Сұрақ. Габаритсіздік дәрежелері
Тасымалданатын жүктер берілген тиеу габаритінің өлшемдерінен шығатын болса, олар габаритсіз жүк деген атауға ие болып, оларға байланысты жеке тасымалдау шаралары мен жағдайлары жасалынады. Габаритсіздікдің 4 түрі бар: төменгі, ортаңғы, жоғарғы, вертикальды.
Төменгі габаритсіздіктіңаралығы рельс басынының өлшемінен (УГР-уровень гловки рельсов) 1400 мм-ге арақашықтық. ТГ-тің 6 дәрежесі бар.
Ортаңғы габаритсіздіктің аралығы 1400 мм – 4000 мм. ОГ-тің 6 дәрежесі бар.
Жоғары габаритсіздік аралығы 4000 мм - 5300 мм. ЖГ-тің 3 дәрежесі бар.
Жүктің биіктігі жоғары габаритсіздік шамасынан асып тұрса (5300 мм-ден асып тұрса), вертикальды габаритсіздік немесе асқын габаритсіздік деп атаймыз. Құрылысұа жақындау габаритінің максималды шамасы 6250 мм-ге тең.
Асқын габаритсіз жүктерді тасымалдау жабық немесе жартылай ашық вагонның үстіне орналастырылған бақылау қаңқасын (контрольная рама) қолдану арқылы жүзеге асады. Бақылау қаңқасы бар вагон локомотивтен кейін орналасады, ал габаритсіз жүктері бар вагондар пойыздың ортасында орналасады. Бірақ бақылау қаңқасы орналасқан вагоннан 20 оське дейін жақын орналаспауы керек және пойыздың соңынан кем дегенде 4 оське алыс орналасуы керек.
Тиеу габариті сақталғанын тексеру үшін станцияда габариттік қапалар (габаритные ворота) орналасуы мүмкін. Габарит қақпасы
Сұрақ. Теміржолдық қораптар түрлері
Жүктер өнімге арналған қолданыстағы стандарттардың негізінде орауыш түрлеріне сәйкес үш топқа бөлінеді:
1) қораппен тасымалданатын жүктер;
2) жекелеген бөлшектері ғана оралып қорапсыз тасымалданатын жүктер;
3) толықтай қорапсыз тасымалданатын жүктер.
Жүктерді тасымалдау икемділігі жүкті орауыш материалдар мен қораптың немесе жүкті байлап бекітуге, тиеп түсіруді жеңілдетуге арналған арнайы жабдықтарды қолдану арқылы жүзеге асады.
Қорап (тара) деп дайын өнімдерді, жартылай фабрикаттарды немесе шикізаттарды өнеркәсіптен тұтынушыға дейін тасымалдау, сақтау кезінде жүктің саны мен сапалық тұрғыдан сақталуын қамтамасыз етуге арналған қорғаныш сипатындағы бұйымды айтады.
Қорап үш түрге бөлінеді: тұтынушылық (потребительский), қосымша (дополнительный), көліктік (транспортный).
Тұтынушылық қорап дегеніміз тауарды тұтынушыға жеткізу үшін өнімдер ішіне салынатын қораптар (флакон, бөтелке, банка, жәшік т.б.). Тұтынушық қорап тұтынушыға ыңғайлы болатындай өнім мен тауарларды көлемі мен массасы бойынша бөлшектеп қою. Бұл қорап тауармен бірге тұтынушының меншігіне өтеді.
Қосымша немес топтық қорап дегеніміз тұтынушылық қораптарға салынып оралған жүктерді ауа райы мен сыртқы ортаның екпінді әсерлерінен қорғауға немесе ұсақ қораптарға салынған өнімдерді топтастырып бір қорапқа салып тасымалдауға арналған қораптар. Оған жәшіктер, қаптар, қатты қағазды жәшіктер т.б. жатады.
Көліктік қорап дегеніміз алдын ала тұтынушылық және қосымша қораптарға салынған және де оралмаған әртүрлі жүктерді тасымалдау кезінде механикалық зақым келтіруден қорғауға арналған көлік үстіндегі қорап. Көліктік қорапқа ағаштан, металдан, қатты қағаздан, полимер материалдарынан жасалған жәшіктер т.б. жатады.