Жұмысты орындау тәртібі

1.4.1 Үлгінің жазық бетін шлифтеуден, жылтыратудан және химиялық ерітіндімен өңдеуден тұратын операцияларды бірінен соң бірін орындаумен микрошлифті дайындау.

1.4.2 Микроскоппен жұмысты үйрену.

1.4.3 МИМ-7 металлографиялық микроскопының оптикалық сызбасын талдаумен қарастыру.

1.4.4 Дайындалған микрошлифтерді микроскоптың көмегімен қарастыру.

1.4.5 Микрошлифтің микроқұрылымының суретін салып алу.

Есеп беруді құрастыру

Жүргізілген жұмыстың есебі мына тапсырмаларды қамтуы қажет:

1. Тапсырма.

2. Жұмыс мақсаты.

3. Микрошлифті дайындау операцияларының жазбасы.

4. Микроскоп жүйесінің оптикалық сызбасы.

5. Үлгілер микроқұрылымының суреттері.

Бақылау сұрақтары

1. Микроскоптық талдау деген не? Оның мәні неде?

2. Микрошлифті дайындау технологиясы қандай операциялардан тұрады?

3. Қандай мақсаттармен микрошлифті химиялық ерітіндімен өңдеу қажет?

4. МИМ-7 металлографиялық микроскопы қандай негізгі түйіндерден тұрады?

5. МИМ-7 микроскопының оптикалық жүйелерін қандай элементтерден тұрады?

6. Микроскоптың үлкейту шамасын қалай анықтауға болады?

7. Микроскоптың мүмкіндік қабілеттілігі қандай? Ол неге байланысты?

Зертханалық жұмыс

МАТЕРИАЛДАРДЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Жұмыстың мақсаты:қаттылықты өлшейтін және маятникті тоқпақты аспаптардың құрылысымен танысу; материалдың қаттылығын және соққыға тұтқырлығын әртүрлі әдістермен тәжірибелік өлшеуге үйрету.

Тапсырма

2.1.1 Бринелл пресінің, Роквелл аспабы мен микроқаттылықты өлшеу аспаптарының қондырғысымен және жұмыс жасау принципімен танысу.

2.1.2 Маятникті тоқпақтың (Шарпи бойынша) құрылысымен танысу.

2.1.3 Аталған аспаптармен қаттылықты өлшеу тәртібін ұғыну.

2.1.4 Қыздырылып өңделген әртүрлі құрамды болатты үлгілердің қаттылығын өлшеп, Бринелл және Роквелл аспаптарында алынған нәтижелер мен анықтамалық кестелердегі берілгендермен салыстыру.

2.1.5 Болаттың қаттылығы мен болат құрамындағы көміртегінің мөлшеріне байланысты сызбаны салып, оның түрін түсіндіру.

2.1.6 Жұмыс бойынша есебін құрастыру.

Аспаптар және материалдар

Жұмысты орындау үшін мыналар қажет: Бринелл және Роквелл типті аспаптар, қыздырылып өңделген әртүрлі құрамды болатты үлгілер.

Теориялық негізі

Қаттылық – материалдың беткі қабатының сырттан басқа қатты дененің (ұштықтың) нақты бір орынға жергілікті әсер ету салдарынан деформацияға (немесе бұзылуға) қарсы тұру қасиеті. Қаттылықты белгілі–бір қасиет ретінде машиналар мен механизмдердің әртүрлі материалдарына сырттан күш түсірумен әсер ету кезінде ғана байқап қоймай, сонымен қатар өңдеу бойынша технологиялық процестерінде және механикалық тәсілдерден материалдардың бұзылуында да байқауға болады.

Қаттылық – аз дәрежеде материалдың құрамына, оның қыздыру температурасына және алдын–ала технологиялық өңделуіне (цементтендіруге, қыздырып өңдеуге, шынықтыруға, механикалық беріктенуге және т.б.) байланысты.

Қаттылықты өлшеудің бар әдістері түсірілетін күштің жылдамдығына байланысты статикалық және динамикалық, ал оның түсірілуіне байланысты – ену және жырық түсіру әдістеріне бөлінеді. Материалдың қаттылығын өлшеудің статистикалық әдісінде сыналатын материалға белгілі бір күшпен ұштықты жәйлеп және үздіксіз ендірілумен орындайды. Материалдың қаттылығын өлшеудің динамикалық әдісі (Шор әдісі) сыналатын материалға соққы тиіп, сонан кейін ұштықтың бірден қайта ұшып кету биіктігін өлшеуге негізделген. Сызаттау (жырықтап сызу) әдісі геологияда және кен тау қызметінде бұрынннан белгілі, оны минералдардың қаттылығын анықтауда (Моостың салыстырмалы қаттылық шкаласы) қолданады.

Қазіргі кезде кеңінен қолданылатыны – бұл үлгі бетіне ұштықты перпендикулярлы ендірумен статикалық әдісі. Ұштықтар (штамптар) пішіні әртүрлі болады, яғни: шар, конус, призма, пирамида, цилиндр, ине тәрізді болады және оларды аз деформацияланған қатты материалдардан (шынықтырылған болаттан, алмастан, сапфирден және қатты қорытпадан) даярлайды.

Қаттылыққа сынаудың барлық әдістерінде ең маңыздысы – үлгінің беткі қабатын даярлау. Беткі қабатындағы барлық ақаулар (қабыршықтар, ойықтар, ірі сызаттар мен жырқтар және т.б.) жойылуы керек, ал сыналатын беткі қабат тепе–тең және аспаптың үстелшесінің бетіне параллельді нақты қойылатындай болуы керек.

Қаттылықты өлшеудің орындалу техникасы материалдың беріктігін, пластикалылығын және тұтқырлығын анықтау жолдарына қарағанда айрықша жеңіл. Қаттылыққа сынауда арнайы үлгілер даярлауды қажет етпейді, тек бөлшектің тексерілетін беткі қабатын тепе–тең горизонтальды жазық беті бойынша тазалау қажет. Қаттылықты өлшеу процесі өте жылдам жүреді, мысалы, конусты 30-60 секунд ендірумен, ал шар тәрізді ұштықты 1-3 минут ендірумен орындайды. Қаттылықты қалыңдығы аз және өте жұқа қабаттан тұратын бөлшектерде де анықтауға болады. Сонымен қатар, қаттылығы өлшенетін бөлшектер бұзылмайды, оны әрі қарай қолдануға да болады.

Наши рекомендации