Сурет. «Alakol Plant» ЖШС шығаратын ЭЦВ электрсораптарының бөлшектері мен түйіндері

ЭЦВ жұмыс жасау принципі

Сурет. «Alakol Plant» ЖШС шығаратын ЭЦВ электрсораптарының бөлшектері мен түйіндері - student2.ru

сурет. «Alakol Plant» ЖШС шығаратын ЭЦВ электрсораптарының бөлшектері мен түйіндері

Сораптың жұмыс жасау принципі келесіге негізделеді. Сораптың жұмыс жасаушы секцияларымен қоса электрақозғалтқыш ұңғымадағы суға батырылады. Агрегатқа арналған сораптың жұмыс жасаушы органы әр түрлі конфигурациялы қалақшалар болып табылады. Сорап вертикалды жағдайда жұмыс жасайды.

Синхронды типтегі электроқозғалтқыш сораптың басқа секцияларымен бір валда муфта арқылы тығыз қосылған. Отандық өндіріс конфигурациясына қарай сорап секциялары екісатылы және үшсатылы болады. Қатты қысым қажет болмаса бірсатылы сорап қолданылады.

Сораптың қалақшалары айналғанда сұйықтық бір сатыдан екінші сатыға, содан кейін үшінші сатыға, т.с.с. ары қарай өтеді. Орталықтан сыртқа тебуші күш принципі сұйықтықтың кинетикалық энергиясын өсіріп, сораптағы қысымды арттырады. Сұйықтықтың жоғары қысымында, сұйықтықтың берілуі төмендейді.

Қысым – берілу көрсеткіштерінің оптималды көрсеткіштеріне ие болу үшін агрегаттың мақсатына қарай қажетті марка таңдалып алынады. Ұңғымалы типтегі сораптар сақтандырғыш клапанмен жабдықталған. Аталған сақтандырғыш кенет тоқтау жағдайында үлкен массадағы суды ұстайды, екінші ретті қозғалтқышты іске қосуды жеңілдетеді, қалақшалардың кері айналуына мүмкіндік бермейді.

Сораптардың функциясы мен көлемдеріне қарай ұзындығы 3 мертрге және салмағы 0,5 т дейін барады. Қысым 300 мертге дейін жетеді. Сорапты шойыннан немесе шіруге тұрақты болаттан жасайды. Сораптың кішкентай типтері шағын ұңғымаларда немесе үй шаруашылығында қолданылады.

Сорапты қолдану аймағы:

Батырылмалы ЭЦВ сорапы артизандардан қалаларды, өндірісті, ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз етуде қолданылады.

ЭЦВ сораптары құрамындағы минералы 1500 мг/л, температурасы 25 градусқа дейінгі, механикалық қосындылары 0,01 % аспайтын суды шығаруға арналған. Аталған жұмыс бірсатылы және көпсатылы сораптармен диаметрі 100-500 м болатын ұңғымаларда жасалады. Сораптың беру қуаты 6-1200 м3/сағат, қысымы 12-680 м вод. Ст.

ЭЦВ сорапының көрсеткіші

ЭЦВ8-40-90:

Э – батырылмалы электроқозғалтқыш тартпасымен

Ц – орталық сыртқа тебуші

В – су беру үшін

8 – құбырдың ішкі диаметрі (дюймде)

40 – номинальді берілім, м3/сағ

90 – номинальді аын, м

Әріптік белгілеудің алдындағы сан сорап бөлігінің конструктивтік орындалуына нұсқайды. Орындалуы 1 – жұмысшы дөңгелегінің ұңғымалы батпалы сорап ЭЦВ, білікке тіркелген. Электроқозғалтқышта орнатылған осьтңк гидравликалық күш тіреуші қондырғы ретінде қолданылады. Сораптың қалақшалы бұрылған обоймасы штампталған.

Орындалуы -дискілі құбырдан жасалған цилиндрлі обоймасы бар ұңғылық батырмалы сорап ЭЦВ сатыаралық қуысты бөледі. Соның арқасында жұмысшы дөңгелектерінде нығыздаушы тесік тудырады.

Орындалуы 3 – құйылған қалақшалы бұрылғысы бар ұңғылық батырмалы сорап ЭЦВ. Сорап сатылары жартылай өсті типте болады. Жұмысшы дөңгелектері білікке бекітілген.

Орындалуы 4 – ұңғылық батырмалы моноблокты электрсорапты агрегат. Әріптен кейінгі сан келесіні білдіреді: шегендеу тізбегінің ішкі диаметрінің максималды мүмкін болатын өлшемдері 25 есеге кішірейтілген және дөңгелетіліп алынған (мм); келесі сандар – берілімі, м3/сағ; соңғы сандары – тегеуріні (с.б.м)

Химиялық активті суларда жоғары температурадығы суларда немесе механикалық қоспасының көп батпалы сорапты ЭЦВ шартты белгіленген сандардан кейін келесідей әріптер болу кере: Х,Тр, Г, ХТр, ХТрГ; (Г – минерализациясы 2500мг/д – кем емес судың берілістері үшін; Х – минерализациясы 2200мг дейін сулар үшін; ХТр – температурасы -2-ден + 30С0 дейінгі теңіз сулары үшін; ХТрГ – температурасы 70С0 дейінгі йодбромдалған сулар үшін)

5 ЭЦВ сорғыларын пайдалану кезіндегі нұсқаулық

Электросорғыларды орнату сырттан тебу сорғысынан, СЖЭҚ (С- сумен толтырылған, Ж – жүктеуші, ЭҚ – электроқозғалтқыш) үлгісіндегі тиеу электрокозғалтқыштарынан, тоқ өткізгіш кабельден, сукөтеретін құбырлардан, ұңғы түбі жабдықтарынан (тірек жабдықтары, тиек, монометр үшбағытты кранмен) және автоматты басқару құрылғыларынан тұрады.

СЖЭҚ үлгісіндегі электроқозғалтқыш (ПЭДВ. П – погружной, ЭД – электродвигатель, В – заполненный водой) ұңғыға түсірілмес бұрын таза фильтрленген сумен тоолтырыруы керек.

Сорғы агрегаттары ұңғы ішінде сукөтергіш құбырлар колонасына ілінеді және ол клапанды қораптың жоғарғы фланецы ұңғыда динамикалық деңгейден 1,5 м ден кем болмайтындай етіп суға түсіріледі.

Ұңғылы жүктеу сорғыларының әр сатысы жұмыс дөңгелегінен қалақшалы отводтан және обоймадан тұрады. Тұрық негізі аркылы. Су сорғыға тұрық негізі арқылы пластмассадан немесе қоладан жасалған жұмыс дөңгелегіне беріледі.

ЭЦВ жүктеу сорғысының мойынтіректері тартылып алынған сумен шайылады. Жүктеу сорғылары ешуақытта құрғақ күйінде жұмыс істемеуі керек. Сорғыны сусыз қысқа мерзімге қосқан жағдайдын өзінде байлау қозғалтқыштар мойынтірегінің ақауына акеледі.Сорғы тәрелкелі немесе шарикті үлгідегі қайтармалы клапанмен жабдықталған.

Наши рекомендации