Сурет. Екіжақты әрекетті бұрғылау сорабының гидравликалық блогы
Бұрғылау сораптары
Бұрғылау сораптарының қысқаша теориялық мәлімет
Бұрғылау сораптары жуу сұйығын бұрғылау құбырлар тізбегі арқылы ұңғыға қашауды суыту және бұрғыланған жыныстарды шығару үшін, қашауды айналдыру үшін қозғалтқышқа қосымша энергия береді.
Бұрылау сораптарына қойылатын негізгі талаптар:
- сораптың берілісі ұңғыны тиімді жуумен қамтамасыз ететіндей шекте реттелген болуы керек;
- сораптың қуаты ұңғыны және түпкі гидравликалық қозғалтқыштың жетегін жууға жеткілікті болуы керек;
- жуу сұйығының сораптан шығу жылдамдығы бұрғылауда қиындықтар тудыратын, қосымша энергетикалық шығындар мен қажу салдарынан бұзылатын инерционды күштер мен қысым бүлкілін жою үшін тепе-теңдікті ұстауы керек;
- сораптар құрамында абразивті майлары бар тоттануға бейім әртүрлі тығыздықтағы жуу ерітінділерімен жұмыс істеуге жабдықталған болуы керек;
- жуу ерітіндісімен жанасатын тораптары мен бөлшектерінің ұзақмерзімділігі жеткілікті және істен шыққан жағдайда оңай және тез ауыстыру мүмкіндігіне ие болуы керек;
- ірі габаритті тораптары мен бөлшектері жөндеу және техникалық қызмет көрсету кезінде сенімді қарпуға және орын ауыстыруға арналған жабдықтармен жабдықталған болуы керек;
- жетекті бөлігінің тораптары мен бөлшектері жуу ерітіндісінен қорғалған болуы және тексеру мен техникалық қызмет көрсетуге қолайлы болуы керек;
- сораптар жинақты күйде алыс және жақын қашықтықтарға тасымалдауға мүмкіндік беруі керек;
- сорап конструкциясы сорапты агрегаттың қозғалтқышының оң және сол жағына орналасу мүмкіндігіне ие болуы керек;
- сораптардың сенімділігі мен ұзақмерзімділігі олардың экономдығы мен пайдалану қауіпсіздігімен сәйкес болуы керек.
Бұрғылау тереңдігінің артуымен бұрғылау сораптарының қуаты да артады. Екіжақты әрекетті екі поршенді сораптар кең таралған, қазір олардың орнына біржақты әрекетті үш поршенді сораптар қолданылады.
сурет. Екіжақты әрекетті бұрғылау сорабының гидравликалық блогы
Гидроблоктар көміртекті болаттан жасалған құйма түрінде болады, онда цилиндрлік төлкеге арналған горизонталды жонылған арна мен айдау клапандарына арналған вертикалды ұялар бар. Ортақ клапанүстілік қуыс арқылы айдалатын сұйықтық цилиндрдің поршендік және штоктық камераларынан айдау коллекторына бағытталады. Қабырға қалыңдығы 30-40 мм, бұл гидроқораптың герметикалығын және беріктігін арттыру үшін керек. Гидроқораптардың қызмет ету мерзімін арттыру үшін ершікпен әсерлесетін ұя бетін эластомермен жабады.
Қабылдау және айдау коллекторлары құйылған немесе пісіріліп-құйылған болат конструкциямен жасалады. Айдау коллекторына сақтандырғыш клапан, пневматикалық компенсатор орнатады және манифольдтың айдау келтеқұбырын жалғайды. Қабылдау коллекторы сору клапанымен бірге гидроқораптың бүйірлік құйылмаларына жалғанады.
Гидроқораптың горизонталь жонылған арналарында орнатылған цилиндрлік төлкелер бұрғылау сораптарының ауыстырылатын бөлшектерінің өлшемдері мен металлсыйымдылықтары бойынша ірілерінің бірі. Олардың конструкциялық орындалуы, ұзындығы, сыртқы және ішкі диаметрлері салалық стандарттармен регламенттеледі. Цилиндрлі төлкелерді жоғарыкөміртекті және легирленген болаттардан дайындайды.
20 МПа-дан жоғары қысымдарда жұмыс істеген кезде биметаллды цилиндрлік төлкелер тиімді, олардың сыртқы бөліктері конструкциялық көміртекті болаттардан дайындалады, ал ішкі бөлігі-жоғарылегирленген болаттардан немесе шойыннан. Нормаға сәйкес қуаты 190-950 кВт бұрғылау сораптарында ішкі беттің кедір-бұдырлығы Ra=0,63 мкм-дан аспайды және қуаты 1180кВт сораптарда Ra=0,32 мкм-дан аспайды.
Цилиндрлік төлкелердің сыртқы беттері - тегіс немесе сақиналық белдемемен. Пішініне сәйкес олардың гидроқорапта бекітілу және тығыздалу әдістері өзгереді. Ол гидроқораптың жонылған арнасында кернегіш стақандар арқылы бекітіледі, ол айдалатын сұйықтық өтуге арналған терезелермен жабдықталған. Стақанның сыртқы бүйіржағына гидроқораптың поршендік қуысының қақпағы тіреледі. Төлкенің қозғалыссыздығы қақпақты гидроқорапқа бекітетін бұрамасұқпаны (шпилька) тарту кезінде пайда болатын өстік тартумен қамтамасыз етіледі.
Цилиндрлік төлкені тығыздау үшін гидроқораптың бунағына металл төлкемен бөлінген манжеталарды орнатады. Тығыздағыштардың өстік тартылуы грундбуксамен және дистанционды төлкемен іске асырылады және қақпаққа бұрап кіргізілген бұрандамалармен реттеледі. Грундбукса мен дистанционды төлке арасында орналасқан манжеталар қақпақты тығыздау үшін қолданылады. Цилиндрлік төлке мен манжеталарды ауыстыру кезінде қақпақ бұрандамалар көмегімен итеріліп шығарылады.