Бірінші сатының сепараторлары, дозалау және сораптық қондырғылар
Сепараторлар
Бірінші сатының сепараторлары вертикал және горизонталь, ал ыдыстарының саны жағынан бір немесе қосыдысты болып келеді. Әдетте, вертикальды сепараторлардың өнімділігі горизонтальды түріне қарағанда аз болады (7.1-кесте).
7.1-кесте
Сепараторлардың параметрлері
Қондырғы түрі | Диамет- рі, мм | Өнімділігі, м3/тәул | Қысымы, МПа | Биіктігі, м | Ұзындығы, м | Массасы, кг |
СУ1-750-10 СУ2-750-16 СУ2-1500-16 СУ2-1500-40 СУ2-5000-40 | - - - - - | 1,6 1,6 | - |
Сонымен бірге, қосыдысты горизонталь орналасқан гидроциклонды сепараторлар да қолданылады. Олардың мұнай бойынша өнімділігі, әдетте 400 м3/тәу. Мұндай сепараторлар үлкен өнімділікті сепараторлық қондырғыларда қолданылады (7.1-кесте).
Соңғы кездері екіыдысты блокты сепараторлық қондырғылар (УБС) кеңінен қолданылуда. Бұларда газды алдын ала бұрып алады және өнімділіктері 2-ден 16 мың м3/тәу және қысымы 0,4-тен 1,6 МПа-ға дейінгі аралықта қалыпты қатармен шығарылады.
УБС-16000/16 сепараторлық қондырғының технологиялық сипаттамалары төменде келтірілген:
Қондырғының өнімділігі, м3/тәу................................................16000
Жұмыстық қысымы, МПа...............................................................1,6
Газ факторы, м3/м3..........................................................................120
Шикізаттың температурасы, 0С........................................................50
Жұмыстық орта..................................................................шикі мұнай
Күкіртсутегінің мұнайдағы құрамы, %...............................0,2-ден аз
Қорек көзі .....................................................................айнымалы ток
Кернеу, В..................................................................................220/380
Жиілігі, Гц..........................................................................................50
Тұтынатын қуат, Вт.......................................................................1500
Қондырғының ауқымы, мм:
Ұзындығы....................................................................................28000
Ені ..................................................................................................4500
Биіктігі ...........................................................................................5880
Сепаратордың көлемі, м3...................................................................80
Массасы, кг...................................................................................36338
7.4-сурет. Блокты сепарациялық қондырғының сұлбасы
1-алдын ала газды бұрып алу құрылғысы; 2-технологиялық ыдыс; 3-ысырмалар; 4-лоток; 5-сақтандырғыш клапан; 6-датчиктерді орнату құбыры мен деңгей реттуіш; 7-тамшыұстағыш; 8-қалқан; 9-сөре
7.4-суретте УБС-16000/16 маркалы алдын ала газды бұрып алатын, моноблокты сепарациялық қондырғының сұлбасы көрсетілген. Қондырғы алдын ала газды бұрып алу құрылымымен, технологиялық ыдыстан, тамшықайтарғыштан, реттеу арматурасы мен бақылау-басқару жүйесінен тұрады.
Шамадан артық қысымның орын алмауы үшін ыдыста сақтандырғыш клапан орнатылған. Сепаратордың әртүрлі режимдерде тиімді жұмыс істеуін бақылау мақсатында сынама алғыштар мен бақылау-өлшеу аспаптарын жалғау үшін штуцерлер қойылған.
Сепараторға орнатылған тамшыұстағышта диаметрі –1600 мм және ұзындығы – 3100 мм ішінде торы бар ыдыс орналастырылған. Бөлінген мұнайды құйып алу және газды енгізу үшін тамшыұстағыштың астына диаметрі 100 мм екі патрубок және диаметрі 450 мм бір патрубок бекітілген. Ыдыстың үстінде қызмет ету алаңшасы бар. Аппараттың өзі горизонталь орналасып, жерден 800 мм биіктікте қос тұғырға қойылған.
Сепаратор мынадай қалыппен жұмыс істейді. Ұңғымадан шыққан газсұйықты қоспа алдын ала газ бұрып алу қондырғысына келіп, онда газ сұйықтан ажыратылады. Бөлінген газ вертикаль құбыр арқылы тамшы ұстағышқа түсіп, онда тамшылар бөлінеді де, таза газ құбырға жіберіледі. Мұнай технологиялық ыдысқа келіп түсіп, ондағы лоток пен сөрелерде ары қарай қосымша сепарация жүреді де, таза мұнай сепаратордың төменгі жағына қарай ағады. Лотоктың әсерінен сұйықтың толқысуы болмайды, ал сөрелер сұйықтағы бос беттердің ұлғаюын қамтамасыз етеді.