Механиканың негізгі ұғымдары:радиус-вектор, траектория, орын ауыстыру, жол.
Механикалық қозғалыс.Механикалық жүйе.Механиканың негізгі моделі:материалдық нүкте,қатты дене,тұтас орта.
Механикалық қозғалыс деп уақыт өзгерісінде кеңістікте дененің басқа денелерге қатысты орын ауыстыруын айтамыз.Механикалық қозғалыс – салыстырмалы. Бір дененің әр түрлі денелерге қатысты қозғалысы әр түрлі болады. Дененің қозғалысын сипаттау үшін, қозғалыс қай денеге қатысты қарастырылатынын белгілеу қажет. Бұл денені санақ денесі деп атайды. Санақ денесі және уақыт – санақ жүйесін құрап, ол қозғалған дененің кез келген уақыттағы орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Тек механикалық процестер өтетін жүйелер механикалық жүйе деп аталады. Тұйықталған механикалық жүйеде потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы тұрақты шама болып қалады. (мұндай жүйелер консервативтік деп аталады). Егер тұйықталған жүйеде потенциалдық және кинетикалық энергияның қосындысы кемісе, ол жүйеде механикалық энергия энергияның басқа механикалық емес түріне айналғанын көрсетеді. Мұндай жүйелер диссипативтік деп аталады.
Дененің еркін түсуі кезінде кез келген уақыт мезетінде оның кинетикалық және потенциалдық энергиясының қосындысы тұрақты болатынын ескеру керек. Дененің қозғалысы әдетте оған күш әсер еткен жағдайларда пайда болады. Осы күштердің әсері қозғалыстың сипатын анықтаумен қатар дененің деформациясын да, яғни олардың өлшемі мен формасының өзгерісін де туғызады. Көбінесе деформациясының шамалы болатындығы сондайлық, дененің қозғалысын сипаттағанда оны елемеуге де болады. Қарастырылатын мысалдың шартында деформациясын елемеуге болатын дене абсолюттік қатты денелер деп аталады.
Кейде дене қозғалысын қарастырған кезде олардың өлшемін де елемеуге болады. Бұл, дене өлшемінің, біз істес болуға тура келетін, берілген есептің шартындағы кейбір өлшемдерден бірнеше есе кіші болатын жағдайлар да болады.
Әрбір дене белгілі бір өлшемдерге ие. Дененің әр түрлі бөліктері кеңістіктің әр түрлі жерлерінде орналасады. Алайда, механиканың көпшілік есептерінде дененің әр түрлі бөліктерінің орнын көрсетудің қажеті жоқ. Егер дененің өлшемдері басқа денелерге дейінгі арақашықтығынан аз болса, онда бұл денені оның материалдық нүктесі деп санауға болады. Мәселен, оны ғаламшарлардың Күннің айналасындағы қозғалысын зерттегенде алуға болады. Механикада дағдылы анықтамасы материалдық нүктені есептерді шығаруда өлшемі жоқ деп есептеуге болатын нәрсе дейді. Бұл нәрсе деформацияланбайды, айнала алмайды. Материалдық нүктенің механикалық энергиясы тек қана оның (алдыға) қозғалу кинетикалық энергиясы түрінде ғана жинақтала алады, яғни айналу немесе деформациялық энергиясы болмайды. Басқаша айтқанда, материалдың нүкте — ең қарапайым механикалық жүйе; ең аз еркіндік дәрежесі бар механикалық жүйе (үшөлшемді кеңістікте қозғалса және байланыс болмаса – 3 еркіндік дәрежесі), ішкі еркіндік дәрежесіз.
Механиканың негізгі ұғымдары:радиус-вектор, траектория, орын ауыстыру, жол.
Уақыт өткенде бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырғанда, дене (материалдық нүкте) дене қозғалысының траекториясы деп аталатын қандай да бір қисықты сызады.
Дененің кез келген уақыттағы кеңістікте орнын (қозғалыс заңын) x = x(t), y = y(t), z = z(t) координаттардың уақыттан тәуелділігінен (координаттық әдіс), не болмаса уақыттың бастапқы нүктеден берілген нүктеге жүргізілген радиус-вектордан тәуелділігінен (векторлық әдіс) анықтауға болады
Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның кейінгі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады. Орын ауыстыру – векторлық шама.
Жүрген жолы - дененің белгілі t уақыттың ішінде траектория доғасының ұзындығына тең болады. Жол – скалярлық шама.
Егер дененің қозғалысын жеткілікті аз уақыттың ішінде қарастырса, онда орын ауыстыру векторы осы нүктеге жүргізілген траекторияның жанамасы бойымен бағытталады, ал оның ұзындығы жүрілген жолына тең болады.
Ра́диус-ве́ктор (әдетте немесе жәй деп белгіленеді) — координаттар басы деп аталатын әлдебір берілген тұрақты нүктеге қатысты нүктенің кеңістіктегі орнын анықтау үшін енгізіледі. Кез келген кеңістіктегі нүкте үшін радиус-вектор – координаттар басын сол нүктемен қосатын вектор болып табылады.
Материялық нүктенің белгілі бір уақыт аралығындағы орын ауыстыруы дегеніміз нүктенің бастапқы уақыт мезетіндегі орнынан соңғы уақыт мезетіндегі орнына жүргізілген ∆ r векторы . 2-суреттен rB = rA +∆ r
бұдан орын ауыстыру векторы мынаған тең:
∆ r = rA =rB