Аттылық және соққыға беріктігі

Автомобиль өндірісінде лакты бояғыш жамылғылардың бұл көрсеткіштері қабаттардың ұсталынуымен қатар неғұрлым маңызды көрсеткіштері болып есептелінеді.

Жамылғының қаттылығы М-3 маятникті аспабында (6.5-сурет) анықталады. Бұл аспап негізден 2, плитадан 6, маятниктен 4 және шкаладан 3 тұрады. Маятник П әрпі түрінде орындалған, шыны жолақшаға 8 жағылған сыналатын жамылғыға екі болат шарик арқылы тіреледі. Арнайы қорап көмегімен маятник нольдік жағдайда қойылады, ал содан соң іске қосушы құралмен 1, 50бұрышқа шегеріледі. Мұндайда шарикті тіректер нольдік жағдайға сәйкесетін орындарынан қозғалмауға тиіс.

аттылық және соққыға беріктігі - student2.ru

6.4-сурет. Лакты бояғыш материалдардың беріктігін анықтайтын аспап, У-1: 1- станина; 2-түрткіл; 3-шкалалы бағытауыш труба; 4- іске қосқыш батырма; 5-жүк; 6-сыналатын пластинка; 7-төс.

аттылық және соққыға беріктігі - student2.ru

6.5-сурет. Лакты бояғыш материалдардың қаттылығын анықтайтын аспап, М-3:1-жүргізгіш құрал; 2-негіз; 3-маятник шкаласы; 4-маятник; 5-таяныш; 6-тақта(плита); 7-болат түйіршіктері; 8- сыналатын жолақша (пластинка).

Содан кейін маятник босатылады да амплитудасы 20 жеткенше оның тербелісінің уақыты өлшенеді. (6.1) формуламен бойынша жамылғының қаттылығы анықталады.

аттылық және соққыға беріктігі - student2.ru , (6.1)

мұндағы t1 – тірек нүктесі лакты бояғыш жамылғы жағылған шыны жолақшада жатқан маятник тербелісінің (5-тен 20 – қа дейін) өшу уақыты, с;

t2 – аспаптың шыны саны, яғни тірек нүктесі таза шыны жолақшада жатқан маятник тербелісінің (5 - тен 20 - қа дейін) өшу уақыты, с.

Автомобильдердің лакты бояғыш жамылғысының қаттылығы 0,2 кем болмауы қажет.

Жамылғының соққыға беріктігін У-1 (6.4-сурет) арнайы аспабының көмегімен бағаланады. Ол станинадан 1, төстен 7, түрткілден 2, шкалалы бағыттауыш трубадан 3, массасы 1 кг жүктен 5 және іске қосқыш батырмадан тұрады. Сынақ кезінде төске 100х100 мм өлшемді болат жолақша жамылғысы түрткілге қаратылып орнатылады. Соққы берілетін орнын жолақша жиектерінен немесе алдында соққы берілген учаскелер орталығынан кемінде 20 мм қашықтықта орналасуы қажет. Сынақ нәтижесінде жарықшақтар, майысу және жамалғының қопсуы болмайтын жүктің ең үлкен құлау биіктігі (сантиметр өлшем бірлігімен) анықталынады.

Автомобильдердің лакты бояғыш жамылғылары кемінде 30 см-ден соққыға төзімділігі болуы қажет.

6.1 кестеде беттерді пневмобүріккіштермен сырлау кезінде болуы мүмкін ақаулардың себептері көрсетілген.

6.1 кесте.Пневмобүріккішпен сырлау кезінде болуы мүмкін ақаулар

Ақаулар Орын алу себептері
Бет шаңмен немесе ұсақ үгінділермен жабылған Шаңды бөлме
Еріткіш әсерінен шлангтардың ішкі беті бұзылады.
Жамылғы қабаты біркелкі емес, беттері кедір - бұдырлы Бояу бүріккіш сырланатын бетке өте жақын, сондықтан ауа ағыны лакты бояғыш материалдар қабыршағын ұшырып жібереді.
Жамылғы бет ала – құла Тұтқырлығы жоғары болғандықтан, лакты бояғыш материалдардың нашар құйылуы
Жамылғының ұсақ кедір – бұдырлылығы, жарқырауының болмауы Бүріккіштен сырланатын бетке дейінгі ара қашықтық үлкен
Жамылғының күңгірттігі және ағаруы Лакты бояғыш материалдарда жеңіл ұшатын еріткіш мөлшері көп
  Бөлмеде температура төмен және ылғалдылық жоғары
Жамылғы бетінде су көпіршіктері және ұсақ дақтардың болуы Бояу бүріккішпен берілетін ауа да ылғалдың болуы

Лакты бояғыш жамылғылар сыртқы түрі бойынша 4 класқа бөлінеді (6.2. кесте).

6.2. кесте. Лакты бояғыш жамылғылардың сыртқы түрі бойынша жіктелуі

Класс Беттік Мүмкінді ақаулар Беттіктер Құрамы
аттылық және соққыға беріктігі - student2.ru I Бірдей тегіс біртүсті Құралданбаған көзбен көрінбейтін Сыртқы қораптар,жоғарғы класты жеңіл автомобильдердің капот қанаттары Бетін тегістеу,жалпы және жергілікті шпатлевка, үш-алты қабат бояу
II Бірдей тегіс біртүсті немесе сипатты суретімен Кейбір жеке құралданбаған көзге көрінетін қиқымдар, сызықтар, тазалаған сызықтардың іздері, штрихтар Сыртқы қораптар,жоғарғы класты жеңіл автомобильдердің,автобустардың, санитарлық автомобильдерінің капот қанаттары Бетін тегістеу, жалпы (өнебойы емес) және жергілікті шпатлевка, екі-төрт қабат бояу
III Тегіс біртүсті немесе сипатты суретімен Кейбір жеке құралданбаған көзге көрінетін қиқымдар,сызықтар,тазалау іздері, боялған беттерге байланысты қыртыстар Сыртқы қораптар, жүктіавтомобильдер және фургон автомобильдерінің капот қанаттары, жеңіл автомобильдердің және автобустардың ішкі беттіктері Бетін тегістеу,жалпы және жергілікті шпатлевка, бір-үш қабат бояу
IV Біртүсті немесе сипатты суретімен Боялған беттерге байланысты қыртыстар және басқа ақаулар құралданбаған көзге көрінетін, бірақта жамылғыларды қорғау қасиетіне әсер етпейтін Моторлар, трансмиссиялар, қорабтар, шассилер, дөңгелек табақшалары, жүкті және фургон автомобильдердің сыртқы қораптары Бетін тегістеу (өнебойы емес), жалпы және жергілікті шпатлевка, бір-екі қабат бояу, кейде жергілікті шпатлевка

Бақылау тестілерінің жобасы

1.Бензин фракциясы дегенiмiз не?

1.Элементтiк құрамы бiрдей көмiрсутектер тобы;

2.Белгiлi бiр температура аралығында қайнайтын бензиннiң бөлiгi;

3.Двигательдiң жеңiл от алуын қамтамасыз ететiн көмiрсутектер;

4.Мұнай көмiрсутектерiнiң ұшқыш заттарға айналу процесi;

5.Ауада жағу үшiн оны белгiлi бiр температураға дейiн қыздыру процесi.

2.Бір қалыпты жану кезiндегi жалын алқабының тарау жылдамдығы қандай болады?

1. 25 - 35м/с;

2. 1500 - 2000м/с;

3. 100 - 150м/с;

4. 1500 - 2500м/с;

5. 10 - 25м/с.

3.А-76 бензин маркасындағы 76 саны ненi бiлдiредi?

1.Бензиндегi октан және цетан құрамын;

2.Бензин сортын;

3.Бензиннiң октан санын,детонацияға қарсыласу қаблеттілігін;

4.Бензиннiң цетан санын;

5.Бензиннiң тұтқырлығын;

4. Детонацияның салдары неге әкеліп соғады?

1. Двигательдiң тез тозуына, отынның толық жанбауына, шамадан тыс қызуына, қуатының төмендеуіне;

2.Бейiмдiлiгiнiң жақсаруына,қуатының азаюына,тез тозуына;

3.От алу сапасының жақсаруына,бейiмдiлiгiнiң төмендеуiне,бу тығындарының пайда болуына,қуатының азаюына;

4.Қатты метал тақылына,двигатель дiрiлiне,үйкелiс күшiң көбеюiне;

5.Двигательдiң шамадан тыс қызуына, қатты метал тақылына,жалын шығаруы мен түтiндеуiне;

5.Бензиннiң қуу сызығындағы көлбеу бөлiк ненi сипаттайды?

1.Бензиннiң от алу қасиетiн;

2.Двигательдiң бейiмдiлiгiн;

3.Отынның толық жануын;

4.Бензин фракцияларын;

5.Детонациялық тұрақтылығын.

6.АИ-93,АИ-98 бензин маркаларындағы "И" әрпi ненi бiлдiредi?

1.Бензинде тозуға қарсы қоспалардың барлығын;

2.Бензинді зерттеу тәсiлiмен алынғанын;

3.Бензиннiң октан санын зерттеу тәсiлiмен анықталғанын;

4.Бензиннiң октан санын моторлық тәсiлмен алынғанын;

5.Бензин құрамында изооктанның бар екенiн.

7. Бензиннiң от алу қасиетi немен бағаланады?

1.Қуу сызығындағы көлбеу бөлiктiң мөлшерiмен;

2.Бензиннiң 10% - тік мөлшерiнiң қайнау температурасымен;

3.Жұмысшы (негiзгi) фракцияның мөлшерiмен;

4.От алу (бастапқы) фракцияның мөлшерiмен;

5.Бензиннiң көлемi бойынша 50% мөлшерiн қуу соңындағы температурасымен.

8.Октан санының анықтау үшін қандайтәсiлдер қолданылады?

1.Моторлық және зерттеу;

2.Физикалық,химиялық,моторлық;

3.Фракциялық құрамы бойынша,тұтануының сәйкестiгi бойынша;

4.Тұтануының сәйкестiгi бойынша;

5.Моторлық,зерттеу және физикалық.

9."Л" маркалы дизель жанармайын ортаның қандай ауа температурасы болғанда пайдалануға болады?

1. +5градус және жоғары;

2. -15градус және жоғары;

3. 0 градус және одан жоғары;

4. +5градус пен -5градус аралығында;

5. Кез келген температурада.

10. Детонация дегенiмiз не?

1.Жанғыш қоспаның қопарылыс түрінде жануын;

2.Қатты метал тақылы мен двигатель дiрiлi;

3.Жұмысшы қоспасының жану камерасындағы қызған детальдардан тұтануын;

4.Жарық шығара жүретiн тотығу реакцияларын;

5.Пайдалану кезiндегi бензиннiң фракциялық құрамының өзгеру дәрежесiн.

11.Көлемi бойынша 10% мөлшерiнің қуу соңындағы температурасы 65 градус (С) бензиндi жыл мезгiлiнiң қай уақытында пайдаланған жөн?

1.Қыста;

2.Жазда;

3.Жыл бойы;

4.Күзде;

5.Пайдалануға жарамсыз.

12.Бензиннiң жұмысшы (негiзгi) фракциясы дегенiмiз не?

1.Бензиннiң 10%-пен 90% аралығында қайнайтын бөлiгiн;

2.Двигатель жұмысын барлық режимдерде қамтамасыз ететiн бензин бөлiгiн;

3.Қайнау температурасы 115 градус(С) аспайтын көмiрсутектер тобын;

4.Жанар майдың газ тәрiздi күйге айналуын;

5.Жанар майдың 98%- мөлшерiнiң қайнағандағы температурасының мәнiн.

13. Детонациялық жану кезiнде жалын алқабының таралу жылдамдығы қандай шамада болады?

1. 1500 - 2500м/с;

2. 25 - 35м/с;

3. 100 - 150м/с;

4. 1500 - 2000м/с;

5. 10 - 25м/с.

14.Бензиннiң детонацияға қарсыласу қаблеттілігі немен бағаланады?

1.Фракциялық құрамымен;

2.Цетан санымен;

3.Октан санымен;

4.Индукциялық кезеңiмен;

5.Химиялық топтық құрамымен.

15.Бензиннiң 10%-тік көлем мөлшерiнiң қайнау температурасы төмен болған сайын ... ?

1.Отын толық жанады;

2.От алу қасиетi нашарлайды;

3.От алу қасиетi жақсарады;

4.Отын жанбайды;

5.Двигатель тұрақты жұмыс iстейдi.

16.АИ-80 маркалы бензиндi қандай автомобильдерге пайдаланамыз?

1.ГАЗ-53,ЗИЛ-130,ГАЗ-66,"Москвич"-2138;

2.ГАЗ-53,ЗИЛ-130,КАМАЗ-5320;

3.УРАЛ-375,ЗИЛ-130,ВАЗ-2109;

4.ГАЗ-24"Волга","Москвич"-2140,ЗИЛ-130,ГАЗ-66;

5.ЗАЗ-966"Запорожец",ГАЗ-66,ЗИЛ-130,ВАЗ-2106.

17.Бензиннiң булану қасиеті немен бағаланады?

1.Октан санымен;

2.Фракциялық құрамымен;

3.Индукциялық кезеңiмен;

4.Цетан санымен;

5.Химиялық топтық құрамымен.

18.Детонация белгiлерi қандай болады?

1.Бейiмделгiштiгiмен, от алу қасиетiнiң нашарлауымен, двигатель қуатының төмендеуiмен;

2.Метал тақылымен, двигатель дiрiлiмен, жанып шыққан газдар түсiнiң қара болуымен;

3.От алу қасиетiнiң жақсаруымен, двигатель дiрiлiмен;

4.Двигательдiң жалын шығарып жұмыс iстеуiмен;

5.Двигатель қуатының төмендеуiмен, дiрiлдiң болуымен,түтiн шығуымен.

19.Жазғы бензиннiң 10%-тік көлемi мөлшерiнің қайнау температурасы 70 градустан (С) төмен болса,онда двигателге қалай әсер етеді ?

1.Суық двигательдi от алдыруы қиын;

2.Двигательдiң от алуы жеңiлдейді;

3.Бейiмділiгi,толық жануы нашарлайды;

4.Бұндай бензиндерде двигатель тұрақты жұмыс iстейдi;

5.Сақтаған кезде жеңіл қайнайтын көмiрсутектердiң буға айналу процесінің азаюына әкелiп соғады.

20. Бензиндерiнiң пайдалану мезгіліне байланысты қандай түрлерін білесіз?

1.Жазғы және қысқы;

2.Жазғы,қысқы және арктикалық;

3.Автомобильдiк және авиациялық;

4.Жазғы,қысқы және жыл бойы пайдаланылатын;

5.Карбюраторлық және дизельдік.

21. Бензиннің негізгі қасиеттерiн анықтайтын көрсеткiштерін атаңыз?

1.Октан санымен, детонациялық тұрақтылығымен, фракциялық құрамымен, химиялық тұрақтылығымен, құрамындағы күкiрт мөлшерiмен;

2.Фракциялық құрамы бойынша,детонациялық тұрақтылығымен;

3.Октан санымен,физикалық тұрақтылығымен,тығыздығымен;

4.Төменгі температуралық қасиеттерiмен,химиялық тұрақтылығымен, фракциялық құрамымен;

5.Октан санымен,детонациялық тұрақтылығымен,құрамындағы күкiрт мөлшерiмен.

22. Бензин құрамындағы рұқсат етiлген күкiрт мөлшерi қандай шамада ?

1. 0,05 - 0,10%

2. 0,10 - 0,12%

3. 0,12 - 0,14%

4. 0,20 - 0,50%

5. 0,50 - 1,0%

23.Бензиннiң физикалық тұрақтылығы ненi сипаттайды?

1.Сақтау кезiндегi бензиннiң фракциялық құрамының өзгеру дәрежесiн сипаттайды;

2.Тасымалдау,сақтау және қолдану кезiнде бензиннiң химиялық өзгерiстерге төзiмдiлiк қабiлетiн сипаттайды;

3.Қолдану кезiндегi бензиннiң фракциялық құрамының өзгеру дәрежесiн сипаттайды;

4.Тасымалдау кезiндегi бензиннiң фракциялық құрамының өзгеру дәрежесiн сипаттайды;

5.Двигательдiң жеңiл от алу дәрежесiн сипаттайды.

24.Бензиндегi нақты рұқсат етілген шайыр мөлшерi қандай?

1.100мл бензинде 10мг-нан аспауы керек;

2.100мл бензинде 3мг-нан аспауы керек;

3.100мл бензинде 12мг-нан аспауы керек;

4.100мл бензинде 5мг-нан аспауы керек;

5.100мл бензинде 15мг-нан аспауы керек.

25. Мұнай өнiмдерiнiң жоғалу түрлерін атаңыз?

1.Көлемдiк,сапалық және аралас;

2.Көлемдiк,сапалық,аралас және авариялық;

3.Көлемдiк,авариялық және сапалық;

4.Сапалық және авариялық;

5.Көлемдiк,аралас және авариялық.

26.Двигательдегi ең негiзгi процесс қандай?

1.Жанар майдың ауамен араласуы,булануы,жану;

2.Жанар майдың ауамен араласуы,қызуы,жану;

3.Жану;

4.Жанар майдың ауамен араласуы,булануы,қызуы;

5.Жанар майдың ауамен араласуы,булануы,қызуы,жану.

27.Двигательдегi қосалқы процестердi атаңыз?

1.Жанар майдың ауамен араласуы,булануы,жану;

2.Жанар майдың ауамен араласуы,қызуы,жану;

3.Жану;

4.Жанар майдың ауамен араласуы,жану;

5.Жанар майдың ауамен араласуы,булануы,қызуы.

28.Жану жылдамдығына әсер етушi факторларды атаңыз?

1.Жанар майдың химиялық құрамы мен мөлшерi, цилиндрде қалған газдың көлемi, қоспаның температурасы, цилиндрдегi қысым;

2.Жанар майдың химиялық құрамы мен мөлшерi, қоспаның температурасы, цилиндрдегi қысым;

3.Цилиндрде қалған газдың көлемi, қоспаның температурасы,цилиндрдегi қысым;

4.Жанар майдың химиялық құрамы мен мөлшерi,цилиндрдегi қысым;

5.Қоспаның температурасы,цилиндрдегi қысым.

29.Октан саны дегенiмiз не?

1.Изооктан мен Н-гептаннан тұратын қоспадағы Н-гептанның пайыздың (көлемi бойынша) құрамын көрсететiн жанар майдың детонациялық тұрақтылығын өлшеуге арналған бiрлiк;

2.Изооктан мен Н-гептаннан тұратын қоспадағы изооктанның пайыздық көлемiн көрсететiн жанар майдың детонациялық тұрақтылығын өлшеуге арналған бiрлiк;

3.Цетанның альфаметилнафталин қоспасындағы пайыздың құрамы (көлемi бойынша);

4.Октанның альфаметилнафталин қоспасындағы пайыздың құрамы (көлемi бойынша);

5.Изооктан мен Н-гептаннан тұратын қоспаның детонациялық тұрақтылығын өлшеуге арналған бiрлiк.

30.Калильдi тұтану дегенiмiз не?

1.Жанар май мен ауа қоспасының қопарылыс жасай жануын;

2.Жанғыш қоспаның жану камерасындағы қызған бөлшектер әсерiнен тұтануын айтамыз;

3.Жанғыш қоспаның өздiгiнен тұтануын айтамыз;

4.Жанғыш қоспаның жоғары қысым әсерiнен тұтануын айтамыз;

5.Жанғыш қоспа электр ұшқынынан тұтанады.

31. Крекинг-процесс дегенiмiз не?

1.Мұнай көмiрсутектерiнiң ұшқыш заттарға айналу процесi;

2.Жанған кезде жоғары жылу бөлiп шығару процесi;

3.Затты ауада жағу үшiн оны белгiлi бiр температураға дейiн қыздыру процесi;

4.Жанар майдың ауамен араласуы,булануы,қызуы;

5.Көмiрсутек қоспаларының түрлi байланыстарының белгiлi бiр температуралық аралықта қайнайтын бөлiктерi.

32.Крекинг-процесстің қандай түрлерiн бiлесiз?

1.Есептеу және тәжiрибелiк;

2.Термиялық және катализдiк;

3.Физикалық және химиялық;

4.Абсолюттiк және термиялық;

5.Органикалық және катализдiк.

33.Мұнайды тiкелей айдау (қуу) кезiндегi ректификациялық колонна көмегiмен алынған дистиляттың алғашқы фракциясын атаңыз?

1. Жеңіл бензин;

2.Бензин;

3.Лигроин;

4.Мазут;

5.Соляр дистиляты.

34. Ректификациялық колоннада мұнайды тiкелей айдау арқылы алынатын алтыншы фракцияны атаңыз?

1.Бензин;

2.Лигроин;

3.Мазут;

4.Керосин;

5.Соляр дистилятi.

35.Мұнайды тiкелей айдау (қуу) кезiнде ректификациялық колонна көмегiмен алынатын екiншi фракцияны атаңыз?

1.Бензиндi газ;

2.Бензин;

3.Лигроин;

4.Соляр дистиляты;

5.Керосин.

36.Дизель отынының төменгі температуралық ортаға пайдалану қасиеттерi немен бағаланады?

1.Тұтқырлығымен,лайлану температурасымен,қату температурасымен;

2.Лайлану температурасымен,бастапқы кристалдану температурасымен және қату температурасымен;

3.Тығыздығымен,тұтқырлығымен,қату температурасымен;

4.Тығыздығымен,қату температурасымен;

5.Көлемi бойынша 10% мөлшерiн қуу соңындағы температурасымен.

37.Цетан саны 40-тан төмен болған жағдайда двигатель жұмысына қалай әсер етедi?

1.Двигательдiң бейiмделгiштiгiн жақсартады;

2.От алу қасиетi жақсарады, отын шығыны азаяды;

3.Двигательдiң от алуы қиындайды;

4.От алу қасиетi нашарлайды, двигатель қуаты төмендейдi;

5.Двигатель қуаты төмендейдi, отын шығыны артады.

38. "А" маркалы дизель отынын ортаның қандай температурасы кезінде пайдаланылады?

1. -20градус және жоғары;

2. -30градус және жоғары;

3. -50градус және одан жоғары;

4. -5градус және жоғары;

5. -40градус және жоғары.

39.Дизель отынын суық кезде пайдалануға болады,егер ауа температурасы...?

1. Кристалдану температурасынан жоғары болса;

2. Лайлану температурасынан жоғары болса;

3. Қату температурасынан жоғары болса;

4. 0градус және төмен болса;

5. -5градус және жоғары болса;

40.Дизель отынының цетан саны ненi сипаттайды?

1.Элементтiк құрамын;

2.Өздiгiнен тұтанғыштығын;

3.Детонациялық төзiмдiлiгiн;

4.Химиялық құрамын;

5.Тұтқырлығын.

41.Двигательдiң қатты жұмыс iстеуiнiң салдары қандай ақаудың болуына әкеліп соғады?

1.Металдың тақылдауына, қуатының төмендеуiне;

2.Дiрiлдеуіне, от алу қасиетiнiң нашарлауына;

3.Отын шығынының төмендеуiне, дiрiліне;

4.Май қысымының төмендеуi, от алу қасиетiнiң нашарлауы;

5.Салқындату сұйығының температурасының артуына, двигательдiң жалын шығарып жұмыс iстеуiне.

42.Дизель отынының тұтқырлық көлемі ұтымды мөлшерден жоғары болса двигатель жұмысына қалай әсер етедi?

1.Бүрку қысымы төмендейдi, отын шығыны артады, бөлшектері тозады;

2.Булануы төмендейдi, отын шығыны артады, күйе түзуіне әсер етедi;

3.Жанған газдарда қара түтiн басым болады, отын шығыны мен күйе түзу артады;

4.Бiр режимнен екiншi режимге ауысқанда қосалқы қиындықтар тудырады;

5.Двигатель жұмысының үнемдiлiгi мен қуаттылығын анықтайтын көрсеткiштер жақсарады.

43.Дизель отынының қандай түрлерiн білесің?

1.Жазғы,қысқы және арктикалық;

2.Жазғы және қысқы;

3.Жазғы,қысқы және жыл бойы пайдаланылатын;

4.Автомобильдiк,тракторлық;

5.Жыл бойы пайдаланылатын және арктикалық.

44.Дизель отынының өздiгiнен тұтану бейiмдiлiгi немен бағаланады?

1.Фракциялық құрамымен;

2.Октан санымен;

3.Цетан санымен;

4.Химиялық құрамымен;

5.Көлемi бойынша 10% мөлшерiн қуу соңындағы температурамен.

45. Дизель отынының кинематикалық тұтқырлығы қандай аспаппен анықталады?

1.Ареометр;

2.Вискозиметр;

3.Нефтеденсиметр;

4.Спиртометр;

5.Гигрометр.

46.Дизель отынының фракциялық құрамы неге әсер етедi?

1.Бүрку және жану сапасына;

2.Төмен температуралық қасиеттерiне, цетан санына;

3.Сүзгiлеуiне, сорылғыштығына;

4.Төмен температуралық қасиеттерiне, бүрку сапасына;

5.Өздiгiнен тұтанғыштығына.

47.Абсолюттiк тұтқырлықтың түрлерi қандай болады?

1.Абсолюттiк және шартты;

2.Динамикалық және кинематикалық;

3.Динамикалық және шартты;

4.Абсолюттiк, динамикалық және шартты;

5.Абсолюттiк, кинематикалық және динамикалық.

48.Қазiргi двигательдер үшiн дизель отынының цетан санының ұтымды мөлшерi қандай болуы қажет?

1. 30 - 40

2. 40 - 50

3. 55 - 65

4. 50 - 55

5. 20 - 30

49.Цетан санының50-ден жоғары болуы двигатель жұмысына қалай әсер етедi?

1.Двигатель жұмысының тиiмдiлiгiн төмендетедi;

2.Әсер етпейдi;

3.Двигатель үнемдi жұмыс iстейдi;

4.Двигательдiң от алуы қиындатады;

5.Двигательдiң бейiмделгiштiгiн жақсартады.

50.Дизель отынының фракциялық құрамының жеңiлдеуi неге әсер етедi?

1.Двигательдiң от алуы қиындайды, отын толық жанбайды, қақ түзiлуi ұлғаяды, двигатель детальдары тез тозады;

2.Отынның тұтқырлығы төмендейдi, өрт қауiптiлiгi артады, отынның өздiгiнен тұтанғыштығы нашарлайды, двигатель "қатты" жұмыс iстейдi;

3.Двигательдiң от алуы қиындайды, отын толық жанбайды, түтiндейдi, тұтқырлығы төмендейдi, отынның өздiгiнен тұтанғыштығы нашарлайды;

4.От алу қасиетi жақсарады, двигатель қуаты төмендейдi, тұтқырлығы төмендейдi;

5.Бүрку қысымы төмендейдi, отын шығыны артады, двигатель бөлшектері тез тозады.

51.Дизель отынының фракциялық құрамының ауырлауы неге әкелiп соғады?

1.Двигательдiң от алуын қиындатады, отын толық жанбайды, түтiндейдi, қақтың түзiлуiн ұлғайтады, двигатель бөлшектері тез тозады;

2.Тұтқырлығы төмендейдi, өрт қауiптiлiгi артады, отынның өздiгiнен тұтанғыштығы нашарлайды, двигатель "қатты" жұмыс iстейдi;

3.Двигательдiң от алуы қиындайды, двигатель бөлшектері тез тозады, қақтың түзiлуi ұлғаяды;

4.От алу қасиетi жақсарады, двигатель қуаты төмендейдi, тұтқырлығы төмендейдi;

5.Бүрку қысымы төмендейдi, отын шығыны артады,двигатель детальдары тез тозады.

52. ГОСТ бойынша дизель отынының 100мл көлемінде рұқсат етiлген шайырдың ең жоғарғы мөлшерi қандай?

1. 30мг

2. 60мг

3. 70мг

4. 40мг

5. 50мг

53.Цетан санын анықтау тәсiлдерi?

1.Жарылыстың сәйкес келуi;

2.Өздiгiнен от алуының кешiгуi;

3.Қысымның жоғарғы көрсеткiшi;

4.Жарылыстың сәйкес келуi, өздiгiнен от алуының кешiгуi;

5.Жарылыстың сәйкес келуi, өздiгiнен от алуының кешiгуi, қысымның жоғарғы көрсеткiшiмен.

54.Қоршаған ортаның температурасы (-25)градус болғанда қандай дизель отынын қолдану керек?

1. Л-0,2-40

2. З-0,2-(-35)

3. З-0,2-(-45)

4. А-0,4

5. Л-0,2-40 және З-0,2-(-35)

55.Дизель двигателінiң "қатты" iстеуi дегенiмiз не?

1.Иiндi бiлiктің 1градусқа бұрылғанда цилиндрдің жану камерасында қысым 0,5-0,9МПа өскен жағдайда;

2.Иiндi бiлiктің 1градусқа бұрылғанда цилиндрдегі қысым 0,25-0,5МПа арытқан жағдайда;

3.Двигатель тұтқырлығы төмен жанар маймен жұмыс iстегенде;

4.Двигатель тұтқырлығы жоғары жанар маймен жұмыс iстегенде;

5.Металл тақылдары мен дiрiлдiң болған жағдайында.

56. З-0,2-(-45) маркалы дизель отынындағы 45 саны ненi бiлдiредi?

1.Цетан санын;

2.Қату температурасын;

3.Осы отынды пайдалануға болатын қоршаған орта температурасын;

4.От алу температурасын;

5.Құрамындағы парафин мөлшерiн.

57. Цетан саны дегенiмiз не?

1.Изооктан мен Н-гептаннан тұратын қоспадағы Н-гептанның пайыздық (көлемi бойынша) құрамын көрсететiн жанар майдың детонациялық тұрақтылығын өлшеуге арналған бiрлiк;

2.Изооктан мен Н-гептаннан тұратын қоспадағы изооктанның пайыздық (көлемi бойынша) құрамын көрсететiн жанар майдың детонациялық тұрақтылығын өлшеуге арналған бiрлiк;

3.Цетанның альфаметилнафталин қоспасындағы пайыздық құрамы (көлемi бойынша);

4.Октанның альфаметилнафталин қоспасындағы пайыздың құрамы (көлемi бойынша);

5.Изооктан мен Н-гептаннан тұратын қоспаның детонациялық тұрақтылығын өлшеуге арналған бiрлiк.

58.Дизель двигательдерiнің жану процесiне әсер ететін факторларды атаңыз?

1.Сығылған ауаның қысымы, ауадағы жанар май буының мөлшерi, жанар майдың химиялық құрамы;

2.Сығылған ауаның температурасы, ауадағы жанар май буының мөлшерi, жанар майдың химиялық құрамы;

3.Сығылған ауаның қысымы мен температурасы, жанар майдың булануы және химиялық құрамы;

4.Сығылған ауаның қысымы мен температурасы, ауадағы жанар май буының мөлшерi, жанар майдың булануы және химиялық құрамы;

5.Сығылған ауаның қысымы мен температурасы, ауадағы жанар май буының мөлшерi, жанар майдың булануы.

59.Мұнай өнiмдерiнiң сапасын анықтау үшiн алынатын сынақ үлгiсiнiң қандай түрлерiн бiлесiз?

1.Жеке, бақылау және толық;

2.Орташа және бақылау;

3.Жеке,орташа және бақылау;

4.Жеке,орташа және аралас;

5.Жеке және аралас.

60.Мұнай өнiмдерiне жасалынатын лабораториялық талдаудың түрлерiн атаңыз?

1.Жеке,бақылау және толық;

2.Қабылдау-тапсыру, бақылау және толық;

3.Жеке, қабылдау-тапсыру, бақылау;

4.Қабылдау-тапсыру, орташа және толық;

5.Қабылдау-тапсыру, орташа және аралас.

61.Дизель жанар майының қайнау температуралары қандай шамада болады?

1. 35-200градус(С)

2. 50-250градус(С)

3. 80-280градус(С)

4. 170-380градус(С)

5. 415-420градус(С

62.Газ тәрiздес отындардың физикалық қасиеттерiне байланысты қандай түрлерiн бiлесiз?

1.Сығылған және сұйытылған;

2.Табиғи және мұнай өндiрiсiнде шығатын қосалқы газдар;

3.Табиғи және зауыт газдары;

4.Табиғи, сығылған және сұйытылған;

5.Табиғи,мұнай өндiрiсiнде шығатын қосалқы газдар,зауыт газдары.

63. Отындар жаратылысы бойынша қандай түрлерге бөлiнедi?

1.Табиғи, жасанды және аралас;

2.Табиғи және газ тәрiздi;

3.Табиғи және жасанды;

4.Газ тәрiздi және жасанды;

5.Табиғи газдар, мұнай және көмірлер.

64. Агрегат күйі бойынша отынның негiзгi түрлерiн атаңыз?

1.Қатты, сұйық және газ тектес;

2.Қатты, табиғи және газ тектес;

3.Қатты, сұйық және жасанды;

4.Қатты, сұйық, газ тектес және жасанды;

5.Табиғи және жасанды.

65.Мұнай өнiмдерiнiң тығыздығы қандай аспаппен анықталады?

1.Спиртометр;

2.Вискозиметр;

3.Нефтеденсиметр (ареометр);

4.Индикатор көмегiмен;

5.Вискозиметр және ареометр.

66. Қысқы бензиндердің қаныққан буының қысымы қандай болады?

1. 93,3 кПа дейін;

2. 66,7 кПа дейін;

3. Ешқандай норма қойылмаған;

4. 66,7 кПа жоғары;

5. 93,3 кПа жоғары;

67. Бензин және дизель жанармай құрамындағы суда еритін қышқылдар мен сілтелер мөлшерін атаңыз?

1. 100 мл көлемде 10 мг-ге дейін;

2. 100 мл көлемде 15 мг-ге дейін;

3. 100 мл көлемде 5 мг-ге дейін;

4. Жанармай құрамдарында ешқандай қышқыл, сілтелер болмауы керек;

5. Қалдықтар болуы мүмкін;

68. Жанармай құрамындағы су мөлшерін атаңыз?

1. 100 мл көлемде 1 мг болуы мүмкін;

6. 100 мл көлемде 2 мг болуы мүмкін;

2. 100 мл көлемде 3 мг болуы мүмкін;

3. Ешқандай су мөлшері болмауы керек;

4. Аздаған мөлшерде болуы мүмкін;

69. Экологиялық таза бензиндер құрамындағы күкірт мөлшерін атаңыз?

1. 0,01%

2. 0,05 %

3. 0,02%

4. Ешқандайда болмауы керек;

5. 0,1%

70. «Супер-98» бензин құрамындағы бензол мөлшерін атаңыз?

1. 0,5 %

2. 5 %

3. 5 % -ке дейін;

4. 20 %

5. 10 %

71. Жазғы бензиндердің қаныққан буының қысымы қандай болады ?

1. 66,7 кПа дейін;

2. 93,3 кПа дейін;

3. Ешқандай норма қойылмаған;

4. 66,7 кПа жоғары;

5. 93,3 кПа жоғары;

72. Бензиннің қайнау температурасы қандай шамада болады?

1. 35-200 градус (С)

2. 50-250 градус (С)

3. 80-280 градус (С)

4. 170-380 градус (С)

5. 415-420 градус (С)

73. Газ тәріздес отындардың физикалық қасиеттеріне байланысты қандай түрлерін білесіз?

1. Сығылған және сұйытылған

2. Табиғи және мұнай өндірісінде шығатын қосалқы газдар

3. Табиғи және зауыт газдары

4. Табиғи сығылған және сұйытылған

5. Табиғи және мұнай өндірісінде шығатын қосалқы газдар , зауыт газдары

74. Двигательдердің пайдалану жағдайына байланысты бензиндер жазғы және қысқы түрлерге бөлінеді, олар аймақтың климатына байланысты жылдың қай айлар аралығында пайдаланылады?

1. 1-көкек пен 1-қазан айлары аралығында

2. 1-қазаннан 1-көкекке дейінгі аралықта

3. 1- маусынан 1-қаңтарға дейінгі аралықта

4. 1- науыздан 1- желтоқсанға дейінгі аралықта

5. Қысқы бензин 1-қазаннан 1-көкекке дейінгі аралықта, ал жазғы бензин 1-көкек пен 1-қазан айлары аралығында қолданылады

75. Двигательдердің салқындату жүйесінде қату температурасы төмен сұйықтар қай мезгілде пайдаланылады?

1. Барлық мезгілде

2. Тек жазда

3. Тек күзде

4. Тек қыста

5. Тек көктемде.

76.Салқындатқыш сұйықтардың тығыздығы қандай аспаппен анықталады?

1.Спиртометрмен

2.Вискозиметрмен

3.Гидрометрмен

4.Индикатор көмегімен

5. Нефтеденсиметрмен

77.Газ тектес отындарының жаратылысы бойынша бөлінетін түрлерін атаңыз?

1.Сұйық, табиғи, жасанды

2.Генераторлы, сұйытылған, аралас

3.Табиғи, домендік, генераторлы

4.Табиғи, жасанды, домендік, генераторлы

5.Табиғи, жасанды

78.Іштен жанатын двигательдердің салқындату жүйесіне қолданылатын сұйықтарды атаңыз?

1.Су

2.Этиленгликольді сұйықтар

3.Су және этиленгликольді антифриздер

4.Су, ауа және этиленгликольді антифриздер

5.Су, этиленгликольді сұйықтар және дизель отыны

79.Қандай майларды қоспа түрінде амортизаторларға қолдануға болады?

1.Моторлық + трансмиссиялық

2.Моторлық және индустриалдық бірдей мөлшерде

3.Трансформаторлық+ турбиналық бірдей мөлшерде

4.Индустриалдық+ трансмиссиялық

5.Трансформаторлық және индустриалдық бірдей мөлшерде

80.Тежеуіш сұйықтарын жанар-жағар май материалдарымен араластыруға бола ма?

1.Болмайды

2.Екеуін бірдей мөлшерде араластырады

3.Кез келген қатынаста араластырылады

4.Тежеуіш сұйық 10% көлемінде болуы керек

5.Болады, тек қосымша қоспалар қосылуы керек

81.БСК және « Томь» тежеуіш сұйықтарын бір бірімен араластыруға бола ма?

1.Болады

2.Тек екеуін бірдей мөлшерде болады

3.Болмайды, өйткені олар бірікпейді

4.БСК-30%, « Томь» –70% көлемінде болуы керек

5.БСК-70%, «Томь» 30% көлемінде болуы керек

82.Пайдалану қасиеттері бойынша мотор майлары неше топқа бөлінеді?

1. 3

2. 5

3. 6

4. 4

5. 7

83. Тұтқырлығы бойынша жазғы мотор майлары неше классқа бөлінеді?

1.7

2.6

3.5

4.4

5.8

84. Жазғы мотор майларының тұтқырлығық класстары қандай?

1.4,6,8,10,12,14,16

2.6,8,10,12,14,16,20,24

3.2,4,6,8,10,12,14

4.8,10,12,14,16,18,20

5.9,12,18,34

85. Маркасы М-10-Г1 жағармайындағы 10 саны нені білдіреді?

1.Қоспа (присадка) мөлшерін

2.100 градус (С) кезіндегі жағармайдыңкинематикалық тұтқырлығын

3.Цетан санын

4.Октан санын

5.Класын

86.Тұтқырлық дегенiмiз не?

1.Сұйықтың iшкi үйкелiске қарсыласу қасиетiн көрсетеді;

2.Отынның булануын көрсетеді;

3.Тұтанғыштығын көрсетеді;

4.Тығыздықтың көлемге қатынасын көрсетеді;

5.Қайнау температурасына сәйкестік тығыздықты көрсетеді.

87.Майдың тұтқырлық индексi ненi бiлдiредi?

1.Температураға байланысты тұтқырлықтың өзгеру дәрежесiн;

2.100градус (сСт) кезiндегi кинематикалық тұтқырлығын;

3.Қысымға байланысты тұтқырлықтың өзгеру дәрежесiн;

4.Сантистокспен (сСт) берiлген -18градус(С)-дағы кинематикалық тұтқырлықтың шамасын;

5. Двигательдi қандай майлармен майлауға қажет екенiн.

88.Қорғағыш қоспа майдың тұтқырлық индексiне қалай әсер етедi?

1.Әсер етпейдi;

2.Тұтқырлық индексiн төмендетедi;

3.Тұтқырлық индексiн арттырады;

4.Тұтқырлық индексi өзгермейдi,бiрақ төмен температуралық қалдықтар түзуге бейiмдiлiгi артады;

5.Тұтқырлық индексi төмендейдi,тотығуға қарсыласу қасиетiн күшейедi.

89.М-8-В1 майының маркасындағы 8 саны ненi бiлдiредi?

1.Тұтқырлық класын;

2.Пайдалану тобын;

3.Қоспа санын;

4.Тығыздығын;

5.Термототығу тұрақтылығын.

90.Төмендегi майлардың қайсысын жазда қолданған дұрыс?

1. М-8-Г2

2. М-12-Г1

3. М-6з/10-Г1

4. М-8-Г1

5. М-8-Б1

91. Төмендегi майлардың қайсысын дизель двигательдерiне қыста қолданғаны дұрыс?

1. М-8-Г2

2. М-12-В2

3. М-4з/8-В1

4. М-10-Г2

5. М-12-Г1

92.Барлық маусымға қолданылатын май маркасын көрсетiңiз?

1. М-8-Б1

2. М-10-В2

3. М-6з/10-Г1

4. М-8-А

5. М-10-Б-2

93. М-8-В2 майын қай мезгілде пайдаланған жөн?

1.Жазда;

2.Қыста;

3.Жыл бойы;

4.Тек жазда, қоршаған ортаның температурасы +20градус (С) және жоғары болғанда;

5.Тек қыста, қоршаған ортаның температурасы -50градус (С) және төмен болғанда.

94.Жоғары шапшаңдықпен iстейтiн дизельдерге қандай май қолданылады?

1. М-8-Б1

2. М-10-Б2

3. М-8-Г2

4. М-8-Д

5. М-12-Е

95. М-10-В2 майы қандай двигательдерге қолданылады?

1.Аз шапшаңдықпен iстейтiн карбюраторлы двигательдерде;

2.Орташа шапшаңдықпен iстейтiн дизельдерге;

3.Жоғары шапшаңдықпен iстейтiн двигательдерге;

4.Шапшаң жұмыс iстемейтiн карбюраторлы двигательдерге;

5.Орташа шапшаңдықпен iстейтiн карбюраторлы двигательдерге.

96.ЯМЗ-240Б, КАМАЗ-740 двигательдерiнде қандай май пайдаланылады?

1. М-8-Г1

2. М-8-Г2

3. М-8-Г2к

4. М-8-В2

5. М-10-В2

97. М-8-Б1 майын Д-240 двигателiне құюға бола ма?

1.Болады;

2.Болмайды;

3.Тек жаз айларында ғана;

4.Тек қыста;

5.Арнайы қоспа қосып.

98.Қоюлатылған мотор майының тұтқырлық индексi қандай болады?

1. 75-тен аспайды;

2. 90-ға жуық;

3. 125-тен кем емес;

4. 130-дан жоғары;

5. 100-ден кем емес.

99."Б" және "Г" тобындағы майларды араластыруға бола ма?

1.Болады;

2.Болмайды;

3.Орташа шапшаңдықпен iстейтiн двигательдерде қолдану үшiн араластыруға болады;

4.Үстiне арнайы қоспа қосылатын болса болғаны;

5.Қажетті жағдайда ғана.

100.Сыртқы сипатына қарай майлағыш заттар қандай түрлерге бөлiнедi?

1.Сұйық, пластикалық;

2.Пластикалық, құрғақ;

3.Сұйық, құрғақ, синтетикалық;

4.Пластиакалық, синтетикалық, органикалық;

5.Сұйық, пластикалық, құрғақ.

101.Мотор майының құрамында пайда болған су, оның қасиетiне қалай әсер етедi?

1.Коррозияны күшейтедi, майлағыш қасиетi нашарлайды, қоспалар бөліне бастайды;

2.Депрессорлық қасиеттерi артады;

3.Тұтқырлық қасиетi жақсарады, жуғыш қасиетi жоғарлайды;

4.Белгiлi мөлшерде (рұқсат етiлетiн деңгейде) су болуы қажет, сондықтан оның қасиетiне әсерi жоқ;

5.Тұтқырлығы төмендейдi, майлағыш қасиетi нашарлайды.

102.Қандай маймен жұмыс iстегенде двигательдi от алдыруын қиындатып, жанар майды шамадан тыс жұмсауына алып келеді?

1.Тұтқырлығы төмен;

2.Тұтқырлығы жоғары;

3.Жазғы;

4.Қысқы;

5.Барлық маусымға арналған.

103. Майдың жуғыш қасиетi дегенiмiз не?

1.Үйкелетiн беттердiң бөлшектерiн коррозиядан қорғау қабiлетi;

2.Қабаттасқан беттерден үйкелiс салдарынан бөлiнiп шыққан заттар мен қажетсiз өнiмдердi шайып әкетiп және оларды осы май құрамында қалықтаған жағдайда ұстап тұру;

3.Бөлшектердiң беттерiнде олардың жылу беру қасиетiн төмендететiн күйе мен лак қалдықтарын түзуден қорғау қабiлетi;

4.Үйкелiсетiн беттерден бөлiнiп шығатын жылуды алып кетiп тұру қабiлеттiлігін;

5.Жанғыш жұмысшы қоспалар жану өнiмдерiнiң двигатель картерлерiне өтуiне кедергi жасау қабiлетiтiлігі.

104.Қолдану жағдайына байланысты трансмиссиялық майлары неше топқа бөлiнедi?

1. 3

2. 4

3. 5

4. 6

5. 7

105.Трансмиссиялық майды тұтқырлығына байланысты неше класқа бөлінедi және олар қандай?

1. 4 (9;12;18;34)

2. 5 (8;9;12;18;34)

3. 6 (6;8;10;12;14;16)

4. 4 (10;12;14;16)

5. 7 (6;8;10;12;14;16;20)

106. Тотығуға қарсы қоспалардың қызметi қандай?

1.Тотығу өнiмдерiнiң жиналуын болдырмайды;

2.Қақ түзу қарқындылығын төмендетедi;

3.Металдық химиялық (коррозиялық) тозуын тежейдi;

4.Қату температурасын төмендетедi;

5.Жұмыс температурасы шегiнде тұтқырлығын арттырады.

107. Қоюлатылмаған мотор майының тұтқырлық индексi қандай?

1. 75-тен аспайды;

2. 90-нан жоғары емес;

3. 125-тен кем емес;

4. 125-тен жоғары;

5. 100-ден кем емес.

108.Май маркаларындағы, мысалы М-8-Б1,М-10-Г2, 1 және 2 сандары ненi бiлдiредi?

1. 1-карбюраторлы, бензинмен жүретін двигательдерге арналған; 2-дизель жанар майымен жүретін двигательдерге арналған;

2. 1-дизельдi двигательдер үшiн; 2-карбюраторлы двигательдер үшiн;

3. Тұтқырлығын бiлдiредi;

4. 1-жазғы; 2-қысқы түрлерi екенiн;

5. 1-қысқы; 2-жазғы түрлерi екенiн.

109. Бензиндер қозғалтқыштарға қалай белгіленеді?

1. Бензинмен жүретін қозғалтқыштарға бензин маркасы олардың сығу дәрежесіне байланысты;

2. Дизель моторының сығу дәрежесіне байланысты;

3.Жазғы және қысқы мезгілдерінде пайдалануына байланысты;

4.Жану камераларының формаларына байланысты;

5. Қозғалтқыштар қуаттарының көлеміне байланысты.

110. Пластикалық майлар маркасындағы "С" және "Ж" индекстерi ненi бiлдiредi?

1. С-қалыпты температурада жалпы мақсаттағы пластикалық май; Ж-ыстық температураға төзiмдi (150градус 0С);

2. С-суық мерзiмде пайдалануға; Ж-жылы мерзiмде пайдалануға;

3. С-аязға төзiмдi; Ж- ыстыққа төзiмдi;

4. С-қалыпты температурадағы жалпы қажеттiлiк үшiн; Ж-жоғары температурадағы жалпы қажеттiлiк үшiн;

5. С-төмен(-) температурадағы жалпы қажеттiлiк үшiн; Ж-жоғары температурадағы жалпы қажеттiлiк үшiн.

111. ОМ-2 маркалы майдың негізгі қызметi?

1.Авиациялық гидравликалық май;

2.Тракторлар мен автомобильдердiң гидравликалық жүйелерiнде қолданылады;

3.Двигательдi от алдырып, машинаны жүргiзiп жаттықтыруға(обкатка жасауға) қолданылады;

4.Тракторлар мен автомобильдердiң трансмиссияларында қолданылады;

5.Автомобильдердiң телескопиялық амортизаторларына арналған.

112.Созылмалы жұмсақ майларының қай топтары суда еридi?

1.Натрийлықтар;

2.Кальцийлықтар;

3.Литийлықтар;

4.Алюминийлықтар;

5.Барийлықтар.

113.Келтiрiлген қоюлатқыштардың қайсысы солидол құрамына кiредi?

1.Натрий;

2.Кальций;

3.Литий;

4.Алюминий;

5.Барий.

114.Созылмалы "ШРБ-4" жұмсақ майын, майлардың қай тобына жатқызамыз?

1.Натрийлықтарға;

2.Кальцийлықтарға;

3.Литийлықтарға;

4.Алюминийлықтарға;

5.Барийлықтарға.

115."Холод-Д-40" және "Арктика" маркалы сұйықтарының қызыметi қандай?

1.Жанармайдың тұтқырлығын төмендетедi;

2.Қоршаған ортаның температурасы төмен болған жағдайда суық двигательдi алдын ала қыздырмай-ақ оның от алуын жеңiлдету үшiн қолданылады;

3.Жағармайдың тұтқырлығын төмендетедi;

4.Әйнектердi қыста тазарту үшін пайдаланылады;

5.Тежеуiш сұйықтардың орнына пайдаланылады.

116."Тосол" салқындатқыш сұйығының құрамын атаңыз?

1.Этиль спиртi және судан тұратын қоспа;

2.Дистиленген су мен этиленгликоль, коррозия мен көбiршектенуге қарсы және бояғыш қоспалары бар сұйық;

3.Бутил спиртi және судан тұратын қоспа;

4.Бензин және қысқы дизельжанармайынан тұратын қоспа;

5.Метил спиртi және судан тұратын қоспа.

117.АЖ-12Т сұйығы қайда пайдаланылады?

1.Автомобильдердiң телескопиялық амортизаторларына арналған;

2.Тежеуiш сұйық ретiнде пайдаланылады;

3.Қысқы кезде двигательдi жылдам от алдыруға қолданылады;

4.Әйнектi қысқы мезгiлде тазарту үшiн пайдаланылады;

5.Гидравликалық жүйелерге жұмысшы сұйықтар үшiн қолданылады.

118. Дизель жанармайының қысқы мезгілге арналған түрлерін нелiктен жазғы мезгiлде пайдалануға болмайды?

1 Тұтқырлық коэффициентiнiң мәнi төмен болуына байланысты

жанармай аппаратураларының тез тозуына әкелiп соғады және өрт қауiпсiздiгi сақталмайды;

2 Жазда двигатель көрсетiлген жанармаймен жұмыс жасай алмайды себебi сұйықтың тұтқырлығы жоғары;

3 Жазда, ол отынмен от алуы қиын;

4.Жазда, ол отынмен двигатель жұмыс жасағанда шығын көп болады.

5.Өрт қауiпсiздiгi сақталмайды.

119.М-6Б1 майының маркасын талдаңыз?

1.М – моторды майлауға арналған майы, 6 – майдың +1000С кезiндегi кинематикалың тұтқырлығы, сСт, Б1- аз форсирленген карбюраторлы двигательдер үшiн арналған май;

2. М-май дегендi көрсетедi, 6-тұтқырлық индекстi көрсетедi, ал Б1- дизель моторына арналғанын көрсетедi;

3. М-мотор майы, 6 - тұтқырлық класс (тобы),ал Б1-әмбебапты май;

4. М-мотор майы, 6 -100 0С кезiндегi динамикалық тұтқырлық, Па.сек, ал Б1 - орташа форсирленген моторларға арналған;

5. М-мотор майы, 6 -тұтқырлық тобы, Б1-форсирленбеген моторларға арналған.

120.БСК және РОСА тежеуiш сұйықтарын бір-бірімен араластыруға болама?

1.БСК және РОСА сұйықтарын араластыруға болмайды, өйткенi олар бiрiкпейдi, толық жұмыс сапасын жояды;

2. БСК және РОСА тежеуiш сұйықтарын араластыруға болады, ештеңе өзгермейдi;

3.Сұйықтарды араластыруға болар едi, улылығы күшейiп кетедi;

4.Сұйықтарды араластыруға болмайды, себебi булы тығындар пайда болады;

5.Сұйықтарды араластыруға болмайды, себебi қатып қалады.

121.Мұнай өнiмдерiнiң тығыздығы ортаның температурасына қалай тәуелді?

1. Температура көтерiлуiне байланысты мұнай өнiмдерiнiң тұтқырлығы төмендейдi және керiсiнше төмендегенде жоғарлайды;

2.Мұнай өнiмдерiнiң тығыздығы температураға байланысы жоқ;

3.Мұнай өнiмдерiнiң тығыздығының температураға байланысы бар, қыста қатып қалады;

4 Мұнай өнiмдерiнiң тығыздығы температураға байланысы аз.

5.Мұнай өнiмдерiнiң тығыздығы температураға байланысты күштi, және тез буланады.

122. Консервациялық майларының маркаларын атаңыз?

1.М-10Г1, М-8А;

2.М-4з/10В2, М-6з/12Г1;

3.К-17, НГ-203А,Б,В; НГ-216 майы, АКОР-1,"Мовиль" қоспаларымен;

4.ТМ-2-18, ТМ-5-18;

5.МГЕ -10А, МГ-22Б.

123.Су ертiндiсiнің фенолфталеин индикаторын қосқан кезде таңқурай түсiне боялуы ненi көрсетедi?

1. Органикалық қышқылдардың бар екенiн;

2.Активтi күкiрттердiң бар екенiн;

3.Суда ерiгiш қышқылдардың бар екенiн;

4.Суда ерiгiш сiлтілердiң бар екенiн;

5.Механикалық қоспалардың бар екенiн.

124.Двигательдегi күйе қабыршықтары не затқа әсер ете алмайды?

1.Жылу берiлiске;

2.Отынның шығынына;

3.Қуаттың төмендеуiне;

4.Двигательдiң от алуына;

5.Двигательдiң тозуына.

125.Майдың от алу температурасы оның қандай қасиетiн сипаттайды?

1.Тотығуын;

2.Майлылығын;

3.Күлдiлiгiн;

4.Бұлануын;

5.Қатулығын.

126.Активтi күкiртi бар құрамында жанармай, двигательдiң жұмысына әкелетiн салдарын атаңыз?

1. Жылу берiлiсiнiң төмендеуiне;

2.Ди

Наши рекомендации