Аспаптық зерттеу 1. Іш қуысы ағзаларының жалпы шолу рентгенографиясы2. Іш қуысын ультрадыбыстық зерттеу

Асқазан-ішек жолын контрастты зерттеу4. Диагностикалық лапароскопия(басқа әдістер ақпаратсыз болғанда).5. Компьютерлік томография

3.https://diseases.medelement.com/disease/view/MTM3NDU%253D/fDEyfA%253D%253D

Емдеу тактикасы:

Медикаментозды емес: (1 режим, 0 диета)

Медикаментозды:

Спазмолитиктер

Холинэстераза ингибиторы

Парентералды қолданылатын регидратация мен дезинтоксикацияға арналған препараттар

Анальгетиктер

Антибактериалды терапия

Хирургиялық араласужедел механикалық ішек өтімсіздігінде маңызды болып табылады.
1. ЖІӨ операциясы наркоз арқылы үш дәрігерлік бригадамен жасалынады.
3. Өтімсіздіктің кез-келген локализациясында - орталық лапаротомия, қажетінше - іш қуысына кірерде тыртықтарды кесу мен жайлап жабыспаларды ажырату.[5].
7. Ішек резекциясына көрсеткіші ретінде визуалды белгілер саналады (түсі, қабырғасының ісінуі, субсерозды қанқұйылу, перистальтика, қабырғалық тамырлардың пульсациясы мен қанға толуы). Резекция шекараларын ішек қабырғасы қандануы бұзылғаны көрініп тұрған жерден әкелетін бөлім жақтан 35-40 см, әкететін бөлім жақтан 20-25 см шегініп таңдау керек.

#

6. 52 жастағы ер адам, хирургияның қабылдау бөліміне ауру сезімі белдемелі түрде белге берілетін эпигастрий аймағындағы қатты ауырсынуына, жүрек айнуына, жеңілдік әкелмейтін бірнеше рет құсуына байланысты жеткізілді. Бірнеше күн алкогольдік ішімдік қабылдаған.

Жағдайының ауырлағанын майлы және қуырылған тамақ ішумен байланыстырады.

Обьективті: науқас арық, дене бітімі дұрыс. Кіндік айналасы және ішінің бүйір бетіндегі терісі мәрмер түстес. Пульсі минутына 100 рет. Тілі ылғалды, жабындымен қапталған. Іші кебіңкі, жұмсақ, эпигастрий және оң жақ қабырға асты ауырсынады. Сол жердің бұлшық еттері ширыққан. Перитонеальді симптомдар анықталмайды. Қан анализінде: Лейкоциттер – 12,4х10/9л, Эр – 3,4х10/12 л, Нв-154г/л. ЭТЖ- 24 мм/сағ. Зәрінің диастазасы – 512 бірл.

1. (МКБ-10 бойынша)Негізгі диагноз: Жедел панкреатит (К 85)

Дифференциалды диагностика: он екі елі ішек немесе асқазанның ойық жарасының перфорациясы, пенетрациясы, странгуляциялық ашішек өтімсіздігі, мезентериалды қан тамырларының тромбозы, жедел холецистит, қолқа аневризмасының жыртылуы, жедел коронарлық синдром

2. https://diseases.medelement.com/disease/view/MTQyMTg%253D/fDh8

Диагностика

Шағымы мен анамнезін жинау(жедел панкреатиттің негізгі симптомдары - Мондор триадасы: ауру сезімі, құсу, метеоризм, анамнезінде майлы және қуырылған тамақ ішкені, бірнеше күн алкогольдік ішімдік қабылдағаны анықталды)

Физикалық тексеру

Қарап тексергенде іштің кебуі, әсіресе жоғары бөліктерінде байқалады. Сол қабырға-омыртқалық бұрышты пальпациялағанда кенеттен ауру сезімі күшейеді (Мейо-Робсон симптомы). Керте симптомы, Воскресенский, Мондор симптомы, Грей-Тернер симптомы, Грюнвальд симптомдары - оң боп анықталады.
Лабораториялық тексеру

- Қанның жалпы анализі.

- Қандағы альфа-амилаза (норма - 0 - 50 Ед/л) мен липаза (норма - 0 - 190 Ед/мл) белсенділігін анықтау.

- Зәрдің жалпы анализі және зәр диастазасы

- Зәрдегі амилазаны анықтау

- Қанның биохимиялық анализі (АСТ, АЛТ, ЛДГ, креатинин, мочевина, сілтілі фосфатаза, амилаза, липаза), жедел панкреатиттің ауырлық дәрежесін анықтау үшін С-реактивті белокты аптасына екі рет анықтау.

- Коагулограмма (протромбиндік индекс, ұю уақыты, қанау уақыты, фибриноген, АЧТВ)

- Прокальцитониндік тест

Аспаптық зерттеу әдістері
ультрадыбыстық зерттеу(УДЗ), компьютерлік томография (КТ), лапароскопия, эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография (ЭРХПГ) және эндоскопиялық папиллосфинтеротомия (ЭПСТ), магнитті резонанстық томография (МРТ), рентгенологиялық зерттеу әдістері, дифференциалды дигностика үшін: ЭФГДС, ЭКГ.,

3.https://diseases.medelement.com/disease/view/MTQyMTg%253D/fDEyfA%253D%253D Дамира жазды

#

7. Перфоративті аппендицитке байланысты операция жасалынған науқаста динамикада іштің жоғарғы оң жақ жартысында ауру сезімі және қалтырау п

айда болды. Қан талдамасында лейкоцитоз 18,0х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Құрсақ қуысының УДЗ-де диафрагма астындағы кеңістігінде шектелген сұйықтықты түзіліс анықталған.

1. (МКБ-10 бойынша)Негізгі диагноз: Екіншілік жедел перитонит (Көкетастылық абсцесс) (K65.0)

Дифференциалды диагностика: 1. Асцит

2. Қант диабеті кезіндегі псевдоперитонит

3. Уремиялық псевдоперитонит

4. Төменгі бөліктік пневмония, плеврит

2. https://diseases.medelement.com/disease/view/MTQ0NTc%253D/fDh8

https://diseases.medelement.com/disease/view/MTQ0NTc%253D/fDl8

3.https://diseases.medelement.com/disease/view/MTQ0NTc%253D/fDEyfA%253D%253D

#

8. 38 жаста науқаста алкогольдік ішімдік қабылдағаннан кейін ішінің жоғарғы жағында қатты ауру сезімі пайда болған, ауру сезімі жауырынға беріледі, бірнеше рет құсқан. Жалпы жағдайы ауыр. Бет терісі гиперемияланған, құрғақ. Өкпесінде тынысы қатаңдап, сол жағында әлсіреген. Пульсі минутына 120 рет, АҚ 150/90 мм.сн.бағ. Тілі құрғақ, өңезделген. Ішінің көлемі үлкейген, жоғарғы жағы тыныс алуға шектеулі түрде қатысады, эпигастрий аймағы ауырсынып сол жердің бұлшық еттері қатайып, ішастардың тітіркену белгісі оң. Ішек перистальтикасы естілмейді. Үлкен дәреті болмаған. Ультрасонография жасағанда ұйқы безінің көлемі ұлғайған, шеттері тегіс емес, жоғарғы шағылысу ошақтары анықталады. Шарбы май қалтасында 100мл сұйықтық анықталады. Өт қабы өзгермеген. Холедохтың көлемі қалыпты. Құрсақ қуысында бос сұйықтық анықталады.

1. (МКБ-10 бойынша)Негізгі диагноз: Жедел деструктивті панкреатит (панкреонекроз) (К85). Асқынуы: Ферментативті перитонит (K65.0).

2. https://diseases.medelement.com/disease/view/MTQyMTg%253D/fDh8

3.https://diseases.medelement.com/disease/view/MTQyMTg%253D/fDEyfA%253D%253D

#

9. 68 жастағы ер адамда диетасы бұзылған соң ішінің жоғарғы бөлігінде кенеттен ауру сезімі пайда болды, ауру сезімі жауырынға беріледі, өтпен бірнеше рет құсқан, дене температурасы 37,6 көтеріліп тоңып қалтыраған. Но-шпаны ішкен соң ауру сезімі басылған. Бір тәуліктен кейін дене терісі сарғайып, ішіндегі ауырсыну сақталған.

Объективті: Жалпы жағдайы орташа. Терісі мен склерасы сарғайған. Пульсі минутына 90 рет. АҚ 120/80 мм.сн.бағ. Тілі ылғалды, өңезделген. Іші аздап кепкен, жұмсақ, эпигастрий аймағы ауырады. Перитонеальді симптомдар анықталмайды. Өт қабы пальпацияланбайды. Лейкоциттер 10,2 х 10/л, қандағы билирубин 60мкмоль/л. Құрсақ қуысының УДЗ-өт қабы 4,5х3,6см. қабырғасы 0,3см. Өт қабында конкременттер жоқ. Холедох кеңейген ішінде 1,5см. дейін конкремент анықталады.

1.(МКБ-10 бойынша)Негізгі диагноз: Жеделхолецистит (K81.0 ). Асқынуы:Механикалық сарғаю(холедохолитиаз) (K80.4).

2. https://diseases.medelement.com/disease/view/MTM3NDg%253D/fDh8

3.https://diseases.medelement.com/disease/view/MTM3NDg%253D/fDEyfA%253D%253D

#

10. 34 жастағы әйел адам, хирургтың амбулаторлы қабылдауына келді. Сол балтырының медиальді бетіндегі, санның ортаңғы және төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Ауру осыдан үш күн бұрын балтыры тұсында пайда болып, кейін уақыт өте санына тараған. Дене температурасы 37,5 0С жоғарылап, жүруін қиындатқан.

Қарап-тексергенде кеңейген сол жақ үлкен тері асты венасы бойымен терісі қызарған, вена бойын пальпация жасағанда қатты бау сияқты ауыратын түзіліс анықталады. Шап аймағын пальпация жасағанда ауру сезімі анықталмайды. Аяқ басы мен балтырдың ісінуі жоқ

1. (МКБ-10 бойынша)Негізгі диагноз: Сол жақ аяқ веналарының варикозды ауруы (I83.1). Асқынуы: үлкен теріастылық вена бассейніндегі жедел беткейлік тромбофлебит (варикотромбофлебит) (I80.0 ).

#

11. 43 жастағы ер адам, абсцесспен асқынған оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясымен ем алып жатыр. 2 сағат бұрын науқастың жағдайы күрт нашарлап – кеудесінің оң жақ жартысында қатты ауру сезімі пайда болып, тыныс алуы қиындаған. Жалпы жағдайы ауыр. Дене температурасы – 39,2 С. Терісі мен шырышты қабаттары көгерген. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет, тынысы беткей. Оң жағында перкуторлы дыбысы және тынысы жауырынның ортасына дейін әлсіреген. Перкуторлы дыбыстың жоғарғы жағында плевраның үйкелген шуылы естіледі.

Наши рекомендации