Уылдырықты зерттеудің зертханалық әдістері
Ылғалды анықтау
Уылдырық құрамындағы ылғалды балықтағы секілді оны 100-105оС температурада кептіру арқылы анықтайды. 2-2,5 г уылдырық ілмегін 5-10 г жаңа шаншылған кварц құмымен мұқият араластырады. Қара уылдырықты зерттеу кезінде 3-4 г ілмек алынады.
Бекіре балықтарының қара уылдырығының құрамындағы ылғал 40 %-дан, «тарама» уылдырығында 58 %-дан аспауы керек.
Ас тұзын анықтау
Уылдырық құрамындағы ас тұзы балықтардағыдай жолмен анықталады. Банкадағы түйірлі және қара уылдырық ілмегін 3-5 г етіп алады.
Уылдырық құрамындағы ас тұзы (%)
Құмды анықтау
Фарфор шыныға 20-50 г уылдырықты салып, кептіру шкафында құрғатып, баяу отта көмірлейді. Көмірге ыстық су құйып, сүзеді. Сүзгіні тұнбамен бірге тигельде күлге айналдырады. Алынған күлге 10 пайызды тұз қышқылын қосып, тигельді қайнап тұрған су буына 30 минутқа салып, тигель ішіндегісін күлсіз сүзгіден өткізеді. Сүзгідегі тұнбаны флордың сүзгідегі азотқышқылды ерітіндісіне жасалатын реакция кері нәтижені көрсетпегенге дейін бірнеше рет ыстық сумен жуады. Сүзгіні тұнбамен бірге алдын ала ілінген тигельге салып, жағып, шынықтырады. Эксикаторда салқындатқаннан кейін тигельді ішіндегісімен өлшейді. Құмның пайыздағы мөлшерін (х) мына формула бойынша есептейді:
мұнда: а – шынықтырылған тұнбасы бар тигельдің салмағы (г); – бос тигельдің салмағы (г); m – уылдырық ілмегі (г).
Тек жаншылмаған уылдырықта ғана құм жалпы салмағынан 0,1 %-дан аспайтын мөлшерде бола алады.
Қышқылдық санын анықтау
Қышқылдық саны уылдырықтың сапасын анықтауда қосымша көрсеткіш ретінде қызмет етеді. Анықтау техникасы майды зерттеу техникасындай. Мұқият ұнтақталған уылдырықтың ілмегін шыны сауытқа салып, эфирі бар спирт құяды, ішіндегісін араластырып, су буында аздап қыздырады және фенолфталеин бойынша калийдің 0,1Ν ащы ерітіндісімен титрлейді.
Сапалы уылдырықтың қышқылдық саны 1,0-ден аспауы керек; қышқылдық саны 1,0-3,1 болатын уылдырық аз құнды; егер қышқылдық саны 3,1-ден асса, онда уылдырық жеуге жарамсыз.
Бақылау сұрақтары
1 Зертханалық зерттеуге үлгілерді даярлау.
2 Уылдырыққа зертханалық зерттеу жасау.
3 Зерттелетін уылдырықтың санитарлық бағасын негіздеу.
Тақырып 2.15 Инфекциялық, инвазиялық және жұқпайтын аурулармен ауырған балықтардың Ветеринариялық-санитариялық сараптамасы
Мақсаты: инфекциялық, инвазиялық және жұқпайтын аурулармен ауырған балықтарға Ветеринариялық-санитариялық сараптама жасауды меңгеру.
Жұмыс мазмұны:
Балық аурулары
1 Балық бактериоздары (аэромоноз, псевдомоноз, бронхиомикоз).
Тауарлық түрін төмендететін белгілері болмаса, балықты шектеусіз іске асырады.
Теріде ұйысқан қан, бірен-саран жаралар табылып, қабыршықтары үрпиген, бұлшықеттері гидремиеленген болмаса балықты шектеусіз іске асырады.
Теріде кең ауқымды қан ұйып, үлкен жаралар табылып, қабыршықтары үрпиіп, анальдық тесігінен су мен сілекей бөлінетін болса, балықты пайдаға асруға жібереді.
2 Балықтың вирустық аурулары (көктемгі виремия, оспа).
Теріде аздаған ұйысқан қан мен қызыл және қара жерлері болса, балықты шектеусіз іске асырады.
Теріде ккең ауқымды қызарулар мен тері жабындысы қарайып, жаралар пайда болса, теріде оспа эпителиомы, абсцесстер болса, балықты пайдаға асырады.
3 Балық микоздары (бронхиомикоз, сапролегниоз және басқалар).
Тауарлық түрін төмендететін белгілері болмаса, балықты шектеусіз іске асырады.
Тері аса зақымдалған, қан ұйысқан жерлері болса, балықты пайдаға асырады.
4 Балық гельминтоздары, адам және жануарлар үшін қауіптілері (антропозооноз, описторхоз, псевдомфистомоз, меторхоз, эхинохазмоз, апофаллоз, россикотремоз, гетерифоз, диоктофимоз, клоронорхоз, метагонимоз).
Балықта тұрмысы тоқтаған гельминттер мен 1 кг-ға 5 паразиттен аспайтын олардың құрттары табылған жағдайда, балықты халықтың шектеусіз іске асыруына рұқсат етіледі.
Балықта 1 кг-ға 5-тен аса паразит табылған жағдайда балық өнеркәсіп өңдеуіне жіберіледі.
5 Жыртқыш балықтардың дифиллоботриозы (шортан, алабұға, көксерке, таутан, арқан балық, сигалық).
Жаман судан ауланған барлық балық технологиялық өңдеу бойынша қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес майсыздандыпрылғаннан кейін ғана тағамға пайдалануға: тұздау, тоңазыту, сүрлеу және консервілеуге рұқсат етіледі.
6 Теңіз балықтарының нанофиетозы, анизакидозы, коринозомозы және контроцекозы.
Балықта тірі құрттар табылған жағдайда, оны тек өнеркәсіп өңдеуінен кейін ғана тағамға пайдалануға рұқсат етіледі.
7 Тұқым балықтың жүзу желқабығының талаурауы.
Балық зақымдалу деңгейіне қарай іске асырылады:
Жүзу желқабығы пигменттелген жағдайда – жалпы жағдайда.
Желқабық, ішкі ағзалары ұйып, іріңдеп талаураған, жүдеген болса – пайдаға асырады.
8 Тұщы су балықтарының ихтиофтириозы, хилодонеллезі, триходиниозы, апизомозы.
Балық терісінің кейбір бөліктері зақымдалған жағдайда балық шектеусіз іске асырылады.
Балық аса жүдеп, тері жабындысы қатты зақымдалған жағдайда балықты өнеркәсіптік өңдеуге жібереді.
9 Балықтардың кудоозы және миксоспоридиозы.
Партиядағы 4 %-дан аспайтын балықтар немесе бөліктер цисттермен зақымдалған жағдайда оны тағамға пайдалануға рұқсат етіледі.
4 %-дан астам цисттермен зақымдалған балықтар өнеркәсіптік өңдеуге жіберіледі.
10 Карптың филометроидозы.
Жаман судан ауланған балықтың қабыршық қалташаларында 1 кг салмаққа 5 нематодқа дейін болса, онда балықты сауда желілерінде шектеусіз сатуға рұқсат етіледі.
Балықтың 1 кг салмағына 5 нематодтан көп болса, балық өнеркәсіптік өңдеуге жіберіледі.
11 Балықтардың диплостомозы, постодиплостомозы, лигулезі, диграмозы, триенофорозы, тетракотилезі, валипорозы, ботриоцефалезі, кавиозы, ангвилликолезі, нибелиниозы.
Балықтар бірен-саран паразиттермен (1 кг салмаққа 5 паразитке дейін) зақымдалғанда олар шектеусіз іске асырылады.
Балық жүдеп, онда 1 кг салмаққа 5 паразиттен астам цестод, нематод болса, балық өнеркәсіптік өңдеуге жіберіледі.
12 Балықтардың крустацеозы (пенеллез, калиголез, эргазилез, синергазилез, лернеоз, аргулез).
Теңіз балықтарында 1 кг салмаққа 5-тен астам паразит болса, балық өнеркәсіптік өңдеуге жіберіледі.
13 Балықтардың құрылымы.
Балықта жабынды өскіндері мен папиллом болса, оны пайдаға асырады.
14 Балық асфиксиясы.
Балыққа органолептикалық, биохимиялық, бактериологиялық зерттеу жасап, оң нәтиже болса, өнеркәсіптік өңдеуге жібереді.
15 Балық токсикозы.
Балықта етте пестицид қалдықтары болса (алдрин, афуган, 2,4-Д тобының гербицидтері, гептахлор, денитроорто-крезол, дихлоральмочевина, метафос, құрамында 0,5 мг/кг астам мышьяк арнаулы өнімдері бар нитрафен, ТМТД тиофосы, цирам, сары және ақ фосфор, балық бұлшықеттеріндегі сынаптың табиғи есебімен құрамында сынабы бар пестицидтер 0,05 мг/кг асса), балық тағамға пайдалануға рұқсат етілмейді және жойылады.
Су қоймасында тұзбен немесе мочевинамен уланған жас балықты органолептикалық көрсеткіштерін есеп ала отырып, тағамға пайдалануға рұқсат етіледі.
Адам және жануарлар үшін қауіпті инвазиялық ауру қоздырғыштарын анықтаған жағдайда балықты майсыздандыру әдістерге сәйкес жасалады
1 Балықты описторхид құрттарынан (описторхистер, псевдомфистомдар, клонорхистер) майсыздандыру 100 г дейін кесектерді қайнату жолымен, ал кішігірім балықты қайнағаннан кейін 20 минут ағымында тұтастай қайнату жолымен жасалады.
2 Балықты гельминтозооноз қоздырушалыранан майсыздандыру қыртысталған түрде 100 г дейінгі кесектермен немесе балық фаршынан жасалған котлеттер ретінде 25 минут ағымында қуырылады.
3 Балықты описторхис, псевдомфистом, клонорхис, метагонимус, нанофиетус және дифилоботриид құрттарынан майсыздандыру тұздың еттегі салмақ үлесі 14 пайыз болғанда, аралас, қою тұздықты (тұздық тығыздығы 1,20 г/текше см, температурасы 1-2оС ) қолданумен қамтылады.
4 Теңіз балықтарын тірі анизакид құрттарынан және зооантропоздық гельминтоздардан гидробионт денесін -18оС температурада 14 тәулікке; -20оС температурада 24 сағат және -18оС температурада 7 тәулік сақтаумен; -30оС және одан төмен температурада 10 минуттан кем емес және -12оС температурада 7 тәулік сақтаумен тоңазыту арқылы залалсыздандырады.