Автоматтандырылған электржетектің жүріс теңдеуі
Автоматтандырылған жетек классификациясы
Электр жетек – ол электр энергиясын механикалық энергияга айналдырып технологиялық талаптарға сай қызмет жасайтын электромеханикалық түрлендіргіш.
Электр жетегінің классификациясы:
1. Қозғалыс түріне қарай:
· Айналмалы
· Бір бағытты немесе реверсивті
· Үздіксіз немесе дискретті
2. Электрқозғалтқышты құрылғының тогына қарай:
· Тұрақты ток
· Айнымалы ток
3. Механикалық ауыстырылуына байланысты:
· Редукторлы
· Редукторлы емес
4. Жылдамдықты басқару принциптері бойынша:
· Реттелмейтін
· Реттелетін
· Позициялық
· Ізді қозғалтқыш
· Программалық басқарылатын
· Адективті
5. Электр қозғалтқыштың санына және өзара байланысына байланысты:
· Топты
· Жеке
· Өзара байланысқан.
Автоматтандырылған жетек туралы мағлұмат
Жетек немесе күштік жетек-бұл қандайда бір машинаны қозғалысқа келтіруге арналған қондырғылардың жиынтығын айтады. Ол қозғалтқыштан, трансмиссиядан (яғни машинаны қозғалысқа келтіретін қозғалтқыш білігінен) және басқару жүйесінен тұрады. Жетектерді қолданыс аясына байланысты бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады:
1. Электрлік жетек
2. Гидравликалық жетек
3. Пневматикалық жетек және аралас жетектер.
Автоматты жетектер деп- қажетті сипаттамасы бар механикалық қозғалыс алу үшін ақпарат пен энергияны түрлендіретін жүйені атаймыз. Төменде АЖ-ның үлкейтілген функционалдық сұлбасы келтірілген. АЖ орындаушы деңгейге жататын басқару жүйесі (БЖ) және ақпаратты-өлшеуші жүйеден (АӨЖ), механикалық энергияны аккумуляциялайтын көзден (Д), сонымен қатар муфты,тормоз (М) және беріліс механизмінен (БМ) тұрады (сурет1.1). Келтірілген орындаушы құрылғы АЖ немесе мехатрондық қозғалыс модулі деп аталады.
Автоматты жетектің құрылымдық сұлбасы
Автоматтандырылған жетектің құрылымдық схемасы
. Автоматтандырылған электржетегі деп – қозғалтқыштан, түрлендіруден əперу жəне жұмыс машинасының атқарушы органдарын қозғалысқа келтіру үшін жəне осы қозғалысты басқаруға арналған басқару қондырғыларынан тұратын электромеханикалық жүйені айтамыз. Кез-келген техника саласындағы қазіргі заманғы өндірістік механизмдерді автоматтандырылған электр жетегінсіз көзге елестету мүмкін емес. Электржетекте электрэнергияны механикалық энергияға түрлендіретін негізгі элемент электрқозғалтқыш болып табылады. Мұнда машинаға айналу қозғалысының берілуі емес, ең бастысы жоғары дəлдік кезінде жоғары өнімділікке жететін машина жұмысының тиімді режимін автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Автоматтандырылған кернеудің нақты сипаттамасы дегеніміз не?
Автоматтандырылған электржетектің жүріс теңдеуі
Жұмыс машинасына қозғалысты жеткізетін кез келген құрылғыны жетек деп аталады. Қолмен басқарылатын жетек, желдік қозғалтқыштардың, судың немесе газдың турбиналарының, іштен жану қозғалтқыштарының электр жетектері, және де электр қозғалтқыштың электр жетегі деп әр түрлеріне ажыратылады. Электр жетегі мыналардан тұрады: электр қозғалтқыштан; қозғалтқыштан жұмыс органына (өндірістік механизмге) беріліс құрылғысы; қозғалтқышты басқаруға деген әр түрлі аппараттар. Электр жетегі деп орындаушы механизмді қозғалысқа келтіруге арналған және осы қозғалысты басқаруға арналған электр қозғалтқыштан, түрлендіргіштен, беріліс және басқарушы құрылғыдан тұратын электрмеханикалық жүйені айтады.
Оның бір ерекшелігі идеалды бос жүріс жылдамдығында (яғни, I=0 болған кезде).