Сапалы конструкциялық болаттар

Болатты өндірудің әдістері

Болат өндірудің конвертер әдісі

Конвертер деп іші отқа төзімді кірпішпен астарланған болат ретортаны айтады. Конвертерде болат алу әдісін 1854 – 1856 жылдары ағылшын Г.Бессемер бірінші болып қолданған. Бастапқыда бұл әдіс бойынша болат алғанда, конвертерге қүйылған сүйық шойынды астынан ауамен үрлеген.

Болат өндірудің мартен әдісі

Мартен үдерісін 1865 жылы француз металлургтары Э. Мартен мен оның ұлы П. Мартен ұсынған. Мартен пеші жылынды және регенеративті пеш болып табылады. Оның балқыту кеңістігінде газ тәрізді отын немесе мазут жағылады.

Электр пештерінде болат өндіру

Балқытудың басқа агрегаттарымен салаыстырғанда, электр пештерінде балқытудың артықшылықтарына мыналар жатады.

1. Жылдам қызып, 2000˚C-қа дейін жылудың тұрақты болуы.

2. Тотықтанатын, бұрынғы қалпына келетін немесе бейтарап атмосфера және вакуум жасау мүмкіншілігі. Соның арқасында электр пештерінде мапасы жоғары және арнайы қасиеттері бар, зиянды қоспалары аз болаттар қорытуға болады. Металлургиялық электр пештері доғалы және индукциялы болып бөлінеді.

Балқыған болатты құйып алу тәсілдері

Балқыту пештерінде балқыған болатты шөміштерге құйып алып, көпір кранмен оны сом тьемір құятын жерге жеткізеді. Ол шөміштердің сыйымдылығы 5-250 т аралығында. Ірі балқыту пештерінде болат қорытқанда, шөміш сыйымдылығы 400 тоннаға дейін болады (диаметрі мен биіктігі 6 м-ге дейін).

Аспаптық көміртекті болаттар

Бұл болаттар кесу және өлшеу аспаптарын жасауға қолданылады. Аспаптық көміртекті болаттар екі топқа бөлініп, келесі түрде белгіленеді:

1. Сапалы аспаптық көміртекті болаттар (У7, У8, У9, У10,У11, У12, У13).

2. Жоғары сапалы аспаптық көміртекті болаттар (У7А, У8А, У9А, У10А, У11А, У12А, У13А).

Мұнда У әрпі көміртекті болат екенін білдіреді. Сан болат құрамындағы көміртегінің мөлшерін пайыздың оннан бір бөлігімен көрсетеді. А әрпі болаттың жоғары сапалы екенін көрсетеді. У7, У8 болаттарынан слесарлық балғалар, шапқылар т.б аспаптар жасалады. У9 , У10 болаттарынан бұрғылар, калибрлер, бұранда кескіштер т.б жасалады. У12 , У13 болаттарынан егеулер, қылауықтар жасалады.

Конструкциялық болаттар

Кострукциялық болаттар деп машина бөлшектерін және құрылыс конструкцияларын жасауға қолданылатын болаттарды айтады. Бұл болаттар көміртекті және легірленген болып бөлінеді.Конструкциялық болаттарда көміртегінің шамасы 0,5…0,6%-дан аспайды.

1. Көміртекті конструкциялық болаттар.Олар: жай сапалы, сапалы, аспаптық болып бөлінеді.

Жай сапалы болаттар қасиеттеріне қарай үш топқа бөлінеді:

А тобы — тек механикалық қасиеттеріне кепілдік берілетін.

Б тобы — химиялық қасиеттеріне кепілдік берілетін.

В тобы — механикалық және химиялық қасиеттеріне кепілдік берілетін.

А тобының болаттары Ст әріптерімен және 0,1,2,3,4,5,6 нөмірлерімен таңбаланады. Нөмір саны артқан сайын оның беріктігі жоғары болады, ал пластикалық қасиеті төмендейді . Болат қасиеттері 1-кестеде көрсетілген. Б тобының болаттары Б әріптерімен таңбаланады. Мысалы, БСтО, БСтІ, БСт2, БСт3, БСт4.

В тобының болаттары В әрпімен және санмен таңбаланады. Мысалы, ВСт2, ВСт3 т.б. болаттарды тотықсыздандыруға байланысты қайнайтын(КП), тыныш(СП), жартылай тыныш(ПС) деп бөледі.

Жай сапалы болаттар арматура, құрылыс конструкцияларын және үлкен жүктеме түспейтін машина бөлшектерін жасауда қолданылады. А тобы болаттарынан ыстық кезінде өңделмейтін бұйымдар жасалады. Бтобыболаттарын күйінде күйінде өңделетін бұйымдар жасалады. В тобы болаттарынан пісірілетін конструциялар жасалады.

Сапалы конструкциялық болаттар

Бұл болаттар көбінесе химиялық құрамына қарай қолданылады, өйткені олар термиялық әдіспен өңделеді. Бұл болаттар мартен және электр пештерінде қорытылады да екі топқа бөлінеді: 1-ші топқа құрамындағы марганец мөлшері әдеттегідей болаттар;

2-ші топқа құрамындағы марганец мөлшері әдеттегіден жоғары болаттар жатады. Сапалы конструкциялық болаттар құрамындағы көміртегінің орташа мөлшері пайыздың оннан бір бөлігімен болат маркасы алдында тұрған екі санмен көрсетіледі. Марка соңында берілген Г әрпі болат құрамында орташа шама мөлшеріне артық марганец барын көрсетеді.

1- ші топтағы болаттарды келесі маркалармен белгілейді: 08кп, 08,10,15,20,25,30,40,45,50,55,60 (аталуы: болат 10, болат 45 т.б.).

2-топтағы болаттар: 15Г,20Г,25Г,30Г6,35Г,40Г,45Г,50Г, мұнда әрқайсысының құрамында 0,7…1,0%марганец болады. Бұл маркалы болаттардан басқа көміртегі болаттарына А12,А20,А30,А40Г маркалы автоматты деп аталатын болаттар жатады. Бұл болаттан машина жасау автоматты цехтарында бұрандалар, болаттар, гайкалар және т.б жасалады

Наши рекомендации