Атом ядросының сипаттамасы
Ядроның электр заряды оң таңбалы болып, қарапайым заряд шамасы атомдық нөмірді көрсететін (Z) бүтін санға еселенген болады (Zе). Электр заряды атом ядросының негізгі бір сипаттамасы болып табылады да, қалыпты жағдайда атомдағы электрон санын, химиялық, физикалық, оптикалық және басқа қасиеттерін анықтайды. Ядроның барлық әсерлесуінде де зарядтың сақталу заңы орындалады.
Атом ядросының екінші негізгі сипаттамасы оның массасы. 1962 жылы атомның бірлік массасына (1а.б.м.) физикалық шкала бойынша, оттегі атомы изотобының массасының бөлігі алынды.
Ядролық физикада масса энергия бірлігімен өлшенеді, ол үшін бірлік масса с2 көбейтілетіндігі жоғарыда айтылған болатын.
Қазіргі кезде Масс-спектрограф арқылы, атом массасын өлшеуде бүтін мәннен кейінгі 6-7 таңба дәлдікке дейін дәл өлшеуге болады. Сондықтан да ядро массасы атом массасына сәйкестендіріледі. Атом массасы бүтін саннан өзгеше, ал ядро массасы жақын келетін бүтін санмен дөңгелектенеді. Бұрын айтылғандай массалық сан (А) нуклон санын, реттік нөмір (Z) протон санын көрсетеді.
1) Егер бір химиялық элементтің массалық саны әртүрлі, протон саны бірдей болса, онда оны изотоптар деп атаймыз.
Мыс: 92U235, 92U236, 92U238, 92U239; 1Н1, 1Н2, 1Н3.
2) Ал массалық сандары (А) бірдей атом ядролары, (яғни нуклон сандары бірдей) ал протон саны (Z) әртүрлі болса, онда ол изобаралық ядро деп аталады.
Мысалы: 1Н3-2Не3; 3Li7-4Bе7тағы басқа изобаралар бар.
3) Массалық саны А=36-дан басталатын, жұп болып жұпталған ядролар кездеседі, олар орнықты изобаралар деп аталынады.
Мысалы: 16S36-18Ar36 : 18Ar40-20Са40: 20Са40-22Тi40 тағы басқалар.
Осындай жұпталған 58 изобаралық жұптылық бар.
4) Изобаралық ядролардың біршамасы триада (үштік) изобара құрайды:
52Te130-54Xe130-56Ba130; 54Хе136-56Ва136-58Се136
5) Егер ядроның реттік саны да, массалық саны да жұп болса, онда мұндай ядролар жұптылық деп аталады.
Мысалы: 2Не4: 8О16: 6С12:10Ne20:12Mg24:14Si24: 16S32 тағы басқалар.
6) Изотоптық және изобаралық сипаттамалар үшін, нейтрондар артықшылығы деген ұғым жиі пайдаланылады:
N=A-Z- нейтрон саны
7) Егер бір атом ядросы ZХN+ZZ-протонмен N- нейтроннан құралса, ал екінші атом ядросы -болып, оның протондар саны бірінші ядроның нейтрондар санына тең, ал нейтрондар саны біріншінің протондар санына тең болса, (яғни Z1=N және N1=Z болса), ондай ядро айналы ядро деп аталады.
Осы бірінші мен екінші ядролардың протондарымен нейтрондарын немесе біріншімен екіншінің нейтрондарымен протондарын алмастырсақ, онда бірінші ядро орнына жұпталған ядролық айна пайда болады. Осындай айналы жұпты сипаттайтын нейтрон (0n1) мен протон (1р1) болып табылады. Мысалы:
1Н3 (1р+2n) - 2Не3 (2р+1n)
4Ве7 (4р+3n) - 3Li7 (3р+4n)
Осындай парланған айналы ядролар радиоактивті, олардың екеуініңде қасиеттері өте жақын болады.
8) Егер атом ядросының нейтрондар саны бірдей, ал протондар саны әртүрлі болса, онда оны изотондар деп атаймыз.
1) N=1, 1Н2-2Не3
2) N=2, 2Не4- 3Li5
3) N=3, 3Li6-4Ве7
4) N=4, 3Li7-4Ве8- 5Ве9- 6С10
мұндағы 1Н2; 2Не4; 3Li6; 4Ве8 - орнықты ядролар, ал қалғаны радиоактивті.
9) Реттік нөмірі де (Z), массалық саны да (А) бірдей болып келген радиоактивті екі ядроның жартылай ыдырау периоды (Т) әртүрлі болса, ондай ядро изомерлер (изомерлік ядро) деп аталады.
Мысалы: 1) 35Br80 2) 35Br80 біреуінің жартылай ыдырау аралығы Т1=18 мин, ал екіншісінің аралығы Т2=4,4 сағ; яғни Т≠const.
10. Егер ядроның реттік нөмірі немесе массалық сандары 2;8;20;28;50;82;126; сандарына сәйкес келуі мүмкін ондай сандар киелі сандар деп аталады. Ядроның реттік нөміріде массалық сандарыда, осы сандарға сәйкес келсе екі ретті киелі деп аталады.
Атом ядросының қабықтарын толтырудағы киелі сандарды 1947 жылы Мария Гепперт-Майер мен Йоханнес Йенсен нуклондардың спин орбиталдық әсерлесуімен түсіндіріп, 1963 жылы осы еңбегі үшін Нобель сыйлығына ие болды.
Табиғатта жасанды түрде ядролық реакция арқылы алынған (Z=1÷92) ядролар кездеседі.
Сонымен:
1) Z= const- изотоптық ядро
2) А= const- изобаралық ядро
3) А1= А2=А3; Z1≠ Z2≠ Z3үштік изобара
4) А1= А2; Z1≠ Z2 парланған ядро
5) Z-жұп, А-жұп-жұпталған ядро
6) Нейтрондар артықшылығы
7) Z1=N және N1= Z айналы ядро
8) N= const изотондар (1Н2-2Не3) Z≠ const
9) А=А1:Z= Z1 изомерлік ядро
10) киелі сандар, екі ретті киелі сандар 2;8;20;28;50;82;126.