Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Курстың мәні және тапсырмасы, оның құрылымы және басқа пәндермен байланысы

2. Геологиялық күрделіктер, олардың пайда болу себептері

3. Пайдалы қазбалар кенорындарында кездесетін күрделіктер түрлері

4. Жуу сұйықтығының шығынына не әсер етеді

5. Ағыстың ламинарлы режимі дегеніміз не

6. Ағыстың турбулентті режимі дегеніміз не

7. Ұңғыманы ауамен үрлеу кезінде қысымның шығыну неге пайда болады

8. Геологиялық ластану себептері немен негізделген

9. Жуу сұйықтығы ластануының технологиялық себептері

10. Кольматация дегеніміз не

11. Ерітіндінің ластану себептері қандай

12. Сазтүзуші минералдардан құралған саздар және таужыныстар

13. Сазды таужыныстарда ұңғыманы бұрғылау кезінде күрделіктердің негізгі факторлары

14. Бентонитті саз дегеніміз не

15. УЩР аспабы дегеніміз не

16. Мәңгілік мұзды таужыныстар бойынша ұңғымаларды бұрғылаудың негізгі ерекшеліктері қандай

17. Ұңғыма қабырғасының тұрақтылығна қандай үрдістер әсер етеді

18. Бұрғылау үрдісінде жуу ортасына температура қалай әсер етеді

19. Бұрғыланып жатқан ұңғыманың температурасының таралуын қалай түсінуге болады

20. Ұңғыманың температурасы қалай анықталады

21. Мұзды таужыныстарда ұңғыманы бұрғылау кезіндеқандай жуу сұйықтықтары қолданады

22. Мұзды облыстарда бұрғылау жұмыстарының мәні және ерекшеліктері

23. Қандай шельфті мұздықта алғаш рет сығылған ауамен үрлеу арқылы ССК-59 снаряды қолданған

24. Қандай континентте мұзды жамылғының тереңдігі 4000-4500 м дейін жетеді

25. Жуу сұйықтығының шығындалу себептері

26. Жуу сұйықтығы шығындалуының геологиялық себептері

27. Жуу сұйықтығы шығындалуының технологиялық факторлары

28. Тампонажды қоспаларға қойлатын талаптар

29. Бекітіліп қалу түрлері

30. Бекітіліп қалуға әкелетін себептер

31. Шегендеу құбырлармен байланысты бекітіліп қалу

32. Геологиялық себептермен байланысты бекітіліп қалу

33. Технологиялық себептермен байланысты бекітіліп қалу

34. Ұйымдастық себептермен байланысты бекітіліп қалу

35. Күрделіктердің негізгі себептері

36. Ұңғыма қабырғасының опырылуы, ұңғыманы оқпанының тарылуы, науаның, қуыстардың және бос жерлердің түзілуі, жуу сұйықтығының жұтылуы

37. Күрделіктер нәтижесінде пайда болған апаттар

38. Ұңғыманы бұрғылауына таужыныстардың физикалық-механикалық қасиеттерінің әсері

39. Ұңғыма қабырғаларының опырылу себептері, оларды алдын-ала ескеру әдістері

40. Тұрақсыз таужыныстарда бұрғылау режимін таңдау

41. Ұңғыма қабырғасының тарылуы және оларды алдын-ала ескеру бойынша шаралар

42. Ұңғыма қабырғасының тарылуы пайда болуын алдын-ала ескеру: жуу сұйықтығының параметрлерін реттеу

43. Ұңғыма оқпанында науалардың пайда болу себептері, олардың ұңғыманы бұрғылауға, шегендеу құбырларын түсіру және бекітуге әсері

44. Науаларды жою әдістері. Ұңғыма оқпанында қуыстардың пайда болуы, табиғи қуыстар

45. Жуу сұйықтығының жұтылу табиғаты және себебі

46. Жуу сұйықтығының жұтылу белдмедерін зерттеу. Жұтылу белдемдерін жіктеу

47. Бұрғылау ерітіндісінің параметрлерін реттеу арқылы жуу сұйықтығының жұтылуын алдын-ала ескеру

48. Жұтылу қабаттарын анықтау әдістері. Термометриялы, резистометриялық және геофизикалық әдістері

49. Тампонажды снарядтар, олардың мәні, түрлері, қондырғылары және жұмыс істеу принциптері

50. Саздар, цементтер, полимерлер және олардың қоспалары

51. Жуу сұйықтығының жұтылу белдеміне тампонажды материалдарды жеткізу әдістері

52. Күрделі геологиялық жағдайларда пайда болатын апаттар

53. Бұрғылау, шегендеу құбырлармен және таужыныстарды бұзушы құралмен байланысты апаттар

54. Ерекше күрделі тау-кең геологиялық жағдайларда ұңғымаларды бұрғылау, олардың мәні және негізгі бағыты

55. Күрделі геологиялық жағдайларда ұңғымаларды бұрғылау технологиясын және техникасын жетілдіру жолдары

56. Жуу ерітіндісінің ластану диагностикасы және бақылау

57. Жуу сұйықтығының технологиялық қасиеттерін сақтау әдістері

58. Жуу ерітіндісінен қатты фазаны шығару үшін техникалық құралдар

59. Реагенттер түрлері

60. Күрделіктерді жою және тампонажды қоспаларды қолдану кезінде қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау мәні

61. Бұрғылау құралының бекітіліп қалу механизмі туралы түсінік

62. Бекітіліп қалумен күресі әдістері

63. Жұтылу белдемдерін анықтау

64. Сазды таужыныстарда бұрғылау кезінде күрделіктер түрлері

65. Сазды таужыныстарда бұрғылау технологиясының ерекшеліктері

66. Сазды, саз құрамды таужыныстар тұрақтылығының геологиялық күрделіктері

67. Геотермалды ұңғымаларды бұрғылау күрделігін анықтайтын негізгі факторлар

68. Геотермалды ұңғымаларды конструкциясы

69. Бұрғыланып жатқан геотермалды ұңғымалардыңтемпературалыұ режимі және оны қалыптастыру

70. Геотермалды ұңғымаларды бұрғылау үшін жуу және тампонажды ерітінділер

71. Бұрғылау құралының бекітіліп қалу механизмі туралы түсініктер

72. Бекітіліп қалумен күресу әдістері

73. Науалардың түзілу себептері

74. Қуыстардың пайда болу үрдісі

75. Науалардың түзілуінің геологиялық себептері

76. Науалардың түзілуінің технологиялық себептері

77. Науанла түзілуінің профилактика шаралары

78. Науаларды жою әдістері

79. Науалардың пайда болу белгілері

80. Алмазды таужыныстарды бұзушы құралмен бұрғылау кезінде температуралық фактордың маңызы

81. Алмазды таужыныстарды бұзушы құралдың температуралық режимін зерттеудің заманауи күйі

82. Қазіргі уақытта құралдың жанып кетуін ескеретін қандай ұсыныстар бар

83. Апаттық жағдайларды зерттеуге қандай ғалым біршама үлесін қосқан

84. Құралдың жанып кетуін алдын-ала ескеру үшін қандай қорытынды жасау қажет

85. Заманауи бұрғылау техникасын немен жабдықтау қажет

Глоссарий

АпаТ – ұңғымада болған жағда және ол кезде оны бұрғылаудың қалыпты үрдісін жүргізу мүмкін емес

ДЕФЕКТОСКОПИЯ – материалдарда (бұрғылау және шегендеу құбырлары, талді ілмектер және т.б.) көзге көрінбейтін ақаулықтарды анықтау

ЕРШ – ұңғымада үзіліп қалған кабель немесе тросты қармап алуға арналған стерженьде тістерден құралған бұрғылау құбырларда түсірілетін қондырғы

Науалардың түзілуі – көтеру-түсіру операция барысында бұрғылау бағанасы қосындылар әсерінен ұңғыма қабырғасында көлденең арна-науалардың түзілуі

ОҚПАННЫҢ КОНУСТАЛУЫ – өңдеу барысында коронка және қашаулардың перифериялық кескіштердің тозу нәтижесінде ұңғыма диаметрінің тарылуы.

СОЗЫЛЫП ҚАЛУ – бұрғылау бағанасын көтеру барысында ұңғыма оқпанында бөгеттердің (сальниктердің түзілуінен немесе қампиған таужыныстардың орналасу жерінде) кездесуі кезінде талді жүйеге түсетін жүктеменің жоғарлауы

КАВЕРНА – ұңғыма оқпанының қалыпты диаметріне қарағанда оның бішама кеңеюі (тұрақсыз таужыныстардың опырылуынан)

ҰҢҒЫМАНЫҢ КАЛИБРОВКАСЫ – ұңғымаға шегендеу құбырлардың диаметрімен бірдей бірнеше құбырды түсіріп, шегендеу бағанасының өткізгіштігін тексеру (оқпанның тарылуы емесе қисаю жерлерінен бағана орналасытру орнына дейін жетпеуі де мүмкін)

БӨЛГІШ-ҚАҚПАҚ – газдың пайда болуы кезінде автоматты түрде жабылатын бұрғылау құбырлардың төменгі бөлігінде орналастырылатын қондырғы (гидростатикалық қысымның төмндеу есебінен жұмыс істейді)

КОЛОКОЛ ТЕГІС – үйкеліс күш есебінен үзіліс шетінен құбырдың сыртқы бетін қармап алатын және бұрғылау құбырларда түсірілтетін воронка тәріздес босатушы қармағыш құрал.

КОЛОКОЛ КЕСКІШ – үзілу шетінде ойманың қию есебінен қармап, алатын бұрғылау құбырлармен түсірілетін воронка тәріздес босатылмайтын қармағыш құралы.

КОЛОКОЛ ӨТКІЗГІШ – бұрғылау бағанасын үзілген жерінен емес, жақын орналасқан қосынды бөлігінен (деформациялау жағдайында) қармап алатын қармағыш колокол.

ЖЕРГІЛІКТІ КЕРНЕУЛЕР ШОҒЫРЫ – металда ақаулықтар, тырналған және арналы жерлерде бөлшектердің жүктемесі астында (жұмыс қимасына сәйкес келетін кернеуліктермен салыстырған) орналасқан кернеуліктің жоғарлауы

МЕТАЛҚАРМАҒЫШ – жоғары тығыздылық нәтижесінде жуу сұйықтығының көтеру ағысымен сағаға дейін көтерілмейтін металды шламды жинауға арналған ТБҚ астында орналасатын қондырғы

БЕЛГІЛЕУШІ ТЕГІС – үйкеліс күші есебінен үзілу шетінен құбырдың ішкі бетін қармап алатын бұрғылау құбырылдарда түсірілетін конусты босатылатын қармағыш құралы

Белгілеуші кескіш – үзілу шетінде ойманың қию есебінен үзілу шетінен құбырдың ішкі жағынан қармап алатын, бұрғылау құбырлармен түсірілетін воронка тәріздес босатылмайтын қармағыш құралы.

ЦЕМЕНТТІ КӨПІР – бекітіліп қалған бұрғылау бағанасының жоғарғы шетінен және бекітіліп қалуды айналдырып, жаңа оқпанды бұрғылау тиімді жері арасындағы ұңғыма оқпанының арнайы цементпен толтырылатын арақашықтық

ОПЫРЫЛУ – ұңғыма қабырғасынан бөлініп, төмен түсетін тұрақсыз таужыныстар

БЕКІТІЛІП ҚАЛҒАН ҚҰРАЛДЫ БҰРҒЫЛАУ – бекітіліп қалған құралды (бұрғылау бағанасын) колонкалы құбырдың ішінен өткізіп, коронка немесе фреза бар арнайы колонкалы құбырмен бекітіліп қалу материалын бұрғылау

ТҰЩЫЛАНДЫРУ – пайдалу барысында күтілетін ең жоғарғы қысымнан 30-50% жоғары ішкі қысымды жасай отырып құбырлар бағанасының (немесе басқа ұңғымалық қондырғылардың) герметикалық дәрежесін тексеру

МӨР – бұрғылау құбырламен түсірілетін және ұңғымадағы заттардың қармап алу және шығару тәсілдері туралы сұрақты шешу мақсатында олардың таңбасын алуға мүмкіндік беретін төменгі шеті салыстырмалы жұмсақ болатын қондырғы

ОТЫРЫП ҚАЛУ – бұрғылау бағанасын түсіру барысында оқпанда бөгеттермен (сальниктердің түзілуінен, немесе қампиған таужыныстардың орналасу жерінде) кездесу кезінде талді жүйеге жүктеменің төмендеуі

КОРОНКАНЫҢ ЖАНЫП КЕТУІ – жұмыс шетіне жуу сұйықтығының келуі тоқтаған кезінде ТБҚ (негізінен алмазды) және онымен байланысатын таужыныстардың балқып кетуі (айналу және суытылу тоқтаған кезінде бұрғылау бағанасын забойға дәнекерлейтін таужыныстар және металдың балқыуынан біршама қатты өнім пайда болады)

Коронка (қашаудың) өңдірілуі –түсірілген ТБҚ шетімен забойға сәйкес пішінді беру үрдісі, оның нәтижесінде бірдей емес жүктеменің таралуынан кескіштердің бұзылуына әкелмейді

БЕКІТІЛІП ҚАЛУ – шығарылатын ұңғымалық қондырғыларды (бұрғылау және шегендеу құбырлары, зондар және т.с.с.) шығара алмау мүмкіндігімен байланысты апаттар

Бекітіліп қалуды анықтаушы – бекітіліп қалудың жоғары шетін анықтауға арналған ұңғымаға кабелмен түсірілетін қондырғы. Катушка және магнитөткізгіштен құралған. Бірінші түсіру және кернеуді жүйелі түрде беру кезінде электромагнит ретінде жұмыс істеп, болат құбырларда магниттік белгілерді қалдырады. Кейін бағананы біршама деформацияға ұшыратады, оның нәтижесінде бекітлмеген жерлерде белгілер кетіп, бекітіліп қалған жерінде қалып қояды. Кейінгі түсіру кезінде бекітіліп қалған шекарадан бастап қалған магниттік белгілер жер бетіне берілетін ЭДС аспап орамаларында индукцияланады.

ПРОТЕКТОР САҚИНАЛЫ – шегендеу арақашықтығында жұмыс істейтін (немес қатты түрпілі таужыныстарда) бұрғылау құбырларына кигізілетін резиналы сақиналар. Бұрғылау және де шегендеу құбырлардың тозуын төмендетеді

Ары-бері бұрғылау – ұңғыманың тұтас немесе жоғары бөлігінде бұрғылау бағанасының көтеру-түсіру қозғалысы (ТБҚ забойдан көтеру және қайтадан түсіру)

САЛЬНИКтердің түзілуі – ұңғыма оқпанында бұрғылау ерітіндісінің шламымен араласқан тұрақты және тығыз жиналымдардың пайда болуы

Шегендеуді мүжу – шекті мәнінен асатын құбырдың сыртқы жағындағы қысым құбырдың ішкі жағындағы қысымнан асатын жерлерде шегендеу құбырлардағы мүжілуінің пайда болуы

СНАРЯД СОЛ ЖАҚТЫ – бекітіліп қалған снарядының сол жақты айналуы үшін арнайы арналған бұрғылау бағанасы, оның барлық қосындыларында және оны түсіретін қармағыш белгілеуіш пен колоколда сол жақты оймалары бар

ТҰРАҚТАНДЫРҒЫШ КОНУСТЫ БЕЛДЕМ – бұрғылау құбырлардың оймалы бөлігінің сыртында орналасқан сыртқы конусты ойма, ол бұралу кезінде қосылудың ішкі конусты оймасына тіреліп, майысудың ауыспалы кернеулігін қабылдайды

Детонациялық остік жібі бар торпеда – жоғарғы жағында жарылыс патронының түйіні, ал төменгі бөлігінде – бағыттаушы жүктеменің түйні, ал арасында детонациялық жіптің бірнеше желілері орналасқан кабелде түсірілетін ұзақ арақашықтықты ұңғымалық жарылғыш қондырғысы

Остік әрекеттегі кумулятивті торпеда – корпусында жарылғыш заттардың жүктемесі, жарылғыш патроны және кумулятивті заряды бар кабелде түсірілетін ұңғымалық жарылғыш қондырғысы және соңғының қабығының пішіні торпедадан төмен орналасқан заттарда жарылыс толқынының концентрациясын қамтамасыз етеді, мысалы ұңғымада қалып қойған қашауларда

Құбыр қармағышы – ұңғымада қалып қойған құбырлардың ішкі немесе сыртқы бетінен қармап алуға арналған плашкалы қондырғы

Құбыр кескіш гидравликалық – жуу сұйықтығы ағысы қысымының ауытқу есебінен кесетін бетіне жабысатын кескіштердің көмегімен құбырларды кесуге арналған ұңғымалық қондырғы

Құбыр кескіш кумулятивті – корпусында жүктеме, жарылғыш патрон және кумулятивті заряды бар кабелде түсірілетін ұңғымалық жарылғыш қондырғысы және кумулятивті зарядтың сыртқы қабығы құбырды кеску мақсатында ұңғыманың перпендикулярлы осінің жазықтығында жарылғыш толқынының концентрациясын қамтамасыз етеді

Ойманың тозуы – қосынды оймасының ойыстарында елгілері ауыспалы жүктеменің шоғырлануы нәтижесінде бұрғылау құбырлардың бұзылуы

ФРЕЗА ШЕТКІ – ұңғымада қалып қойған заттардың – коронка, қашау, олардың бөлшектері және т.б. шеткі бұзуына арналған бұрғылау құбырлармен түсірілетін қондырғы

ФРЕЗЕР-РАЙБЕР – шегендеу құбырлар қабырғасында терезелерді жасауға арналған бұрғылау құбырлармен түсірілетін қондырғы

ЕКІ САТЫЛЫ ЦЕМЕНТТЕУ – шегендеу бағанасының құбыраралық кеңістігін екі сатыда цементтеу, біріншіден забойдан бағананың ортасына дейін, екінші кезекте – бағанадағы арнайы терезе арқылы қалған арақашықтықты. Ұзын бағаналардары цементтеуге қажетті қысымды екі есе түсіреді.

ЦЕМЕНТОМЕР АКУСТИКАЛЫҚ – шегендеу бағаналардың құбыраралық кеңістігін цементтеу сапасын бақылауға арналған қондырғы. Акустикалық жиілікті толқындарды генерациялауға және осциллографта әртүрлі орта арқылы олардың өту сипаттамаларын тіркеуде негізделген. Бекітіліп қалуды анықтаушы ретінде қолдана алады, ол бекітіліп қалудың жоғары ғана емес, төменгі шекарасын анықтайды және де СБТ, ЖБҚ және АБҚ үшін қолданылады

ЖУУ ЦИКЛІ – ұңғыма сағасынан забойға және керу жуу сұйықтығы ағысының өту уақыты

ЯСС – жоғары немесе төмен соққылауды беру арқылы бұрғылау құралдың бекітіліп қалуды жоюға арналған қондырғы

МАЗМҰНЫ

1. Пәннің оқу бағдарламасы – SYLLABUS...................................... 3

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:..................................................... 3

1.2 Пән туралы мәліметтер................................................................ 3

1.3 Пәннің пререквизиттері............................................................... 3

1.4 Пәннің постреквезиттері: пәннің мәні, дипломдық жобалау...... 3

1.5 Қысқаша сипаттамасы.................................................................. 3

1.6. Сабақттар түрі және оларды жүргізу кестесі............................ 4

1.7 Әдебиеттер тізімі.......................................................................... 4

1.8 Білімді бағалау туралы мәліметтер............................................. 5

1.9 Курстың саясаты және процедурасы ........................................ 8

2. Белседі таратылатын материалдың мазмұны............................... 8

2.1. курстың тематикалық жоспары.................................................. 8

2.2 Дәрісті сабақтардың конспектілері.............................................. 9

2.3 Зертханалық жұмыстар жоспары................................................ 112

2.4. Оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы шегінде

сабақтар жоспары (ОСӨЖ).............................................................. 114

2.5. Студенттің өзіндік жұмыс шегінде сабақтар жоспары (СӨЖ). 116

2.6 Өзіндік бақылау үшін тестік тапсырмалар................................. 117

2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары............................................. 121

Глоссарий........................................................................................... 123

Ратов Б.Т.

5В070600 «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы«Күрделі жағдайларда ұңғымаларды бұрғылау» пәні бойынша

Наши рекомендации