Сутөкпе қондырғыларға талаптар

Сорғылық камераның ұзындығын келесідей анықтауға болады.

L = Σᶩ м + Σᶩ Н + а(Z + 1)м (6.6) мұндағы Σᶩ м — электроқозғалткңіштардың қосынды ұзындығы,

м; Σᶩ Н — сорғы ұзындығының қосындысы, м; а=1,5-2,0 м; н

агрегаттардың ара қашықтығы; і — сорғылар саны. Сорғылық камераның ені

в = ъ + ър + ьк, (6.7)

мұндағы в — сорғы фундаментінің ең үлкен ені, м; Ър — темір жол жағындағы фундаменттен қабырғаға дейінгі аралық, м; Ък — құдықтар жағынан фундаментпен қабырғаға дейінгі аралық. Ък = 0,7 - 1,2 м.

Камера биіктігі сорғылар өлшемі мен көтергіш жабдықтарға байланысты. Жұмыстық дөңгелектерінің диаметрі 300 мм-ге дейінгі сорғыларды орналастырғанда камера биіктігі — 3,2 м, ал диаметрі 300 мм-ден жоғары болғанда 4,5-4,7 м болуы шарт. Сутөкпе қондырғыларда сужиғыштар болуы тиіс.

Сужинағыш — шахтылық су жиналып, одан жер бетіне айдалатын көлем. Сонымен бірге сужинағыштар тұндырғыш рөлін атқарады. Қышқыл суларды айдаған жағдайда, сужинағышты бейтараптандыру үшін паңдаланады. Тазалау ыңғаилылығы үшін шахталық су жинағыштарды екі өзара бөліктелген секциялармен жасайды. Ең кең тарағандары - жазық тау қазбалары ретіндегі су жинағыштар. Мұндай конструкцияда шөгінділердің әсерінен су жинағыштың пайдалы қимасы кішірейеді. Жаңа жобаланатын шахталарда суды алдын ала тұндырғыштарда немесе құм ұстағыштарда тазартып алатын сужинағыштар қарастырылуы тиіс. Сужинағыштың көлемі төрт сағаттық қалыпты су жиылымын сыйғызатындай етіліп анықталады. Қалыпты су жилымы 50м3 тан аз шахтылар үшін сорғылық камерада екі сорғы орнатылады. Қалыпты сағаттық су жилымы 50м3 тан асатын шахтылар үшін үштен кем емес сорғылар орнатылады. Едәуір үлкен су жилымдарында егер бір сорғы 20 сағат ішінде суды айдап үлгіретін болса қатарынан 2 және оданда көп сорғылар жұмысқа қажет болады. Олардың жалпы санын 5-кесте бойынша анықтауға болады.

4. Осьтік желдеткіштер түрлері мен конструкциялары.

Олар төмендегідей бөлінеді: Басты желдетпе желдеткіш қондырғылары. Көмекші. Жергілікті желдетпе

Басты желдету желдеткіш қондырғылары, тұйық забойдан басқа барлық істегі шахта немесе рудниктерді желдету үшін қолданады. Олар жабық герметикалық оқпан бетінде орналасады. Басты желдету желдеткіш қондырғылары сорып айдаушы және аралас желдету схема бойынша жұмыс істейді.

Көмекші желдетпе қондырғылардың атқаратын қызметі оқпандар мен оқпан жанындағы камералар, бөлек бөлімшелерде желдетуге арналған. Олар не жер бетінде немесе жер астында орналасады. Жергілікті желдетпе желдеткіш қондырғылары тұйық кенжардағы кен қазындыларында және камераларда қолданылады. Конструкциясы бойынша желдеткіштер ортадантепкіш және остік болып бөлінеді. Олардың әрқайсысының өз кемшілігі мен артықшылығы бар.

- әр желдеткіш қондырғылары резервтік құрылғыларымен қамтылуы қажет.

- желдеткіш қондырғылары үлкен шектерде басқаруға қолайлы және экономикалық тиімді болуы керек.

- шахтаның негізгі желдетпе желдеткіштерінің номиналды өнімділігі 630 м /с дейін, ал статикалық қысымы 7100 Па дейін болады. (ГОСТ 11004-75). желдеткіштер +500 - тен - 200 С температурада жұмыс істеуі тиіс. Желдеткіш корпустан, ротордан, бағыттаушы және түзетуші аппараттардан және оған жалғанған коллектор мен кіре беріс қорабынан тұратын агрегат.

Түрлері мен арналуы. Тау-кен өндірісінде осьтік желдеткіштердің келесі түрлері пайдаланады: ВОД, ВОК, ВОКД, ВОКР (В-желдеткіш, О-осьтік, К- қисайтылған күрекшелермен, Д-көпсатылы, Р-реверсті). Осьтік желдеткіштер келесідей белгіленеді: бірсатылы ВО және көпсатылы - ВОД. Бұрынғы одақтағы алғаш осьтік желдеткіштер ЦАГИ әзірлеген В сериялы желдеткіштернегізінде (жоғары арынды) 1938 -1939 жж. Шығарылды. әр түрлі кемшіліктеріне байланысты ол желдеткіштер өндірістен 1957 ж алынып тастады.оларды қисайтылған күрекшелі ВОК және ВОКД тектес желдеткіштер алмастыруды, олар жетілдірген аэродинамикалық схемасымен және өнімділігінің байыпты реттелуімен, ал ВОКД тектес желдеткіштер ауа ағымын желдеткіштің өзімен реверстеу мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде ВОД тектес (ВОД-11, ВОД-16,ВОД-21,ВОД-30,ВОД-40 және ВОД-50) желдеткіштері шығарылады (белгілеудегі сандар - күрекшелер ұшы бойынша дециметрмен берілген жұмыстық дөңгелек диаметрі). Желдеткіштерді Артемовск машина жасау зауыты жасайды. ВОД тектес осьтік желдеткіштер терең емесе шахтылар мен кеніштерді, жалпышахтылық депрессиясы 4000 Па-дан аспайтын жағдайларда желдетуге арналған.

9-сПоршеньді компрессорда сығылу процесін талдауды компрессор цилиндріндегі қысымның цилиндрдегі айнымалы ауаның көлеміне немесе поршеннің жүрісіне тəуелділігін көрсететін индикаторлы деп аталатын диаграмманың көмегімен жүргізген ыңғайлы. Өте оңды поршеньді компрессордың жұмыстық циклін қарастырайық. Өте оңды компрессор деп мынадай талаптарға жауап беретін компрессорды жобалап түсінеміз:

1) сығу процесінде компрессордың цилиндріндегі ауаның температурасы менқысымы өзгермейді жəне сорушы құбырдың аузындағы ауаның осы параметрлеріне тең;

2) итеріп шығару процесінде ауаның температурасы мен қысымы тағы өзгермейдіжəне компрессордың сыртындағы сығылған ауаның температурасы мен қысымына сəйкес ;

3) итеріп шығару процесі аяқталғаннан кейін компрессорда ауа қалмайды, ал поршень айдау соңында цилиндр қақпағына тығыздалып жабысады;

4) компрессорда жұмысшы қақпақтар арқылы ауаның шығуы жоқ жəне поршень мен цилиндр арасында саңылау жоқ;

5) механикалық үйкеліске кететін қуаттың шығыны жоқ.

Бір сатылы поршеньді компрессордың теориялық жұмыстық процесінің диаграммасы 1 нүктесі компрессор поршенінің цилиндрдің барлық көлемі төмен қысымды ауамен толтырылған кездегі орнына сəйкес келеді (поршень ең шеткі оң жақта тұрады). Ауа көлемі бұл кезде V 1 тең . 1-2 қисығы компрессордағы ауаның сорушы жəне айдаушы қақпақтар жабық кезіндегі Р 1 қысымнан Р 2 қысымға дейін сығылу процесіне сəйкес келеді. 2 нүктесінде сығу процесі аяқталады –ауа керекті қысымға Р 2 жетеді.

Газдың көлемі сығу процесі соңында (2 нүктесінде ) V 2 тең. Сығу процесі кезінде қақпақтың екеуі де жабық болғандықтан, ауа мөлшері сығу процесінде өзгеріссіз. 2 нүктесі айдаушы қақпақтың ашылу уақытына сəйкес,ал 2-3 сызығы цилиндрден ауаны жоғары қысымды резервуарға итеріп шығару процесіне сəйкес болады. 2-3 процесінде цилиндрде болатын ауаның мөлшері азаяды. 4 нүктесі сорушы қақпақтың ашылу сəтіне сəйкес, ал 4-1 сызығы төмен қысымды резервуардан Р 4 ауаны цилиндрге сору процесін бейнелейді. 4-1 процесінде цилиндрдегі ауаның мөлшері нольден 1 нүктесінде компрессордың цилиндрін толтыруға сəйкес шамаға дейінартады.

С

Газды сығу тəсілі бойынша компрессорлар екі топқа бөлінеді: - көлемдік сығу ( ығыстыру компрессорлары), оларда газдың (ауаның) қысымы жұмыстық кеңістіктің азаюы салдарынан жоғарылайды. Оларға поршеньді , бұрандалы, ротациялы компрессорлар жəне басқалары жатады; - кинетикалық сығу, оларда газ (ауа ) айналмалы доңғалақтардың қалақтарымен күштік өзара əсерлесу кезінде газдың (ауаның) еріксіз қозғалысы процесінде сығылады, оларға центрден тепкіш жəне осьтік турбо компрессорлар жатады. Компрессорлардың бірінші тобын кейде ығыстыру компрессорлары деп, ал екінші тобын оларда қалақтардың болуы салдарынан жəне олардың көмегімен сығу процессі жүзеге асырылатындықтан қалақты компрессорлар деп те атайды.

Жұмысшы органдарының конструкциясы бойынша компрессорлар поршеньді , қалақты (турбокомпрессорлар), бұрандалы , ротациялы жəнебасқа болып бөлінеді. Сығылатын газдың түрі бойынша компрессорлар ауалық, аммиакты, Жасалынатын қысым шамасы бойынша:

- вакуум –сорғылар деп аталатын компрессорлар, олар газды (ауаны) вакуумы бар кеңістіктен сорушылар жəне оны атмосфералық немесе одан сəл көп қысымға қысушылар; - ауа үрлегіштер (газ үрлегіштер) –бұл ауаны (газды) 0,3МПа дейін сығушы машиналар; - төмен қысымды компрессорлар (0,3-1,0 МПа); - орташа қысымды компрессорлар (1,0-10,0 МПа); - жоғарғы қысымды компрессорлар (10,-250 МПа). Тау –кен кəсіпорындарында төмен қысымды компрессорлар өте көп қолданылады. Вакуум –сорғылар көмір қабаттарынан метанды сорып алу үшін пайдаланылады. Бұрандалы сорғыларда центрден тепкіш жəне поршеньді сорғылардың

жақсы жақтары жинақталған. Бұрандалы сорғыларының жұмыстық бөлігінің негізгі детальдарына бір кірмелі металл бұранда-ротор жəне болат корпуста бекітілген резеңкелі құрсаулы статор. Оның ішкі беті адымы ротор адымынан 2 есе көп екі кірмелі бұранда болып келеді. Жұмыс процесі кезінде бұранда өзінің осіне қатысты айналады, осы уақытта осьтің өзі статорда қарама-қарсы бағытта планетарл қозғалыс жасайды. Ротордың статормен бұрандалы жанасу сызығы бір жағынан ауасыздықты, ал екінші жағынан артық қысым жасап осьтік бағытта қозғалып жылжиды. Жұмыс істеу принципі бойынша бұрандалы сорғылар көлемдік əсерлі машиналар болып табылады, сондықтан олар поршеньді сорғылар қасиетіне ие. Бірақта айналмалы бөлігінің динамикалық тепе-теңдігі бұрандаларға үлкен бұрыштық айналу жылдамдығына ие болуға мүмкіндік жасайды, бұл габариті аз болса да бұрандалы сорғылардың жоғары өнімділігін қамтамасыз етеді.

Бұрандалы сорғылардың мынадай артықшылықтары бар: геометриялық биіктік өзгерген кезде тұрақты берілімді сақтайды; үлкен қысымдарды (20,0 МПа дейін) жасай алады; өзі сору қасиетінің болуы; ластанған суды айдай алуы; атқарады); п.ə.к жоғарылығы (0,75-0,8). Су майлаушы қызметін атқаратындықтан, бұрандалы сорғыны сусыз қосуға болмайды. Сорғыға су құю үшін сорушы жағы вентилі бар айдаушы өткізгіш құбырмен қосылған. Судың біраз бөлігін сорғының жұмыстық кеңістігінде ұстап қалу үшін сорушы қысқа құбырдың тесігі жоғары бұрылып қойылған.

Наши рекомендации