Диалектизм мен кәсіби сөздердің айырмашылығы
Диалектизм, кәсіби сөздер стилистика мәселесімен тығыз байланысты. Солай екенін оларды стиль түрлеріне қатысты жағынан алып талдағанда айқын көреміз. Бірақ, диалектизм мен кәсіби сөздердің стильге қатысын бірдей деуге болмайды. Өйткені бұлардың өзді-өзіне тән ерекшелігі, бір-бірінен айырымы бар. Кәсіби сөздер диалектизмге қарағанда, көркем әдебиет және сөйлеу стильінде көп кездеседі. Белгілі бір көркемдік мақсатпен әдеби шығарма тілінде жұмсалады. Сондай-аұқ, публицистикалық, стильден байқалады. Диалектизм ғылыми, ресми-кеңсе стилінде де қолданылады. Кәсіби сөздер қажетіне қарай стиль түрлерінің қай-қайсысына да бола береді. Кейбір кәсіби сөздердің диалектіге сыңары болуы мүмкін. Кәсіби сөздің ондай диалектизм түрінде келетін сыңары (яғни варинаты) стиль түрлеріне бәрінде бірдей қолданылмайды.
Көркем әдебиет стилінде кейбір диалектизм әдеби тілдік баламасы тұрса да қолданылады. Бұл таза стильдік мақсатпен байланысты мәселе. Кейде бір сөйлемде бір сөзді екі рет немесе одан да көбірек қайталап қолдануға тура келеді. Егер ондай әдеби сөздің жергілікті халық тілінде диалектік сыңары болса да оны жазушылар көркем әдебиет стилінде қолданылады. Бірақ, Жамбыл облысы тұрғындарының, тіліндегі ашық-машық сияқты диалектизм сөз қайталаудан қанша қашқанымен де, көркем әдебиет стилінде, авторлық ремаркада қолданылмайды. Осы ашық – машық (топса) немесе Жайық маңында аманбыз, сау сәлеметбіз деген ұғымда жұмсалатын мұз қара көк (мұздай қара көк деп те атайды) тәрізді диалектілік құбылысты автор сөзінде қолданудың орынсыздығын былай қойғанда, кейіпкер тілінің өзінде де үнемі ұтымды бола бермейді. Демек жергілікті тілдік ерекшлеікті көркем әдебиет стилінде қолдануда да белгілі бір шек бар.
Диалектизмнің көркем әдебиет стиліндегі қолдануы екі түрі бар: бірі-авторлық, ремаркада, екіншісі – диалогта. Авторлық ремаркада, кейіпкер тіліндегімен салыстырғанда, диалектизм аз қолдыналды. Тәжірбиесіз қызылаң еш нәрсе түсінбесе керек... Қызалақ сәби өзі де дәл көгершін тәрізді (сонда). Қанат ағай Қарынбай бөлесін көз нәлетімен атып, басын шайқайды... Бригада мүшелерінің бәрі де Тоғайәліге көз нәлеттерін жаудырды (сонда). Даусы пәті шықты ғой, не бітіріп қайтты екені (Әю Нүрпейісов). Күн кештете күндізгі ыстықтың пәті қайтайын деді. (сонда)
Ақын жазушылардың қай-қайсысының да шығармасынан (мүмкін біреуінде аз, екіншісінде көбірек шығар) диалектілік ерекшелік кездеспей отырмайды. Өйткені әр адам, әсіресе әрбір сөз шебері- таза әдеби тілдің ғана емесғ сонымен қоса белгілі дәрежеде, белгілі бір аймаққа тән диалектіні де сақтаушы. Жазушы диалектизмді өзінің авторлық баяндауында әдейі қолдануы да мүмкін.
Диалектизмге қарағанда кәсіби лекисканың қолданылу аясы кеңірек. Лексиканың бұл саласына белгілі бір аймаққа ғана тән кәсіп түрлерімен, мысалы көмір онеркәсібімен, мақта өсірумен, балық шарушылығымен байланысты сөздер, термин ыңғайында әр түрлі атаулар жатады. Бұлар стиль түрлерінің жалпы қайсысында да азды-көпті кездесіп отырады. Әсіресе белгілі бір мақтағы жергілікті халықтың күнделікті ауыз екі тілінде және сол облыстың газет тілінде жиі қолданылады. Кәсіби лексика элементі белгілі бір көлемде әдеби шығармалардан да байқалады. Мысалы:
Мен бүгін сүген ұстадым. Аудың жалғыз көзіне сағалынан ғана ілініп тұр екен. Ол немененің асау болатыны қайда?
- Қыста балықта қауқар қалама.
- Балықтың ішінде жарықтық бекіре ғой жауасы...
- Онан көрі бергіректе, балық тоңданатын үлкен мұз қала бар. Мұз қаланың түкпірінен еңгезердей біреу шықты. Бұл осы промосолда қара жұмысшы. Жаз айларында балықы бабына келтіріп тұдайтын солельщик. (Ә.Нұрпейісов).
Жазушы мақташы не балықшы өмірін суреттеуді мақсат етсе, ол сол шаруашылық саласында бұрын-соңды пайда болған термин сөздержі, жаңа атауларды аттап кете алмайды. Автор оларды көркем әдебиет стильінің шарты бойынша ретіне қарай, қажетінше пайдалана бәлуге тиіс. Өйтпейінше жазушы өзінің алдына қойған көркемдік мақсатқа толық жете алмас еді. Жоғарыдағы тәрізді белгілі бір кәсіп адамдары туралы жазылған шығармада кәсіби лексика элементтерінің азд көпті кездесіп отыратыны міне осы себепті.
Параход енді сол барған жолын кеңейтуге тырысты. Енді экспедиция үш мотор, он шақты мотофлюгаларға, кішкене қайықтарға бөліне, тиеліа, «айқасқа» ұмтылды.. Қақпақтары ашылған трюмтереңінен іркілдеген ақ майлар шорши қарғып палубаға түседі. Екі ит балықты екі қолына алып Ақмамбет те кубрикке құлайды. Рубка ішінен тек алдыңғы бағытты болмаса, өзге тұсты болжай алар емеспін. (Ә.Сәрсенбаев)
Осы үзіндідегі ит балық, сүген, бекіре, ақ май, мұз қала, промсол, солельщик, пароход, экспедиция, мотор, мотофлюга, қайық, трюм, кубрик, рубка атаулары кәсіби лексикаға жататын сөздер.
Мұндай жеке термин түрінде қалыптасқан кәсіби сөздерді көмір өндірісіне байланысты да келтіруге болады. Ондай кәсіп түріне қатысты арнаулы терминдер мен әр түрлі атаулардың тым жиілігі шығарма тілінің жалпы көркемдігіне нұсқан келтіреді. Сондықтан, жазушылар әдетте кәсіби сөздерді өздерінің шығармаларында тек орнымен ғана пайдалануға ұмтылады. Оны, мысалы, мына бір үзінділерден айқын көруге болады:
Шахты асты. Негізгі штректіңоң жақтағы еңбектеп жүретін лаваныңжоғарғы, ең түбінде, үңгірде 5 адам шамдарын кірептерге іліп қойып, көмір шауып жатыр. Штректегісырылдаған вагон даусы далаға жарыққа шыға алмай қабырғаға соқтығысып, көмір сияқты опырылып, ұнтақталып жерге түсетін сияқты (С.Ерубаев). Жер астында уклон, штректерден соңғы бұл бір үлкен жол, бірсыпыра лава, пештердің көмірі осымен өтеді.
Кәсіби лексиканың әр кезгі даму көрінісін белгілі бір дәрежеде көркем әдебиет стилінен де көруге болады. Мысалы, әлгі штрек, лава, уклон, креп дегендер сол 1920-1930 жылдарда өнідірсте жиі кездесіп отырады. Бірақ халықтың шаруашылығының неше алуан саласындағы, атап айтқанда, ғылым мен техникадағы, сондай-ақ өзге де кәсіп түрлеріндегі күнделікті өзгеріске сәйкес бұлардың кейбірі қолданудан шығып қалды не оларға жаңа атаулар қосылды. Айалық «Менің құрдастарымнан» «Қарағанды» әлдеқайда соң жазылды. Онда өндіріс өмірі, кеншілер тұрмысы суреттеледі. Кәсіби лексикада кейін пайда болған атаулар, тың ұғымдар бұл шығарманың тілінен де айқын сезіледі.
Мысалы: Алдынд қос темір жолдың түйіскен басында барабан. Барабанғаоралған сталь арқанның екі ұшы екі вагонеткада...Көміршілердің қолында – врубмашина, электровоз, электрлі балға, конвейерлеройнайды. Машина қайланы жойса, темір астау адам терін суша төккен, ташке, шана түгілі лавадан вагонеткаларды қуды. Электр теңсеген рештак ондаған адамнан өндірмек істесе де, әкім қанағаттанбапты. (Ғ.Мұстафин).
Кәсіби лексика публицстикалық стильде де, мысалы, түрлі жазбада, очеркте т.б. ара-тұра қолданылады. Автор оны мұнда да сол суреттеліп отырған уақиғаны оқушының көз алдына ақтылы түрде дәл лелестету үшін пайдаланады.
Сонымен МРС-қа барып реюшка алдық. Онымыз желкенмен жүретін үлкен қайық.- Қайықты басқарушы кім?-деген менің сұрауыма; «Бұл араның тілінде ондай басқарушыны көршік дейді... Мәштің (мачта-кеменің ортасында желкенді көтеретін діңгек) жоғарғы жартысына көлденең жайылып жарғанаттың қанатына ұқсап керіліп тұрған парызды Мүсілім оң қабырғадан шығарды. (С.Мұқанов)»
Қазақ тілінде кәсіби сөздер әр алауан қаулы-қарарда, есеп құжаттарында, анықтама-мәлімет қағаздарында, яғни ресми-кеңсе стильінде де кездесіп отырады. Олар сондай-ақ ғылыми стильде де, атап айтқанда, арнаулы зерттеу еңбектерінде де қоданылады.
«Бұл айтылған анықтамалар, мысалдар және фактілер (распор, сүзгі, ақаң, шаң т.б.) профессионалды лексиканың жаргоннан кейбір әлеуметтік топтардың тіліндегі өзгешеліктен (арголық т.б.) айырмашылығынашып көрсетеді. Професионалдың лексиканың элементтері әр алуан кәсіптің, өндірістің туып дамуымен байланысты жасалады және лексикалық (завод, цех), лексика-сематикалық (ұйық, балық ұйығы), морфологиялық (ұйық,ұю), стилистикалық (мықын, жылымның мықыны) жағынан ерекше өзгешелікке, кәсіпшілік, өндірістік сипатқа иелік етеді»