Жағармайдың тамшы таму температурасын анықтау
Созылмалы жұмсақ жағармайдың сұйық күйге өтуінің басты себептерінің бірі оның шамадан тыс қызуы болып табылады.
Жағармайдың тамшы таму температурасын анықтау үшін кескіні 4.1 суретте көрсетілген арнайы аспап (6793-74 МЕСТы) қолданылады.
4.1. сурет. Жағармайдың тамшы таму температурасын анықтайтын аспап:1- табақша; 2- гильза; 3- сұйығы бар стақан; 4- шынылы жалғағыш; 5- тығын; 6- термометр.
Термометрдің төменгі бөлігіне үйкеліс күші есебінен үсталынып туратын тесігі бар шынылы табақшаға метал гильза бекітіледі. Жағармайға толтырылған табақша орнатылады, ал жиналған аспап (табақша, гильза және термометр) шыны жалғағышқа түбі табақша түбінен 25мм болатындай болып қойылады. Жалғағыш суы немесе глицерині бар стақанға батырылады және штативке бекітіледі. Мұндайда батыру деңгейі 150мм құрау керек. Содан соң екі кезеңмен сұйықтықты қыздыру жүргізіледі. Бірінші кезеңде қыздыру жылдамдығы нормаланбайды және ол келесі температураларға дейін жүргізіледі: 300С – тез еритін жағармайлар үшін; 600С – орташа еритінге; 1100С – натрийлі және 1500С – литийлі жағармай үшін. Екінші кезеңде қыздыру қарқыны минутына 10С болуы қажет. Екі кезеңде де стақандағы сұйықты араластырып отыру қажет.
Қыздыру үрдісінде табақшадан сыналатын созылмалы жағармайдың алғашқы тамшысы тамған кездегі температура тамшы таму температурасы деп есептеледі.
Егер жағармай тамшы түзбей, табақшадан цилиндр түрінде созылса онда тамшы таму температурасы ретінде жағармайдың шыққан бағаны жалғағыш түбіне жеткен кездегі температура қабылданады.
Зертханалық жұмыс
Антифризді сапа көрсеткіштері арқылы кешенді бағалау
Жұмыстың мақсаты
1. Қату температуралары төмен сұйықтардың маркалары жайлы білімді бекіту.
2. Қату температуралары төмен сұйықтардың сапасы бойынша нормативтік – техникалық құжаттармен танысу (сапа көрсеткіштері МЕСТ-тары және оларды анықтау тәсілдері).
3. Қату температуралары төмен сұйықтарды бақылап талдап анықтау тәсілдерімен танысу.
4. Қату температуралары төмен сұйықтар сапасын бағалау және бақылау бойынша дағды алу.
Жұмыс ұзақтығы – 2 сағат
Тапсырма
1. Сыналатын үлгіні сыртқы белгілері бойынша бағалау.
2. Антифриздің құрамын және қату температурасын анықтау.
3. Антифриз сапасын қалпына келтіру есебін жүргізу.
4. Жұмыс жайлы есеп жасау.
5. Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Теориялық бөлім
Двигательдерде салқындату сұйықтары ретінде су және қату температурасы төмен сұйықтар – антифриздер қолданылады. Антифриз ретінде тұздардың судағы ерітіндісі, спирттер және басқа қосылыстар пайдаланылуы мүмкін.
Неғұрлым көп тарағаны судың екі атомды спиртпен – этиленгликольмен қоспасы
H2 С – СН2
| |
НО ОН
Этиленгликоль – қайнау температурасы 197,50С, қату температурасы минус 120С, 200С кезінде тығыздығы 1,11г/см3 , түссіз немесе сарғыш түсті сұйық. Этиленгликольдің судағы ерітіндісінің қату температурасы, графиктен көрінетіндей (5.2 сурет), оның мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады.
5.1. сурет. Этиленгликольдің қату температурасын және антифриздағы этиленгликольдің мөлшерін анықтайтын гидрометр:а- «Гликоль көлемі пайызбен» шкаласы; б- «Қату температурасы,0 С » шкаласы.
- 750С тең неғұрлым төмен температура 66,7% этиленгликольдан және 33,3% судан тұратын сұйықтықта.
Этиленгликольді антифриздер екі маркамен шығарылады: «65» қату температурасы - 650С аспайтын және «40» - қату температурасы – 400С аспайды.
Қазіргі заманғы автомобильдердің салқындату жүйелерінде Тосол А- 40 және Тосол А- 65 маусым бойы қолданылады, қату температуралары сәйкесінше біріншісінде – 400С және екіншісінде – 650С. Олар этиленгликоль мен әр түрлі қоспалардан дайындалатын А тосолының судағы ерітінділері
болып табылады. Қату температуралары дәл осындай этиленгликоль негізіндегі антифриздердің басқа маркалары да бар. Этиленгликоль және оның судағы ерітінділері өте улы. Бірақ оның улы әсері асқазан – ішек құрылысына түскен кезде болады, сондықтан да сау тері мен тыныс жолдарын антифриздерді пайдалануда арнайы қорғану шаралары қажет етілмейді.
Этиленгликольді салқындату сұйықтарының пайдалану қасиеттерін бағалауда негізгі көрсеткіш қату температурасы болып табылады. Этиленгликольді салқындату сұйықтарының қату температурасы гидрометр және рефрактометрдің көмегімен анықталады.
5.2. сурет. Этиленгликоль сұйығының қату температурасының және тығыздығының құрамындағы су мөлшеріне байланысы.