Жылыту жүйесінің гидравликалық есебі

Қазіргі кезде кең қолданылатын орталықтандырылған жылыту жүйесі, ол уш негізгі құрылымнан тұрады: жылу өндіргіш, жылу өткізгіштер – құбырлар және жылыту аспаптары. Ғимараттың типтік жобасында әр бөлмелерінде жылыту аспаптары мен тік құбырларының орны белгіленеді, жер төле жобасында жергілікті жылыту пунктінің (ЖЖП) орны мен тарату құбырларының өтетін жолы анықталады.

Гидравликалық есепті жүргізу үшін аксонометриялық сұлба қарастырылады, мұнда учаскелердің нөмірлері, жылу жүктемелері мен су шығындары ұзындықтары көрсетіледі.

диаметрлерін таңдау және жоғалатын қысымды анықтау.

Жылыту жүйесінің гидравликалық есебін өткізудің әр түрлі тәсілдерін қолдануға болады: ұзындықта меншікті қысым жоғалуымен; кедергі сипаттамалары мен өткізгіштікпен; келтірілген ұзындықпен және динамикалық қысыммен.

Сулы жылыту жұйесінің гидравликалық есебін өткізу үшін ең кең қолданылатын тәсіл ұзындықта меншікті қысым жоғалуымен.

Жылыту жүйесінің учаскелеріндегі жоғалатын қысым анықталады:

∆Р = ∆Рл + ∆Рм , Па (3.1)

Мұнда ∆Рл – құбырдың тік ұзындығында жоғалатын қысым немесе ұзындықта жоғалатын қысым дейді, Па; ∆Рм – жергілікті кедергілерде жоғалатын қысым, Па.

Жергілікті кедергілер ретінде: вентильдер, ысырмалар, үштарамдар, крестовиналар, екі жақты ретегіш крандар, бұрылыстар, жылыту аспаптары және т.б.қарастырылады.

Жылыту жүйесінде айналымды сақиналар саны тең: екі құбырлы жүйеде – жылыту аспаптардың санына, ал бір құбырлы жүйеде – тік құбырлардың санына. Гидравликалық есеп бірінші есепті айналымды сақинаға жүргізіледі, ол ЖЖП-дан ең алыс орналасқан тік құбыр арқылы өтеді, содан кейін басқаларына өткізіледі.

Жылыту жүйесінің құбырларының оптималды диаметрлерін таңдау үшін екі көрсеткіш белгілі болуы керек:

Есепті айналымды сақинаның орташа меншікті қысым жоғалуы:

R = Жылыту жүйесінің гидравликалық есебі - student2.ru , Па/м (3.2)

Мұнда φ – үйкелісте жоғалатын қысымды ескеретін коэффициент, қабылданады екі құбырлы жүйеде – 0,35; бір құбырлы жүйеде – 0,5.

Учаскедегі есепті су шығыны анықталады:

G= Жылыту жүйесінің гидравликалық есебі - student2.ru , кг/с (3.3)

Мұнда Q˳ -учаскенің жылу жүктемесі, Вт; с – судың жылу сыйымдылығы, қабылданады 4198кДж/кс С; t₁-жылыту жүйесінің беретін құбырындағы судың температурасы; t₂ - жылыту жүйесінің қайтатын құбырындағы судың температурасы, С.

Немесе, аймақтағы жылу жеткізу шығынын мына формуламен де анықталады:

G=3.6/4.19*Q/∆ +=0.86 Q/∆ t

мұндағы: G=жылу шығыны,Вт

Құбыртартқыштың диаметрі жоғалған қысым шығынын үйкелісте 1 п.м құбырда Па/м анықтайды.

Rуд=0,9*0,65Р/Σl

Мұндағы Σl – жалпы таратылған құбыр аймағының ұзындығы.

Гидравликалық есебі үшін кесте мына оқулыққа біріккен [І275 бет, қосым 7] және [6. 300 бет]

Диаметрлер екі циркуляциясының сақина арқылы алынады, біреуі жүйе тармақтарына қосымша, бірінші есептен сақина басты стояктан орталық стояк арқылы және 1 ші қабаттың жылытқыш құралы арқылы келуі керек. Ал екінші сақина басты стояк арқылы және 2-ші қабаттың жеткізуші құралы арқылы келеді.

Кедергілер коэффиценті мына оқулықта берілген [1; 277бет, қосым 8].

КЕСТЕ № 3 кестесінің графалары былай толтырылады. 1 – 4 графалар еш қиындық тудырмайды, оларды жылыту жүйесінің аксонометриялық сызбасындағы берілген мәліметтерді орындарына қояды. 5, 6, 7графаларды су шығыны үйкелістегі жоғалған қысым шығынын қолдану арқылы табады.

Жылыту жүйесінің гидравликалық есебі - student2.ru Rl (8 графа) мөлшері 4 және 7 графаларды көбейту арқылы табады.

Барлық аймақ сақиналарының диаметрлерін сараптама нәтижесі бойынша анықталады. Аймақ сақиналары үшін жердің кедергілерінің коэффициенті есептеліп жазылады. КМС – тің жалпы суммасы 9 – графада жазылады. Жергілікті жердегі қысымның шығыны анықтама арқылы анықталады [6 ; 4 бет]және

9 – шы қосымшаны қара[1; 278 бет].

Есептік формула

Жылыту жүйесінің гидравликалық есебі - student2.ru

Қысым шығыны (графа 8 және 10) әрбір аймақ үшін есептеледі және қорытынды 11 графаға жазылады. Қысымның орнатылған жүйесімен салыстырғанда есептелген сақинадағы қысымның соммалық нақты қысымның шығыны орнатылған жүйесімен салыстырылады.

Қысымның жеткіліксіз резерві Жылыту жүйесінің гидравликалық есебі - student2.ru мына формула арқылы анықталады:

Жылыту жүйесінің гидравликалық есебі - student2.ru

және ол 10% төмен және 5% - тен жоғары болуы тиіс. Егер Жылыту жүйесінің гидравликалық есебі - student2.ru өзінің шегінен асып кетсе, онда бір-екі аймақтың айналым сақинасының диаметрін бір калибрге өзгертіп және қысым айырмашылығын анықтайды.

Екiншi қабаттағы сақиналы жылыту аспабы арқылы Қысымдарды байланыссыздықпен анықтайды.

Жылыту жүйесiн құрастыру мысалы және құбырларын есептеуi анықталады.

Наши рекомендации