ІІ. Созылмалы ұлпа қабынуына тән белгілер.
Үрдіс бірнеше күннен бірнеше айға созылады. Тіс сауыты көбірек мүжілген, түсі өзгеруі де мүмкін. Кейде қуыс қиын жерде орналасқан болса, тітіркендіргіштерден ауру болуы мүмкін. Ол терең тіс жегіге қарағанда ұзақ уақыт ұсталып тұрады. Суық ауа жұтқанда, жылы бөлмеге суықтан кіргенде ауырсыну мен ыңғайсыздық сезінеді.
Созылмалы фиброздыұлпа қабынуы – тамақ жегенде ыңғайсыздықты сезінеді, тістің шамалы ауырып тұратынына шағымданады, ауру температура өзгеруінен басталады.
Қарап тексергенде тісте терең тіс жегі қуысы бар. Шұқып қарағанда тіс жегі қуысымен тіс қуысы арасында өту жолы болады және ауырады. ЭОД 20 – 40 мкА ді көрсетеді. Кейде қуыс тесілмеген болады немесе тісте пломба болады. R – суретінде периодонт саңлауының шамалы кеңейгендігін көреміз.
Созылмалы гангренозды ұлпа қабынуы – науқас түрлі тітіркендеіргіштерге тістің сыздап ауыратынына, әсіресе ыстықтан үдеп, тоқтамауына шағымданады. Ауыздан жағымсыз иіс шығады. Науқас алдын тісі қатты ауырғанын, ол кейін келе бәсеңдеп, тоқтап қалғанын айтады.
Қарап тексергенде тісте терең тіс жегі қуысы бар. Бастапқы кезде қуысты шұқып қарағанда ұлпа ауырып, қанайды. Кейін келе сауыт ұлпасын шұқып қарағанда ауырмайды, ол тек арна бастауында ауырады. ЭОД- 40-60 мкА көрсетеді.
Созылмалы гипертрофиялық ұлпа қабынуы – гипертрофия бұл ағза көлемінің ұлғаюы. Науқас тіс қуысынан ет өсіп шыққанына, ол тітіркендіргіштерден сыздап ауыратынына, тиіп кетсе қанайтынын айтады. Ал кейде тек тамақ жегенде ауырып, қанауы мүмкін.
Қарап тексергенде тісте терең тіс жегі қуысы бар. Қуыстан ет өсіп шыққан. Шұқып қарағанда ауырады, қанайды, қуыстың шетінен зондты айналдыра жүріп тексергенде өсінді оқшауланғанын көреміз. Қағып қарағанда ауырмайды. ЭОД 30-40 мкА көрсетеді.
Созылмалы ұлпа қабынуының асқынуы – тіс жедел ұлпа қабынуындағыдай қатты ауырады, бірақ тіс алдын ауырған болатынын, кейіннен қойып кеткенін айтады. R – суретінде периодонт саңылауының кеңейгенін, не тіс ұшының қарайғанын көреміз.
Бақылау сұрақтары:
1. Тіс ұлпасы қабынуының этиологиясын айтыңыз?
2. Тіс ұлпасы қабынуының патогенезі қандай?
3. Тіс ұлпасы қабынуыларының жіктелуін атаңыз?
4. Балаларда ұлпа қабынуының жіктелуі қандай болады?
5. Жедел ұлпа қабынуына тән белгілерді атаңыз?
6. Жедел ошақты ұлпа қабынуының клиникасы қандай?
7. Жедел жайылған ұлпа қабынуының клиникасы қандай?
8. Созылмалы ұлпа қабынуына тән белгілерді атаңыз?
9. Созылмалы фиброзды ұлпа қабынуының клиникасы қандай?
10. Созылмалы гангренозды ұлпа қабынуының клиникасы қандай?
11. Созылмалы гипертрофиялық ұлпа қабынуының клиникасы қандай?
12. Созылмалы ұлпа қабынуы асқынуының клиникасы қандай?
Тақырып. Тіс ұлпасының қабынуын емдеу әдістері
Тіс ұлпасының қабынуын емдеудің 2 әдісі бар:
- кертартпалық әдісі
- оташылдық әдісі
Кертартпалық әдіске биологиялық әдіс кіреді, ал оташылдыққа жансыздандыру әдісі (витальді) және өлеттендіру әдісі (девитальді) жатады.
Биологиялық әдіс – тіс ұлпасын тірі күйде сақтап, емдеу болып табылады. Биологиялық әдіспен емдеу бұл ұлпа қабынуын ауру басталған шағында, дәлірек айтсақ жедел ошақты ұлпа қабынуында, созылмалы талшықты ұлпа қабынуында, жарақаттық ұлпа қабынуын да емдеуге болады. Биологиялық әдіспен емдеудің ең басты ерекшелігі тіс жегі қуысын ашып, өңдеп болғаннан кейін қуысқа яғни, ұлпаға жақын жерге патологияға қарсы тұрушы емдік сықпа қоямыз. Емдік сықпаны қуыста қалдырамыз. Ол қабыну үрдісін жою керек. Биологиялық әдіспен емдегенде 2 келуде пломба қойылады.
Лпа қабынуын емдеудің биологиялық әдісінің реттілігі.
І келу
1. ауыз қуысын антисептик ерітінділермен өңделеді;
2. жансыздандыру жасалады;
3. тіс жегі қуысын стерильді бормен ашып, кеңейтіріледі;
4. шар тәрізді бормен қуыстан некротомия жасалады;
5. тіс жегі қуысы қалыптастырылады;
6. қуыс жылы антисептикалық ерітіндімен өңделеді;
7. тіс жегі қуысын жылы ауамен құрғатылады;
8. қуыс түбіне қабынуға қарсы әсер етуші емдік сықпа
қойылады;
9. уақытша пломбалық материал дайындалады;
10. тіс 2 – 3 тәулікке жабылады.
ІІ келу
11. уақытша пломбаны экскаватормен алынады;
12. тіс жегі қуысы жылы антисептикалық ерітіндімен өңделеді;
13. қуыс түбіне тіс тіндерін қайта қалпына келтіретін емдік
сықпа қойылады;
14. аралық пломба дайындалады;
15. тегістегіш пен нығыздағыштың көмегімен қуысқа аралық
пломба қойылады;
16. тұрақты пломбалық материал дайындалады;
17. тегістегіш және нығыздағыш көмегімен тұрақты пломбаны
қуысқа енгізіп, тегістеледі