Сандық аспаптапрдың тораптары
СӨА-да электрондық элементтерін пайдаланатын бір қатар арнаулы тораптар қолданылады. Қазіргі кезде СӨАөндірісінде микроэлектроникалық бұйымдар-өте шағын, әрі сенімді функционалдық тораптар болып табылатын интегралдық схемалар кеңінен қолданылады.
Жалпы түрде кейбір жиі кездесетінСӨАтораптарын қарапайым түрде қарастырып көрейік.
Триггерлер (Тг) - екі тұрақты тепе-теңдіктегі күйі бар, сыртқы сигналдың көмегімен бір күйден екінші күйге секіріп өте алатын қабілеті бар құрылғы. Жаңа тұрақты күйі басқа сыртқы сигнал келіп, оны өзгерткенше сақталады.
Қазіргі уақытта СӨА-да күйлері шығыстық түйіспелердің потенциалдық деңгейімен айрықшаланатын, потенциалды деп аталатын триггерлерді қолданады. СӨА-да қолданылатын триггерлер шала өткізгіш элементтерді (транзисторларды, диодтарды) резисторларды, конденсаторларды пайдалана отырып жасалынады.
Триггерлер сондай-ақ интегралдық микросхема түрінде жасалады.
2-суретте триггердің үш көрінісі: нөлдік Х0, бірлік Х1, санақ кірмесі СК, екі шығысы: нөлдік У0 және бірлік У1 бейнеленген.
Басқару импульсі Х0 кіріске келіп түскенде триггер "1"-ші жағдайында болады да, ал импульс Х1 кіріске түскенде "0" жағдайда болады. "0" жағдайында болғанда шығыстағы потенциал уо төмен, ал у1 шығысындағы потенциал жоғарғы болады "0" жағдайында уо шығысында потенциал жоғары, ал у1 шығысында потенциал төмен болады. Басқару импульсін санақ кірісінде берген кезде триггер әр импульске байланысты бір күйден екінші күйге өтеді. Сонымен қатар триггерлердің басқа түрлері де қолданыс табуда.
28) Терморезисторлық түрлендіргіш. Құрастыру принципі, негізгі қосылу сұлбасы, параметлері және сипаттамасы:Қазіргі уақытта жартылай өткізгіш терморезисторлар (термисторлар) жиі қолданылады, олар түрлі метал: мыс, кобальт, магний, марганец, т.б. окидтері қоспасынан дайындалады. Дайындау процесі кезінде түрлендіргіш жоғары температурада күйдіріледі. Күйдіру кезінде оксидтер шарик, бағана немесе шайба түріндегі тығыз массаға пісіріледі, оған электродатр тозаңданады және мыс сымдар дәнекерленеді. Сыртқы әсерлерден қорғау үшін термистордың сезімтал элементі қорғайтын бояумен жабылады, герметикалық металл корпуска орналастырылады немесе шыныға дәнекерлейді.Температура өскен сайын термистор кедергісі азаяды. Кедергінің температурадан тәуелділігі былайша өрнектеледі . , мұнда А – материалға, оның өлшеміне және пішініне тәуелді тұрақты; В – жартылай өткізгіштің физикалық қасиеттеріне тәуелді тұрақты; Т – абсолютті шкала градусындағы түрлендіргіш температурасы. Өнеркәсіп ММТ, КМТ-4, МКМТ типті түрлі конструктивті орындаудағы кедергі терморезисторларын жасап шығарды. артықшылыұтары: өте жоғары температуралық кедергі коэффициенті (2,5...4% на 1°С), сезімталдығы металл терморезисторынан 6…10 есе жоғары, кіші жылу сыйымдылық және инерциялық. Кемшіліктері: кедергінің температурадан бейсызық тәуелділігі (3.12-сурет), үлкен шашылу және үлгіден үлгіге сипаттамаларының тұрақсыздығы. Бұл құралдың сызықтық шкаласын алуды және істен шыққан жартылай өткізгішті алмастыруды қиындатады. Сонымен қатар, оларда температуралық диапазон өте аз (-100... +120 °С).
3.12-суреттерморезистордың түрлену функциясы:
1 — ММТ типті; 2 - мысТүрлендіргіштерді қолданып, барлық факторлардың түрлендіргіш кедергісіне аз әсер етуіне тырысу қажет. Соған байланысты түрлендіргішке қойылатын талаптар, оның қателіктері мен қасиеттері олардың қолданылуына байланысты анықталады. Түрлі электрлік емес шамаларды өлшеу үшін жылулық түрлендіргішітердің қолданылу принципін қарастырайық.