Дәріс тақырыбы Электродтың нақты маркасының паспортына қойылатын талаптар.

1. Егер нақты маркалы электродтың техникалық жағдайлары жоқ немесе оларда паспортқа еңгізілетін барлық талаптар мен мәліметте жоқ болғанда нақты маоркалы электродтқа паспортты дайындау қажет.

2. Паспортты дайындап бекітетін нақты маркалы электродты дайындаушы мекеме (кәсіпорын).

3. Паспорт нақты маркалы электродты дайындаушы мекеме (кәсіпорын) кіретін министрілктің басты мекемемен және өндірістік жағдайда бірінші болып осы электродты жасап шығаратын кәсіпорынмен келісілу керек .

2–ші және 3–ші топты электродтарды жасап шығаруын қарастыратын паспорт қосымша түрде осы электродты шығаратын басқа да кәсіпорындармен келісілу керек. Қосымша келісуді тұтынушы немесе нақты маркалы электродты дайындаушы мекеме (кәсіпорын) жүргізеді.

4. электродтың әр маркасының паспортына стандарттардың талаптары және оса маркалы электродқа тиісті басқа да қажетті мәліметтер мен талартар кіру керек.

Стандартталған типті электродтардың паспортында МЕСТ 9467-75, МЕСТ 10051-75 немесе МЕСТ 10052-75 талаптары ескерілу керек..

5. Паспорттарда келесі негізгі талаптар мен мәліметтер болу керек:

дайындаушы мекемемен (кәсіпорын) электродқа берілген марка;

МЕСТ 9467-75, МЕСТ 10051-75 немесе МЕСТ 10052-75 бойынша электротың типі (МЕСТ 9467-75, МЕСТ 10051-75 немесе МЕСТ 10052-75 бойынша типтерге жатпайтын электродтардың паспорттарында тип белгіленбейді);

электродтардың тағайындалуы (пісірілетін болаттардың маркалары мен балқытып қапталған қабаттарлың немесе пісіру жалғастардың пайдаланылу жағдайлары көрсетілу керек);

қаптама диаметрінің электрод диаметріне Дәріс тақырыбы Электродтың нақты маркасының паспортына қойылатын талаптар. - student2.ru орташа қатынасы (классификацияның 5–ші пунктіне сәйкес қаптаманы қалыңдығы көрестілу қажет);

шығарылатын электродтардың сапа тобы (2–ші және 3–ші топты электродтарды жасап шығарушы кәсіпорындарды анықтау керек);

қаптама түрі;

кеңістікте пісірудің немесе балқытып қаптаудың мүмкінді бағыттары;

пісіруде немесе балқытып қаптауда қолданылатын токтің тегі;

тек тұрақты токпен пісіруге немесе балқытып қаптауға арналған электрод паспортында – тұрақты токтің ұсынылған полярлығы;

тұрақты және ауыспалы токпен пісіруге немесе балқытып қаптауға арналған электродтардың паспортында – 50 Гц жиілікті асуыспалы токті пісіру доғаның нәлендіру көзінің тұрақты токтің ұсынылған полярлығы мен бос жүрістің номинальды кернеуі;

шығарылатын электродтардың өлшемдері (d и L);

электрод сырығының сымының маркасы ( сымның стандарты немесе техникалық жағдайлары көрсетілу керек);

қаптама құрамы (компоненттердің маркалары мен аталуы, компоненттерді стандарттары немесе техникалық жағдайлары, сұйық шынының тығыздығы, тұтқырлығы және модулі немесе басқа байланычтырғыштың тиісті қасиеттері көрсетілу керек);

барлық шығарылатын электродтар үшін қаптаманың массасының коэффициенті, диаметрі (D) және калибрлейтін төлкелердің диаметрлері;

кептіру және қыздыру режимдері;

аса қалың қаптамалы электрдтар паспортында – қаптаманың беріктігін тексері кезінде еркін құлаудың биіктігі;

электродтардағы кептіруден немесе қыздырудан кейін және пайдаланылу алдындағы ылғалдың мүмкінді мөлшері;

аралас түрлі, П түрлі және құрамында целлюлоза бар А және Б түрлі қаптамалы электродтар паспортында – қаптамадағы ылғалдың мөлшерін тексеру кезінде тұрақты массаға дейін жеткізу температурасы;

пайдаланылу алдында қаптамадағы ылғалдың мөлшері шектен тыс жоғары болған жағдайда, электродтарды қайта қыздыру температурасы;

электродтардың пісіру–технологиялық қасиеттерін тексеру кезінде қолданылатын тілкемдер

болаттарының маркалары (көміртекті, азлегірленген конструкциялық болаттарды пісіруге немесе бірнеше маркалы азлегірленген, легірленген жоғарылегірленген болаттарды пісіруге немесе табақты прокат дайындалмайтын болаттады пісіруге арналған электродтар паспорттарында – табақшалы болаттың стандарттың немесе техникалық жағдайдың номері);

жік металының механикалық қасиеттерін тексеру кезінде қолданылатын тілкемдер мен төсеніш болаттарының маркалары (көміртекті, азлегірленген конструкциялық болаттарды пісіруге немесе бірнеше маркалы азлегірленген, легірленген жоғарылегірленген болаттарды пісіруге немесе табақты прокат дайындалмайтын болаттады пісіруге арналған электродтар паспорттарында – табақшалы болаттың стандарттың немесе техникалық жағдайдың номері);

диаметрі 3 мм–ден кем электродпен орындалған пісіру жалғастың механикалық қасиеттерін тексеру кезінде қолданылатын тілкемдер болаттарының маоркалары (көміртекті, азлегірленген конструкциялық болаттарды пісіруге немесе бірнеше маркалы азлегірленген, легірленген жоғарылегірленген болаттарды пісіруге немесе табақты прокат дайындалмайтын болаттады пісіруге арналған электродтар паспорттарында – табақшалы болаттың стандарттың немесе техникалық жағдайдың номері);

электродтардың пісіру–технологиялық қасиеттерін тексеру кезінде біржақты таврлы үлгіні пісірудің кеңістіктегі бағыттары;

пісіру немесе балқытып қаптауда металды алдынала немесе серіктес қыздырудың қажеттілігі және режимдері;

барлық шығарылатын электродтармен кеңістікте барлық мүмкінді бағыттарда пісіруде немесе балқытып қаптауда токтің ұсынылған шамалары;

доғадағы кернеуі;

арнайы қасиеттері бар қабаттарды балқытып қаптауға арналған электродтар паспортында – балқытып қапталған металдағы сызаттардың, жарықтардың, кеуектердің және газды және қожды қоспалардың өлшемдері мен мөлшері және олардың пайда болу мүмкіндігі;

балқытып қапталған металда көміртектің мөлшері белгілі мөлшерде болуын қамтамасыз ететін электродтар паспортында – көміртектің мөлшері 0,04%–тен кем болған балқытып қапталған металдаң үлгіні таңдап алу бойынша қосымша нұсқаулар;

балқытып қапталған металдың химиялық құрамы (әр элемент мөлшерінің шектері көрсетілі керек);

механикалық сынаулардың алдында жік металының, балқытып қапталған металының және пісіру жалғасының термиялық өңдеудің түрі мен режимдері және оның қажеттілігі;

пісіруге арналған барлық электродтарпаспортында – МЕСТ 6996–66 бойынша жік металың және балқытып қапталған металды соққы бұрауға (соққы тұтқырлыққа) сынауда дайындалатын үлгілердің типтері (VI немесе IX)

қалыпты температурада жік металының, балқытып қапталған металдың және пісіру жалғастың механикалық қасиеттерінің шекті шамалары, соның ішнде:

болаттарды пісіруге арналған барлық электродтар паспортында – жік металының немесе балқытып ұапталған металдың уақыт аралығында үзілуге қарсыласу шамасы, аққаштық шегі, салыстырмалы ұзаруы және соққы тұтқырлығы,

уақыт аралығында үзілуге қарсыласу шамасы 600 МПа–дан төмен көміртекті және азлегірленген конструкциялық болаттарды пісіруге арналған электродтар паспортында – диаметрі 3 мм–ден кем электродпен орындалған пісіру жалғастың уақыт аралығында үзілуге қарсыласу шамасы және майысу бұрышы,

арнайы қасиеттері бар қабаттарды балқытып қаптау,а арналған электродтар үшін – балқытып қапталған металдың қаттылықтары;

белгілі тобты электродтарды шығаруын қарастыратын паспорттарда – 2–ші және 3–ші тобты электродтарға ерекше талаптар;

қабылдау–тапсыру сипаттамалардың тізімі;

балқытып қаптау коэффициенті;

балқытып қапталған металдың 1 кг–на электродтардың шығыны;

шығындалатын электродтардың 1 кг–на ең зиянды заттардың жалпы бөлінуі (г);

МЕСТ 9467-75, МЕСТ 10051-75 және МЕСТ 10052-75 бойынша жік металының және балқытып қапталған металдың сипаттамаларын белгілейтін индекстер топтарын құрауға қажетті мәліметтер, соның ішінде:

көміртекті және азлегірленген болаттарды пісіруге арналған электродтар паспорттарында – жік металының және балқытып қапталған металдың соққы тұтқырлығы (МЕСТ 6996–66 бойынша IX типті үлгілерді сынағанда) ең кемінде 35 МПа болатын минимальды температурасы;

легірленген жылуға төзімді және жоғары легірленген болаттарды пісіруге арналған электродтар паспорттарында – жұмыс температуралары. Олар үшін жік металының және балқытып қапталған металдың ұзақ уақытты беріктігінің көрсеткіштері белгіленген болу керек (сол көрсеткіштердің минимальды шамалары көрсетілу қажет);

жоғары легірленген болаттарды пісіруге арналған электродтар паспорттарында – жік металының және балқытып қапталған металдың коррозияға қарсы тұрақтылығының сипаттамалары ( МЕСТ 6032–89 бойынша кристаллитарасындағы коррозияға сынау әдісі көрсетілу қажет);

жоғары легірленген болаттарды пісіруге арналған электродтар паспорттарында – ыстыққа төзімді болаттарды пісіруде электродтардың қолданылуына рұқсат етілетін пісіру жалғарстардың максимальды жұмыс температурасы;

балқытып қапталған металдың аустенитті–ферритті структурасын қамтамасыздандыратын электрлдтар паспорттарында – балқытып қапталған металда ферритті фазаның шекті мөлшері:

Ескертулер:

1 Пісірілетін болаттардың маркаларына немесе балқытып қапталған қабаттардың және пісіру жалғастардың пайдаланылу жағдайларына байланысты электрод қаптамасындағы қолданылу алдында ылғалдың мүмкінді мөлшері өзгертілуі мүмкін (егер электродтар бірнеше маркалы болаттарды пісіруге арналған).

2 Қабылдау–тапсыру сипаттамаларына еңгізілмеген паспорттың талаптары факультативті болып есептелінеді.

3 Электродтардың тағайындалуына, спецификасына және диаметріне байланысты негізгі талаптар мен 5–ші пунктің мәліметтерінен басқа паспорттарда қосымша түрде келесілер қарастырылуы қажет:

пісіру кратерлерді тегістеу қажеттілігі;

тұтынушыдың келісуімен, бір маркалы сымнан туратын, бір диаметрлі, тағайындалуы бірдей, беттері бір типті және металдарының химиялық құрамы жақын болатын екі не бірнеші партиялардың легірленген немесе жоғары легірленген сырықарды қолданылып электродтар партиясын жасап шығарудың мүмкіндігі (қолданылатын балқымалардың сым металындағы әр негізгі элементтердің нақты мөлшерінің мүкінді айырмашылығы көрсетілу қажет) ;

қолданылатын құбырлардың болат маркасын және құбырларға стандартты немесе техникалық жаідайларды көрсете біржақты пісірлген таврлы үлгінің орнына құбырлы пісірлген түйіспелі үлгіні орындау қажеттілігі (құбырлардың болат маркасы, стандарттың немесе техникалық жағдайлардың белгіленуі тек көміртекті немесе азлегірленген болаттарды пісіруге немесе азлегірленген, легірленген, жоғары легірленген және жоғары легірленген болаттардың бірнеше маркаларын болаттарды пісіруге немесе құбырлар дайындалмайтын болаттарды пісіруге арналған электродтар паспорттарында ғана көрсетіледі);

пісіру жіктердің жарықтардың пайда болуына беімделуін тексеру үшін қатаңдығы жоғары болатын үлгіні орындау қажеттілігі (екіжақты пісірілген таврлы үлгіні орындау орнына);

екіжақты пісірілген таврлы үлгіде элетродтардың пісіру–технологиялық қасиеттерін тексермей пісіру жікте жарықтардың пайда болуына бейімделуінің жоқ болуын қамтамсыздандыру мүкіндігі;

балқытып қапаталған металдың орташа қаттылығын HRC>42 қамтамасыз ететін электродтар паспортында – электродтардың пісіру–технологиялық қасиеттерін тексеру кезінде екі не үш қабатты балқытып қапталған үлгіні және балқытып қапталған металдың химиялық құрамын тексергенде бес қабатты балқытып қапталған үлгіні орындау мүмкіндігі;

біржақты таврлы үлгілерді бірнеше жүріс арқылы пісірудің қажеттілігі (тексерілетін электродтар диаметріне байланысты жұріс санымен жік катетінің өлшемдері көрсетілк керек);

егер термиялық өңдеу балқытып қапталған металдың орташа қаттылығының НRС> 42 дейін төмендеуін қамтамасз етемайтын жағдайда арнайы қасиеттері бар қабаттарды балқытып қаптауға арналған электродтар паспорттарында – балқытып қапталған металдың химиялық құрамының сапалы анализының орнына спектральды анализбен ауыстыру қажеттілігі (тексерілетін легірлеуші элементтердің бар не жоқ болуы немесе олардың шамалы мөлшері көрсетілу қажет);

пісірудің немесе балқытып қаптаудың ерекше жағдалары (орындалатын валиктердің ені, олардың суыту жағдайлары және т.б.);

легірленген және жоғары легірленген болаттарды пісіруге арналған электродтар паспорттарында – диаметрі 3 мм–ден кем электродтарды бақылауда жік металының механикалық қасиеттерін тексеруді пісіру жалғастың механикалық қасиеттерін тексерумен алмастыру мүмкіндігі (тексеруде қолданылатын тілкемдер болаттардың маркалары, табақтың стандартының немесе техникалық жағдайларының белгіленуі, пісіру жалғастың уақыт аралығында үзілуге қарсыласуының шекті шамасы мен майысу бұрышы және де пісірілетін тілкемдердің қалыңдығын 2 мм–ге дейін кеміту мүмкіндігі көрсетілу керек);

пісіру жалғастың механикалық қасиеттерін тексеруде МЕСТ 6996-66 бойынша XXVI типті үлгіде статикалық майысуға және XXIV типті үлгіде созуға сынауларды жүргізуге мүмкіндігі;

жік металының, балқытып қапталған металдың және пісіру жалғастардың механикалық қасиеттерін тексеруде ерекше жағдайлары;

созуға және статикалық майысуға сынауда үлгілерді (немесе дайндаманы) алдынала электрілкік пеште немесе қайнаған суда устаудың қажеттілігі;

балқытып қапталған металдың аустенитті–ферритті структурасын қамтасасыздандыратын электродтар паспорттарында – балқытып қапталған металда (оның химиялық құрамына қойылатын талаптарды сақтай отырып) ферриті фазаның белгіленген мөлшерін қамтамасз ету үшін қаптаманың құрамын мүмкінді реттеу;

жоғары немесе төмен температураларда жік металынаң, балқытып қапталған металдың және пісіру жалғастың механикалық қасиеттерін тексеру қажеттілігі;

балқытып қапталған металдың немесе жік металының арнайы қасиеттері (ескіруге сезімталдығы, қызуға төзімділік көрсеткіштері және т.б.);

басқа арнайы талаптар;

электродтардың арнайы қабылдау–тапсыру сипаттамаларын тексеруде қажетті, бірақ 5–ші пунктте көрсетілмеген сынау әдістері (сәйкес келетін пробалар мен үлгіленрдің қалыпы, өлшемдері және саны көрсетілу керек)

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. [Т,65-71], 2 нег. 9-21[135-143], 3 нег. [123-128]

Бақылау сұрақтары:

1. Электродтардың паспортын кім дайындау керек?

2. Қандай сипаттамалар паспортта негізгі болып саналады?

3. Қандай сипаттамалар паспортта факультатифті болып саналады?

4. Стандартталған типті электродтардың паспортында қандай стандарттардың талаптары ескерілу керек.

Наши рекомендации