Коллагенді аурулар кезіндегі тері бұзылыстары
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
Факультет: ЖТД
Кафедра: Фтизатрия және дерматология
ИНТЕРННІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Коллагеноздардың терідегі көрінісі. Безеу ауруы. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы.Терідегі коллагеноздар, безеу ауруы кезіндегі ересектермен балаларда амбулаторлы жағдайда жүргізу тактикасы мен динамикалық бақылау, рациональды ажырату диагностикаcы
Тексерген:
Орындаған:
Жоспар
-Кіріспе
Негізгі бөлім
Этиология
Патогенез
Диагностикасы
Емі
Орытынды
Коллаген (грек. kolla – желім және ген) – склеропротеидтер тобына жататын фибриллалы белок, жануарлардың дәнекер ұлпасының коллаген талшықтарының бір бөлігі. Коллагеннің химиялық және физикалық, сондай-ақ, бактериялық әсерлерге беріктігін арттырады. Көптеген бактерия уларының қауіпті әрекеті, организмдегі тіршілік үшін маңызы зор қосылыстардың бүлінуі коллагеноза ферментінің әрекетіне байланысты. Дәнекер ұлпаның (Коллаген талшықтарының) морфолгиялық белгілерінің өзгеруіне байланысты пайда болатын сырқаттарды коллагеноздар деп атайды Коллаген талшықтарының ісіну процесін “Коллагендік аурулар” деп атау жөнінде американ ғалымы П.Клемперер ұсыныс жасаған (1942).
Коллагендік ауруларға ревматизм, қызыл жегі, склеродермия (терінің кейбір жерінің қатайып, бұжырлануы), дерматомиазит (бұлшық ет пен терінің қабынуы), түйінді периартериит (артерияның сыртқы қабығының қабынуы) аурулары жатады. Бұл аурулардың басталуы, қозуы, кейбір белгілері, кейін байқалатын зардаптары бір-біріне ұқсас. Науқас адамның денесі қызып, ауру өршіп, организмнің басқа органдарына, буынға, терінің сірі қабатына, өкпеге, жүрекке, бүйрекке және жүйке жүйесіне әсер етеді. Терінің сыртында, көбінесе, бетте, алақанда, табанда көлемі әр түрлі қызамықтар шығады. Тізе буыны ісіп, қатты ауырады.
Коллагенді аурулар кезіндегі тері бұзылыстары
1.Жүйелі қызыл жегі: Аурулардың көбінде тері бұзылыстары айқын: теріде ісіну, инфильтрация, гиперкератозбен білінетін эритема. Күлдіреуікке, некротикалық жараға ауысып, кейін орнында беткейлік атрофиялық із немесе ұялы пигментация қалдыруы мүмкін. Теріде аллергиялық көріністер байқалады: мәрмәр тәріздес түс, бөртпе, қан тамырларының бұзылыстары, саусақтар мен алақанда капилляриттер. Бетке шыққан эритема “көбелекке” ұқсас. «Көбелек» секілді бөріткен шамамен, ЖҚЖ шалдыққан науқастардың жартысында кездеседі. Бөріткен, көбінесе, жақта, кеңсірікте пайда болады, барлық денеде де болуы мүмкін. Бөріткен әдетте, күннің көзінде болғаннан кейін пайда болады.
2.Склеродермия. Терінің закымдануы — басты белгісі. Терінің өзгерісі 3 сатылы дамиды: ісіну, индурация және атрофия. Ең алдымен беттің, қол ұшының, аяқ басының терісі симметриялы ісінеді. Ісінген тері май жаққандай жылтырайды, қыртыстары жойылып, тегістеледі. Ісініп, жуандаған саусақтар майлы сосискаға ұқсайды. Процесс біртіндеп білектің, кеуденің, арқаның терісіне таралады. Жеделдеу барыста терінің ісіну сатысы тез өтеді. Созылмалы барыста ісіну біраз сақталып, кейде көптеген жылдарға созылып, біртіндеп индурация сатысына ауысады. Индурация сатысында тері аса тығыздалады, қыртыстары мен әжімдері жойылады. Осыдан беттің мимикалық кимылдары жойылып, бет «маска» тәрізденеді. Индурация сатысында пигментация, депигментация ошақтары болады; бетте, кеудеде, ерінде, тіл мен таңдайда тамыр өрнегі — телеангиоэктазиялар шыға бастайды.Атрофия сатысында тері жұқарады, тарылып тартылады және онда ерекше жылтырлық пайда болады. Беттің терісі тартылып, бет-әлпет қаңқасын тығыз каптайды, осыдан мұрын жіңішкеріп, үшы құс мұрнына ұқсайды, төменгі қабақ тартылып, айналыңқырап тұрады. Ауыз кішірейеді, айналасына радиальді әжімдер пайда болады, мұндай ауыз бүрілген дорбаға ұқсайды. Науқас тарылған аузын толық аша алмайды. Сонымен, бұл ауруда микростомия пайда болады.Атрофия сатысында саусақгардың тарылған терісі қолды толық жазуға не июге мүмкіндік бермейді, иілу контрактурасы пайда бола-ды. Саусақтың ұштық фалангаларының сүйегі остеолизге ұшырайды, содан саусақтардың ұшы семіп жіңішкереді, жіңішкерген тырнақтар қүс тырнағына үқсайды. Саусақтардың мұндай өзгерістері склеродактилия аталады. Сонымен қатар васкулиттің салдарынан әртүрлі трофйкалық бүзы-лыстар болады: сүйектің теріге батқан жерлері ойылып, Жараға айна-лады, шаш түседі, тырнақтар өзгереді. Жүйелі склеродермияда басым зақымданатын — беттін, колдың, сиректеу — аяқтың терісі. Бірақ кейін процестің кеуденің, арқаның терісіне тарауынан, «корсет» қысқан тәрізді сезінулер пайда болады. Сиректеу — тері тотальді зақымдакып, кахексия мен мумификацияға әкеледі.
3.Дерматомиозит. Терінің зақымдануы ДМ тән белгі. Терінің зақымдану белгілеріне эритема мен ісіну жатады. Ақшыл көк түсті эритема мен ісіну көз айналасында (параорбитальдық аймақ) анықталады (көзілдірік симптомы). Эритема бетке, мойынға, кеудеге («деколте» аймағы), арқаға («шәлі» зонасы), шынтақ және тізе буындарының аймағына тарайды. Алақанның дақ түрінде эритемалық түлеуі «машинист (механик) қолы» деп аталады. Бунақаралық буындардың сырт бетінің эритемалық түлеген дақтары Готтрон симптомы деп аталады. Тырнақ айналасының да эритемасы анықталады. Эритемаға қоса ісіну болады. Эритема мен ісінуден басқа теріде пигментация және депигментация аймақтары, телеангиэктазиялар болады, терінің құрғауы мен гиперкератоз (пойкилодерматомиозит) анықталады. Ауру ұзақ дамығанда тері семеді.
4.Түйінді периартериит. ТП-ң тері – тромбангииттік варианты терінің, аяқ-қол артерияларының зақымдануымен және висцериттердің болмауымен сипатталады. Тері зақымдануына түйіндердің, ливедоның, геморрагиялық пурпураның болуы тән.Терілік және тері астылық түйіндер аяқ-қолдардың тамыр будасының бойында орналасады, мөлшері бұршақ дәніндей және одан үлкен болып келеді, олардың үстінде тері қызарған, сипағанда ауырсыну байқалады, 4-6 аптадан кейін жойылып кетеді, орнында пигментация қалады. Түйіндер аневризма түрінде өзгерген артериялар болып табылады.Ливедо (стаз синдромы) терінің тор немесе ағаш бұталары түрінде қызғылт-көк түске боялуымен сипатталады, ливедолар көбіне аяқ-қол терісінде болады және негізінен балаларда кездеседі.Геморрагиялық пурпура ұсақ нүкте тәрізді немесе бір-бірімен біріккен бөртпелер болып табылады, аяқ үстінде орналасады. Жайылмалы түрінде жаралар пайда болады.Тері васкулиті жиі шеткі тамырлардың зақымдануымен және дистальды гангренамен (саусақтар мен башпайлардың гангренасымен) қоса кездеседі.
Ауру диагностикасы.
Барлық Коллагендік ауруларды анықтауда аутоантиденелерді табудың үлкен маңызы бар. Бұл әдіс клиникалық зерттеулерде кең қолданылады. Жалпы иммунолдық ауытқулардың ішінде мукопротеидтер мен қан сарысуындағы гамма глобулиннің, кейбір амин қышқылдарының көбірек болатыны, сүйек майында, лимфатүйіндерінде плазмоциттер мен ритикулярлы клеткалардың саны өсетіні, ревматизм тудыратын органдарға жағымсыз түрлі аутоантиденелер пайда болатыны байқалған. Антиденелер тромбоцитке, лейкоцитке, эритроциттерге, т.б. қарсы да түзіледі. Коллагендік аурулардың жалпы белгілері ұқсас болғанымен пайда болу себептері әр түрлі. Ал кейбіреулерінің себептері әлі анықталмаған. Көбіне Коллагендік ауруларды туғызатын жұқпалы және аллергиялық аурулар. Кейбір ғалымдар антибиотиктер мен сульфамидты, т.б. дәрілерді көп ішуден де Коллагендік аурулар пайда болады деп есептейді. Эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан да пайда болуы мүмкін. Мысалы, дерматомиозит ауруы жасөспірім қыздарда, әсіресе, бірінші етеккір келу мерзімінде байқалады. Қызыл жегі жас әйелдің тұңғыш жүкті болғанында пайда болуы мүмкін. Коллагендік ауруларын кортикостериодты және гормондық препараттармен емдейді.
Безеу көбінесе 14–16 жастағы балаларда болады. Бұл – жыныстық жетілудіңуақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып, қызарады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Олар уақытша пайда болады, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы мүмкін. Безеу бетті,кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды.
Пайда болу себептері
Теріде безеулер түрлі себептерден: тұқым қуалауға бейімділіктен, гормондардың әсерінен, майдың көптеп бөлінуінен, сондай-ақ асқазан қызметінің бұзылуынан пайда болады. Тері майы ағзадағы май бездерінің сыртқа шығаратын саңырауларында тұрып қалып, бетте қара нүктелі дақтар мен қара безеулер ретінде көрінеді. Май бездерінің бітелген түтікшелері арқылы май сыртқа шыға алмай, түтік шеттерінде ағарған май тығындары пайда болады. Оған микробтардың енуіне қолайлы жағдай туады. Ол жерде қабынған қызыл түйіндер көрініп, ол іріңдейді. Кейде оның көлемі ұлғаяды, ал оны сығып тастағаннан жағдайда, орнында шешек ізіндей дақ қалады. Мұндай жағдайда тұрмыстық жағдайды дұрыс құрып, безеулерді қоздырмай ем-дәм сақтау және бет терісін күту шарасын өздеріңіз қадағалап отыруға тиіссіздер.
Безеу типтері:
Бірінші стадия- жабық комедондар иекте, маңдайда, мұрын қанаттарында, бірақ қабыну процессі жоқ (пустул). Т-зона (маңдай, мұрын иек) аздап тері қабатында майлы аймақ болуы мүмкін. Бірақ, тері қабаттары бұзылыссыз.
Екінші стадия- ашық және жабық комедондар және түйіндер. Комедондар және пустулалар бет аймағында иек және маңдай аймағында орналасады. Тері қабатының негізгі бөлімі бұзылыссыз.
Үшінші стадия- Т-зона бет аймағында түйіндер және пустулалар, ашық комедондар, гиперкератоздар кездеседі. Көбіне 20 жасқа дейін кездеседі. Тыртықтар пайда болады.
Төртінші стадия- акне, гормональды өзгеріс себебінен болады. гормональды акне ересек әйелдерде беттің төменгі бөлімінде, төменгі жақ аймағында және мойында пайда болады. Дақтар андрогенді контрацептиваның жоғары әсерінен немесе андрогендерге жоғарғы сезімталдылықтан пайда болады. Кейбір жарақаттанулар папула түйінді, ауырсынулы болады.
Бесінші стадия- көптеген комедондар, аздаған түйігдер, пустула , киста және іріңдіктер кездеседі. Акне формасы фолликулярлы дерматит болса өте ауыр түрі.
Алдын алу шаралары.Ең бастысы – бір қалыпты ұйықтау, серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру. Осылардың бәрі мүмкіндігінше асқазан жұмысын жақсартып, безеулердің алдын алады. Егер бәсеңдеткіш заттар керек десеңіз, олар табиғи өнімдер: жеміс-жидектер, көкөністер, қышқыл минералды сулар. Таңертең аш қарынға бір стақан су ішкен дұрыс. Безеуі бар адамдарға жеміс-жидек, көкөністер күнделікті тағамы болуы қажет. Тағамның ащы немесе қышқыл болмағаны дұрыс. Безеуді өзіңіз шұқылап, түртіп жүрмеңіз: инфекция енгізіп алу қаупі бар.