CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. 1 страница

Ынталандырылған[w33] сілекейді немесе тіс қағының үлгісін жинап, агармен жабылған пластинаға сеуіп, (S. mutans немесе Lactobacilli селективті қоректі орта ), 37° С температурада 48 сағатта өсіреді.

Агар бетіне өскен колония тығыздығын эталонды кестеде берілген тығыздық мағынасымен салыстырады. S. Mutans және Lactobacilli колония тығыздығы105 КОЕ/млкөп болса тісжегінің пайда болу қауіп дәрежесі өте жоғары екеіне айғақ болады. ( 2.6- сурет).

Ескерту. Тексеру алдында пациенттер антибактериалды шайқауыштарды қолданбау керек және арнайы ауыз қуысы гигиенасын жүргізуге болмайды.

Тістерде тіс жегінің алдын алу шараларын жүргізуде көптеген жетістіктерге жетсек те, бұл ауру әлі күнге дейін әлемнің көптеген елді мекенінің денсаулық сақтау ұжымына, әсіресе қалпына келтіру емінің бағасының күрт өсуіне және кейбір жалпы соматикалық аурулардың тісжегімен асқынуларда өзара байланысының жаңа дәлелдермен толығуына байланысты күрделі мәселе болып отыр.

CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. 1 страница - student2.ru

2.6.-сурет.Lactobacilli колониясының тығыздық нұсқалары, «CRT bacteria» жүйесі көмегімен анықталған.

Тістерді қарап тексеру нәтижесін тіркеудің оңтайлы және қысқа болуы үшін арнаулы тістерді белгілеу үлгісін (зубная формула) толтырады. Тістерді белгілеу үлгісінің бірнеше жүйесі бар. Ертеректе қолданылып келгені – Зигмонд-Палмер 1876 ж. ұсынған австралиялық үлгі. Бұл үлгі бойынша екі жақ сүйектерін түзулер арқылы төрт шаршыға бөледі де, 1- ден 8- ге дейінгі цифрлармен белгіленеді. Көлденең түзу тістердің жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне тік түзу олардың оң және сол жақ бөліктеріне жататындығын көрсетеді.Тұрақты тістерді белгілеу үшін араб цифрын, ал сүт тістерді рим цифрымен белгілейді.( 2.7- сурет).

Қазіргі кезде цифрлық жүйені қолдану өте қолайлы болып табылады.

Дүние жүзінде Халықаралық стоматолгтар федерациясы (FDI) ұсынған жүйені кеңінен қолданады. Бұл жүйені ДДҰ және Халықаралық стандарттау Ұжымы ХСҰ қолдануды ұсынып отыр. Зигмонди жүйесіне негізделген бұл жүйе екі жақ сүйекті 4 шаршыға бөледі де, тістердің реттілік санының алдына шаршының нөмірін қояды. Мысалы, 21 саны жоғарғы сол жақ бірінші күрек тісті білдіреді, 48 саны төменгі оң жақ үшінші үлкен азутісті көрсетеді. Уақытша тістер үшін шаршылардың нөмірі 5, 6, 7, 8 сандарымен белгіленеді және тістердің реттілігін араб сандарымен көрсетеді.

Міне, сондықтан бұл жүйеде әр тіс екі цифрмен белгіленеді: бірінші цифр ― квадрант нөмірі, ал екінші цфр ― квадранттағы тіс нөмірі. Мысалы, үстіңгі жақтың екінші сол жақ кіші азутісі ― 24 санымен белгіленеді, ал үстіңгі сол жақ уақытша бүйір тіс -62 санымен белгіленеді. (2.8-сурет).

CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. 1 страница - student2.ru

2.7-сурет.Зигмонд-Палмер жүйесі.

CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. 1 страница - student2.ru

2.8-сурет.FDI жүйесі.

2.6. ТІСТЕРДЕГІ ТІСЖЕГІ ТЕОРИЯСЫ

Тістер тісжегісінің пайда болуына заманауй көзқарасқа дейін осы аурудытуындатушы көптеген теориялар ұсынылған. Тісжегіні зерттеуге үлкен ықпал еткен клиникалық және тәжирибелік мәліметтерге сүйене отырып ХIХ ғасырдың соңында Миллер ұсынған химиялық-паразиттік теория болды. Миллердің ұйғаруынша, тістер ауызда көмірсулы тағамдар болғанда микроорганизмдердің әсерінен бұзылады. Тісжегінің басталу үдерісін көмірсулы тағамдар қалдығының микроорганизмдердің қатысуымен ыдырауынан пайда болған органикалық қышқылдардың – пирожүзім, алма, сірке және сүт қышқылдарының әсерімен байланыстырды. Сонымен қатар тамақтық заттар құрамында келетін басқа қышқылдардың да әсерін теріске шығарған жоқ. Тісжегінің дамуы екі кезеңнен тұрады: оның ойынша бірінші кезеңде ауыз сұйығының РН-ы төмендеуі немесе қышқылды ортаға ауысуына байланысты кіреуке мен дентин минералсызданады. Тек минералды заттардан тұратын кіреуке қышқылдар әсерінен толығымен ериді. Екінші кезеңде дентиннің органикалық заттары микробтар бөліп шығаратын ферменттердің әсерінен ыдырайды. Қышқылдар мен бактериялардың рөлін ескере отырып, Миллер тісжегінің дамуына қолайлы факторларға (сілекейдің мөлшері мен құрамы, тамақтану ережесі және тамақтың құрамы сияқты) аса мән берді. Тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін, кіреукенің қалыптасу кезіндегі ішкі және сыртқы жағдайларды да назардан тыс қалдырған жоқ.

Миллер өзінің теориясын эксперименталды жолдармен дәлелдеді. Адамның жұлынған тістерін жақсы шайналған наннан, сілекейден және 2-4% қант ертіндісінен туратын қоспаға орналастырып, 37°C температуралы термостатқа қойды. Бірнеше (4-6) аптадан кейін тісті алып байқағанда, кіреукеде тісжегі кезінде орын алатын минералсыздану үдерісін анықтаған.

Миллердің теориясы клиникалық дәлелге де ие болды. Ол – тістің беттеріндегі табиғи сызаттар мен ойықтарда, жанасу беттерінде және мойындарында (тамақ қалдықтары жиі орналасатын аймақтар) көмірсулы тағамдарды жиі пайдалағанда тісжегінің жиі дамуы.

Автордың теориясының ең әлсіз жері – тісжегінің дамуындағы ауыз сұйығының РН-ның (реакциясының) төмендеуі көптеген сыни пікірлер мен таластар туғызады. Шынына келсек, сілекейдің буферлік қасиетіне байланысты ауыз сұйығының реакциясы әрқашанда бейтарапты немесе әлсіз сілтілі (рН 6,8-7,0) ортаға тең және кез-келген қиын жағдайлардың ықпалы кезінде де кіреукені минералсыздандыратын қауіпті деңгейге дейін (рН 4,5-5,0) ешуақытта төмендемейді.

Дегенмен бұл теория тісжегінің дамуын түсіндіретін теориялардың (400ге жуық) ішіндегі ең маңыздысы болды және көптеген клиника-лабороториялық зерттеулердің нәтижесінде жаңа мағлұматтармен толықтырылып, тісжегінің пайда болу себептерін дәлелдей алатын қазіргі кездегі көзқарастың қалыптасуына негіз бола алды.

1928 жылы Д.А.Энтин тісжегінің физикалық-химиялық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша тіс тіні екі орта шекарасында орналасқан – ауыз сұйықтығы мен тіс ұлпасы, яғни жартылай өткізгіштік мембрана болып табылатынын айтқан.

Ғалымның болжамы бойынша ортаға ұмтылған бағыттағы осмостық токтың басым болуы ― тістің қатты тіндерінде патологиялық өзгерістің туындауына ықпал ететінін және соның салдарынан кіреукенің ұлпадан қоректенуі бұзылып, кіреукеге сыртқы агенттердің ықпал етуінің артуына байланысты тісте тісжегі пайда болады.

Д.А.Энтин (1928) ұсынған нервті-трофикалық теориясы, И.Г. Лукомскийдің (1948) тісжегінің биологиялық теориясы, А.Э.Шарпенактың (1949) зат алмасу теориясы, А.И. Рыбаковтың (1971) тістерде тісжегі патогенезінің жұмысшы концепциясы сияқты теориялар бізге мәлім.

Тістердің тісжегісі тіс шыққаннан кейін оның минералсыздануы және қатты тіндерінің протеолизденуі инфекциялық үдеріс екені дәлелденді. Яғни Соның әсерінен пайда болатын қуысты ақау.

Қазіргі кезде тісжегінің кіреукеде минералсыздану үдерісінен басталатынына ешкім күмән туғызбайтын ақиқат екені белгілі. Минералсыздану кіреукенің сыртқы қабаты сақтала тұра, астыңғы қабатында жүреді. Минералсыздандыру үдерісінің тікелей себепкері – тіс қағының құрамындағы микроорганизм ферменттерінің көмірсулы тағамдар қалдығын ыдыратуынан пайда болған органикалық қышқылдар.

Соңғы жылдардағы біраз ғалымдардың зерттеулері тісжегінің бастапқы кезеңінде (тісжегі дағы) жарақат ошағында біршама минералсыздану үдерісі орын алатынын дәлелдеді.Тісжегінің бастапқы даму кезеңін былай деп түсіндіреді: белгілі жағдайларда (тістер дұрыс тазаланбаған жағдайда, ас қалдықтары тістердің беттерінде көп жиналған кезде, сілекейде мөлшерлік және сапалық өзгерістер байқалса) тіс беттерінде жұмсақ тіс қағы немесе микробты қақ (микробная бляшка) құрылады және көмірсулардың ыдырауынан пайда болған қышқылдардың әсерінен қақ астындағы ортада рН кіреуке төзгісіз деңгейге дейін (критический уровнень) төмендейді (4,5-5,0). Сонымен қатар тіс қағының ферменттік жүйелері әсерінен кіреукенің органикалық қабықтары (пелликула және кутикула) бұзылып, қышқылдар кіреукеге тікелей әсер ете бастайды. Сутегі иондарының (Н+) төзгісіз деңгейі ұзақ сақталған кезде кіреуке бетінің кейбір тұрақсыз аймақтарында (призмааралық кеңістіктер, Ретциус сызықтары аймақтарында) апатит кристалдар ери бастайды.

Қышқылдар енді кіреукенің астыңғы қабатына өтіп, ондағы минералды компоненттерді де еріте бастайды. Құрамындағы гидроксиапатит кристалдары еріп, бұзылысқа ұшырай бастаған кіреуке призмаларының физикалық қасиеттері өзгеріп, сәуле сындырғыштығы төмендеуі нәтижесінде оның мөлдірлігі жойылып, бетінде ақ бор түсті күңгірт тісжегі дағы пайда болады. Астыңғы қабаттағы минералсыздану ошағы біртіндеп жанжаққа қарай кеңейе береді, және призмааралық кеңістіктердің кеңеюіне байланысты микрооргнизмдердің кіреуке ішіне енуіне жағдай туып, енді қышқыл құрылу көзі кіреуке ішіне ауысады. Тісжегінің бұл кезінде кіреукеде минералсыздану үдерісі кіреукенің сыртқы бетіне параллельді аймақта және ішке қарай дамығандықтан, жарақат ошағы конусқа ұқсас болып құрылады. Қышқыл құрылу көзі кіреуке ішіне ауысқанмен оның сыртқы қабаты көпке дейін бұзылмайды, мұның өзі оның құрылымдық ерекшеліктеріне (фторапатиттің басым болуы) және сілекей құрамындағы бейорганикалық компоненттер әсерінен қайта минералданып отыруына байланысты.

Кіреуке ішінде минералсыздану ошағының ұзақ сақталуы ― төзімді сыртқы қабаттың іш жағынан біртіндеп еріп, жойылып, тісжегі қуысының пайда болуына әкеп соғады. Сонымен қатар тісжегі қуысы басқа жолмен де пайда болуы мүмкін. Астыңғы қабаттағы минералсыздану үдерісі дамыған сайын сыртқы қабат жұқара келе механикалық әсерлерден сынуы барысында кіреукеде ақау немесе тісжегі қуысы пайда болады.

Тісжегі үдерісінің бастапқы белгілері дамуында тістің қатты тіндері тұрақтылығының (резистенттігінің) үлкен маңызы бар. Бұл тұрақтылық олардың құрылымдылық, химиялық құрамдық ерекшеліктерімен және генетикалық тұқымқуалаушылықпен қамтамасыз етіледі.

Клиникалық –эксперименталды зерттеуде бұл Стефан қисығында жақсы көрсетілген. ( 2.9- сурет).

Тістердің тісжегіге беріктілігі оның химиялық құрамының, құрылымының, кіреуке өткізгіштігінің және тістің басқа тіндерінің толық қалыптасуы кезінде орын алады. Ауыз сұйықтығының көлемі және оның минералдаушы қабілетінің тістің тісжегіге берік болуында маңызы зор.

CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. 1 страница - student2.ru 2.9.- сурет.Стефан қисығы.

ІС ҚАҚТАРЫНЫҢ, СІЛЕКЕЙДІҢ ЖӘНЕ КІРЕУКЕ ӨТКІЗГІШТІГІНІҢ ТІСЖЕГІ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ.

Кіреуке бетінде қатарласа орналасқан өсінділер бар екені мәлім. Кутикула кіреуке ағзасының редуцияланған эпителиі болып табылады. Тіс шыққаннан кейін кутикула тамақ шайнау кезіндегі үйкеліс әсері нәтижесінде жойылады және кіреукенің беткейасты қабатында жартылай сақталады. Тістің қызмет атқаратын беті бұдан кейін сілекей әсерінен дамитын ақуызды-көмірсулы кешеннен тұратын пелликуламен (жүре пайда болған кутикула) жабылады.

Пелликула кіреуке бетімен оның беткі қабатына ене тығыз байланысқан.

Пелликула бетіне қалыптасқан тіс қағы,кіреуке бетіндегі жұмсақ шөгінділер келесі беттік өсінді болып келеді. Бұл субстанцияларды белгілеу үшін келесі «тіс тоғасы» «биоқабық» терминдерін қолданады.

Көбіне –көп тіс қақтары мықты тісжегі туындырушы фактор ретінде жүреді. Сондықтан тіс қақтарын мұқият және тұрақты тазалап алып тастап тұру керек.

Тіс қағы қалыптасуының маңызды кезеңі әртүрлі типтес микроорганизмдердің матрица бетіне шоғырлануы. Бұл микроорганизмдердің бір-бірімен және организммен қарым-қатынасы тіс қағында айқын микробтық гомеостазбен қамтамасыз етіледі, ал бірақ тіс және пародонт тіні бүтіндігі бұзылмайды.

Бұл тепе-теңдіктің сыртқы және ішкі қолайсыз факторлардың әсерінен бұзылуы патологиялық үдерістің дамуына, мысалы тісжегінің пайда болуына алып келеді. Тіс қағындағы әртүрлі микроорганизмдердің ішінде шынайы тісжегі туындатушы ретінде қышқылтүзеуші микроорганизмдердің маңыздылығын қарастыру керек.

Заманауй көзқарасқа сүйенсек St. mutans және Lactobacilli –лардың қышқылтүзеуші штаммдары тісжегі үдерісін туындатушы инфекциялық агентке жатады.

Болжам бойынша St. mutans тісжегіде кіреукенің минералсыздануын бастаушы болып саналады. Лактобациллалар үдеріске кейіннен тісте тісжегі ақауы кезеңі басталғанда қосылады және қарқынды әсер етеді.

Тіс қақтарының пайда болуы, құрамы, қызметі, қасиеті ауыз қуыс жағдайымен және организммен тығыз байланысты. Тіс қақтарының тісжегі туындатушы потенциалы тамақта көмірсуларын көп қолданғанда, ауыз суында фтордың жетіспеушілігінде, ауыз қуыс гигиенасының нашар болуы кезінде жүзеге асады.

Тіс қағының құрамы және касиеті сілекеймен тығыз байланыста. Тістердің тіс жегіге бейімділігі немесе беріктілігі сілекейдің мына параметріне қарай анықталады: бөліну жылдамдығы, буферлік сыйымдылығы, сутекті иондардың концентрациясы (рН), органикалық және минералдық компоненттердің болуы. Тістердің сілекеймен шайылу үдерісі кезінде тіс қағы және тіс тіндерінің клиренсі жүзеге асады. Тіс кіреукесі және сілекей арасында кальций және фосфат иондарының алмасуы нәтижесінде кіреуке қабаты бетінде, тіс қағында және сілекейде тепе-теңдік орнайды. Бұл сілекейдің кальций және фосфор ионымен қанығуына әсер етеді.

Тістерді тісжегіден қорғауда сілекейдің буферлік сыйымдылығы үлкен роль атқарады және қышқылдардың, сілтілердің бейтараптануын қамтамасыз етеді. Сілекейдің буферлік қабілетінің негізін карбонаттар, фосфаттар және ақуыздар құрайды.

Сілекейде көміртекті иондардың концентрациясы бейтарап диапазонда болады. Тіс қағындағы рН тісжегі тудыратын жағдай болмағанда сілекейдің рН –на тең және үлкен дәрежеде сілекейдің буферлік жүйесінің бақылауында болады.

Одан басқа сілекейдің буферлік қабілетіне қарай кіреуке бетінде пайда болған тісжегі ошақтарында қайта минералдану үдерісінің жүруі және ары қарай минералсызданудың тоқтауы мүмкін.

Сілекейдің қорғаныс қызметі. Сілекейдің минералдаушы қасиеті бар. Сілекей бездері қызметінің бас және мойын ісіктерін үлкен сәуле дозасымен емдеуде тоқталуы кезінде гүлденген тісжегінің дамуы бірден бір тікелей дәлелдеуші айғақ болады.

Бұндай тісжегі бірнеше апта ішінде тістердің тісжегіге бейім беттерін зақымдап, тіс құрылымының толық бұзылуын туындатады.

Тістерді тісжегіден қорғауды қамтамасыз ететін сілекейдің негізгі қасиеттері:

• ауыз қуысына тамақпен түскен көмірсуларының клиренсі және араласуы;

• тіс қағындағы қышқылдарды бейтараптандыру;

• тістің қатты тіндерінің қайта минералдануының иондық бастауы;

Адам тістерінің сілекейде ерімейтін себебі, ол кальций, фосфат және гидрооксил иондарымен қаныққан. Тістердің минералды фракциясы негізінен осы иондардан тұрады. Динамикалық тепе-теңдікте сілекейдің кальций және фосфат иондарымен қанығуының алмасу үдерісі минералсызданудан толық қорғайды. Тіс қағындағы рН өте төмен болғанда, гидроксил және фосфат иондарының концентрациясы критикалық мағынадан төмен болу үшін сілекейдің толық қанығу жағдайы орын алады.

Кіреуке өткізгіштігі. Тістің қатты тіндері, әсіресе кіреуке өткізгіштігі тексеруге жеңіл бірден-бір физиологиялық қасиеті болып саналады. Кіреукенің өткізгіштігі көптеген факторлар мен шарттарға тәуелді.

Кейбір иондар кристалдар ішіне еніп, кристаллішілік алмасуға қатысатыны жайлы мәліметтер бар. Мысалы фтор кіреукенің беткі қабатынан гидроксиапатитінің кристалдарының гидроксил иондарын ығыстырып, оның қышқылға беріктігін арттырады.

Кіреукеге заттардың тереңдене және жылдам енуіне тістің қатты тіндерінің минералдану дәрежесі әсер етеді. Содан басқа физикалық және химиялық факторлардың әсер етуінен кіреукенің өткізгіштік деңгейі де өзгеруі мүмкін. Кіреукеге заттардың бойлай және жылдам енуі енетін заттардың сипатына, оның тіспен жанасу уақытына байланысты болады.

Фтор ионы кіреукеге 15-80 мкм дейін енеді.

2.8. ТІС ТІСЖЕГІСІНІҢ[w34] ЖҮЙЕСІ

Отандық стоматологиядатісжегінің топографиялық жүйесі кеңінен қолданылады

1. Бастапқы тісжегі немесе дақты кезеңдегі тісжегі.

2. Беткей тісжегі

3. Орта тісжегі.

4. Терең тісжегі.

ДДҰ стоматологиялық аурулардың МКБ-10 негізінде жасалған МКБ-С-3 Халықаралық тісжегі жүйесін ұсынады.Бұл жүйеде тісжегіге(код К02)

белгі берілген.

К02.0. Кіреуке тісжегісі. Ақ дақ (бор түстес) кезеңі (бастапқы тісжегі).

К02.1. Дентин тісжегісі.

К02.2. Цемент тісжегісі.

К02.3. Тістерде тоқтаған тісжегі.

К02.4. Одонтоклазия. Балалар меланодентиясы. Меланодонтоклазия.

Бұл бөлімнен сыртқы және ішкі тістердің патологиялық сорылуы алынып тасталған. (К03.3).

К02.8. Тістерде анықталған басқа тісжегі.

К02.9. Тістерде анықталмаған тісжегі.

МКБ-С-3 жүйесінде «терең тісжегі» диагнозы жоқ.

Қазіргі кезде клиникалық стоматологияның МКБ жүйесіне ауысуына қарай «терең тісжегі» диагнозы алынып тасталғаны дұрыс дәлел, себебі терең тісжегінің клиникалық көрінісі және емі МКБ-С-3 жүйесінде тістердің ұлпа қабынуы бөліміне енгізілген және бұл бөлімде терең тісжегі ұлпаның қабынуының бастапқы кезеңі немесе ұлпа гиперемиясы коды К04.00 сәйкес келеді.

Е. В. Боровский және П. А. Леус (1979) ұсынған тістердің тісжегі жүйесі аурудың клиникалық түрін, орналасуын, ағымын және зақымдану қарқындылығын қамтиды.

БОРОВСКИЙ–ЛЕУС ҰСЫНҒАН ТІСТІҢ ТІСЖЕГІ ЖҮЙЕСІ

I. Клиникалық түріне қарай 1. Дақты кезең (тісжегінің минералсыздануы): • дамыған- (ақ немесе ақшыл сары дақ); • түсін өзгерткен-қоңыр дақ); • тоқтаған (қоңыр дақ). 2. Тісжегі ақауы (дезинтеграция): • Кіреуке тісжегісі (ақау тек кіреукеде орналасқан); • Дентин тісжегісі: – орта тереңдіктегі; – терең; • Цемент тісжегісі  
II. Орналасуы бойынша • Фиссурлы тісжегі немесе табиғи сызат тісжегісі. • Беттермен түйіскен тісжегі -кариес • Мойын бөлігі аймағындағы тісжегі  
III. Ағымы бойынша • Жылдам ағымды тісжегі • Баяу ағымды тісжегі • Тұрақтанған тісжегі
IV. Зақымданудың қарқындылығы бойынша • Жеке орналасқан зақымдану. • Көптеген зақымдану. • Жүйелі зақымдану  

2.9. ТІС ТІСЖЕГІСІНІҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ

Тісжегінің кіреукедегі дақты кезеңінде негізі сыртқы бетке қараған, ал ұшы кіреуке-дентин шекарасына бағытталған үшбұрыш тәріздес зақымдану ошағы анықталады. Поляризациялы микроскопиялау әдісімен зерттегенде кіреукеде үшбұрыш пішінді жарақат ошағы анықталады және оның табаны кіреукенің сырт бетіне қарай орналасқан . Жарақат ошағындағы өзгерістер дақтың аумағымен тығыз байланысты. Егер дақтың көлемі 2-мм аспаса, шлифте мөлдір және қараңғы белдеулер анықталады. Тісжегі дағының көлемі ұлғайған кезде үш белдеуді (зона) ажыратады – жарақат денесі (тело поражения), қараңғы және мөлдір белдеулер. ( 2.10-сурет).

CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. 1 страница - student2.ru

2.10.-сурет.Тісжегінің дақты кезеңіндегіминералсыздану белдеуінің схемалық суреттемесі (поляризациялық микроскопия):

1 — беттік қабат (бүтін); 2 — зақымдану денесі; 3 — қараңғы белдеу; 4 —мөлдір белбеу.

•1 белдеу — беткей қабат, ені 50 мкм дейінгі бүтін кіреуке.

•2 белдеу — орталық белдеу (зақымдану денесі), бұл белдеуде минералсыздану жақсы бейнеленген, микрокеңістіктердің көлемі 25%-ға дейін көбейген. Кіреукенің өткізгіштігі өте жоғары дәрежеде.

•3 белдеу — қараңғы белдеу, бұл белдеуде микрокеңістіктер 15–17% құрайды.

•4 белдеу — ішкі қабат, немесе мөлдір белдеу, микрокеңістіктер көлемі 0,75–1,5% құрайды.

Дентин тісжегісі. Дентин тісжегісікіреуке –дентин байланыс аймағының бұзылуымен басталады және дентин түтікшелері бойымен тарап, ұлпаға қарай бағыт алады. Дентинде және ұлпада қорғаныс үдерісі басталады. Дентин түтікшелері семеді, ал одонтобластар өсінділері орталыққа қарай ығысады. Қорғаныс реакциясы нәтижесінде дентин және ұлпа шекарасында орынбасушы немесе қалыпты дентиннен дентин түтікшелерінің орналасу бағдарының аздап өзгешелігі бар ирегулярлы дентин түзеледі.

Тісжегі кезінде дентиннің минералдаушы құрамының минералсыздануы, дезинтеграция және органикалық матрицаның еруі нәтижесінде құрылымдық бүтіндігінің бұзылуы жүреді. Дентиннің тісжегімен зақымданған ошағы 5 белбеуден тұрады. (2.11- сурет).

CRT bacteria» жүйесі көмегімен экспресс әдіспен анықтау. 1 страница - student2.ru

2.11-.сурет.Тістердің тісжегісі кезіндегі дентиндегі зақымдану белдеулері.

1 — бүтін дентин; 2 — жартылай мөлдір дентин; 3 —мөлдір дентин; 4 — күңгірт дентин; 5 — инфекцияланған дентин.

• 1 белдеу — қалыпты дентин. Бұл белдеуде дентин түтікшелерінің құрылымы өзгермеген, одонтобластар өсіндісі дентин түтікшелерін толтырып тұрады.

Наши рекомендации