Метал кесетін білдектер неше дәлдік класта дайындалады?
Емтихан билеті
Металкесетін білдектер жайында не білесіздер?
Кез келген тетікте шектелген геометриялық беттегі материалдарды өндеумен қатар, басқа да технологиялық тәсілдер (құю,. қалыптау, кесу, жону т.б.) нәтижесінде жасалған тұйықталған кеңістік бар.
Бұл үшін материалдар өндеудің қандай тәсілі қолданылса да, тетіктің беті әр уақытта геометриялық беттен ерекшеленеді және біз мұндай жағдайда көбінен жобалау кезіндегі негізге сүйенеміз. Металкесетін білдектерде кесу арқылы алынған бет пішіні, өлшемі және кедір-бұдырлығы арқылы ерекшелінеді.
Білдектер беті теориялық үрдісін жасау геометриялық бет үрдісін жасаумен, сонымен қатар оңда геометриялық негіздерге сүйену арқылы жүзеге асады.
Геометрияда кез- келген бет бір сызықты (жасалынатын) қозғалыстан басқа сызықты (бағыттаушы) қозғалыс салдары ретінде қарастырылады. Осы екі сызық та өнімді деп аталады және жасалатын немесе бағыттаушы болып екеуі орнын ауыстыруы мүмкін. Мысалы, дөңгелек цилиндрлік бет шеңбер қозғалысының немесе түзу шеңбер қозғалысы салдарының нәтижесінде жүзеге асырылады.
Дайындама пішіні тереңдігінің мәні неге тең?
Кесу құралдарының түріне байланысты қандай төрт тәсіл қолданылады?
Кесу арқылы беттерді өңдеу кесу құралдарының түріне байланысты және оны кесетін жиектің пішініне жасалатын сызықтың төрт тәсілі қолданылады: көшірмелеу, домалату, із және жанасу. Бұл тәсілдердің мәнін шеңбер доғасының жасау мысалында қарастырамыз және әрбір тәсілді жүзеге асыру үшін сыртпішін қозғалуының саны мен сипаттамасын анықтаймыз.
1-түзіліп жасалған сызық; 2-бағытталып жасалған сызық
Көшірмелеу әдісінің мәні жасалатын сызықтың пішіні кесуші құрал жиегінің я болмаса, қалыптың көшірмесі түрінде жасалынады. Басқа сөзбен айтқанда жасалынатын сызықтың пішіні мен кесуші құралдың жиегі сай келеді. Бұл тәсіл мынадай жағдайларда жасалынатын сызықтарды жасау үшін кесуші үнгідегі құралдарды қолданады. Осыған байланысты жасалған сызықтың пішіні тура кесуші құралға енгізіледі де, көшіру әдісімен жасалған сызықты алу үшін ешқандай сыртпішін қозғалысы талап етілмейді, тек ғана пайда болған сызық пен құралдың жиегін кескішті жақындату қажет.
Домалату әдісінің мәні жасалған сызықтың түзілу қалпы бірізділік күйге орай жанаушы қатар түрінде және түзілген сызықта сырғанамай домалатуда кесуші құралдар жиегінің жасалуы түрінде пайда болады.
Жасалған сызықтың пайда болу үрдісінде, кесуші құралдың жиегі өзі жасалған сызықпен сырғанайды немесе олар өзара дөңгеленеді.Демек, жасалып түзілген сызық және кескіш құралдың жиегінің сызығы бір-біріменен өзара орайжанаушы болып келеді. Домалату әдісі арқылы түзілген сызықты алу үшін әр уақытта қозғалысы талап етіледі.
Іздік әдістің мәні мынада - түзілген сызықтың қалпы кескіш құрал жиегінің кесілген нүктесіндегі із түрінде дайындама мен құрал қозғалысына қатысты жағдайда алынады. Сондықтан іздік әдіспен жасалған сызықты алу үшін бір жай немесе күрделі сыртпішін құратын қозғалыс қажет.
Метал кесетін білдектер неше дәлдік класта дайындалады?
Білдектегі дәлдікті 5 класты дәрежеде айырады: Н-класты білдектің нақты дәлдігі ; осыған көбінесе әмбебап білдегін жатқызады. Н класы жоғарғы дәлдіктегі білдек, реттеуде құрастыру сапасы мен сәйкес келетін білдектің дайындау дәлдігінің талабы жоғарылағанда ғана, орнықты білдекке нақты дәл дайындама талап етіледі. В класы өте жоғары дәлдіктегі білдек; тетікті жоғары талаптағы дәлдікте жасалуы арнайы бөлек түзілімнің көмегімен іске асады. А класы ерекше жоғарғы дәлдіктегі білдек; оларды дайындауда В класына қарағанда өте қатаң талап қойылады. С класы ерекше дәрежедегі білдек немесе шеңбер тәрізді білдектер А және В класындағы білдектің дәлдігін анықтау үшін қолданылады.
Емтихан билеті