Былғары галантериялық бұйымдардың классификациясы
Былғары галантереялық бұйымдарды олардың пайдалану мақсатына қарай үш топқа бөледі: әртүрлі заттарды, бұйымдарды сақтау және тасымалдау үшін; адам қолдарының бас жағын сыртқы әсерлерден қорғау үшін; бекіту үшін. Былғары галантереялық бұйымдарды пайдалану жағдайына қарай тұрмыстық және арнаулы бұйымдар деп екі топқа бөледі.
Тұрмыстық бұйымдар утилитарлық және эстетикалық қызметтер (функциялар) атқарады, олар киімге қосымша болып саналады, күнделікті пайдаланылады.
Арнаулы бұйымдар (сөмке, портфель, қолғап, белбеулер) өндірістік немесе кәсіптік қызметтер атқарады. Олар бір-бірінен арнаулы конструкциялары мен қолданылатын материалдарына қарай бөлінеді. Былғары галантереялық бұйымдардың түріне, көлеміне қарай төмендегідей болып бөлінеді:
Сөмкелер. Сөмкелердің пішіні мен конструкциясы оның ішіне салынатын заттарға байланысты емес. Арнайы сөмкелер техникалық құрал-жабдықтар сақтауға арналады, сондықтан олар ерекше конструкциямен жасалады. Кәсіптік сөмкелер де ерекше конструкциямен жасалады және белгілі мамандық иелеріне (газет-журнал тасушы почтальон сөмкесі, дәрігер сөмкесі, слесарь сөмкесі және т.с.с.) арналады.
Тұрмыстық сөмкелерді пайдалану мақсатына қарай төмендегідей бөледі. Сөмке түрлері: әйелдерге арналған (оның ішінде жастарға арналған), күнделікті, косметикаға арналған, әсемдік үшін, ерлерге арналған (оның ішінде жастарға арналған), балаларға арналған (мектепке дейінгі балаларға және төменгі сынып балаларына арналған), оқушыларға арналған, жол жүруге арналған (оныңғ ішінде саквояждар мен дөңгелектері бар сөмкелер), шаруашылық сөмкелері (оның ішінде дөңгелектері бар сөмкелер), спорттық сөмкелер, жағажайға арналған сөмкелер. Сөмкелердің көлемдері мода бағытына қарай өзгеріп отырады.
Портфельдер мен оқушылардың арқаға асатын сөмкелері (ранец)
Іскерлік портфельдер күнделікті қағаздар, кітаптар, кеңсе заттарын тасымалдау үшін; жол жүргенде пайдаланатын портфельдер кітаптарды, іскерлік қағаздарды, құжаттарды және жеке заттарды тасымалдау үшін; оқушы портфельдері мен арқаға асатын сөмкелері (ранецтері) оқулықтар мен оқу, жазу, сызу құралдарын тасымалдау үшін пайдаланылады. Арқаға асатын сөмкелердің ерекшеліктері сонда, оларда иыққа ілетін белбеуі болады. Портфельдер мен оқушылардың арқаға асатын сөмкелердің өлшемдерін төмендегідей жолдармен анықтайды: ұзындық өлшеміне – алдыңғы қабырғасының ұзындығы; биіктігіне-алдыңғы қабырғаның биіктігі; еніне – бұйымның төменгі жағының ені алынады. Портфельдер мен оқушылардың арқаға асатын сөмкелер көп қатпарлы болған жағдайда ені Ш = fn формуласымен анықталады, мұндағы f – қатпарлардың ені, n – қатпарлардың саны. Көп қатпарлы бұйымның ені 80 мм-ден аспауы тиіс.
Папкалар.Папкаларды түріне және пайдалану мақсатына қарай іскерлік, бюварлық және адрестік етіп бөледі. Іскерлік папкалар - іскерлік қағаздарды, құжаттарды, кітаптарды тасымалдау үшін; бюварлық папкалар – пошта қағаздарын, маркаларды, әртүрлі корреспонденцияларды және т.с.с. сақтау және тасымалдау үшін; адрестік папкалар – марапаттау қағаздары мен адрестерді сақтау үшін пайдаланылады.
Чемодандар.Чемодандарды түрлеріне қарай – жол жүргенде ұстайтын, чемодан – дипломат, чемодан – гардероб, нөмірлеріне қарай: 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65, 70, 80, 85, 90. болып бөлінеді. Чемодан нөмірі оның сантиметрмен берілген ұзындығына сәйкес келеді. Чемоданның биіктігі мен ені үлгіге (эталон) сәйкес келуі тиіс. Чемоданның ұзындығы мен еніне сыртқы максималды өлшемдері алынады, сыртқа шығып тұрған детальдар (ұстайтын тұтқасы, фурнитурасы, кедеры, жапсырмалары және т.с.с.) есепке алынбайды. Чемоданның еніне беті жабық чемоданның максималды өлшемі алынады.
Қолғаптар мен биялайлар. (перчатки и рукавицы). Бұл бұйымдар адамның қолдарын сыртқы әсерлерден қорғауға арналған. Қолғаптарда барлық саусақ бөліктері бар, ал биялайларда тек бас бармаққа ғана арналған бөлік бар. Тұрмыстық қолғаптар мен биялайлар төмендегідей жіктеледі:
· Ерлерге арналған қолғап өлшемдері: 20, 21,22, 23, 24, 25, 26,28, 29,30, 31, 32,33,34, 35, 36, 37, 38.
· Әйелдерге арналған қолғап өлшемдері:17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28,30
· Жасөспірімдерге арналған қолғап өлшемдері: 17, 18, 19, 20, 21
· Балаларға арналған қолғап өлшемдері: – 15, 16, 17
· Белсенді демалысқа арналған қолғап өлшемдері: 1, 2, 3, 4, 5
· Ерлерге арналған биялай өлшемдері: 19, 22, 24, 27, 30
· Әйелдерге арналған биялай өлшемдері: 18, 19, 22, 24, 27
· Жасөспірімдерге арналған биялай өлшемдері: 19, 20, 22
· Балаларға арналған биялай өлшемдері: 14, 15, 16, 17
· Белсенді демалысқа арналған биялай өлшемдері: 1, 2, 3.
Арнайы қолғаптар мен биялайлар өндірістік және спорттық болып бөлінеді. Өндірістік қолғаптар мен биялайлар адам қолдарын әр түрлі химиялық, токсикалық зиянды материалдардан, жоғары температура әсерінен қорғауға арналған. Спорттық қолғаптар мен биялайларды спорт түрлеріне қарай (бокс, мотожарыстар, семсерлесу, хоккей ойыны, шаңғы және т.с.с.) бөледі. Қолғаптар конструкциясы бойынша астары бар және астарсыз болып бөлінеді. Былғарыдан жасалынатын қолғаптар да астары бар және астарсыз болады. Жасанды былғары мен аралас материалдардан жасалған қолғаптар мен тұрмыстық биялайлар тек астары бар етіп жасалынады. Қолғаптарды винилуретан былғарыдан және полиуретанмен өңделген жасанды былғарыдан астарсыз да жасауға болады.
Майда былғары галантерея бұйымдары.Бумажниктер (әмиянның бір түрі) – құжаттарды, майда қағаздарды және қағаз ақшаларды сақтауға; портмонелер (кішкене әмиян) – қағаз ақшалар мен тиындарды сақтауға; кошелек – майда тиындар сақтауға арналған, сондықтан ол берік құлыптанады. Қаптамалар (обложки) – әр түрлі құжаттарды (паспорт, жеке куәлік және т.с.с.) кітаптарды, жазба кітапшаларын және т.с.с. сақтауға; футлярлар – көзілдірік, кілт, тарақ, ине және т.с.с. салуға; портсигарлар – сигарет, папирос сақтауға; сувенир қорапшалары мен сандықшалар – майда заттар мен әшекей бұйымдарды сақтауға арналған. Бумажниктер мен қаптамалардың ғана өлшемдеріне шектеу қойылады, оларды ашық күйінде анықтайды. Белдіктер (белбеу - ремень) сағаттарды, киімді, бөлшектерді (детальдар) бекітуге немесе заттарды тасымалдауда қолданылады, олар утилитарлық және эстетикалық қызметтер (функция) атқарады. Қолданыстағы тұрмыстық белбеулерге арналған конструкцияның және қорғаныс материалдары мен бөлшектердің қажеті жоқ. Тұрмыстық белбеулер киімді адам беліне бекіту үшін пайдаланылады, ерлерге арналған белбеулер 1, 2, 3 және 4 рост, әйелдерге арналған белбеулер 1 және 2 рост, балаларға арналған белдіктер 1 және 2 рост болады. Сағат баулары қол сағаттарын адам қолына немесе қалта сағаттарын бекітуге арналған. Қол сағаттың баулары 1, 2 және 3 нөмірлі болып жасалады. Жүк тасуға арналған белдіктердің ұзындықтары 1350, 1520, 1750 және 2000 мм болады. Жүк алып жүруге арналған туристік рюкзактарды үлкендерге және балаларға лайықтап жасайды. Үлкендерге арналған рюкзактарды каркасты және каркассыз етіп, әр түрлі конструкциялық ерекшеліктермен: өзгермелі көлемді немесе өзгермейтін көлемді; ішкі бөліктерге бөлінген немесе бөлінбеген және т.с.с. етіп жасайды.