ПП-63 потенциометрін жұмысқа дайындау.
Зертханалық жұмыс. Потенциометрлердің әртүрлі типтерін оқып білу және тексеру
Жұмыстың мақсаты: КСП-2 автоматты потенциометрді тексерудің әдістемесін оқу және ПП-63 универсалды аспабымен жұмыс істеудің тәжірибелік дағдыларын алу.
Зертханалық жұмысқа тапсырма
- КСП-2 автоматты потенциометрді тексеруге арналған зертханалық стендті оқу;
- универсалды аспаптың – ПП-6 тасымалды потенциометрдің жұмыс режимдерін оқу;
- КСП-2 автоматты потенциометрі тексеруге тәжірибені өткізіңіз;
- тәжірибе нәтижелерін өңдеңіз;
- тексеру туралы қорытынды жасаңыз
Зертханалық қондырғының сипаты
Тәжірибелерді орындауға арналған зертханалық қондырғы 4.1 суретте көрсетілген және келесі аспаптардан тұрады:
1 –КСП-2 автоматты потенциометр;
2 –ПП-63 зертханалық потенциометр.
4.1 сурет – № 4 зертханалық 4.2 сурет –ПП-63 потенциометры
стенді
Класы 0,05 ПП-63 типті тасымалды потенциометр кернеулер мен термоЭҚК-терді компенсациялық әдісімен өлшеуге, техникалық термопараларды, пирометрліқ милливольметрлер мен автоматты потенциометрлерді тексеруге, баяу реттелетін тұрақты токтың көмегімен алуға негізделген.
ПП-63 зертханалық потенциометрдің бетті панелі 4.2 суретте көрсетілген. ПП-63 тасымалды потенциометр көмегімен КСП-2 автоматты потенциометрді тексеру үшін осы потенциометрдің құрылымы мен әрекет ету принципімен танысыңыз .
ПП-63 потенциометрін жұмысқа дайындау.
4.2.1.1 Жұмыс алдында басқару және реттеу органдары келесі жағдайда болуы керек:
- ПИТАНИЕ аспап ажыратқышы ВЫКЛ күйде;
- потенциометрдің көректендіру көзін, реттелетін кернеу көзін, нормалды элемент пен гальванометрді ажыратқыштары - «В» күйінде (ішкі көректендіру көздерін қолданғанда) және «Н» күйінде (сыртқы көректендіру көздерін қолданғанда);
- В2 полярлық ажыратқышы «+» күйінде;
- ГРУБО және ТОЧНО батырмалары – бекітілмей тұрған күйде;
- В1 ажыратқышы - «И» күйінде.
Қалған басқару және реттеу органдары кез келген күйде болуы мүмкін. Жұмыс алдында механикалық корректор көмегімен гальванометр тілшесін нөлге орнатыңыз.
4.2.1.2 Потенциометрдің жұмыс тогын орнатыңыз:
- В1 ажыратқашты «К» күйіне орнатыңыз (жұмысшы токтың шамасын бақылау);
- ГРУБО батырмасы басылып тұрған кезде РАБОЧИЙ ТОК жоғарғы тұтқышты айналдыру жолымен гальванометр тілшігін нөлге орналастырыңыз, содан кейін ТОЧНО батырмасы басылып тұрған кезде РАБОЧИЙ ТОК төменгі тұтқышты айналдыру жолымен гальванометр тілшігін нөлге біржолата келтіріңіз;
4.2.2 Реттелетін басқа кернеу көзі болмаған кезде автоматты потенциометрді тексеруге ПП-63 потенциометрді қолдану.
4.2.2.1 Тексерілетін аспапты «X» қысқыштарға қосыңыз;
4.2.2.2 РОД РАБОТ ажыратқашын өлшеу шегіне сәйкес (25, 50 немесе 100 мВ) ПОВЕРКА күйіне орнатыңыз;
4.2.2.3 В3 желі ажыратқышын тексерілетін аспап шкаласында көрсетілген сызыққа сәйкес күйде орнатыңыз (автоматты потенциометрлерді тексергенде «0» күйіне);
4.2.2.4 В1 ажыратқышты «И» күйіне орнатыңыз (өлшеу режимі);
4.2.2.5 Реостаттың НАПРЯЖЕНИЕ тұтқыштарын айналдырып (жоғарғы тұтқышымен – өрескел, төменгі тұтқышымен – баяу) аспап көрсеткішін КСП-2 автоматты потенциометр шкаласының тексерілетін белгісіне баяу орнатыңыз;
Тексерілетін КСП-2 потенциометрге ПП-63 реттелетін кернеу көзінен түсетін кернеуді өлшеңіз:
- реохордтың R1 және R2 тұтқыштары көмегімен өлшенетін кернеудің күтілген мәнін орнатыңыз;
- ГРУБО батырмасы басылған кезде айтылған тұтқыштарды айналдырып гальванометр көрсеткішін нөлге орнатыңыз;
- ТОЧНО батырмасын басып реохордтың айтылған тұтқыштарын айналдырып қайтадан гальванометр көрсеткішін нөлге орнатыңыз.
Өлшенетін кернеудің мәні П1 шектердің ажыратқышында орнатылған көбейткішке көбейтілген R1 және R2 реохорд шкалаларының көрсеткіштерінің қосындысына тең болады.
4.2.3 КСП-2 автоматты потенциометр.
Автоматты потенциометр автоматты емес потенциометрлерде орындалатын қолмен жасайтын әрекеттерсіз термоЭҚК-ін компенсациялық өлшеулерге негізделген.