Тауар сорттары бойынша сортталатын алма партияларын қабылдау
мыналарға рұқсат етіледі:
Бірінші сортты алмалардың партиясында 10 %-дан аспайтын екінші сортты алмалардың болуына рұқсат етіледі. Сонымен бірге екінші тауарлы сорттың жемістері белгіленген өлшемнен өлшемдері кем, тесілген және сабағының түбі шіріген болса рұқсат етілмейді. Егер бірінші тауарлы сорттың құрамында 10 %-дан асатын екінші тауарлы сорттың алмалары болса, онда бүкіл партияны екінші тауарлы сортқа ауыстырады; екінші тауарлы сорттағы алмалар 10 %-дан кем, сапасы бойынша осы сорттың талаптарына сәйкес келмейтін, бірақ қайта өңдеуге жарамды болып есептеледі. Сонымен қатар шіріген, тесілген, ұрылған, сабақтарының түптері зақымдалған, көгерген, езілген, үскен жемістерге рұқсат етілмейді. Егер екінші тауарлы сорттың құрамында стандарт талаптарына сәйкес емес алмалардың мөлшері 10 %-дан асатын болса бүкіл партия стандарт талабына сәйкес емес деп есептеледі.
Тауарлық сорттарға сортталмаған алмаларды қабылдау барысында біріккен сынаманы тексеру нәтижелерін тауарлық сорттар бойынша пайыздармен бүкіл партияға қолданады.
Әрбір тауарлық сортта шіріген, көгерген, езілген, үскен жемістердің болуы тауарлық сортты басқа сортқа ауыстыруға негіз болып табылмайды. Ондай жемістердің мөлшерін сапаны анықтау нәтижелерінен бөлек, яғни жүз %-дан жоғары деп бөлек есептейді.
Алмұрттарды қабылдау барысында мыналарға рұқсат етіледі:
Жоғарғы сортты алмұрттардың партиясында:
Сапасы бойынша бірінші сортқа жататын алмұрттар саны 5 %-дан, ал өлшемі бойынша бірінші сортқа белгіленген өлшемге жататын алмұрттар саны 10 %-дан аспауы керек. Сапасы және өлшемі бойынша өзгеруге рұқсат етілетін сома 10 %-дан аспауы керек. Егер партияның құрамында 10 %-дан астам бірінші сорттың алмұрттары болса, онда бүкіл партияны бірінші сортқа ауыстырады.
Бірінші сортты алмұрттардың партиясында:
Сапасы бойынша екінші сортқа жататын алмұрттар саны сабақтары зақымдалған алмұрттарды қоспағанда 10 %-дан, ал өлшемі бойынша екінші сортқа белгіленген өлшемге жататын алмұрттар саны 10 %-дан аспауы керек. Сапасы және өлшемі бойынша өзгеруге рұқсат етілетін сома 15 %-дан аспауы керек. Егер бірінші сортты партияның құрамында 15 %-дан астам екінші сорттың алмұрттары болса, онда бүкіл партияны екінші сортқа ауыстырады.
Екінші сортты алмұрттардың партиясында:
Сапасы бойынша үшінші сортқа жататын алмұрттар саны сабақтары мен қабығы зақымдалған алмұрттарды қоспағанда 10 %-дан, ал өлшемі бойынша үшінші сортқа белгіленген өлшемге жататын алмұрттар саны 10 %-дан аспауы керек. Сапасы және өлшемі бойынша өзгеруге рұқсат етілетін сома 15 %-дан аспауы керек. Егер екінші сортты партияның құрамында 15 %-дан астам үшінші сорттың алмұрттары болса, онда бүкіл партияны үшінші сортқа ауыстырады.
Үшінші сортты алмұрттардың партиясында:
Сапасы бойынша осы сорттың талаптарына жатпайтын, бірақ сабақтары зақымдалғандарын қоспағанда, өңдеуге жарамды алмұрттар саны 15 %-дан аспауы керек. Егер үшінші сортты партияның құрамында осы сортқа қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін алмұрттар саны 15 %-дан асса, онда бүкіл партины стандарт талаптарына сәйкес емес деп есептеу керек.
Жоғарғы сортты алмұрттардың партиясын тағайындау орындарында бірінші тауарлық сорттан төмен, қысылған, ұрылған, механикалық зақымдалған алмұрттар саны 3 %-дан, ал бірінші тауарлық сорттың партиясында үшінші тауарлық сорттан төмен, қысылған, ұрылған, механикалық зақымдалған алмұрттардың саны 3 %-дан кем болуы, тауарлық сортты бір сорттан екінші сортқа ауыстыруға негіз болып табылмайды. Мұндай сорттар сапасы бойынша өзіне сәйкес келетін сортпен қабылдануы тиіс. Мұндай жемістердің мөлшерін сапаны анықтау нәтижелерінен бөлек, яғни 100 %-дан жоғары етіп есептейді және бөлшек сауда желілерінде олар бөлек сатылуы тиіс.
Үшінші сортты жаңа піскен алмұрттардың сапасын анықтау барысында олардың помологиялық сортқа тиесілігі есепке алынбайды.
Транспорттау
Дәнді жемістерді берілген транспорт түрінің жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес автомобиль транспорттарында тасымалданады.