Рамында суда еритін қышқылдар мен сілтілер бар жоғына талдау жасау

Зертханалық жұмыс

Бензинді сапа көрсеткіштері арқылы кешенді бағалау

Жұмыстың мақсаты

1. Бензин сапасы жайлы білімді орнықтыру.

2. Бензин сапасы бойынша нормативтік – техникалық құжаттарымен танысу (МЕСТ бойынша сапа көрсеткіштері және оларды анықтау тәсілдері).

3. Бензиндерге сынақ талдауын жүргізу әдістерімен танысу.

4. Бензиндер сапасын бағалау және бақылау бойынша дағды алу.

Жұмыс ұзақтығы – 4 сағат

Тапсырма

1. Сынақ үлгісін сыртқы белгілері бойынша бағалау.

2. Құрамында суда еритін қышқылдар мен сілтілер бар жоғына талдау жүргізу.

3. Бензин тығыздығын өлшеу.

4. Қуу арқылы бензиннің фракциялық құрамын анықтау.

5. Жұмыс қорытындысы бойынша есеп беру.

6. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Теориялық бөлім

Бензинді сыртқы белгілеріне қарап бағалау

Бензинде механикалық қоспалар мен су болмауы керек. Олардың бар жоғы сыртқы белгілеріне қарап немесе арнайы аспаптардың көмегімен анықталады. Сыртқы белгілері бойынша бағалау үшін бензиннің сынақ үлгісін цилиндрлі шыны ыдысына құйып алып қараса жеткілікті. Мұндайда бензин құрамындағы бөгде заттар қалқыған немесе тұнған күйінде жай көзге көрінбеуі керек.

Су аздаған мөлшерде (жүздің бір бөлігі % мөлшерінде) бензинмен араласқанымен, бензин өзінің мөлдірлігін жоғалтпайды.

Бензинде судың көп мөлшерде болуы араластыру кезінде бензинді лайлайды, ал тұндырған кезде меншікті салмағының ауырлығы әсерімен ыдыстың түбіне жеке қабат болып жиналады. Сондықтан да бензинді бағалау кезінде оны шыны цилиндрде қарап түбінде жекелеген су қабатының бар жоғын анықтаса болады.

Бензинмен жүретін автокөліктерде қолданылатын жанар майларының негізгі сапа көрсеткіштері 1.1.- кестеде берілген.

Кесте. Бензиннің негізгі сапа көрсеткіштері

Көрсеткіші АИ-80 АИ-93 АИ-95 АИ-98
Детонациялық төзімділігі (октан санымен ): Моторлық әдіспен Зерттеу әдісімен
Этилделінген бензиндерқұрамындағы қорғасынның ең жоғарғы мөлшері, г/кг, 0,24 0,50 - 0,50
Фракциялық құрамы. Бастапқы қайнау температурасы,0С, төмен емес: жазғы қысқы   нормаланбайды   нормаланбайды   нормаланбайды   нормаланбайды
10% бензиннің қайнау температурасы,0С, жоғары емес: жазғы қысқы
50% бензиннің қайнау температурасы,0С, жоғары емес: жазғы қысқы                
90% бензиннің қайнау температурасы,0С, жоғары емес: жазғы қысқы        
Қайнауының соңғы температурасы,0С, жоғары емес: жазғы қысқы
Колбадағы қалдық(төмен), % 1,5 1,5 1,5 1,5
Қалдығы мен жоғалуы (төмен), % 4,0 4,0 4,0 4,0
Күкірттің массалық үлесі(төмен), % 0,1 0,1 0,1 0,1
Қышқылдығы, мг КОН /100 см3, төмен
Бензиннің қаныққан буының қысымы, кПа, жоғары емес: жазғы қысқы     66,7 66,7-93,3     66,7 66,7-93,3     66,7 66,7-93,3     66,7 66,7-93,3
Мыс табақшасындағы сынаққа   төзімді
Шайырдың мөлшері, мг/100 см3 , жоғары емес: өндіріс орнында пайдалану орнында
Индукциялық уақыты, мин, төмен емес
Суда ерігіш негіздері мен қышқылдардың мөлшері құрамында жоқ
Механикалық қалдықтар мен судың мөлшері құрамында жоқ

рамында суда еритін қышқылдар мен сілтілер бар жоғына талдау жасау

Мұнай өнімдерінің (жанармай, майлар) металдарға коррозиялық әсері мардымсыз болатындай болуы керек. Мұнай өнімдерінің коррозиялылығы құрамында суда еритін қышқылдар мен сілтілердің, органикалық қышқылдар мен күкіртті қосылыстардың барлығымен түсіндіріледі.

Өндіру үрдісінде жанар – жағармай материалдары күкірт қышқылымен ( Рамында суда еритін қышқылдар мен сілтілер бар жоғына талдау жасау - student2.ru ), соңынан осы қышқылдардан арылту үшін сілтілермен өңдеседі.

Егер қышқылды бейтараптандыру үрдісі, соңынан сілтілермен тазалау үшін өнімді сумен шаю жеткіліксіз жүргізілсе, онда жанар – жағармай материалдарында минералды қышқылдар немесе сілтілер қалады.

Жанар – жағармай материалдарының құрамындағы минералды қышқылдар мен сілтілер двигатель детальдарын, металл ыдыстары мен қораптарды коррозияға ұшырататындықтан, құрамы таза емес жанар – жағармай материалдары пайдалануға жарамсыз болып есептелінеді.

Мұнай құрамындағы, сонымен қатар өңдеуден алынған өнімдердегі органикалық қышқылдар, негізінен нафтендік, коррозиялық пәрменділігі минералдылардан азырақ. Сонымен бірге органикалық қышқылдардың пайдалылығы жанармай мен майлардың майлау қабілетін арттыратындығында. Сондықтан МЕСТ бойынша жанармай мен майларда белгілі бір мөлшерде органикалық қышқылдардың болуы рұқсат етілген.

Құрамында органикалық қышқылдар 6307 – 95 МЕСТ – ында көрсетілген мөлшерден көп болған жағдайда жанармай мен майлар пайдалануға жарамсыз.

Жанармайдағы органикалық қышқылдар мөлшері (бензин де) «жанармай қышқылдылығымен» бағаланады.

Жанармай қышқылдылығы дегеніміз сыналатын жанармайдың 100 милилитр көлеміндегі органикалық қышқылдарды бейтараптандыруға кеткен жегіш калийдің миллиграммдағы мөлшері.

Жанармайдағы суда еритін қышқылдар құрамын қарапайым (сапалық) тәсілмен анықтағанда белгілі мөлшердегі жанармайды (бұл жағдайда бензин) сондай мөлшердегі дистилденген сумен араластырып, соңынан тұндырылғаннан кейін су бөлігін индикаторлармен сынау керек.

Наши рекомендации