Ньютонның бірінші заңы

Исық сызықты қозғалыстағы жылдамдық жəне үдеу.

Егер материалдық нүкте қозғалғанда оның траекториясы қисық сызық болып келсе, онда қозғалыс қисық сызықты қозғалыс деп аталады. Енді осы қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдықпен үдеудің өзгерісін қарастырайық.Қисық сызықты қозғалыс кезінде жылдамдық векторы берілген әрбір уақыт мезетінде дене траекториясына қозғалыстың бағыты бойынша жүргізілген жанама бойымен бағытталады.

Озғалмайтын оське қатысты айналған дененің сызықтық және бұрыштық жылдамдықтары арасындағы байланыс

Шеңбер бойымен қозғалыс кезінде қозғалыстың траекториясы да шеңбер болатыны белгілі. Нүктенің орнын қозғалыс басталғаннан бастап, оның шеңбер доғасы бойымен жүрген жолы арқылы да анықтайды. Шын мәнінде, кез келген физикалық дене сансыз көпнүктелерден тұрады. Ілгерілемелі қозғалыс кезінде әрбір нүктенің жылдамдығы бірдей болады және олар бірдей аралықты жүріп өтеді. Ал қозғалыс кисықсызықты болған жағдайда, бірдей уақыт ішінде сыртқы нүктелер ішкі нүктелерге қарағанда көбірек жолжүреді. Демек, әр нүктенің орнын, орын ауыстыруын және әр нүктенің жылдамдығын білу керек болады. Бұл, әрине, қиын мәселе. Дегенмен қозғалыс тағы нүктенің орын ауыстыруын сипаттау үшін оның бастапқы орны мен t уақыттан кейінгі орнына сөйкес келетінрадиустар арасындағы φ бұрыш ты пайдаланатын болсақ, мәселе оңай шешіледі.

Басқаша айтқанда, А нүктесінің шеңбер бойымен қозғалысын қарастырғанда, оны шеңбер центрімен қосатын R радиустың φ бұрылу бұрышымен сипаттау ыңғайлы болып келеді.

Механикада бұрылу бұрышын радианмен өлшеу келісілген. Радиан — ɭ доғасының щындығы R радиусына тең болатын φ центрлік бұрыш. Бұрылу бұрышының уақытөтуімен өзгеруін бұрыштық жылдамдық арқылы сипаттайды.
ньютонның бірінші заңы - student2.ru

Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышының осы бұрылуға кеткен уақытқа қатынасымен өлшенетін шаманы айтады. Бұрылу бұрышы φ әрпімен белгіленеді.
ньютонның бірінші заңы - student2.ru

Дененің шеңбер бойымен қозғалысын қарастырғанда, дененің түзусызықты қозғалысын сипаттайтын жылдамдық та колданыла береді. Бірақ дененің шеңбер бойыменқозғалысы жағдайында оны сызықтық жылдамдық деп атау келісілген.
ньютонның бірінші заңы - student2.ru ньютонның бірінші заңы - student2.ru

Бұрыштық жылдамдық пен сызықтық жылдамдықтың жоғарыда алынған формулалары есеп шығару кезінде жиі колданылады

Ньютон заңдары.Масса.Күш.

Ньютонның механика заңдары – И.Ньютон тұжырымдаған (1687) классикалық механиканың негізгі үш заңы.

Ньютонның бірінші заңы

“Егер денеге сырттан күш әсер етпесе, онда ол тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы күйін сақтайды”. Біздің дәуірімізге дейінгі 4-ғасырдан бастап, жиырма ғасырға созылған уақыт бойы гректің ұлы ойшылы Аристотельдің және оның жолын қуушылардың идеясы үстемдік етті. Олардың көзқарасы бойынша дене тұрақты жылдамдықпен қозғалу үшін, оған үнемі басқа дене әрекет ету керек деп есептелінді: дененің табиғи күйі тыныштық деп саналды. Алғаш рет итальян ғалымы Галилео Галилей (1564-1642) ғасырлар бойы қалыптасқан бұл қағидадан бас тартты. Ол өзінің жүргізген тәжірбиелері негізінде Аристотель мен оның жолын қуушылар ілімінің жалған екендігін дәлелдей білді. Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, немесе түзу сызықты және бір қалыпты қозғалысын жалғастырады деген қорытындыға келген болатын. Бұл өздеріне таныс инерция заңы. И.Ньютон инерция заңын механика негізіне енгізді, сондықтан бұл заңды Ньютонның бірінші заңы деп атайды.

Наши рекомендации