Электромеханикалық жетек
ЭМОЖ құрылымдық және функционалдық қатынаста өзіндік бір бұйым болып табылады, оның басқа модулдермен жекелей және әртүрлі комбинациялық түрде қолдануға болатын механикалық, электрлік (электротехникалық) және ақпараттық бөлімдері бар. Қозғалыстың электромеханикалық мехатрондық модулінің (ҚЭМММ) қарапайым мехатронды емес ЭМОЖ айырмашылығы, оның қосалқы ақпараттық бөлігінің бар болуында.
Микроэлектрониканың қазіргі заманғы технологиясының дамуы ЭМОЖ сәтті интегралдайтын, сонымен қатар, оны ҚЭМММ ауыстыратын шағын датчиктерді және электронды блоктарды жасауға мүмкіндік тудырды. Типтік ЭМОЖ құрамы үлкейтіліп суретте көрсетілген. Мұнда ЭМОЖ электроқозғалтқыштан- электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіретін электротехникалық түрлендіргіштен тұрады. Механикалық қозғалысты түрлендіру үшін түрлі механикалық түрлендіргіштер (берілісмеханизмдері) пайдаланылады. Сонымен қатар, осында люфт таңдау механизмдерін және байланыстыратын қондырғыларды (тежегіш, муфталар) жатқызуға болады. Ақпараттық бөлімге өлшеу құралдары, ақпараттық сигналдарды түрлендіргіштер жатады. Әдетте, ақпараттық бөлімде механикалық өлшемдердің жалпылама күшін, координаттарын, жылдамдық және үдеу мәндерін өлшеуге мумкіндік беретін кинестетикалық датчиктерді қолданады.
1– сурет ЭМОЖ құрамы.
Басқарылатын электрлі жетек
Электржетегі деп элекр энергиясын механикалық энергияға түрлендіріп, түрлендірілген энергияны басқаратын электрмеханикалық қондырғыныатайды.
Электр энергиясының бірден-бір негізгі тұтынушылары - электр жетегі – машинаның жұмысшы органдарын қозғалысқа келтіретін және оның технологиялық процесін басқаратын электр механикалық құрылғы.
Баскарылатын электржетегі деп жұмысшы машинаның атқарушы органдарын қозғалысқа келтіру үшін алдын-ала тағайындалған электр қозғалтқыштық, түрлендіргіштік, берілістік және басқару құрылғыларынан тұратын электр механикалық жүйені атайды.
Адамды электр жетегі
Гидравликалық жетек
Гидросорғы беретін сұйықтықтың, кысымы арқылы жұмыс машинасын әрекет етуге келтіретін құрылғы. Үдемелі ауыспалылық, әдетте, гидравликалық цилиндрдің көмегімен жүзеге асырылады, айналмалы қозғалысты байланыстыру үшін гидромоторды қолданады. Гидравликалық жетек үлкен шекте жылдамдықты біркелкі өзгертуге және білдекгі тоқтатпай жұмыс қозғалыстарының бағытын кері қарай жүргізуге мүмкіндік береді; бірқалыпты жұмыс істеумен ерекшеленеді және барлық түрдегі металл кесетін білдектерде кеңінен қолданылады. Резервуардың май сорғы мен шүмек және реттығын арқылы цилиндрдің оң жақтағы қуысына поршень және онымен байланысқан білдектін үстелін беру қозғалысын жасауға мәжбүр ете отырып беріледі. Реттығын жеке шүмекпен басқарылатын сервоцилиндр арқылы қозғалысқа келеді. Үстелдің кері қимылдауы үшін шүмекті бүрады, реттығын сервоцилиндрмен алға қарай қозғалады және цилиндрдің сол жақтағы қуысын сорғымен байланыстырады
26.Пневматикалық жетек
Пневматикалық жетекте қолданылатын энергия түрі сығылған ауа энергиясы болып табылады. Пневматикалық қондырғыны кеңіне қолданысқа енгізілу себебі, оның келесідей артықшылықтарға ие болуы болып табылады: Пайдаланылуы мен конструкциясының қарапайымдылығы; бастапқы бағасының төмендігі және шығынының жылдам өтелуі; кең диапазонды температура, ылғалдылық және қоршаған ортаның шаң-тозаңы, т.б. жағдайлардағы жұмыс сенімділігі, өрт шығу және жарылыс қауіпсіздігі, 10-50 млн. цикл аралығында болатын жұмыс мерзімінің ұзақтығы, пневматикалық атқарушы құрылғы торабының қозғалыс жылдамдығының жоғарылылығы (сызықтық жылдамдығы 15 м/с дейін, айналу жылдамдығы 100 000 мин-1); асқын жүктелу жағдайында қорғаныс құрылғыларн қажет етпеуі. Пневматикалық жетектердің кемшіліктері төмендегілер болып табылады: ауаның сығылуынан жұмыс элементтерінің орын ауыстыруының бірқалыпты болмауы, әсіресе ауыспалы жүктелу кезінде; пневмоқозғалтқыштардың атқарушы органдарының айқындалуының (позиционирования) қиындығы, жұмыс қуысындағы сығылған ауа қысымының төмен болуынан (0,4... 0,8 МПа)қажетті күш алу үшін пневмоқозғалтқыштардың өлшемдерінің үлкен болуы
Пневматикалық жетек белгілі ретпен орналасқан және әрдайым ауамен байланыста болатын қондырғылардан тұратын жүйені құрайды. Пневматикалық жетектің негізгі элементтеріне ауа сығымдауыш, пневмоыдыс, пневмоқозғалтқыш, пневматикалық түрлендіргіштер, пневмоаппараттар, ауа қондауыштар, пневможелі креді.