CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. 2 страница
• 2 белдеу — жартылай мөлдір дентин. Жартылай мөлдір дентин қабаты дентин түтікшелері арасындағы дентиннің минералсыздану нәтижесінде пайда болады. Бұдан басқа дентин түтікшелері ішінде минералды қаттардың шөгуі байқалады. Бұл белбеуде микроорганизмдер байқалмайды.
• 3 белдеу — мөлдір дентин. Бұл белдеуде минералсыздану дәрежесі айқын бейнеленген. Бұл клиникалық дентиннің жұмсаруымен көрінеді. Бірақ коллаген талшықтарының бір бөлігі бұзылмайды. Міне осыған байланысты қолайлы жағдайда бұл белбеуде қайта минералдану үдерісі толықтай қамтамасыз етіледі. Белбеуде микроорганизмдер болмайды.
• 4 белдеу — күңгірт дентин. Бұл белбеуде дентин түтікшелерінің кеңеюі анықталады. Коллаген талшықтарының дезинтеграциясы нәтижесінде бұл белбеуде қайта минералдану мүмкін емес. Белбеуде кеңейген дентин түтікшелерінде барлық жағдайда микроорганизмдер болады. Клиникалық дентин жұмсарған, және ережеге сәйкес оны толық алу керек.
• 5 белдеу — инфекцияланған дентин. Белбеуде дентин құрылымы ыдыраған, микроорганизмге толы. Бұл белбеу емдеу кезінде толық алыну керек. Тісжегі кезінде ұлпада өзгерістер болуы мүмкін. Осы өзгерістердің дәрежесінің айқындылығы оның ағымы мен зақымдану тереңдігіне байланысты. Тісжегінің дақты кезеңінде және беткей тісжегі кезінде ұлпада өзгеріс болмайды. Егер тісжегі үдерісі дентинге тараса, ұлпада тамырлардың және нерв талшықтарының морфологиялық өзгеріске ұшырағаны анықталады. Одонтобластар санының азаюы және бағыттарының бейтараптануы көрінеді. Одонтобластардың тітіркенуі орынбасушы дентиннің түзілуіне ықпал етеді.
2.10. ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ, КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ, САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
2.10.1. ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІНІ ДИАГНОСТИКАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Бастапқы тісжегі кезінде немесе ақ дақ кезеңінде қарап тексергенде көрінетін тіс беттерін тексеру керек. Бұл үшін алдымен тістерді тіс қақтарынан тазалайды да ауамен кептіреді. Процедураны жүргізу нәтижесінде сау кіреуке түсінен өзгешелеу беткей үстіндегі ақ немесе аз көлемде пигменттелген дақтар белбеуі анықталады. Тістің бастапқы зақымдануы кезінде кіреуке өткізгіштігінің жоғарылауы тіс тіндерін витальді бояу арқылы тісжегінің дақты кезеңіндегі минералсыздану дәрежесін және орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Тексеруді жүргізу үшін алдымен тіс беттерін тіс қағынан тазалайды және тісті сілекейден бөлектейді де кептіреді. 2% метилен көгі ерітіндісімен бояйды. Зақымданған ошақтың боялу қарқынын ерітінді жұқаннан кейін минералсыздану дәрежесінің ақшыл-көк түстен қара-көк түске боялу аралығындағы көрсеткішіне қарай бағалайды.(2.12-сурет).
Бұл әдісті бастапқы тісжегіні тістің қатты тіндерінің тісжегіден басқа зақымдауларымен салыстырмалы диагностика (гипоплазия, флюороз) жүргізгенде қолданған қолайлы. Тісжегіден басқа тістің қатты тіндерін зақымдайтын ақауларда тістің қатты тіндері боялмайды. Бұл әдіс қайта минералдау терапиясының нәтижесін бақылау кезінде де қолданылады.
Тісжегінің бастапқы кезеңін, пломба айналасындағы екіншілік тісжегіні анықтау үшін траниллюминация әдісін қолданады: тіс тіндеріне галлоген шамы арқылы бағытталған сәуле шоғырларымен сәулелендіру арқылы анықтайды. Бұл әдісті қолдану үшін арнайы сәулелендіргіштерді қолданады. Зақымданған ошақтар сәуле жіберу кезінде күңгірт көрініс береді.
2.12-.cурет.2% метилен көгіменбояу кезіндегікіреукедегі минералсыздану ошағы.
Тісжегіні анықтау үшін тістің қатты тіндеріне ультракүлгін сәулесін қамтитын сәулелер қолданады. Соңғы кезде тістің қатты тіндерін люминесценциялау үшін лазер сәулелерін қолданып жүр.
«KaVo DIAGN Odent» аппаратын қолдану.Тістердің тісжегімен зақымдануын және тістің көзге көрінбейтін беттерінде орналасқан патологиялық ошақтарды ертерек анықтау үшін KaVo DIAGNOdent аппаратын қолданады..
Жұмыс істеу қағидасы. Лазерлі диод 655нм толқын ұзындығындағы қызыл спектрлі импульсті сәуле шығарады. Сәуле толқындарын фиброоптикалық элементтер көмегімен шоғырландырып, тіс бетіне иілмелі талшықты [w35] –оптикалық сәуле беруші және арнайы қондырғылы ұштық арқылы жақындатады. Бүтін кіреукеге қарағанда патологиялық өзгеріске ұшыраған тіс тіндері сәуле толқынын басқа ұзындықта шағылыстырады. Шағылысқан толқын ұзындығы электронды аппаратта талданады. Тінде минералсыздану ошағы анықталған жағдайда дыбыстық белгі беріледі. Аппарат кіреукедегі кішігірім зақымдануға жауап береді. Диагностикалық дәлдігі 90%-ды құрайды. Флюоренцияның қарқындылығы сандық мағынада анықталады.
0–10 — кіреуке бүтін;
10–25 — минералсыздану кіреуке деңгейінде;
25 және одан жоғары — дентин тісжегісі.
Жүргізу тәсілі. Тістердің бетін қақтардан мұқият тазалайды, сілекейден бөлектеп, кептіреді. Содан кейін қондырғылы аппарат ұштығын тексерілетін аймаққа қарай баяу перпендикулярлы орналастыра отырып тіс бетіне жанастыра жылжытады немесе 1,5 мм тіс бетіне жақын, бірақ жанастырмай орналастырады.
( 2.13-сурет). Толық дәлел үшін тәсілді қайтара жүргізеді де орта мәнін анықтайды.
2.13.- сурет.Тісжегі зақымдануының алғашқы кезеңін KaVo DIAGNOdent аппараты көмегімен диагностикалау.
Тістің тіндерін зондпен сүңгілеудің мәні зор. Кіреукенің бастапқы бұзылу кезеңінде беті тегіс емес ошақтар анықталады.
Тісжегінің даму қарқынына қарай бұл әдістің көмегімен зақымдау ошағының тереңдігін, ауыру белдеуін анықтауға болады. Тісжегінің әртүрлі кезеңдерін және ұлпа ауруларын салыстырмалы диагностика жүргізу кезінде қолданылатын қосалқы тексеру әдісі ―- термометрия толық ақпарат береді.
Тістердің электрқозғыштығын анықтау (электроодонтометрия – электроодонтодиагностика, электроодонтотест) тіс ұлпасы мен тіс төңірегіндегі тіндердің жағдайы туралы мәлімет бере алады. Бұл да физикалық тексеру әдісіне жатады және кез келген тірі тіннің тітіркендіргіштер әсерінен қозу жағдайына негізделген. Тітіркендіргіштің жауап туындататын ең төменгі күші немесе деңгейі қозу табалдырығы немесе қозу көрсеткіші (порог возбудимости) деп аталады. Сау тістер ток күшіне 2 - 6 мкА- ге жауап береді. Терең тісжегі кезінде тіндердің электрқозғыштығы 10–15 мкА төмендейді.
Бұл әдіс стоматология саласында кең қолданыс тапты. Көптеген рентгендік тексеру әдістерінің терапиялық стоматологияда жиі қолданылатыны – рентгенографиялық немесе ағзалардың рентген суреттерін алу әдісі.
Өте жоғары дәрежеде минералданғандықтан рентген суретке (негативте) тіс кіреукесі өте тығыз және біркелкі ақ көлеңке береді, дентин мен цемент тығыздығы одан аздау, сондықтан ақ көлеңке береді. Периодонт тіні рентген сәулелерін өткізетін болғандықтан қара көлеңке береді. Сондықтан осы көлеңке арқылы периодонт орналасқан саңылаудың (периодонт саңылауы – периодонтальная щель) диаметрі 0,2-0,25 мм біркелкі жіңішке қара көлеңке пішінді жобасын анықтауға болады. Периодонт саңылауының бір қабырғасын түбір цементі, екінші қабырғасын түбір ұяшығының компакты сүйек қабаты құрайды.
Әрине осы қосалқы тексеру әдістерінен басқа ең маңыздысы ― негізгі тексеру әдістері: қарап және сұрап- тексеру.
2.10.2. ТІС ТІСЖЕГІСІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
2.10.2.1. КІРЕУКЕ ТІСЖЕГІСІНІҢ АҚ ДАҚТЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ (БОР ТҮСТЕС) (БАСТАПҚЫ ТІСЖЕГІ) (К02.0)
Тексеру мәлімет тері | Симптомдар | Патогенездік негіздеу |
Шағымы | Көбіне –көп науқастың шағымы болмайды, ал егер болса бор түстес немесе пигменттелген дақтарға шағымдауы мүмкін (эстетикалық ақау) | Тісжегі дақтары зақымдану ошағында кіреукенің минералсыздануы нәтижесінде пайда болады. |
Қарап тексеру | Қарап тексергенде анық тегіс емес контурлы бор тәрізді немесе пигменттелген дақтар анықталады. Дақтардың көлемі бірнеше мм болуы мүмкін. Дақтың беті бүтін кіреуке бетіне қарағанда күңгірттеу, жылтыр емес. | |
Тісжегі дақтарының орналасуы | Тісжегіге тән табиғи сызаттарда және басқа апроксималды беттерде, мойын бөлігінде орналасады. Ережеге сәйкес дақ біреу, кейде симметриялық зақымдану байқалады. | Тісжегі дақтарының орналасуы бұл аймақтарда ауыз қуысының жақсы гигиенасы кезінде де тіс тоғаларының жиналуына және сақталуына қолайлы жағдай болады. |
Сүңгілеп тексеру (зондирование) | Сүңгілеп тексергенде кіреуке беті тығыз, ауырмайды. | Кіреукенің беткі қабаты бұзылмайды, соның нәтижесінде минералсыздану үдерісімен қатар сілекей компоненттері есебінен қайта минералдану үдерісі бірге жүреді. |
Тіс беттерін кептіру | Тіс беттерін кептіру кезінде ақ дақтар айқын көрінеді. | Кептіру кезінде минералсызданған зақымдану ошағының беткейасты белдеуінен кеңейген шағын кеңістіктерден су булана[w36] ды және оның оптикалық тығыздығы өзгереді. |
Тіс тіндерін витальді бояу | 2% метилен көгі ерітіндісімен бояғанда әртүрлі қарқынды көк түске боялады. Дақты қоршаған бүтін кіреуке боялмайды. | Бояғыш ерітіндінің зақымданған ошаққа енуі кіреукенің бетасты қабатының минералсыздануы шағын кеңістіктердің ұлғаюымен және кіреуке призмасының құрылымының өзгеруімен сипатталады. |
Термодиагностика | Температуралық тітіркендіргіштерге ауыру сезімі болмайды. | Кіреуке дентин шекарасында және дентин түтікшелерінде одонтобласт өсінділері тітіркендіргіш әсерінен алыс. |
ТҰЭҚ (ЭОД) | ТТҰЭҚ 2–6 мкА тең | Ұлпа үдеріске қатыспаған |
Трансиллюминация | Бүтін тісте сәуле ешқандай көлеңке бермей біркелкі өтеді. Тісжегімен зақымданған белдеуде күңгірт шекарасы анық дақ болады. | Сәуленің құрылымы бұзылған аймақтан өтуі сәуленің күңгірттенуіне әсер етеді. Тінде оптикалық тығыздығы өзгереді. |
2.10.2.2. АҚАУ КІРЕУКЕДЕ ОРНАЛАСҚАН КЕЗДЕГІ КІРЕУКЕ ТІСЖЕГІСІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ (К02.0) (БЕТКЕЙ ТІСЖЕГІСІ)
Тексеру мәліметтері | Анықталған симптомдар | Патогенездік негіздеу |
Шағымы | Кейбір жағдайда науқастар шағымданбайды. Көбіне –көп науқастар химиялық, тәттіден, аздап қышқылдан болатын қысқа мерзімді ауыру сезіміне және тістің қатты тіндеріндегі ақауға шағымданады. | Кіреуке минералсыздануы оның өткізгіштігін жоғарылатады. Соның нәтижесінде зақымдану ошағынан химиялық заттар кіреуке дентин байламына түсіп, осы аймақтың иондық тепе-теңдігін өзгертеді. Ауру сезімі дентин түтікшелеріндегі және одонтобластар цитоплазмасындағы гидродинамикалық жағдайдың өзгеру нәтижесінде пайда болады. |
Қарап тексеру | Өте терең емес кіреукеде орналасқан тісжегі қуысы анықталады. Табаны және қабырғалары көбіне пигменттелген. Шеттерінде бортүстес немесе пигменттелген дақты тісжегіге тән аймақ болуы мүмкін. | Кіреукеде ақау тісжегі туындатушы фактордың әсерінен қышқылдардың кіреукеге ұзақ әсер етуі жағдайдында пайда болады. |
Орналасуы | Тісжегіге тән орналасады: табиғи сызаттар, жанасу беттері, мойын бөлігінде. | Тіс қақтарының көп жиналатын және осы аймақтарда ауыз гигиенасының күтімі нашар болу салдарынан |
Сүңгілеп тексеру | Тісжегі қуысының табанын сүңгілеп тексеру және қыру қатты, бірақ тез басылатын ауру сезімін туындатады. Сүңгілеп тексергенде ақау беті тегіс емес. | Қуыстың табанының кіреуке дентин байламына жақын орналасуы кезінде сүңгілеп тексеру одонтобласт өсінділерін тітіркендіруі мүмкін. |
Термодиаг- ностика | Жылыға тіс жауап қайтармайды. Суыққа қысқа мерзімді тез басылатын ауру сезімі пайда болады. | Кіреукенің жоғары дәрежеде минералсыздануы салқындатушы агенттің енуі одонтобласт өсінділерінде реакция туындатуы мүмкін. |
ТҰЭҚ-ЭОД | Электр тогына реакция 2–6 мкА, сау тістің электр тогын өткізгіштігіне сәйкес келеді. |
2.10.2.3. ДЕНТИН ТІСЖЕГІСІНІҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНСІ (К02.1) (ОРТА ТІСЖЕГІСІ)
Тексеру мәліметтері | Симптомдар | Патогенездік негіздеу |
Шағымы | Көбіне науқастар шағымданбайды немесе тістің қатты тіндерінің ақауына шағымданады; Дентин тісжегісі кезінде —темперауралық және химиялық тітіркендіргіштерден болатын қысқа мерзімді ауру сезімі | Кіреуке дентин шекарасының ең сезімтал белдеуі бұзылған, дентин түтікшелер жұмсарған дентин қабатымен жабылған, ал ұлпа тісжегі қуысынан тығыз дентинмен бөлінген. Орынбасушы дентин маңызды рөл атқарады. |
Қарап тексеру | Орта тереңдіктегі кіреукені толық алып жатқан, жартылай кіреуке-дентин шекарасына дейін орналасқан қуыс анықталады. | Тісжегі туындатушы фактордың сақталуы кезінде және тістің қатты тіндерінің минералсыздануының әрі қарай жалғасуында тісте қуыс пайда болады. Қуыс кіреуке қабатын толық зақымдайды, кіреуке-дентин шекарасын және дентинді жартылай қамтиды. |
Орналасуы | Орналасуы тісжегіге тән: — табиғи сызаттар, жанасу беттері, тістің мойын бөлігі | Тіс қақтарының жиналуына және қызметіне қолайлы жағдай |
Сүңгілеп тексеру | Қуыстың табанын сүңгілеу кезінде аздап ауырады немесе ауырмайды. Кіреуке –дентин шекарасын сүңгілеп тексергенде ауырады. Жұмсарған дентин қабаты анықталады. Тісжегі қуысы тіс қуысымен байланыспаған. | Қуыстың табанында ауыру сезімінің болмауы дентиннің минералсыздануы одонтобласт өсінділерін бұзылысқа ұшыратады. |
Қағып тексеру-Перкуссия | ауырмайды | Үдеріс ұлпа және периодонт тінін қамтымаған. |
Термодиагностика | Кейде температуралық тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді ауыру сезімі болады. | |
ТҰЭҚ-ЭОД | 2–6 мкА. Ұлпада қабыну үдерісі жоқ. | |
Рентгенодиагностика | Тіс аймақтарында кіреукеде және дентинде жартылай ақау бар. | Тістің қатты тіндеріндегі минералсыздану ошағы рентген сәулесін аз мөлшерде ұстап қалады. |
Қуысты егеп- тазалау | Егеп- тазалау кезінде табанында және қабырғаларында ауырсыну сезімі болады. |
2.10.2.4. ҰЛПАНЫҢ БАСТАПҚЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ (ҰЛПАНЫҢ ҚЫЗАРУЫ) (К04.00) (ТЕРЕҢ ТІСЖЕГІ)
Тексеру мәліметтері | Анықталған симптомдар | Патогенездік негіздеу |
Шағымы | Температуралық тітіркендіргіштерден, аз көлемде механикалық және химиялық тітіркендіргіштерден, тітіркендіргіштерді алып тастағаннан кейін тез басылатын ауру сезімі | Ұлпадағы айқын көрсетілген ауыру сезімі тіс ұлпасын тісжегі қуысынан бөліп тұрған дентин қабаты өте жұқа, жартылай минералсыздануға ұшырағандықтан, әртүрлі тітіркендіргіштердің әсеріне сезімтал. |
Қарап тексеру | Жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы | Қуыстың тереңдеуі ұзаққа созылған минералсыздану және біруақытта дентиннің органикалық компоненттерінің дезинтеграциялануы нәтижесінде болады. |
Орналасуы | Тісжегі қуыстарының орналасуына тән | |
Сүңгілеп тексеру-Зондирование | Жұмсарған дентин анықталады. Тісжегі қуысы тіс қуысымен байланыспайды. Қуыстың табаны тығыз, сүңгілеп тексергенде ауырады. | |
Термодиагностика | Температуралық тітіркендіргіштерден, тітіркендіргішті алып тастағаннан кейін тез басылатын қатты ауыру сезімі | |
ТҰЭҚ-ЭОД | Тіс ұлпасының электр қозғыштығы қалыпты жағдайда, кейде 10–12 мкА-ге дейін төмендейді. |
2.10.3. ТІСЖЕГІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
2.10.3.1. КІРЕУКЕ ТІСЖЕГІСІІНІҢ АҚ ДАҚ КЕЗЕҢІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ (БОР ТҮСТЕС, БАСТАПҚЫ ТІСЖЕГІ) (К02.0)
Аурулар | Жалпы клиникалық көріністері. | Айырмашылық көріністері |
Кіреуке гипоплазиясы (теңбіл түрі) | Ағымы симптомсыз. Кіреуке бетінде әртүрлі көлемдегі беті жылтыр, тегіс бор түстес дақ анықталады. | Негізінен көбіне тұрақты тістер ғана зақымданады. Дақтар тісжегіге тән емес аймақтарда орналасады. (тістердің дөңестеу беттерінде, төмпешіктерінде). Тістердің жүйелі зақымдануы және тістердің шығу мерзіміне , минералдануына сәйкес симметриялы орналасуы тән. Дақ шекаралары тісжегіге қарағанда анық. Дақ бояғыштармен боялмайды. |
Флюороз (жолақты және теңбіл түрі) | Кіреуке бетінде беті тегіс, жылтыр бор түстес дақтар анықталады. | Тұрақты тістер зақымданады. Дақтар тісжегіге тән емес аймақтарда орналасады. Дақтар симметриялы орналасады және өте көп. Дақ бояғыштармен боялмайды. |
2.10.3.2. КІРЕУКЕ ТІСЖЕГІСІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ (К02.0) (БЕТКЕЙ ТІСЖЕГІСІ)
Аурулар | Жалпы клиникалық көріністері. | Айырмашылық көріністері |
Кіреуке гипоплазиясы | Кіреуке ақауы | Тұрақты тістер зақымданады. Дақтар тісжегіге тән емес аймақтарда орналасады. (тістердің дөңестеу беттерінде, төмпешіктерінде). Тістердің жүйелі зақымдануы және тістердің шығу мерзіміне , минералдануына сәйкес симметриялы орналасуы тән. Ақау аймағындағы кіреуке беті тегіс, тығыз. Сүңгілегенде ауырмайды. Ақау көлемі тұрақты. |
Флюороз (бор түстес-нүктелі-эрозиялы түрі) | Тіс бетінде кіреуке деңгейінде ақау анықталады. | Ақаулардың орналасуы тісжегіге тән емес. Кіреуке аймағының деструкциясы ретсіз орналасқан. |
Сына тәрізді ақау | Тістердің қатты тіндері кіреукесінің ақауы. Кейде механикалық, химиялық, физикалық тітіркендіргіштер әсерінен ауыру сезімі болады. | Зақымдануға өзіндік үйлесімді пішін тән. (сына тәрізді). Ақау тістердің вестибулярлы бетінде сауыт және түбір шекарасында орналасады. Ақаудың беті жылтыр, тегіс, бояғанда боялмайды. |
Кіреуке, дентин эрозиясы | Тістің қатты тіндерінің ақауы. Механикалық, химиялық, физикалық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі болады. | Тістердің сауыт бөліктерінің вестибулярлы бетіндегі кіреуке және дентиннің қарқынды ақаулары. Үстіңгі жақтың күрек тістері, және екі жақтың сүйір және кіші азутістері зақымданады. Астыңғы жақтың күрек тістері зақымданбайды. Тереңдігіне қарай пішіні аздап иілген. |
2.10.3.3. ДЕНТИН ТІСЖЕГІСІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ (К02.1) (ОРТА ТІСЖЕГІСІ)
Аурулар | Жалпы клиникалық көріністері. | Айырмашылық көріністері |
Дақты кезеңдегі кіреуке тісжегісі | Үдерістің орналасуы. Ағымы симптомсыз. Кіреуке бетінде аздап түсі өзгерген. | Қуыстың болмауы. Көбіне тітіркендіргіштерге реакция болмайды. |
Дақты кезеңдегі беткі қабаты бүтіндігінің бұзылуымен жүретін кіреуке тісжегісі | Үдерістің орналасуы. Ағымы симптомсыз. Қуыс болады. Қабырғалары және табаны пигменттелген. Химиялық тітіркендіргіштерге аздап ауыру сезімі болады. Тіс суыққа жауап қайтармайды. ТҰЭҚ — 2–6 мкА | Қуыс кіреуке деңгейінде орналасқан. Сүңгілеп тексергенде қуыс табанында айқын көрінетін ауыру сезімі болады. |
Бастапқы ұлпа қабынуы (ұлпаның қызаруы) | Тісжегі қуысының болуы және оның орналасуы. Температуралық, механиКалық, химиялық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі болады. Сүңгілегенде ауырады. | Ауыру сезімі тітіркендіргіштерді алып тастағаннан кейін басылады. Сүңілеп тексергенде табанында көбіне ауыру сезімі бар. |
Сына тәрізді ақау | Тістердің қатты тіндерінің кіреукесінің ақауы. Кейде механикалық, химиялық, физикалық тітіркендіргіштерден ауру сезімі болады. | Зақымдануға өзіндік үйлесімді пішін тән. (сына тәрізді). Ақау тістердің вестибулярлы бетінде сауыт және түбір шекарасында орналасады. Ақаудың беті жылтыр, тегіс, бояғанда боялмайды. |
Периодонттың созылмалы қабынуы | Тісжегі қуысы | Тісжегі қуысы тіс қуысымен байланысқан. Қуысты сүңгілеп тексергенде ауырмайды. Тітіркендіргіштерге реакция болмайды. ТҰЭҚ- 100 мкА жоғары. Рентген суретте периодонттың созылмалы қабынуының бір түріне сәйкес өзгерістер анықталады. Қуысты егеп тазалағанда ауырмайды. |
2.10.3.4. ҰЛПА ҚАБЫНУЫ БАСТАЛУЫНЫҢ САЛЫСТЫРАМАЛЫ ДИАГНОСТИКАСЫ (ҰЛПАНЫҢ ҚЫЗАРУЫ) (К04.00) (ТЕРЕҢ ТІСЖЕГІ)
Аурулар | Жалпы клиникалық көріністері. | Айырмашылық көріністері |
Дентин тісжегіс | Тісжегі қуысы жұмсарған дентинге толы. Механикалық, химиялық, физикалық тітіркендіргіштерден ауыру сезімі болады. | Қуыс өте терең, кіреукенің салбыраған шеттері жақсы, анық көрінеді. Ауыру сезімі тітіркендіргіштерді алып тастағаннан кейін басылады. ТҰЭҚ 10-12мкА дейін төмендеген. |
Ұлпаның жедел қабынуы | Тіс қуысымен байланыспайтын терең тісжегі қуысы бар. Механикалық, химиялық, физикалық тітіркендіргіштерден ауру сезімі болады. Сүңгілегенде тіс табанының барлық аймағында ауыру сезімі анықталады. | Барлық тітіркендіргіштерден пайда болатын ауыру сезімі, тітіркендіргіштерді алып тастағаннан кейін біраз уақытқа дейін созылады, ұстама тәрізді, себепсіз басталатын ауыру сезімі. Ауыру сезімі үшкіл нерв тармақтары бойымен таралуы мүмкін. Тісжегі қуысының табанын сүңгілеп тексергенде табан бөлімінің бір аймағында ауыру сезімі болады. |