Бырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері

5.15-суретте жерасты жөндеу операторының диаметрі 73 мм СКҚ тізбегін қосштропты элеватор және қолмен бұралатын кілттің көмегімен түсіру кезіндегі жұмсалынатын күш пен уақыттың графигі көрсетілген. Түсіру жұмысы мынадай ретпен жүргізіледі: 1 - құбырға бекітілген элеваторға штропалары бар күршек беріледі; 2 - штропалар элеваторға кигізіледі; 3 - құбырды сөреден көтереді; 4 - резьбаны тазалау және майлау, сонымен бірге құбырды муфтаға бағыттау; 5 - кілттерді құбырға салып бұрауға дайындау, егер құбыр үйкеліс күшімен ұсталынбаса, оның муфтасын стопорлау; 6 - құбырды бұрау; 7 - кілттерді ағыту; 8 - құбырды көтергішпен тарту; 9 - элеваторды ағыту; 10 - құбырды көтергішпен төмен түсіру; 11 - элеваторды құбырға кигізу; 12 - штропаларды ағыту.

Уақыт
Қол күші, Н
Бырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері - student2.ru

5.15-сурет. СКҚ-ны түсіру кезіндегі күш пен уақыттың жұмсалу графигі

Аталған көрініс құбырлар тізбегін көтеру кезінде де қайталанады. Құбырдың муфтасындағы резьбаны ағытуға жұмсалынатын жұмысшының күші 1,6 кН-ға дейін жетеді. Басқа операцияларда жұмсалынатын күш 0,1-0,7 кН шамасында болады. Бұл жерде ең жоғары еңбек сыйымдылығы мол операция ол – элеваторды орнату және резьбаны ағыту болып табылады. Сондықтан да конструкторлардың алдына қойылатын негізгі талап – элеватор мен кілттердің салмақтарын мейлінше азайтуға күш салу.

Резьбаларды бұрау және ағыту жұмыстарын механизациялау АПР автоматтарының көмегімен іске асырылады. 5.16-суретте АПР-28Б автоматының сұлбасы көрсетілген. Оның корпусына (3) электрлі қозғалтқыш жалғанған. Оның білігі червякты берілістің білігімен (7) байланысады. Червяктің дөңгелегі (4) жүргізгішке (6) жалғанады. Кілтке бұрау кезінде берілетін моментті арттыру үшін қозғалтқыштың муфтамен қосылған маховигі (8) бар.

Бір элеватормен жұмыс істеу спайдердің көмегімен атқарылады. Оның сыналы ілгіші (5) құбырды ұстау алдында жоғарғы жағдайда тұрады. Сыналы ілгіштің үш сыналы секторлары бар. Олар ілгіштің шайбасымен шарнир арқылы байланысқан. Сыналы сектор жоғарғы жағдайға вилканың (9) көмегімен қойылады.

Құбырды спайдермен қармап алу үшін муфтаның астына арнайы вилка қойылады. Құбырды төменге түсіргенде муфта вилка арқылы сыналы ілгіштің шайбасын қысып, оны түсіреді. Конустық қармау секторлары түсіріліп, оның корпусымен сырғып ортаға қарай қысылады да, құбырды қармайды.

Автоматтың төменгі жағында фиксатормен (2) бекітілген центратор (1) бар. Ол құбырларды автоматтың ортасынан ауытқып кетпеуді қадағалайды.

Бырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері - student2.ru

Бырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері - student2.ru

5.16-сурет. АПР-28Б автоматының сұлбасы

а-автоматтың блогы; б-жетек блогы

Сонымен қатар, гидроқозғалтқыштың көмегімен іске қосылатын АПР-ГП автоматтарының құрылымы 5.5-кестеде берілген.

5.5-кесте

Автоматтардың негізгі параметрлері

Параметрлер АПР-28Б АПР-ГП КМУ-32 470-ООА КГП
Ең жоғары жүктеме, кН Ең жоғары айналдыру моменті, кН*м Жүргізгіштің айналу жиілігі, мин-1 СКҚ диаметрі, мм Кабельдің диаметрі, мм Автомат массасы, кг     4,5     48-114 -       4,5     48-114 -       4,5     48-114 -         4,5     60-73 27,5-34,7   -     0,55     73; 89 -  

АПР қондырғысын ұңғыманың сағасына патрубоктың көмегімен орнатады. Патрубок элеваторға ілінген тізбектің муфтасының резьбасына бұралып кигізіледі де, оған тальдік жүйенің көмегімен автомат орнатылады; ЭГ маркалы элеватормен патрубоктың муфтасы қармалып, бүкіл тізбек жоғары көтеріледі. Сонымен қатар, автомат тальмен элеваторға бекітілген. Ары қарай тізбек ілінген элеватор шешіледі де, сонан соң тізбек ұңғыманың фланеціне орнатылған автоматты қондырғыға түсіріледі.

Электрлі ортадан тепкіш сораптар орнатылған ұңғымалардағы түсіру-көтеру жұмыстарыда кәдімгі автоматты қолдану мүмкін емес, себебі құбырлардың бойымен кабель орналасады. Ол үшін 470-ООА маркалы арнайы механикалық кілт жасалынған. Мұндай кілттерде кабельді спайдердің сыртына шығаратын құрылым қарастырылған. Оның автоматы қамыттарды қолмен бекітуге және шешуге есептелінген. Спайдердің сыналары көтеріліп, кабельді алып кетуге арналған ойық пайда болады. Кабельден ажыратылған құбыр резьбадан шешіліп алынады.

АПР қондырғысынан бөлек СКҚ-ларды бұрап немесе шешіп алу үшін КМУ-32, КМУ-50 және КГП типті кілттер кеңінен қолданылады (5.5-кесте).

Резьбаларды бұрау және шешіп алу жұмыстарын механизациялау, олардың массасын азайту, элеваторлардың бірін спайдерге ауыстыру құбырлар тізбегін түсіру және көтеру жұмыстарын анағұрлым жеңілдетеді.

Наши рекомендации