CRT buffer» жүйесі көмегімен сілекейдің буферлық қасиетін экспресс-әдіспен нақтылау. 3 страница
1.17.- сурет.Астыңғы жақтың екінші кіші азу тісі: а — вестибулярлы ұрттық беті; б — таңдай беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д — көлденең кесінді; е, — тігінен кесінді
1.4.4. ҮЛКЕН АЗУТІСТЕР ТОБЫ
ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.18- сурет)
Тіс сауыты | Ең үлкен және ірі тіс. Шайнау беті бұрыштары тегістелген ромб тәріздес. Төрт төмпешігі бар. Екі тілдік және ұрттық. Төмпешіктерді бөліп тұратын сызаттар Н әріпіне ұқсас. Ұрт жақ төмпешіктері конус тәріздес, ал таңдай төмпешіктері жатыңқы, аздап тегістелген. Алдыңғы төмпешіктері артқы төмпешіктерге қарағанда үлкен. Сауыттың ұрттық беті таңдай бетінен үлкен. |
Тіс қуысы | Негізінен сауыт пішінін қайталайды. Қуыстың күмбезі дөңестеу және төмпешік аймақтарында 4 терең сайлар бар. Тіс қуысының табанында түбір өзегінің сағалары орналасқан. |
Нұсқалар | Алдыңғы таңдай төмпешігінде әр түрлі дәрежеде бейнеленген, бірақ шайнау бетіне дейін жетпейтін қосалқы төмпешік орналасқан. (Ауытқулы Карабелли төмпешігі). |
Тіс түбірі | Жақсы дамыған — конус пішінді, тік қатты таңдайға қарай иілген, екі ұрттық және бір таңдайлық үш түбірі бар. Ұрттық түбірі алдыңғы-артқы бағытта жалпайған және алдыңғы, артқы деп бөлінеді. Артқы түбір ең қысқа. |
Тіс түбірінің өзегі | Түбір өзегінің сағалары тіс қуысының табанында үшбұрыш тәріздене орналасқан. Ең кең өзегі таңдайлық, ал ең тар өзегі ұрттық. |
Нұсқалар | Алдыңғы ұрттық түбірінде қосымша медиоұрттық түбір өзегі болады. |
1.18.- сурет.Үстіңгі жақтың бірінші үлкен азутісі: а — вестибулярлы беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — көлденең кесінді; д — окклюзиялық беті; е, ж, з — өзектердің тігінен кесіндісіндегі құрылым нұсқалары;
ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.19- сурет)
Тіс сауыты | 4 нұсқалы құрылымы бар : — 1- нұсқа — тіс сауыты бірінші үлкен азу тіс сияқты, бірақ көлемі жағынан кішілеу. Бұл нұсқаға тән қасиет Карабелли төмпешіктерінің болмауы; — 2- нұсқа — тіс сауыты ромб пішінді болып келеді. Алдыңғы таңдайлық және артқы ұрттық төмпешіктердің жақындауы көрінеді; — 3-нұсқа — алдыңғы таңдайлық және артқы ұрттық төмпешіктердің бірігуіне байланысты сауыт үш төмпешікті болып келеді; — 4- нұсқа — сауыт үшбұрыш пішіндес. Шайнау бетінде үш төмпешік бар. Біреуі таңдайлық , екеуі ұрттық. |
Тіс қуысы | Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. |
Нұсқалар | Ең көп кездесетіні 1 және 4 нұсқа |
Тіс түбірі | Тіс үш түбірден тұрады — бір таңдайлық екі ұрттық |
Тіс түбірінің өзегі | Таңдай түбір өзегінің диаметрі ең үлкен. Өзектер алдыңғы артқы бағытта қысылған. |
Нұсқалар | Түбірлердің бір түбір болып қосылуы мүмкін. Кейде тек қана ұрт жақ түбірлер ғана бірігеді. |
1.19-. cурет.Үстіңгі жақтың екінші үлкен азутісі: а — вестибулярлы беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е — тігінен кесінді; ж, з, и — өзектердің көлденең кесіндісіндегі түбір өзектерінің сағасының орналасу нұсқалары;
ҮСТІҢГІ ЖАҚТЫҢ ҮШІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ (1.20- сурет)
Тіс сауыты | Үстіңгі жақтағы үшінші азутіс ― азу тістер ішіндегі ең көлемі кіші тіс. Тіс сауытының пішіні әр түрде бейнеленеді. Көбіне көп окклюзиялық бетінде 3-4 төмпешік орналасады. Кешігіп шығуына байланысты (20–21 жаста) ақыл тіс деп аталады. |
Тіс қуысы | Тіс қуысының пішіні де сауыт сияқты әр түрде болады және сауыт пішінін қайталайды. |
Нұсқалар | Кейде сауыт көлемі бірінші азутістің көлемі сияқты және 6-8 төмпешігі болуы мүмкін. Көбіне тіс қуысы сауыт пішініне сәйкес келмейді. |
Тіс түбірі | Тісте басқа азу тістер сияқты үш түбір болады. Түбірлері бірігіп кетуі мүмкін. Көбіне –көп артқы ұрт және таңдай түбірлері бірігіп кетеді. |
Тіс түбірінің өзегі | Өзек сағалары үшбұрыш тәріздене орналасқан. Таңдай өзегі ең кең өзек. |
Нұсқалар | Түбірлер саны 1 ден 5 ке дейін болуы мүмкін. Түбірлердің әр түрлі бірігіп кетуі байқалады. |
1.20-.сурет.Үстіңгі жақтың үшінші үлкен азутісі: а — вестибулярлы беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — көлденең кесінді; д - окклюзиялық беті; е — тігінен кесінді;
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ БІРІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ ( 1.21-сурет)
Тіс сауыты | Астыңғы жақтағы азутістердің ең үлкені. Тіс сауытының пішіні куб тәріздес. Вестибулооральді бағытта біршама ұзарған. Тістің окклюзиялық бетінде 5 төмпешік орналасады. Екеуі оральді, екеуі вестибулярлы, біреуі дисталды. Шайнау бетінде төмпешіктер арасымен өтетін екі сай бар: біреуі медиодисталды, ал басқасы вестибулооральді бағытта өтеді. |
Тіс қуысы | Тіс қуысы сауыт пішінін қайталайды. Тіс қуысы күмбезі төмпешіктер проекциясы аймағында тереңдеу келеді. Тіс қуысының табаны окклюзиялық жағында дөңестеу. Қуыстың табанында үш түбір өзегінің сағасы орналасқан. |
Нұсқалар | Сирек жағдайда шайнау бетінде 6 төмпешік болады: үш вестибулярлық және үш оральді. |
Тіс түбірі | Ережеге сәйкес екі түбір — медиалды және дисталды түбір |
Тіс түбірінің өзегі | Дисталды түбірде кең бір өзек болады, медиалды түбірде – екі өзек, ұрттық және тілдік. |
Нұсқалар | Кейде дисталды түбірдің екіге бөлінген нұсқасы кездеседі. Бұл жағдайда түбір өзегі 4-еу болады. Түбірлердің бірігіп қосылуы өте сирек (2,3–5,0%) кездеседі. Сирек екі түбір өзегі болуы мүмкін. |
1.21.- сурет.Астыңғы жақтың бірінші үлкен азутісі: а — вестибулярлы беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е — өзектердің көлденең кесіндісіндегі түбір өзектерінің сағасының орналасу нұсқалары; ж — тігінен кесінді;
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ЕКІНШІ ҮЛКЕН АЗУТІСІ (1.22-сурет)
Тіс сауыты | Негізінен екінші үлкен азутістің пішіні бірінші азутіске ұқсас. Көп жағдайда окклюзиялық бетінде 4 төмпешік орналасады: екі оральді және екі вестибулярлы. Вестибулоральді және медиодисталды бағытта төмпешіктер арасынан сайлар өтеді. Сайлар крест тәріздене орналасады. |
Тіс қуысы | Тіс қуысының табаны окклюзиялық жағынан дөңестеу және тіс мойынынан төмен орналасады. Тіс қуысы табанында өзектердің үш сағасы орналасады. |
Нұсқалар | Кейде 3 тен 6 ға дейін төмпешіктер болуы мүмкін. Үштөмпешікті нұсқа кезінде сайлар Y әріпі секілді, ал 4 төмпешікті нұсқа кезінде сайлар Х тәрізді. |
Тіс түбірі | Тіс екі түбірлі ―- алдыңғы және артқы. Дисталды түбір медиалды түбірге қарағанда қысқа және тарлау. |
Тіс түбірінің өзегі | Көп жағдайда үш өзек болады. Бір дисталды екі медиалды. Соның ішінде дисталды өзек ең кең өзек болып келеді. |
Нұсқалар | Түбірлер көп дәрежеде толықтай қосылып кетуі мүмкін. Ең жақсы дисталды түбір бейнеленеді. Өте аз екі өзектің қосылуы байқалады. |
1.22.- сурет.Астыңғы жақтың екінші үлкен азутісі: а — вестибулярлы беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; д — окклюзиялық беті; г — көлденең кесінді;
е — тігінен кесінді;
АСТЫҢҒЫ ЖАҚТЫҢ ҮШІНШІ ҮЛКЕН АЗУ ТІСІ ( 1.23- сурет)
Тіс сауыты | Тіс астыңғы жақтың ақыл тісі деп аталады. Тіс сауыты бірінші және екінші азу тістерге қарағанда аздап кішілеу. Сауыт пішіні куб тәріздес. Окклюзиялық бетінде 4-5 төмпешік орналасады. |
Тіс қуысы | Тіс қуысы толықтай сауыт пішінін қайталайды. Қуыс табанында өзек сағалары орналасады. |
Нұсқалар | Окклюзиялық бетінде 3- тен 6- ға дейін және одан көп төмпешіктер орналасуы мүмкін. Тіс қуысы пішін және көлемі жағынан сауыт параметріне сәйкес келмеуі мүмкін. |
Тіс түбірі | Түбірі екеу. Сауыты үлкен бола тұра түбірлері қысқа, бір- біріне жақын орналасады. |
Тіс түбірінің өзегі | Үш өзегі болады — екеуі алдыңғы түбірде, ал біреуі артқы түбірде орналасады. |
Нұсқалар | Түбірлері кейде бірігіп кетеді. Екі өзек болуы мүмкін. |
1.23.-сурет.Астыңғы жақтың үшінші үлкен азутісі: а — вестибулярлы беті; б — оральді беті; в — бүйір беті; г — окклюзиялық беті; д, е —тігінен кесінді; ж — көлденең кесінді;
ІС ҰЛПАСЫ.
Тіс ұлпасы (pulpa dentis-пульпа зуба) әр түрлі жасушалық элементтерден, жасушааралық заттардан, қан тамырларынан, нерв талшықтарынан, рецепторлық аппараттан тұратын күрделі дәнекертіндік ағза болып табылады.
Ұлпа тістің сыртқы анатомиялық пішінін қайталайды да сауыт және түбір ұлпасы болып бөлінеді. Тіс сауытында ұлпа шайнау бетінің рельефіне сәйкес келетін биіктік құрайды. Бір түбірлі тістерде тістің сауыт ұлпасы еркін түбір ұлпасына ауысады да, түбір өзегіне 2-3 мм енеді. Түбір ұлпасы сауыт ұлпасына қарағанда тығыздау және құрамында капиллярлар, нерв талшықтары бар. Түбір ұлпасы түбір ұшының тесігі арқылы периодонтпен жалғасады.
Ұлпа қызметі:
• пластикалық қызметі — одонтобластардың қызметі әсерінен екіншілік дентинді тұрақты құрылуына қатысуы;
• трофикалық қызметі — одонтобластар мен қантамырлардың болуы әсерінен дентинді сұйықтықпен қамтамасыздық етуі;
• сенсорлық қызметі — ұлпа құрамында нерв талшықтарының көп болуы;
• қорғау және құру, түзелу қызметі — үшіншілік дентиннің, зақымдануға қабыну ретінде жауап беруі, гуморалды және жасушалық реакцияның түзелуі;
Тіс ұлпасының құрылымы
Тіс ұлпасының жасушалық құрамы 3 қабатқа бөлінген: шеттік (2–3 қатар одонтобласттар), аралық (жұлдызды жасушалар немесе преодонтобласттар) және орталық (фибробласттар, гистиоциттер, макрофагтар, лимфоциттер, плазматикалық[w26] жасушалар, мес жасушалар (тучные клетки) .
Одонтобласттар — бұл ұлпаның жоғары дифференцияланған және арнайы жасушалары. Олар сопақша, алмұрттәрізді немесе ұзынша болып келеді. Орталық және шеттік өсіндісі болады. Орталық өсіндісі тіс ұлпасының шетінен шықпайды, ал шеттік дентинге еніп дентин түтікшелерінде орналасады.
Өсінділердің көп бөлігінің кіреуке –дентин байламына дейін созылуы оның сезімталдығының жоғары екенін түсіндіреді. Одонтобластардың негізгі қызметі дентин түзеуші болып табылатындығы. Талшықты құрылымы негізінен коллаген талшықтарынан тұрады және окситаланды, аргирофильді талшықтарда болады. Тіс ұлпасында эластикалық талшықтар болмайды. Тіс ұлпасының негізгі заттары мукополисахаридтерден, мукопротеиннен, гликопротеиннен, гексозаминнен тұрады және жасушалық, талшықты құрылымдарды, қантамырлары мен лимфа тамырларын, нерв талшықтарын құрамына жинақтайды.
Ұлпаның қанмен қамтамасыз етілуі жақсы дамыған жүйе. Негізгі артерия тамыры құрамында түбір ұшы тесігі арқылы ұлпаға енетін 2-3 көк тамырмен және бірнеше нерв талшықтарының қосарлануымен құрылған. .
Артерия түбір өзегі тесігіне жете артериолдарға тарамданады және қалың капиллярлы тор құрайды. Капиллярлардың көп бөлігі субодонтобласт қабатында орналасқан.
Тіс ұлпасының иннервациялануы үстіңгі және астыңғы жақтың үштік нервісінің тармақтарымен қамтамасыз етіледі. Нерв талшықтарының жұмсақ жиынтығы түбір ұшы тесігі арқылы еніп, қан тамырларымен бірлесе отырып, қан-нерв жиынтығын құрайды. Содан кейін олар жеке бөлшек нерв талшықтарына бөлініп, әртүрлі бағытта шеткі ұлпаға қарай бағытталып, субодонтобластық нерв өрімін – Рашков өрімін құрайды.
1.6. ПЕРИОДОНТ
Периодонт— түбір цементі мен альвеоланың компакты пластинкасы арасындағы саңылауды толтырып тұрған дәнекер тін. Периодонт үш негізгі компоненттерден тұрады:- борпылдақ дәнекер тіннен, жасушалық элементтерден және талшықтардан. Периодонттың байламшы аппараты бір жағынан альвеола сүйегіне, ал екінші жағынан тіс цементіне бекітілген көптеген коллаген талшықтарының жиынтығынан тұрады. Периодонттағы коллаген талшықтары жиынтықтарының орналасуына байланысты бөлінеді:
· Альвеола айдаршығының талшықтары: тістің ұрт жақ беткейіне алвеолярлы сүйектің айдаршығымен байланыстырады және ұрт-тіл жақ жазықтығында орналасады.
· Көлденең орналасқан талшықтар: альвеола айдаршығы талшықтарынан терең периодонт саңылауына кіреберісінде орналасады және циркулярлы (шеңберлі, айналмалы) тіс байламын құрайды. Ең алдымен ол үш талшықтан тұрады. Бірінші топ талшықтары ― тіс-қызылиек байламынан төмен цементке бекітіледі. Екіншісі ― қызылиектен және қызылиек бүртікшесінен желпуіш секілді басталып, тіс мойнына бекітіледі де қызылиектің қозғалмауын және оның тіске тығыз байланысуын қамтамасыз етеді. Үшінші топқа талшықтардың транссептальді тобын жатқызады. Бұл топ талшықтары тістерді көрші тіспен байланыстырады және тісаралық бүртікше қалыңдығынан, алвеолды өсінді ұшынан өтеді.
· Қисық орналасқан талшықтар: сан жағынан басқа топ талшықтарынан басым келеді және периодонт саңылауының 2/3 бөлігін алып тұрады.
Талшықтар цементтен жоғары алвеола сүйегіне қарай қиғаш орналасады.
· Түбір ұшы талшықтары түбір ұшы бөлігінен альвеола түбіне қарай тігінен таралады, біреуі көлденең бағыт алса, ал басқалары тігінен бағытталды.
· Түбіраралық талшықтар көптүбірлі тістерде бифуркация аймағында тіс түбірін түбіраралық қалқанша айдаршығымен байланыстырады. Олар оған жартылай көлденең, ал жартылай тігінен бағытталады.
Коллаген талшықтарынан басқа периодонт құрамына ретикулярлы, эластикалық және окситаландық (эластикалық жетілмеген) талшықтар кіреді. Олар диаметрі 0,5-1 мкм және ұзындығы бірнеше миллиметр болатын жиынтық құрайды. Ретикулярлы талшықтар коллаген талшықтары жиынтығы арасында орналасып, коллаген талшықтарының жүрісін қайталайды. Олар жіңішке күрделі көмірсумен қапталған микрофибрил коллагенінен тұрады. Ретикулярлы талшықтарының басым көпшілігі мойын бөлігінде, түбір ұшы және бифуркация аймағында анықталады.
Эластикалық талшықтар негізінен қан тамырларының қабырғаларында болады және гликопротеидті микрофибрилдерден, эластин белоктарынан тұрады. Тірек-механикалық [w27] қызметін атқарады.
Окситаланды талшықтар ―- бұл эластикалық талшықтардың бір түрі. Периодонтта қан тамырларымен жалғасып, окситаланды-тамырлық құрылым құрайды. Түбірге параллельді жүріп, периодонт саңылауының ортасында орналасады. Олар коллаген талшықтарына тік бұрышта енетін түбір айналасында үш шекті тор құрайды. Окситалан талшықтарының ең көп бөлшегі тіс мойны аймағында орналасады. Окситалан талшықтары негізінде қан айналымын реттеуге қатысады.
Периодонттың қантамырлары қызылиек және сүйек тіні қантамырларымен анастамоз жасайды. Периодонттың лимфа жүйесі жұқа қабырғалы лимфалық қылтамырлардан тұрады және ондағы борпылдақ тіннен басталып, қалақшалары (клапан) бар веналармен бірге жүретін жинағыш лимфа тамырларына өтеді. Лимфа тамырларының біразы қызыл иекке бағытталса, біразы альвеола қабырғасын тесіп өтеді.
Периодонт сезімтал нерв ұштарына және нерв талшықтарына өте бай. Бұл – оның өте ерекше сезу ағзасы екенінің дәлелі және оның шайнау қысымын рефлекторлық реттеудегі маңызын көрсетеді (Фалин Л.И., 1963).
Периодонттың иннервациялануы афференттік және эфференттік талшықтар арқылы жүреді. Афференттік талшықтар периодонтқа екі иннервациялаушы жолмен келеді. Олардың біріншісі – тіс нервісінен бөлінетін, түбір ұшы тесігіне кіргенге дейін және қызыл иекке дейін жететін қантамыр-нерв шоғырымен бірге болатын шеткі тармақтар. Афференттік нервтердің екінші бастама жолы – тісаралық және түбіраралық қалқандардың тесіктеріне өтетін (фолькман өзектері) тармақтар. Олар тіс нервісінен түбір ұшына немесе тіс сауытына қарай бағытталған және периодонттың орта және тіс мойыны бөлігін нервтендіруге қатысады.
Периодонттың жасуша құрамы: фибробласттармен, плазматикалық, мес, адвентициалды жасушадан, остеобластардан, цементобластардан, макрофагтардан (гистиоциттер, остеокластар, цементокластар), қан жасушаларынан (сегментті ядролы лейкоциттерден, кейде эозинофилдер мен лимфоциттер), эпителиалды жасушалар жинақтарынан тұрады.
Фибробласттар коллаген талшықтары және негізгі заттардың түзілуіне қатысады. Физиологиялық жағдайда және периодонттың жарақаттануы кезінде фибробласттар сүйек және цемент жағына қарай ауысатын периваскулярлы орналасқан жасушалар -орынбасушы қайта құрылатын жасушалармен алмасып отырады. Фибробласттар саны жас ұлғаюына байланысты азаяды.
Мес жасушалар борпылдақ дәнекер тіндерде көптеп орналасып, лейкоциттер және плазмалық жаушалардан дамиды да секреторлық қызмет атқарады. Бұл цитоплазмасында көптеген базофилді дәндері бар, ірі, дұрыс шеңберлі емес жасушалар. Мес жасушалардың бұзылуы кезінде организм жағынан күрделі жауапты реакциялар туындататын сандық жағынан басым көптеген биологиялық белсенді заттар, әсіресе, гепарин және гистаминді бөледі.
Цементобласттар екіншілік жасушалық цементің құрылуына, ал остеобластар альвеолада сүйек тінінің құрылуына қатысады. Барлық тістердің периодонтында, әсіресе үлкен азу тістерде және күрек тістерде аздаған аралшықтар немесе эпителиалды жасушалар немесе Малассе аралшықтары кездеседі.
Бұл эпителиалды жасушалар әртүрлі қабыну үдерісін, түбірұшы тінінде жалған ісік тәрізді және ісікті үдерістердің дамуына, радикулярлы жылауықтардың (киста) эпителиалды жабындысының қалыптасуына үлкен рөл атқарады.
Периодонтта құрылымы жағынан рецепторлардың әр түрлі болуы олардың қызметінің де әр түрлі болуын қамтамасыз етеді:
· Тірек –бекіту қызметі: Периодонттың негізгі қызметі тіреп-бекіту және амортизациялаушы болып табылады. Периодонттың гидравликалық аппараты (қан және лимфа тамырлары) оның негізгі қызметінің биомеханикасында белсенді рөл атқарады. Гидростатикалық қысымның өзгеруі байламдық аппараттың созылғыштығына әсер етеді, периодонтқа жоғары қысым түскенде полимерлерде болатын өзгерістер сияқты оның талшықтарының қаттылығының жоғарылағаны байқалады. Функционалдық күш түскен кезде тістер серпімді бекіген жағдайда болады, сондықтан ешқашан альвеола қабырғаларына аса жақындамайды.
· Шайнау қысымын реттеуші: Периодонттың амортизациялаушы қызметінің мәні – шайнау тербелістерін реттеп, қысымды тіс ұясы қабырғаларына тепе-тең бөліп, оны бұзушы фактордан зат алмасу үдерістерін ынталандыратын факторға айналдыру. Бұған коллаген талшықтары мен тамырлар жүйесі мүмкіндік береді. Олар периодонт тініндегі сұйықпен қосылып тіске арнайы гидравликалық жастық құрады. Периодонтта қысым жоғарылаған кезде қан мен лимфа сүйектегі тамырлар жүйесіне бағыт ала бастайды.
· Қорғаныс қызметі: Периодонттың қорғаныс немесе барьерлік қызметі оның барлық бөлігінде бірдей орналасқан гистиоциттермен тығыз байланысты, Периодонттың жиі орналасқан қантамырлар торы оның әрбір аймағында микрофаг-лейкоциттер мен антителалардың болуын қамтиды. Мұның өзі периодонт арқылы ауыз қуысынан организмнің ішкі ортасына инфекциялық және басқалай агенттердің түсуіне тосқауыл бола алады.
· Пластикалық қызметі: Пластикалық немесе қайта құру қызметі арнаулы жасушалардың остеобластар мен цементобластардың арқасында орындалады және тістер шықаннан кейін де жалғаса береді. Бұл жасушалардағы ферменттік жүйелерге жоғары белсенділік тән, сондықтан сүйек құрылымдары мен түбір цементі сорылған кезде, оларды қайта құруға осы жасушалар қатысады.
· Сенсорлық қызметі: Периодонт өзінің көптеген нерв ұштарымен сенсорлық қызмет атқарады. Периодонттағы механорецепторлар шайнау қызметін реттейді. Периодонттың гомеостатикалық қызметі коллагеннің жаңару үдерісін, цементтің репарация және сорылуын, альвеола сүйегінің қайта құрылуын, жасушалардың пролиферативті және функционалды белсенділігін, тістегі құрылымды функциональді өзгерістерге байланысты шайнау қызметін реттейді және емдік әсер етеді.