Сурет – Фрикционды ілініс схемасы
Іліністің қосылуы серіппе 6 тудыратын күш қозғалысынан болады, ал өшірілуі қаптамаға бекітілген иінтіректерді 7 бұрғанда осы күшті жеңуінің нәтижесінде болады. Иінтірек 7 қаптамамен бірге қозғалады, сондықтан оларға қозғалмайтын бөлшектердің әсерін беру үшін сықпа мойынтірегі 8 бар өшіру муфтасы қолданады. Муфта ашамен(вилка) 9 жылжиды. Ілініс жетегіне педаль 10, тартқыш 12, серіппе және аша 9 жатады.
Егер педаль 10 жіберілген болса, онда ілініс қосылған, себебі жетектегі диск 4 маховикпен 4 қысым дискісінің 2 арасында серіппе 6 күшімен қысылған. Айналушы момент жетекші бөліктен жетектегі бөлікке жетектегі дискінің жоғарғы бөлігінің маховик және қысушы дискімен өзара әсерлесуінен беріледі. Педальді басқан кезде ілініс ажыратылады, себебі муфта маховикке бағыттала ось бойымен қозғалып мойынтіректен ажыратылады, иінтіректі бұрады және қысушы дискті жетектегі дисктен ығыстырады.
Автомобильдің орнынан қозғалу процесін қарастырамыз. Іліністі ажыратқанда, беріліс қорабындағы қозғалуға керекті берілісті қосады. Егер автомобиль орнында тұрса, онда берілісті қосқанда іліністің жетектегі дискісі тарнсмиссия білігі арқылы автомобильдің қозғалыссыз доңғалақтарымен қосылады. Педальді жібергенде, айналып тұрған маховик және қысушы дискті қозғалыссыз тұрған жетектегі дискімен қосады. Үйкеліс күшінің әсерінен жетектегі дискіге айналушы момент беріледі. Ол қозғалуға қарсы күшті жеңуге жеткілікті болған кезде, жетектегі диск және доңғалақ айнала бастайды және автомобиль орнынан қозғалады. Іліністі қосқан кезде аз уақытқа жетектегі дискінің сырғанауы пайда болады және көп мөлшерде жылу бөлінеді. Осы кезде жетектегі дискінің айналу жиілігі көбейеді, ал маховиктің жиілігі керісінше азаяды. Қозғалтқыштың өшіп қалуын болдырмау үшін, ілініс педалін ақырындап жіберіп және жанармай беру педалін ақырындап басу керек,маховиктегі момент пен айналу жиілігін жоғарылатады.
Ілініс педалін тым баяу басу автомобильдің орнынан бірқалыпты қозғалуын қамтамасыз етеді, бірақ ұзақ уақыт сырғанаудан ілініс қызып кетеді. Бұл жағдайда автомобиль тым баяу екпінмен қозғалады. Ілініс педалін тез жіберу доңғалаққа берілетін айналу моментінің лезде өсуіне алып келеді, ал бұл автомобильдің орнынан лезде қозғалуына алып келеді. Іліністі қосқан кезде автомобильдің орнынан бірқалыпті қозғалуы және белсенді ұмтылысы жүргізушінің тәжірибесіне тікелей байланысты. Берілісті ауыстырғаннан кейін іліністі қосқанда сырғанау мен салмақ түсуі, автомобильдің орнынан қозғалған кездегімен салыстырғанда едәуір аз болады.
Іліністі қосқан кезде бөлінетін жылуды бұрып жіберуді күшейту үшін, қаптамада және картерде ауа циркуляциясы үшін саңылау жасалады. Маховиктің үлкен салмағы және қысушы диск іліністегі температураны төмендетуге жағдай туғызады. Іліністің ажыратылуы үшін жетектегі дискінің екі жағындағы да саңылауы 0,8-1мм құрауы керек(қысушы дисктің ауысуы 1,6-2мм). Бұған әдетте жұмыс жүрісінің педалі сәйкес келеді,70-130мм тең. Іліністің толық жүрісі (100-180мм) жұмыстық жүріспен бос жүрісті (30-50мм) құрайды. Бос жүрістің болуы іліністің толық қосылуын кепілдендіреді. Бос жүрістің мөлшерін негізінен іліністі ажырату иінтірегі 7 мен мойынтірек 8 арасындағы саңылаумен анықтайды.
Фрикциондық іліністі жетектегі дискінің санына байланысты бір дискілі, екі дискілі және көп дискілі деп бөледі. Фрикциондық іліністің қосылуы үшін бір орталық серіппенің немесе бірнеше периферийнді күшейткіш, ал кейде сұйық қысымы, магнит өрісі, центрге тартқыш күш қолданады.
Фрикциондық іліністің жетегі механикалық, гидравликалық және электромагнитті болуы мүмкін. Көптеген отандық жеңіл және жүк автомобильдерінде механикалық және гидравликалық жетек қолданады. Электромагнитті жетектер жеңіл автомобильдерде басты ілініс басқаруын автоматизациялаған жағдайда қолданады. Іліністің басқаруын жеңілдету үшін механикалық, пневматикалық, вакуумдық күшейткіштер қолданады.