Дұрыс жауаптардың кілті
Сұрақ № | Дұрыс жауап | Сұрақ № | Дұрыс жауап |
Модуль № 1 | Мордуль № 2 | ||
в | г | ||
в | а | ||
б | I, г | ||
в | б | ||
б | г | ||
б | а | ||
I, а | а | ||
а | в | ||
в | II, г | ||
а | а | ||
б | г | ||
б | а | ||
б | а | ||
б | б | ||
г | б |
Пән бойынша емтихандық сұрақтар
1. Координатты алаңдағы кернеулер. 2. Көлбеген алаңдағы кернеулер. 3. Басты жанама кернеулер. 4. Кернеу тензоры туралы түсінік. 5. Ең үлкен жанама кернеу. 6. Октаэдрлік кернеу. 7. Мордың кернеу диаграммасы. 8. Көлемдік кернеу үшін тепе-теңдік шарты. 9. Осі симметриялық кернеу күйі. 10. Жазық кернеу және деформация күйлері. 11. Тұтас ортаның деформациясы. 12. Лагранж және эйлер айнымалы шамалары. 13.Түпкі деформацияның тензоры. 14. Кішкене деформацияның тензоры. 15. Тұтас ортаның ағуы. Жылдамдық өрісі. 16. Деформация жылдамдығы тензоры. Ток функциялары. 17. Реологиялық модельдер. 18. Серпімділік және тұтқырлық. 19. Илемділік. 20. Процесс ретіндегі илемділік деформациясы. 21. Аяққы деформациялар және илемді ағым. 22. Шексіз ұзын жолақты шөктіру. 23. Деформацияның бірлестік теңдеулері. 24. Деформация жылдамдығының бірлестік теңдеулері. 25. Металл мен қорытпалардың илемділігі. 26. Металдарды қысыммен өңдеген кездегі феноменологиялық модель. 27. Илемділік диаграммасын салудың тәжірибелік әдістемесі. 28. Металдарды қысыммен өңдеудің түрлері. 29. Металдарды қысыммен өңдеген кезде пайда болатын үйкеліс. 30. Деформацияның механикалық сұлбасы. 31. Металдарды қысыммен өңдеген кезде деформацияның біркелкі еместігі. 32 . Қалдық кернеу. Қосымша кернеулер. Ең аз кедергі ережесі.
ГЛОССАРИЙ
1. Вакансия – кристалдық тордың түйінен атомның кетуінің нәтижесінде пайда болатын ақау.
2. Бұрандалы дислокация – дислокация сызықтарына параллельді Бюргерс векторы бар кристалдардың сызықтық ақауы.
3. Тұтқырлық – қирауға дейін қатты денелерді илемді деформациялаған кезде, олардың энергияны кері айналдырмай сіңіру қасиеті.
4. Ыстық жарық – жоғары температурада пайда болатын жарық.
5. Бетке центрленген куб торы – кубтық торұяның түйінінде және әрбір қабырғасының ортасында атом орналасқан кубтық тор.
6. Егізделу – металды немесе қорытпаны илемді деформация кезінде кристалдық торда егіздердің пайда болу процесі.
7. Деформациялық беріктену – деформация нәтижесінде металдың беріктенуі.
8. Деформация – металды деформациялау процесін сипаттайтын мөлшер (салыстырмалы ұзару, ығысу және т.б.).
9. Деформациялау – үлгіліктің массасы өзгермей, оның өлшемі мен пішіні өзгеретін процесс.
10. Динамикалық рекристаллизация – ыстықтай деформациялап жатқан кезде жүретін рекристаллизпция.
11. Дислокация - кристалдың ішінде ығысу аймағының шекарасы болып саналатын кристалдық құрылымның сызықтық ақауы.
12. Күш түсіру заңы – берілген функция бойынша кушті уақытпен өзгерту.
13.Жанама кернеу – элементарлы алаңға жанама бойынша бағытталған кернеу.
14. Кернеудің шоғырлануы – пішін өзгеретін жерде кернеудің үлкеюі немесе металдың тұтастығының бұзылуы.
15. Шеттік дислокация – дислакация сызығына перпендикулярлы болатын Бюргерс векторы бар дислокация.
16. Күш түсіру қисық сызығы – күк түсірудің уақытпен өзгеруін сипаттайтын график.
17. Атом аралық ара қашықтық – кристалдық тордағы атомдар арасындағы ара қашықтық.
18. Түйін аралық атом – кристалдық тордың түйіндері арасында атомдардың орналасуы.
19. Күш – материалда кернеу мен деформацияны пайда болғызуға алып келетін, осы материалға әсер ететін күш.
20. Кернеу - элементарлы алаңға әсер ететін теңәсерлі ішкі күштің, осы алаңның ауданына қатнасы шегімен (аудан нөльге ұмтылғанда) анықталатын мөлшер.
21. Ығысу кернеуі – ығысу жүргенде пайда болатын кернеу.
22. Көлемге центрленген куб торы – атомдары тек қана шыңында емес, ал тағы да көлемінде орналасқан элементарлы кристалдық ұяшықтан тұратын және кубтық жүйеге жататын кристалдық тор.
23. Бірінші рекристаллижация – біркелкі ұсақ түйіршікті құрылымның пайда болуымен бітетін рекристаллизация.
24. Илемді деформация – Түсірілген күш алынғаннан кейін пайда болған деформация кетпейтін деформация.
25. Илемділік – түсірілген сыртқы күш әсерімен өзінің пішіні мен өлшемін қирамай өзгертетін қатты дененің қасиеті.
26. Көлденең сырғу – сырғумен бұрандалы дислокацияның басқа атомдық жазықтыққа қозғалуы.
27. Беріктік – деформацияға кедергі жасайтын металдың қасиеті.
28. Беріксіздену – материалдың беріктігінің азаюы.
29. Сырғу – кристалдың бір бөлігінің екіншісіне қатысты қозғалуы.
30. Деформация жылдамдығы – салыстырмалы ұзарудың уақыт бойынша өзгеруі.
31. Күш түсірідің жылдамдығы – күш түсіріудің уақыт бойынша өзгеруі.
32. Рекристаллизация температурасы – рекристаллизациялық процестер дами бастайтын температура.
33. Серпімді деформация – түсірілген күш алынғанда, онымен бірге кететін деформация.
34. Тензордың инвариантары – кернеу күйін таңдалған координат жүйесіне байланыссыз сипаттайтын мөлшерлер.
35. Дислокацияның тығыздығы – көлем бірлігіне қатысты анықталған дислокацияның қосынды ұзындығы.
36 Сырғу жазықтығы – кристалдың бір бөлімінің екіншісіне қатысты қозғалуы жүретін крисалографиялық жазықтық.