Автоматты әуе ажыратқыштары.
Автоматты әуе ажыратқыштар (автомат) электр тізбектерін артық жүктемелерден, ҚТ-дан, қоректендіру кернеуінің қатты азайып кетуінен, қуат бағыты өзгеріп кетуінен және т.б. қорғайды, сонымен бірге жүктеменің номиналды токтарын қолмен сирек өшіріп жағу үшін қолданылады.
Автоматтарға қойылатын талаптар:
1. Автоматтың ток өтетін тізбегі номиналды токты соншалықты жететіндей ұзақ уақытта өткізуі керек. Ұзақ уақытта қосылу режимі автомат үшін қалыпты болып саналады. Түйіспелер тұйықталған кезде де, болып жатқан қ.т-да қосылған кезде де автоматтың ток жүргізетін жүйесі үлкен қ.т токтарына тап болуы мүмкін.
2. Автомат асқын 100 кА-ге дейін жетуі мүмкін ҚТ токтарын көп мәртелік өшірілумен қамтамасыз ету керек. Мұндай токтарды өшіргеннен кейін автомат ұзақ уақыт бойында номиналды токтарды өзінен өткізе алуы керек.
3. ҚТ токтарының жаман әсерлерінен электрқондырғылардың электрдинамикалық және жылулық беріктілігін қамтамасыз ету үшін автоматтардағы өшіру уақыты өте аз болуы тиіс. Тарататын құрылғының габаритін азайту мақсатында және қызмет көрсетудің қауіпсіздігін көтеру үшін қызған газдардың және доғаны өшіру барысында йондалған газдардардың минималды аумағы қажет.
4. Автоматтың қорғаныс элементтерін қажетті токтармен, әрекет ету уақыттарымен және селективтілікпен қамтамасыз ету керек.
Әсер етіп жатқан шамаға байланысты автоматтар тогы бойынша мин. автоматтар, кернеуі бойынша мин. автоматтар, кері қайтымды автоматтар, туынды токтармен жұым істейтін макс автоматтар, полярланған макс автоматтар (ток бір бағытта немесе кері бағытта өскенде тізбекті өшіретін), ток кез келген бағытта өскен кезде тізбекті өшіреті полярланбаған автоматтар болып бөлінеді. Селективті қорғанысты тұрғызу үшін автоматтардың тогы мен іске қосу тогын реттеу мүмкіндігі болуы керек.
Кейбір жағдайларда автоматқа біріктірілген қорғаныс қажет – тогы бойынша максималды және кернеуі бойынша минималды. Бұл талаптарды қанағаттандыратын автоматтар әмбебаб деп аталады.
Жалпы өндірісте және тұрмыста пайдаланылатын автоматтар тек артық токтан қорғайтын қорғанысы болады. Ол қорғаныстың шамасы автоматты зауытта жасағанда ретелінеді және эксплуатациялағанда автоматтың сипаттамасы өзгертілмейді. Жұмысшы персонал автоматтың кернеуде тұрған бөлшектеріне тиіп кетуден сақтау үшін автоматтар қаптамамен жабылып, доғаны сыртқа шығармайды. Мұндай автоматтарды қондырғылық дейді.
Барлық автоматтарда келесі негізгі түйіндері болады:ток жүргізуші тізбек, доғасөндіргіш жүйе, автомат жетегі, автомат механизмі, еркін тіркеу ағытқыш жүйе және тіркеу ағытқыштар (расцепители).
200 А-ден көп токка арналған автоматта (17.2-суреті) ток өтетін тізбекте басты 3 және доғасондіргіш 1 түйіспелері болады. Автоматты қосу үшін тұтқасын 12 қолмен көтеру керек немесе электромагнитті 4 іске қосылады. 6, 7 буындары мен 13 тіреуіштері – автоматтың еркін тіркеу ағытқыш жүйесі болады. Автоматты 12 тұтқасы қолмен немесе жылу және электромагнитті тіркеу ағытқыштартармен 5,8,10,11 үзеге асырылады. Доға 12 камерасында өшіріледі.
Автоматтардың негізгі параметрлері: өздік және толық өшіру уақыты, номиналды ұзақ ток, номиналды кернеу және асқын өшіру кернеуі.
автоматтың принципиалды сұлбасы.
Разрядтауыштар
Разрядтауыш — электртехникалық қондырғылардағы және электр желілердегі асқын жүктемелерді шектеуге арналған электраппарат.
Электр желілерінде кернеудің электр аппараттардың коммутациялары, атмосфералық разрядтар немесе өзге себептер тудырған импульстық көтерілулері жиі болып отырады. Осындай асқын жүктеменің қысқа мерзімділігіне қарамастан, ол оқшауламаны тесу үшін және, осының салдары ретінде, жойқын зардаптарға алып келетін қысқа тұйықталу үшін жеткілікті болуы мүмкін. Қысқа тұйықталудың ықтималдығын болдырмау үшін, сенімдірек оқшаулама қолдануға болады, бірақ бұл жабдық құнының айтарлықтай көтерілуіне алып келеді. Осыған байланысты электр желілеріндеразрядтауыштар қолданған мақсатқа лайықты.
Вентилдік разрядтауыш екі негізгі құрамдас бөліктен: көп мәрте ұшқындық аралықтан (бірнеше бір мәрте ұшқындық аралықтан тұратын) және жұмыс резисторынан (вилит және тирит дискілердің бірізді жинағынан тұратын) тұрады. Көп мәрте ұшқындық аралық жұмыс резисторымен бірізді байланысқан. Вилиттің ылғалданған кезінде сипаттамаларын өзгертетіндігіне байланысты, жұмыс резисторы сыртқы ортадан герметикалы жабылады. Асқын жүктеме кезінде көп мәрте ұшқындық аралық тесіледі, жұмыс резисторының міндеті – ілеспелі токтың мәнін ұшқындық аралықтар табысты сөндіре алатын шамаға дейін төмендету. Вентиль ерекше қасиетке ие – оның вольт-амперлік сипаттамасы сызықтық емес – ток күшінің мәнінің артуымен төмендейді. Бұл қасиет кернеудің азырақ төмендеуі кезінде көбірек ток өткізуге мүмкіндік береді.
Ток шектегіш реакторлар
Ток шектеуші реа́ктор — қысқа тұйықталу тогын шектеуге арналған электр аппарат. Осының тогын шектеу қажет болатын тізбекке бірізді қосылады және токты азайтып, қысқа тұйықталу кезінде желідегі кернеуді қолдап отыратын индуктивті (реактивті) қосымша кедергі ретінде жұмыс істейді, бұл генераторлардың және жалпы алғанда энергетика жүйесінің орнықтылығын арттырады.
Реактор — бұл тізбекке бірізді қосылған, тұрақты индуктивтік кедергісі бар шарғы. Реактивтілік шарғының индуктивтік кедергісіне тура пропорционал. Үлкен токтар кезінде болат өзекшелері бар шарғыларда өзекшенің қанығуы болады, бұл реактивтілікті күрт төмендетіп жібереді және, осының салдары ретінде, реактор өзінің ток шектеуші қасиеттерінен айырылады. Қысқа тұйықталу болған жағдайда ЭҚК сыртқы көзінің кернеуінің көпшілік бөлігі реакторда түседі. Қысқа тұйықталудың максималды екпінді тогының мәні формула бойынша есептеледі:
мұнда IH — желінің номиналды тогы; Xp — реактордың реактивті кедергісі.
Тиісінше, реактордың реактивті кедергісі неғұрлым жоғарырақ болса, желідегі максималды екпінді токтың мәні соғұрлым азырақ болады.
Ток шектеуші реакторлар мыналар бойынша бөлінеді:
-орнатылатын орны бойынша: сырттан және іштен қолданылатын;
-кернеу бойынша: орташа (3-35 кВ) және жоғары (110-500кВ);
-конструкциялық орындалуы бойынша: бетонды, құрғақ, майлы және сауытты (броньды);
-фазалардың орналасуы бойынша: тік, көлбеу және сатылы;
-орамдардың орындалуы бойынша: бір қабатты және қосарланған;
- функционалдық атқаратын міндеті бойынша: фидерлік, фидерлік топтық және секцияаралық.