Эмбриональді хондрогистогенез.

Шеміршек тіндерінің даму негізі мезенхима болып табылады. Бірінші сатыда ұрықтың шеміршек түзілетін аймақтарында мезенхима жасушалары өздерінің өсінділерін жоғалтып, қарқынды көбейіп, бір-біріне тығыздалып орналасады. Осының нәтижесінде белгілі бір кернеу – тургор пайда болады. Бұндай аймақтар хондрогендік аралшалар деп аталады. Олардың құрамындағы бағаналы жасушалар хондробласттарға дифференцияланады. Бұл жасушалар шеіршек тінінің негізгі құрылыс материялы болып табылады. Олардың цитоплазмаларында алдымен бос рибосомалардың саны көбейіп, кейін түйіршікті эндоплазмалық тор пайда болады.

Келесі сатысы – алғашқы шеміршек тінінің құрылуы. Хондроциттердің пішіндері дөңгеленіп, мөлшерлері өседі. Коллагеннің синтезі мен секрециясына қатысатын түйіршікті эндоплазмалық тор дамиды. Келесі сатысы – шеміршек тінінің дифференциалдануы сатысында – хондроциттер гликозамингликандарды синтездеу қабілетін иеленеді.

Дамып келе жатқан шеміршекті жабатын, екі қабаттан – ішкісі камбиальды(хондрогенді) және сыртқысы талшықты қабаттардан тұратын, мезенхимамен шектелген шеміршек қабы қалыптасады. Камбиальды аймақтағы жасушалар қарқынды бөлінеді. Синтезделген заттардың секрециясы мен шеміршекке қабаттануы нәтижесінде жасушалар өз қызметтерінің өнімдерімен толтырылады. Бұл – аппозициональды өсу.

Жас шеміршектің ортасындағы шеміршек жасушалары қандай да бір уақытқа дейін бір аймақта (лакунада) митоздық жолмен бөліну қабілеттілігін және екінші типті коллаген бөлу қабілеттілігін сақтайды. Осы жасушалардың санының көбею салдарынан шеміршек салмағы ішінен ұлғаяды, бұл интерстициальды өсу деп аталады. Интерстициальды өсу эмбриогенез кезінде және шеміршек тінінің регенерациясы кезінде байқалады.

Шеміршектің өсуі мен дамуы барысында оның орталық аймақтары жақын жатқан қантамырлардан алыстап, диффузды түрде шеміршек қабы арқылы қоректенуі қиындайды. Сондықтан хондроциттер өсу қабілеттілігінен айырылып, кейбіреулері

Гиалинді шеміршек тіні.

Гиалинді шеміршек тіні, мөлдірлігіне және ақшыл-көк түсіне байланысты шыны тәрізді деп те аталатын, ағзада ең көп таралған шеміршек тіні түріне жатады. Ересек адамдарда гиалинді тін қабырғалардың төс сүйегімен байланысқан ұштарында, көмекейде, тыныс алу жолдарында, жілік сүйектерінің буындық беттерінде кездеседі.

Әр түрлі ағзалардың гиалинді тінінің ұқсастықтары көп болғанымен, олар жасуша аралық затының құрылысына, жасушаларының орналасуына байланысты ерекшеленеді. Адам организміндегі гиалинді тіннің көп бөлігі шеміршек қабы – перихондриймен қапталған.

Шеміршек қабы екі қабаттан құралған: сыртқысы құрамында көптеген қантамырлары бар талшықты дәнекер тінді; ішкісі хондробласттар мен прехондроблаттардан құралған жасушалы. Шеміршек қабының астындағы аралық қабатта ұзын осьтері шеміршек бетімен бағыттас ұршық тәрізді жас хондроциттер орналасады. Төменгі қабаттарында шеміршек жасушалары сопақша немесе дөңгелек пішінді болады. Бұл жасушалардың синтетикалық және секреторлық қызметтері нашарлағандықтан, олар бөлінгеннен кейін ажырамай, 2-4 хондроцииттерден тұратын изогенді топтар түзеді.

Дифференциалданған шеміршек жасушалары және изогенді топтарды базофильді боялған жасуша аралық зат қоршайды. Бұндай қасиеті жасуша аралық заттардағы химиялық компоненттер – ақуыздар мен гликозамингликандардың біркелкі орналаспауына байланысты.

Кез келген гиалинді шеміршектің территориялық аймағы, яғни матриксі болады. Мұнда екінші типті коллагендік талшықтар мен шеміршек жасушалары бар. Олар изогенді шеміршек жасушаларын қоршап, механиалық қысымнан қорғайды. Коллагендің құрылымдар арасы протеогликандармен толтырылып тұрады.

Шеміршектің жасуша аралық затының құрылысында хондронектин ерекше рөл алады. Бұл гликопротеин жасушаларды өзара және басқа субстраттармен байланыстырады. Шеміршек тінінің тіректік қызметі оның талшықты каркасының ғана емес, гидратация дәрежесі жоғары гидрофильді протеогликандардың болуына да байланысты. Жасуша аралық заттың гидрофильді болуы қоректік заттар мен тұздардың, газдар мен метаболиттердің еркін диффузиясына мүмкіндік береді. Бірақ антигендік қасиеті бар жоғары молекулалы ақуыздар өте алмайды.

Шеміршектердің барлығының құрылысы бірдей емес. Гиалинді шеміршектің буындық бетінің буын қуысына қараған бетінде шеміршек қабының болмауы оның құрылымдық ерекшелігі болып табылады. Буындық шеміршек үш қабаттан тұрады: беткі, аралық және базальды.

Беткі қабатында майда, аз маманданған хондроциттер орналасады. Аралық қабатындағы хондроциттер ірірек, дөңгелек пішінді болады. Оларың митохондриялары үлкен, түйіршікті эндоплазмалық торы мен Гольджи аппараты жақсы дамыған. Базальды қабат базофильді сызықпен екі қабаттқа бөлінеді, екінші қабатында қантамырлар болады.

Эмбриональді хондрогистогенез. - student2.ru

Гиалинді шеміршек тіні:


  1. Шеміршек қабы;

  2. Жас хондроциттер;

  3. Меншікті зат;

  4. Изогенді топтағы хондроциттер.

· Эластинді шеміршек тіні.

Эластинді шеміршек тіні шеміршек пішіні иілген бөліктері бар мүшелерде кездеседі.Түсі сарғыш, гиалинді тін сияқты мөлдір емес. Жалпы құрылысы гиалинді тіннің құрылысына ұқсас. Сырты шеміршек қабымен қапталған. Шеміршек жасушалары капсулаларда бір-бірден немесе изогенді топтармен орналасады. Эластинді шеміршек тінінің ең негізгі ерекшелігі – жасуша аралық затында коллагендік талшықтармен қатар эластинді талшықтардың болуы. Шеміршек қабына жақын жатқан қабаттарындағы эластинді талшықтар үзіліссіз шеміршек қабына өтеді. Гиалинді шеміршекке қарағанда құрамында липидтер, гликоген мен хондроитинсульфаттар аз болады.


Эмбриональді хондрогистогенез. - student2.ru
Эластинді шеміршек тіні:


  1. Хондроциттердің изогенді топтары;

  2. Эластинді талшықтар.

· Талшықты шеміршек тіні.

Талшықты шеміршек тіні омыртқа аралық дискілерді, талшықты тіннің гиалинді тінге ауысатын жерлерінде, қозғалысы аз байламдарда кездеседі. Жасуша аралық затындағы параллель орналасқан коллаген талшықтары біртіндеп сиректеп, гиалинді шеміршекке өтеді. Жасушалары – хондроциттер жекеленіп те, топталып та орналасады.

Эмбриональді хондрогистогенез. - student2.ru

Талшықты шеміршек тіні:


  1. Коллаген талшықтары;

  2. Хондроциттер.

Наши рекомендации