Ісжегі қуысын егеп- тазалау кезеңдері. 2 страница

3.9. БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША VКЛАСТЫ ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП -ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ

ісжегі қуысын егеп- тазалау кезеңдері. 2 страница - student2.ru

3.8.-сурет Блек бойыншаV класты тісжегі қуыстары: а ― 13- тістегі мойын бөлігінде орналасқан тісжегі қуысы; б — Блек бойынша V класты тісжегі қуыстарын егеп- тазалау нұсқалары.

Қуыстардың пішіні және орналасуы Қуыстарды оқшаулау Қуыстың қызылиектік қабырғасын қалыптастыру Қуыстың окклюзиялық және бүйір қабырғалары
V класты тісжегі қуыстары (3.8- сурет) тістің мойын сызығынан жоғары, тіс мойыны сызығы деңгейінде түбірге қарай тарала орналасады немесе түбірде тістің мойын сызығынан төмен, жоғары жеке орналасуы мүмкін. V класты тісжегі қуысының пішіні дөңгелек немесе сопақ болады. Қуыстың егеп- тазаланатын шекарасы тістің қатты тіндерінің тісжегімен зақымдану дәрежесіне байланысты. Профилактикалық кеңейту кезінде қызылиек мойын бөлігіндегі қабырғаны қызылиек шетіне дейін немесе тісжегі үдерісі кіреуке дентин байланысына немесе одан өтіп кетсе одан төмендеу етіп егеп- тазалайды. Окклюзиялық бағытта қуысты тістің орта және мойын бөлігіне дейін жеткізеді. Бұл аймақ тамақ шайнау үдерісі кезіндегі физиологиялық тазалануда жақсы тазаланады. Қуысты алдыңғы- артқы бағытта тістің жанасу бетінің вестибулярлы немесе оральді бетке өтетін белбеуіне дейін кеңейтеді. Қуыс қабырғаларының пародонттың жиектік бөлігіне жақын орналасуы (жиектік қызылиек, қызылиек сайы егеп-тазалау және пломбылау үдерісі кезінде қызылиек жалқығымен, транссудатпен, қанмен ластануы мүмкін. Қуыстың қызылиек қабырғасын жиектік қызылиектен оқшалаудың бірнеше тәсілі бар. •кламппен бірлестірілген коффердам жиектік қызылиекті қуыстың қызылиек шетінен апикалды бағытта кері итеріп тұрады. •егер коффердам қолданылмаса немесе қызылиекті кламппен кері итеріп тұру қиындаса, онда V класты қуыстарын пломбылауға арналған матрицалармен және ретракторларды қолданған жөн. •қызылиек сайына немесе қалталарға қойылатын ретракциялық жіптерді қолдану ― балама әдіс болып табылады. Қуыстың қызылиектік қабырғасы қызылиек деңгейі шетінде немесе қызылиектен 1 мм төмен орналасуы мүмкін. Мойын бөлігінде ұлпаның жақын орналасуына байланысты қызылиек қабырғасының тіс бетіндегі қызылиек қабырғасы қуысының ұзындығы және тереңдігі 1мм аспауы керек. Қуыстың тереңдігі тісжегі үдерісінің тереңдігіне және орынбасушы дентинге байланысты. Қызылиек қабырғалары окклюзия жағына қарай ретенциялық жағдай жасау үшін бір-бірінен алшақтау болуы мүмкін. Кіреукеде фальц жасау кезінде қызылиек қабырғалары тіс мойынынан төмен орналасса, онда кіреуке жабындысы болмайтынын естен шығармау керек. Осыған байланысты ретенциялық мүмкіндіктерді нығайту мақсатында мойын бөлігіндегі қабырғаларының қуыстың табанына ауысатын шекарасында сайлар жасауға кеңес беріледі. Қуыстың алдыңғы-артқы бағытта созылып жатуы кезінде сайлар бүйір қабырғаларынан аспау керек. Қызылиек қабырғасының сыртқы пішіні қызылиек шетіне параллельді орналасады. V класты тісжегі қуысының табаны тіс қуысының топографиясына қарай және сыртқы дөңестік белгісін қайталай отырып вестибулярлы және оральді бағытта дөңестеу болуы керек.   Көп жағдайда сыртқы окклюзиялық қуыстың пішіні тіс сауытының үштен бір және мойын бөлігі аймағында тістеу қырына немесе тістің окклюзиялық бетіне параллельді орналасады. Окклюзиялық беттің тереңдігі тіс қуысынан алшақтау болуына қарай 1 мм тереңдеу болады. Окклюзиялық қабырғалар мойын қабырғаларынан сәл алшақтау орналасады. Ретенцияны жақсарту мақсатында окклюзиялық беттің қуыс табанына өтетін аймағында терең емес сайлар қалыптастырады. Керек болған жағдайда қиықты окклюзиялық бағытқа қарай жасайды. Бүйір қабырғалары алдыңғы-артқы бағытта аздап дөңестеу. Мойын бөлігі аймағындағы бүйір қабырғалардың тереңдігі окклюзиялық қабырғаларға қарағанда терең емес. Себебі мойын бөлігінде окклюзиялық бетке қарағанда тарлау. Бүйір қабырғасында ретенциялық сайлар жасалмайды. Окклюзиялық және бүйір қабырғалар бір тіс бетіне перпендикулярлы болып 90 градустық бұрыш құрау керек.

V КЛАСТЫ ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ПЛОМБЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

М атериалдар Қолдану тәсілдері Мақсаты  
Компомерлер Қолданар алдында нұсқаумен танысу керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады. Материал қатаюы кезінде сәулені материалдың жақсы үйлесуі үшін қызылиек жағынан бағыттау керек.     Тістердің анатомиялық пішінін, функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Микротолықтырылған композиттер Қолданар алдында нұсқаумен танысу керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады. Материал қатаюы кезінде сәулені материалдың жақсы үйлесуі үшін қызылиек жағынан бағыттау керек. Тістердің анатомиялық пішінін, функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Микробуданды композиттер, соның ішінде нанотехнологияны қолдана отырып жасалған материалдар Қолданар алдында нұсқауды оқып-танысу керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады. Материал қатаю кезінде сәулені материалдың жақсы үйлесуі үшін қызылиек жағынан бағыттау керек. Тістердің анатомиялық пішінін және функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Төменгі модульді композиттер (ағымды)   Қолданар алдында нұсқаумен танысу керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады. Материал қатаюы кезінде сәулені материалдың жақсы үйлесуі үшін қызылиек жағынан бағыттау керек. Тістердің анатомиялық пішінін, функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Шыныполиалкенатты цементтер Қолданар алдында нұсқауды оқып- қолдану керек. Тістердің анатомиялық пішінін, функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Шайнау тістері аймағында орналасқан тісжегі қуыстарына амальгама қолданады. (жасы ұлғайған адамдар үшін)   Қолданар алдында нұсқауды оқып-қолдану керек. Амальгаманы араластырғыш және тасымалдаушы пистолет Тістердің анатомиялық пішінін және функционалдық параметрін қалпына келтіру

3.10.БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНШАVI КЛАСТЫ ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП- ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ

VI класты тісжегі қуысына (3.9-сурет) күрек, сүйір тістердің кесу қырларында, кіші және үлкен азутістердің төмпешіктерінде орналасқан тісжегі қуыстарын жатқызады. Егеп- тазалау алдында көшірме қағаз көмегімен окклюзиялық жанасу нүктелерінің окклюзиялық қарым-қатынасын анықтайды. Егеп- тазалау кезінде келесі ерекшеліктерді ұмытпау керек:

•зақымданған тіндер аймағын егеп- тазалау әдісі;

•кіреуке шеттерінде қиық қалыптастыруғы болмайды. Бұл ұсыныс жиі кездесетін өте үлкен емес, тек қана VI класты қуыстарға жатады.

VI КЛАСТЫ ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ПЛОМБЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

М атериалдар Қолдану тәсілдері Мақсаты  
Микробуданды композиттер, соның ішінде нанотехнологияны қолдана отырып жасалған материалдар Қолданар алдында нұсқауды оқып-қолдану керек. Композиттің бағытталған қатаю әдісін және қабаттай қою тәсілін қолданады. Материал қатаюы кезінде сәулені материалдың жақсы үйлесуі үшін қызылиек жағынан бағыттау керек. Тістердің анатомиялық пішінін, функционалдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Шайнау тістері аймағында орналасқан тісжегі қуыстарына амальгама қолданады. (жасы ұлғайған адамдар үшін)   Қолданар алдында нұсқауды оқып-қолдану керек. Амальгаманы араластырғыш және тасымалдаушы пистолет Тістердің анатомиялық пішінін және функционалдық параметрін қалпына келтіру

ісжегі қуысын егеп- тазалау кезеңдері. 2 страница - student2.ru

3.9.-сурет. Блек бойынша VI класты тісжегі қуыстары: а — 14- тістегі тісжегі қуысы; б — астыңғы жақтағы алдыңғы тістердегі қуыстар

3.11. ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТРИЦАЛЫҚ ЖҮЙЕ

Тістерді пломбылау кезінде қолданылатын аспаптардың ішінде матрицаларға және матрица ұстағыштарға өте үлкен орын беріледі. Матрица дегеніміз тістің тісжегі үдерісімен зақымдалған қабырғаларын бөліп тұратын және қойылған пломбалық материалды қатқанға дейін ұстап тұратын, пломбылау кезінде тіске анатомиялық пішін беруге мүмкіндік туғызатын металл немесе пластик пішіндес аспап. Матрица тіске тез салынып, тез алынуы керек. Бұл іс- шаралар дәрігер- стоматологтың көп уақытын алмау және тіс тіндері мен пломбаның пішінін бұзбауы керек.

Матрицалардың пішін үйлесімі тістің бұзылған бөлігінің пішінін қалпына келтіруін қамтамасыз ету және қызылиек тіндерін немесе коффердамды пломбалық материалдан оқшаулап тұру керек.

Матрица тісте мықты орналасып, пломбалық материалды нығыздау және қатаюы кезінде қозғалмауы қажет. Матрицаны тісте бекіту үшін арнайы қондырғы ― матрица ұстатқыштарды қолданады.

«Матрица — матрица ұстатқыш» жүйесі пациентке ыңғайсыздық сезімін туындатпауы қажет. Матрица ұстатқыш процедураны жасауға кедергі жасамауы керек, өте үлкен болмауы тиіс.

Матрицаларды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тістің толық шеңберін қамтитын таспалы матрицалар жатады. Мұндай матрицаларды Тоффлемайр типтес матрица ұстатқыштармен бекітеді. (3.10- сурет).

Секциялық матрицалар тістің зақымдалған бетін ғана жауып тұратын және тіс пішінін қалыптастырушы матрицалар. (3.11, 3.12-сурет). Матрица ұстатқыш матрицаның пломбыланатын қуыстың барлық қабырғалармен тығыз болуын қамтамасыз етуі керек.

Матрица және матрица ұстатқыш қолданар алдында тез залалсыздандырылуы тиіс. Матрицалардың тек бір ақ рет қолданылатынын естен шығармау керек. Тіске матрицаларды қоярда келесі ережелерді сақтау керек.: Матрицаның қызылиекке қараған шеті пломбыланатын қуыстың қызылиек қабырғасынан 0,5-1,0 мм төмен орналасуы керек. Бұл матрицаның тісаралық сыналармен бір мезгілде қысылуын қамтамасыз етіп, пломбалық материалдың матрица мен тіс қабырғасы арасынан шығып кетпеуін және пломбалық материалдың қызылиекті жарақаттауынан қорғайды. Матрицаның окклюзиялық шеті жиектік айдаршықтан 1-2 мм жоғары орналасуы керек. ( 3.10-суретті қараңыз).

ісжегі қуысын егеп- тазалау кезеңдері. 2 страница - student2.ru

3.10.-сурет. Матрицалық жүйе «Тоффлемайр»: а — матрицаны матрица ұстатқышта бекіту; б — матрицаның қызылиектік және окклюзиялық шетінің пломбыланатын тіспен өзара қатынасы; в — матрица ұстатқышты тіске бекіту; г — матрицаны медиалды окклюзиялық және медиалды окклюзиялық дисталді қуыстарды пломбылау кезіндегі орналасуы.

ісжегі қуысын егеп- тазалау кезеңдері. 2 страница - student2.ru 3.11.-сурет.«Composi Tight 3D» секциялық матрица жүйесі (а); тіске бекітілген секциялық матрица (б)

Матрицалармен жұмыс істеу кезіндегі ең маңызды шарт ― тіс аралық сыналарды қолдану. Матрицаны қойғаннан кейін оны сыналармен бекіту керек.

Қазіргі кезде ағаш және пластиктерден жасалған әр түрлі мөлшердегі сыналардың кең ауқымды түрлері шығарылуда.

Тіс аралық сыналар көп қызмет атқарады. Ең алдымен олар матрицаның пломбыланатын тістерге тығыз қысылуын қамтамасыз етіп, және пломбалық материалдың тісаралық кеңістікке түспеуін, оның қызылиекті жарақаттамауын қамтамасыз етеді. Пломбаның салбыраңқы шеттері пломбалау кезіндегі ең ауыр асқынулар болып келеді. Себебі, тісаралық кеңістікке түскен пломбалық материал қызылиек бүртікшесін жарақаттау нәтижесінде жергілікті пародонт қабынуыны пайда болуына әсер етеді. (3.13-сурет). Тіс аралық сыналардың келесі маңызды қызметі – тіс арасына енгізу кезінде тістердің сепарациясы жүреді. Матрицаны алғаннан

кейін тістер бір-біріне жақындап, тығыз жанасады. Егер тістердің арасында сеперация жүргізілмесе, онда көрші тістер арасында матрица қалыңдығына сәйкес келетін саңылау қалады. Бұл тіс арасында жанасу нүктесінің қалыптаспауына және сол араға тамақ қалдықтарының түсуіне әкеліп соғады. Тіс аралық сыналарды тістердің арасына енгізу кезінде сынаның ұшы пломбыланатын қуыстың қызылиек қабырғасынан төмен тұруын қамтамасыз ету керек.

ісжегі қуысын егеп- тазалау кезеңдері. 2 страница - student2.ru

ісжегі қуысын егеп- тазалау кезеңдері. 2 страница - student2.ru

3.12-сурет. «V3 Ring» секциялық матрица жүйесі: а — матрицалар, шеңберлер және тістер аралық сыналар жиынтығы; б — қысқаштар; в — 14 тіске қою тәсілі.

Сынаның қыр негізі екі көрші тістің мойын деңгейінде орналасуы тиіс. .

Егер сынаның қыр негізі матрицаға қызылиек қабырғасынан жоғары тірелетін болса, онда сынаны тістердің арасына енгізу кезінде пайда болған қысым нәтижесінде матрица деформацияға ұшырап, пломбаның пішін үйлесімі бұзылады. ( 3.13-суретті қара).

ісжегі қуысын егеп- тазалау кезеңдері. 2 страница - student2.ru

3.13. сурет. II класты тісжегі қуысын пломбылау кезінде тіс аралық сыналарды қолдану: а ―- тіс аралық сыналардың болмауы пломбаның салбыраңқы шетінің қалыптасуына алып келеді; б ―- дұрыс қойылмаған сына пломбаның және матрицаның деформациялануына әсер етеді; в ―- тісаралық сынаның дұрыс орналасуы; 1―-тіс аралық сына; 2 ―- матрица; 3 ―- пломба; 4 ―- пломбаның салбыраңқы шеті.

3.12.ТІСТЕГІ ТІСЖЕГІНІ ЕМДЕУ КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЛОМБАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

Тістің ішкі құрылымдарын сыртқы фактордың әсерінен оқшаулау мақсатында егеп- тазаланған қуыстарды қандай да бір пломбалық материалдармен тығыз толтырады. Кіреуке және дентиннің түсін, жылтырлығына сәйкес келетін материалдарды реставрациялық немесе қайта қалпына келтіруші материалдар деп атайды.

Тістерді пломбылау ― бұл пломбалық материалдардың көмегімен тістердің қызметін қалпына келтіретін емдік процедура, ал қайта қалпына қелтіру (реставрация) ― тістің алғашқы пішінін толықтай қалпына келтіретін емдік және көркемдік жұмыспен қосарланған элементтен тұратын процедура.

Пломбалық материалдар қолдануына қарай тістерді тікелей немесе тікелей емес пломбылауға, герметизациялауға арналған материалдар болып бөлінеді.

Жабысқақтық жүйе жеке пломбалық материал болып табылмайды.

I. Тістерді тікелей пломбылауға арналған материалдар.

1. Уақытша пломбылауға арналған материалдар.

2. Төсемдік материалдар:

•емдік;

•аралық.

3. Тұрақты пломба қоюға арналған материалдар:

•цементтер (минералды, полимерлі);

•металлқұрамдас пломбалық материалдар (амальгама);

•полимерлі пломбалық материалдар, олардың өзі екі түрлі болады

(толықпаған ― акрил немесе эпоксид шайыры негізінде жасалған пластмассалар; ал толыққан — композиттер;, компомерлер, ормокерлер).

II.Тікелей емес пломбылауға арналған материалдар:

•металды;

•керамикалық;

•полимерлі.

III. Беттік герметизациялауға арналған материалдар:

•табиғи сызаттарды (фиссуралы);

•реставрация бетін жабуға арналған герметиктер.

IV. Адгезивті немесе жабысқақты жүйе:

•өздігінен қатаятын (химиялық жолмен қатаятын);

•сәулемен қатаятын;

•екі түрде қатаятын.

Қатаю тәсілі бойынша материалдарды бірінші –қатты (қолдану кезінде өзінің алғашқы қаттылық консистенциясын өзгертпейді ) және дәрігерлік манипуляция кезінде қатаятын материалдар деп бөледі.

Стоматологиялық қатаятын материалдар ― өздігінен немесе химиялық жолмен қатаятын, сәулемен қатаятын және аралас қатаятын болып бөлінеді.

Өндірісте тістің қатты тіндеріне сәйкес келетін материалдардың эстетикалық қасиетін, биологиялық үйлесімділігін жақсарту жолдарын жаңартумен айналысуда. Бірден керемет болатын пломбалық материал жоқ. Сондықтан барлық пломаблық материалдарға төмендегі талаптар қойылады.

• қажалуға механикалық қаттылық және беріктік;

•жылуөткізгіштігі төмен болуы керек;

•материалдың кеңею коэффиценті тіс тіндерінің кеңею коэффицентіне сәйкес келуі;

•материалдың қуыс қабырғаларымен химиялық және шағын механикалық байланыс құруы;

•ұзақ уақыт пішінін және көлемін өзгертпеуі;

•пломбылау үдерісі және қатаю кезінде ылғалға тәуелділігі төмен болу керек;

•тіс тіндерінің түсіне сәйкес келуі керек;

•жақсы пластикалық қасиеті болуы;

•рентгенконтрасты;

•тісжегіге қарсы әсері;

•қолдануда қарапайым болуы;

•қолдану мерзімі ұзақ болуы;

•сақтау және тасымалдауда ерекше талапты қажет етпеуі керек.

3.12.1. ТІСТЕРДІ УАҚЫТША ПЛОМБЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

Тістерді уақытша пломбылауға арналған материалдар тісті бір кезеңде емдеуге мүмкіндік болмаған жағдайда тістің қатты тіндеріндегі қуыстарын нығыз жабуға арналған. Уақытша пломбалық материалдарды тістердегі қуыстарды 1-4 тәулікке жабуға арналған материалдар деп бөледі. Осы мақсатта жасанды дентиннің судағы шыландысын, дентин қойыртпағын, мырышоксидті эвгеноль цементін қолданады.

Тіс қуысы ашылған ұлпа мүйізшесіне мышьяк қойыртпағын және сұйық емдік дәрілік заттарды қою кезінде дентин қойыртпағымен қуысты жабуға қолдануға болмайды. Ресейде қазіргі кезде осы топтың келесі препараттары бар: Дентин қойыртпағы, IRM, Temp Bond, Zinoment.

Бұл материалдардың үлкен кемшіліктері ― құрамында композиттік материалдың жабысу және қатаю үдерісін төмендететін эвгеноль болуы.

Соңғы жылдары көптеген өндіруші фирмалар эвгеноль орнына композиттік материалдарға негативті әсер етпейтін және материалдардың қораптарында

«NEЃ»(non evgenol) немесе «Evgenolfree» белгісі бар материалдар шығаруда.

Құрамында эвгеноль жоқ, тістерді уақытша пломбылауға арналған материалдарға «Cavit, Cimpat, Ciprospad, Temp Bond NEЃ және рессейлік Темпопро» материалдары жатады.

Тістерді уақытша жабуға арналған, сәулемен қатаятын материалдар өндіріліп, қазір кезде қолдануға берілген: «Clip», «Climpat LC», «Fermit-N», «Темпе Лайт».

Уақытша пломбалық материалдарды бірнеше аптадан 6 айға дейін қояды. Тістерді уақытша жабуға мырыш фосфатын, мырышты еэвгенолды, поликорбаксилатты цементті және шыныполиалкенатты цементті жиі қолданады.

3.12.2. ТӨСЕМДІК МАТЕРИАЛДАР

Төсемдік материалдар дентин, кейде ұлпа мен тұрақты пломба немесе уақытша пломба арасындағы аралық қабаттағы материал болып табылады.

Емдік және аралық төсем деп екіге бөлінеді.

Емдік төсемдер терапиялық және қорғаныс қызметін атқаратындықтан мынадай қасиеттерге ие болуы керек:

•тіс ұлпасын тітіркендірмеу керек;

•қабынуға қарсы, микробқа қарсы, дентин түзуші әсер етуі керек;

•астындағы дентинді жақсы қорғау керек.

Бір төсем толыққанды емдік- спектрлі әсер етпейді. Сондықтан ұлпа қабынуы кезінде алдымен күшті, қысқа мерзімді жансыздандырушы және қабынуға қарсы әсері бар емдік төсемді қояды. Мұндай төсемдер тез даярланады немесе даяр түрлері де болады.

Олардың құрамында глюкокортикоидтар (гидрокортизон, преднизолон) немесе стероидты емес қабынуға қарсы (индометацин, мовалис, диклофенак) әсері бар препараттар болады. Емдік төсемдер құрамында микробқа қарсы әсері бар препараттар болады: хлоргексидин, метронидазол, гипохлорид натрий.

Мұндай емдік төсемдерді емдік нәтижесі төмен болуына байланысты өте сирек қолданады. Қабыну үдерісі басылғаннан кейін бұл емдік төсемдерді орынбасушы дентиннің түзілуін ынталандыратын төсемдермен алмастыру керек. Міне, осындай төсемдер ұзақ уақыт әсер етуі қажет. Оларды тұрақты пломбаның астына қоюға болады.

Кальций гидроксиді негізінде жасалған материалдар бүгінде кеңінен қолданыс тапты: «Dycal»; «Life»; «Alkaliner»; «Calmicol», «Calmicol LC».

Бұл препараттар қойыртпақ-қойыртпақ негізінде (негізгі және қатайтушы ) бірдей көлемде алынып араластырылатын материал ретінде жасалған. Материалды дентин аймағына жұқа қабатпен тіс ұлпасы жақын орналасқан аймаққа қояды. Материалды тісжегі қуысына апарып қоюға арналған, түйме сияқты, бірақ бас жағы үлкенірек арнайы зонд жасалған. Материал ауыз қуысының жылылығынан және дентин түтікшелеріндегі сұйықтық әсерінен тез қатаяды.

Материалдар өте аз салмақты ғана ұстап тұратындықтан (фосфат цементтен қысымға беріктілігі 10–15есе аз ), үстінен шыныполиалкенатты цементпен жабу керек. Кальций гидроксидтің үстін аралық лактарды қолданып жабу тәсілі өзін ақтаған жоқ. Гидроксидқұрамдас препараттардың кемшілігі ― тұрақты пломба астында өзінен- өзі еріп кетуі болып келеді.

Аралық төсемдер дегеніміз тіс ұлпасын тұрақты пломбалардың улы әсерінен қорғауға арналған материалдар. Цементтерді сұйықтықпен араластырғаннан кейін пайда болатын қышқылдар қалдығы, ал композиттердің қатаюынан кейін пайда болатын бос радикалдар тіс ұлпасына улы әсер етеді. Өздігінен қатаятын композиттердің қатаю үдерісінен кейін пайда болатын жылу да тіс ұлпасына зиянды әсер етеді.

Наши рекомендации