6,0 4,0 |
Дәмі аздап солған, бірақ бүртпеленбеген, жеңіл жырылған, белгіленген өлшемнен 1 см-ге ауытқыған жемістердің болуы | Аздаған ащылығы бар тәтті дәм 10,0 |
Сапаны анықтау әдістері
1 Әрбір нүктелік сынаманың салмағы 5 кг-нан кем болмауы керек.
2 Сыртқы көрінісін, ауырған және зақымдалған жемістердің болуын органолептикалық, ал өлшемін өлшеу арқылы анықтайды.
3 Біріккен сынамаларды өлшеп, тексеріп көрсеткіштер бойынша фракцияларға сорттайды.
Сақтау
Баялдыны ауа температурасы 0-ден 1оС-қа дейін, 85-90 пайыз қатысты ауа ылғалдылығында сақтау қажет.