Ыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
ЫМАЛАРДЫ ЖЕРАСТЫ ЖӨНДЕУГЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР
Ымаларды жөндеуге арналған құрал-жабдықтар мен машиналар
Ыманы ағымды жөндеу
Ұңғыманы жөндеу кезіндегі жұмыстар мына түрге бөлінеді:
- ағымды жөндеу;
- іргелі жөндеу;
- қабаттардың мұнай беруін көбейтуге арналған жұмыстар.
Ұңғыманы ағымды жөндеу (ҰАЖ) деп оның жұмыс қабілеттілігі мен сағалақ жабдықтарды қалпына келтіру, ұңғыманы пайдалану режимін өзгерту, сонымен бірге көтеру тізбектері мен забойды асфальттен, парафин, гидратты шөгінділерден, тұздар мен құмнан тазарту жұмыстарын айтады.
5.1-кесте
Шифр | ҰАЖ бойынша жұмыс түрлері |
АЖ-1 АЖ1-1 АЖ1-2 АЖ1-3 АЖ1-4 АЖ1-5 АЖ1-6 АЖ1-7 | Пайдалануға беру кезіндегі ұңғыларды жабдықтармен қамтамасыздандыру (бұрғылаудан, игеруден, жұмыссыз тұрғаннан, консервациядан кейін) Фонтанды ұңғыны енгізу Газлифтті ұңғыны енгізу Штангалық тереңдік сораптарымен (ШТС) жабдықталған ұңғыларды енгізу Электрлі ортадан тепкіш сораптармен (ЭОТС) жабдықталған ұңғыларды енгізу Электрлі бұрандалы сораптармен (ЭБС) жабдықталған ұңғыларды енгізу Батырмалы сораптармен (БС) жабдықталған ұңғыларды енгізу Басқа түрлі сораптармен (ағыншалы, гидропоршеньді, т.б.) жабдықталған ұңғыларды енгізу |
АЖ2 АЖ2-1 АЖ2-2 АЖ2-3 АЖ2-4 АЖ2-5 АЖ2-6 АЖ2-7 АЖ2-8 АЖ2-9 АЖ2-10 | Ұңғыны басқа түрдегі пайдалануға көшіру Фонтанды-газлифтті Фонтанды-ШТС Фонтанды-ЭОТС Газлифт -ШТС Газлифт -ЭОТС ШТС –ЭОТС ЭОТС – ШТС ШТС – бөлек пайдаланылуға арналған жабдықтар (ПАЖ) ЭОТС – ШТС Көшірудің басқа түрлері (мысалы: ЭОТС – ЭБС, фонтанды ЭБС штангалы немесе батырмалы, ЭОТС – диафрагмалы, ЭОТС – ағыншалы, т.б.) |
5.1-кестенің жалғасы | |
АЖ3 АЖ3-1 АЖ3-2 | Пайдалану режимін оптималдау Ілу тереңдігін өзгерту, ШТС типтік өлшемін ауыстыру Ілу тереңдігін өзгерту, ЭОТС типтік өлшемін ауыстыру |
АЖ4 АЖ4-1 АЖ4-2 АЖ4-3 АЖ4-4 АЖ4-5 АЖ4-6 | ШҰС, ШБС сораптарымен жабдықталған ұңғыны жөндеу Сораптарды тексеру және ауыстыру Штанганың үзілуін жою Жылтыратылған штокты ауыстыру СКҚ-ны ауыстыру, нығыздау және саңылаулығын жою СКҚ-ны тазалау және булау Сағалық жабдықтарды тексеру және ауыстыру |
АЖ5 АЖ5-1 АЖ5-2 АЖ5-3 АЖ5-4 АЖ5-5 АЖ5-6 | ЭОТС, ЭБС, ЭДС сораптарымен қамтылған ұңғыларды жөндеу Сорапты тексеру және ауыстыру Электрқозғалтқышты ауыстыру Кабельдің ақауын жою СКҚ-ларды тексеру, ауыстыру, саңылаулығын жою СКҚ-ны тазалау және булау Сағалық жабдықтарды тексеру және ауыстыру |
АЖ6 АЖ6-1 АЖ6-2 АЖ6-3 | Фонтанды ұңғыларды жөндеу СКҚ-ны тексеру, ауыстыру, престеу және саңылаулығын жою СКҚ-ны тазалау және булау Сағалық жабдықтарды тексеру және ауыстыру |
АЖ7 АЖ7-1 АЖ7-2 АЖ7-3 АЖ7-4 | Газлифтті ұңғыларды жөндеу СКҚ-ны тексеру, ауыстыру, престеу және саңылаулығын жою СКҚ-ны тазалау және булау Газлифтті клапандарды тексеру, ауыстыру және тазалау Сағалық жабдықтарды тексеру және ауыстыру |
АЖ8 | Артезиан және сіңіру ұңғыларын тексеру және жабдықтарын ауыстыру |
АЖ9 АЖ9-1 АЖ9-2 | Түпті тазалау және жуу БАЗ-ды қосу арқылы ыстық мұнаймен (сумен) жуу Түпті химреагенттермен (ТГХВ, СКО, ГКО, т.б.) өңдеу |
АЖ10 | Жаңа жабдықтарды сынау бойынша тәжірибелік жұмыстар |
АЖ11 | Басқа жұмыс түрлері |
ыларды жерасты жөндеуге арналған жабдықтардың классификациясы
Ұңғыманы жерасты жөндеу (ҰЖАЖ)-ге арналған барлық жабдықтар, құралдар мен материалдар орналасу және орындалатын жұмыс түрлеріне қарай классификацияланады.
Жабдықтарды жер үстілік және ұңғылық деп бөлуге болады.
Өз кезегінде жер үстілік жабдықтар ЖАЖ-дың барлық түрінде қолданылатын жалпыға арналған жабдықтар мен орындалатын жұмыстардың түрлеріне байланысты арнайы жабдықтар деп бөлінеді.
Пайдалану шартына байланысты агрегаттар мынадай жабдықтардан тұрады: жүк көтергіш жабдықтар, көлік базасы, механизациялау құралдары мен түсіру-көтеру операцияларына арналған құралдары.
Жүк көтеру жабдықтарына мыналар жатады: мұнара, мачта және жебелер, лебедкалар, тальдік жүйе.
Көлік базасы ретінде жалпыға арналған және арнайы автомобильдер, сонымен бірге дөңгелекті және гусеницалы жүріске арналған тракторлар мен тіркемелер.
Түсіру және көтеру операцияларына арналған механикаландыру құралдарына механикалық құбырлық кілттер мен штангалық кілттер және манипуляторлар жатады.
Түсіру-көтеру операцияларын орындауға арналған құралдарға элеваторлар, спайдерлер, штропалар мен сырғалар, құбырлық және штангалық кілттер жатады.
Көрсетілген құралдар құрылымдық орындалуы, жүккөтергіштігі мен габариттері бойынша ажыратылады.
Үзіліссіз құбыры бар агрегат құрамына құбырды орауға арналған барабан, түсіру-көтеру операциясын орындауға қажетті инжектор, ұңғы сағасын нығыздауға арналған превентор мен көлік базасы кіреді.
Арнайы жабдықтарға, біріншіден, жалпыға арналған жабдықтарды кейбір операциялар кезінде толықтыратын – ротор, вертлюг, сораптар, компрессорлар енеді. Осы топқа көбікті айдайтын және қабатты гидрожұлуға арналған агрегаттар кіреді.
Ұңғылық жабдықтар да жалпыға арналған және арнайы болып бөлінеді. Жалпыға арналған жабдыққа резьбалы немесе үзіліссіз типтегі СКҚ-лар кіреді, ал арнайы түрлеріне – бұрғылау және шегендеу құбырлары енеді.
Ұңғылық жабдықтардың ең көп қолданыста болатын түріне пакерлер және апаттық құралдар жатады. Яссылар ағымды жөндеуге қолданылып қана қоймай, сонымен бірге апатты жоюға да қолданылады, сондықтан олар бөлек топқа жатқызылады. Забойды тазалау үшін желонкалардың бірнеше түрі қолданылады. Ұңғыға сұйықтың келуін қарқындату үшін свабтар мен құрылымдары әртүрлі арнайы сораптар қолданылады. Забой жанындағы зоналарға әсер ету үшін вибраторлар мен жылулық әсер етуші жабдықтар пайдаланылады.