Ымаларды іргелі жөндеу

Ұңғылардың жер астындағы іргелі жөндеудің мынадай мақсаттарын атап өтуге болады:

- ұңғының және ішкі ұңғылық жабдықтардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру;

- ұңғының және жабдықтардың бас тартуларының алдын алу және ұзақ уақыттық жұмыс істеуді арттыру;

- ұңғы дебитінің деңгейін алғашқы уақыттағы деңгейге жеткізу немесе сол уақыттағы деңгейден асыру.

Сонымен бірге, ұңғы деген ұғымның ішіне тек шегендеу құбырлары мен ұңғы ғана емес, басқа қабаттың жақын аумағы және перфорация аумағын да жатқызуға болады.

Мұнай өндіруші кәсіпорынның жұмыс істеу қабілеттілігі ұңғының жөндеуаралық жұмыс периоды арқылы аңықталады.

Ұңғының жөндеуаралық жұмыс периоды дегеніміз – ұңғының бірінші жөндеуден екінші жөндеуге дейінгі нақты жұмыс істеген уақыты. Бұл ұзақтық бір уақыт периоды кезіндегі (квартал, жарты жылдық) ұңғы-күндердің санын осы уақыт периодында жүргізілген жер асты жұмыстарының санына бөлгенге тең. Жөндеуаралық период ұңғының қолдану уақыты, бұзылудың анықталу уақыты, жөндеуді күту уақыты және жер асты жөндеуге кететін уақыт бойынша анықталады. Сонымен бірге, бас тарту ретінде жабдықтардың бұзылуы ғана емес, тиісті регламентте немесе техникалық құжаттарда көрсетілген мұнай өндіру мөлшерінен төмен мұнай өндірілу де бас тарту ретінде қарастырылады. Бұл бас тартулар параметрлік деп аталады, олар тек қана тозған жабдыққа байланысты емес, сонымен бірге ұңғы жұмысының көрсеткіштерінің өзгеруімен де байланысты.

Ұңғыларды іргелі жөндеуі (ҰІЖ) деп – шегендеуші тізбектердің, цементті сақиналардың, түп алдындағы аумақтың жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруін, қауіпті жағдайларды жоюын, бөлек қолдану және айдау кезіндегі жабдықтардың көтерілуі мен түсірілуіне бағытталған кешенді жұмыстардың түрін айтады.

Айтылған бағыттардың (жөндеу, ұңғы-операция) жөндеу жұмыстарының бірліктері деп – бұл ұңғының ағымды және іргелі жөндеу бригадасымен жүргізілген дайындық, негізгі және қорытынды жұмыстардың кешені және жоспармен қарастырылған, сондай-ақ, акт бойынша қабылданатын бригадаға тапсырушылармен ұңғыны алған уақыттан жұмыс аяқталғанға дейінгі уақытты айтады.

Ұңғының іргелі жұмыс (ҰІЖ) түрлеріне 5.2-кестедегі келтірілген жұмыстар жатады.

Белгіленген жұмыстардан басқа тізбектің перфорациясына байланысты жұмыстарды атап кету керек. Олар іргелі жөндеу бригадасымен екі жағдайда жасалады. Егер жаңа ұңғыларда бұрғылау бригадасымен ұңғыны беру уақытынан және қолдануға қайта қосу арасындағы уақыт бір ай болса, онда бұл жағдайда мұнайға толып қалған ұңғының тұрып қалу кезінде, әдетте түп алдындағы аумақтың сапасын төмендетеді де, іргелі жөндеу бригадасының өз жұмыстарын өткізуге қажеттілік туады. Сондықтан перфорациялау және мұнай ағынын шақыру жұмыстарын ҰІЖ бригадасы орындайды. Екінші жағдайда перфорация аумағын оқшаулаған соң немесе оның сіңімділігі төмендеген кезде тағы да перфорациялау операциясы өткізіледі.


  5.2-кесте  
Шифр Жұмыс түрлері
ІЖ1 ІЖ1-1 ІЖ1-2 ІЖ1-3 ІЖ1-4 ІЖ2 ІЖ2-1 ІЖ2-2 ІЖ2-3   ІЖ3 ІЖ3-1   ІЖ3-2 ІЖ3-3 ІЖ3-4 ІЖ3-5 ІЖ4 ІЖ4-1 ІЖ4-2 ІЖ5 ІЖ6 ІЖ6-1 ІЖ6-2 ІЖ6-3 ІЖ6-4 ІЖ7 ІЖ7-1 ІЖ7-2 ІЖ7-3 ІЖ7-4 ІЖ7-5 ІЖ7-6 ІЖ7-7 ІЖ7-8 ІЖ7-9 ІЖ7-10 ІЖ7-11 ІЖ8 ІЖ8-1   ІЖ8-2 ІЖ9 ІЖ9-1 ІЖ9-2 ІЖ9-3 ІЖ9-4 ІЖ10 ІЖ10-1 ІЖ10-2 ІЖ11 ІЖ12 Оқшаулау-жөндеу жұмыстары Қабаттың бөлек суланған интервалдарын сөндіру Бөлек қабаттарды сөндіру Цемент қабаттың герметикалық емес жерлерін жөндеу Аралық тізбектердің, кондуктордың артындағы сақинаны үлкейту Пайдалану тізбегінің герметикалық емес жерлерін жөндеу Герметикалықсыздықты тампон арқылы жөндеу Герметикалықсыздықты пластырды қою арқылы жөндеу Герметикалықсыздықты диаметрі кішілеу шегендеуші тізбекті түсіру арқылы жөндеу Қолдану немесе жөндеу кезінде жіберілген апаттарды жою Қолдану процесі кезінде пайда болған апаттан кейін ұңғыдан жабдықтарды шығару Шегендеуші тізбектегі апаттарды жою Түпті және ұңғы оқпанын металл заттардан тазалау Ұңғыны пайдаланудағы жіберілген апаттарды жою жұмыстары Ұңғыны жөндеу кезіндегі жіберілген аппаттарды жою Басқа қабаттарға көшу және қабаттарды бөлшектеу Басқа жер асты қабаттарына көшу Қабаттарды бөлшектеу ОРЭ, ОАЭ қондырғыларын пакер-кесушілерді енгізіп жөндеу Бұрғылаумен байланысты жер асты жұмыстарының кешені Ұңғылардың жаңа оқпандарын кесіп шығару Цемент стақанды бұрғылау Қабатқа оқпанның тереңдеуімен тізбектің башмағын фрезерлеу Артезиан ұңғыларын және шурфтарды жабдықтау және бұрғылау Түп алдындағы аумақты өңдеу Қышқылдық өңдеуді жасау ГРП-ны өткізу ГПП-ны өткізу Түп алдындағы аумақты виброөңдеу Түп алдындағы аумақты термоөңдеу Түп алдындағы аумақты еріткіштермен жуу Түп алдындағы аумақты ПАВ еріткіштерімен жуу Термогазхимиялық әдістермен өңдеу (ТГХВ; ПГД және т.б.) Түп алдындағы аумақты өңдеудің басқа түрлері Айдаушы ұңғылардың өнімділік профилін теңестіру Атылып қойған ұңғыларды торпедамен тесу және перфорациялау Ұңғыларды зерттеу Өнімдік қабаттардың қанығу сипатын және қазбалығын зерттеу, ұңғылардағы геологиялық тіліктерді дәлелдеу Ұңғының техникалық жағдайын бағалау Басқа қызметке қолдануға ауыстыру Ұңғыларды айдаушы түріне аудару Ұңғыларды техникалық аумақты алуға аудару Ұңғыларды бақылау және пьезометрлік түріне аудару Ұңғыларды жылутасығыш және ауа қолдануға аудару Айдаушы ұңғыларды жөндеу және қолдануға енгізу Бу- және ауа- айдағыш ұңғыларды құмға қарсы жабдықтармен жабдықтау Бу және ауа айдағыш ұңғыларында құм тығындарын жуу Ұңғыларды консервациялау және реконсервациялау Жұмыстың басқа түрлері

Ұңғының жер асты жөндеу жұмыстары үшін көп жағдайда оймалы (резьбалы) құбырлары бар агрегаттар пайдаланылады.

Қазіргі кезде агрегаттың екі түрі қолданылады:

- құбырларды және штангаларды салуға арналған стационарлы көпіршектермен жабдықталған стационарлы мұнара және өздігінен жүретін базада құрастырылған қозғалмалы лебедка;

- дөңгелекті немесе шынжыр табанды базаға қондырылған өзінің үстінде мұнара мен лебедканы алып жүретін қозғалмалы агрегат.

Бұлардың бірінші түрі көтергіштер, ал екіншілері жер асты жөндеу агрегаттары немесе жай агрегат деп аталады.

Іргелі жөндеу агрегатының сұлбасы келесі құрылымдардан тұрады – арнайы өздігінен жүретін базасы бар күштік агрегат немесе жүру қозғалтқыш жабдығының жетектеушісі бар өзі жүретін базалық агрегат, іс атқарушы механизмдерге арналған трансмиссия, көтергіш лебедка, тальдік жүйе және ілмекпен жабдықталған діңгек, ротор, компрессор, сорап, свабирациялауға арналған лебедка, қондырғыны жұмыстық және тасымалдау күйіне аударуға арналған жүйе, басқару және бақылау пульті, көтеріп - түсіру жұмыстарына арналған аспаптар мен механизмдер. Іргелі жөндеуге арналған аспаптар түрі мен өлшемдері бойынша әртүрлі болады және іргелі жөндеу базаларында сақталады. Ұңғыға тек осы ұңғыдағы жеке жұмыстарға қажетті аспаптар ғана тасымалданады (фрезалар, бұрғылау аспабы, аулағыш аспап, мөрлер, т.б.).

Іргелі жөндеу кезіндегі орындалатын жұмыстардың кезегі 5.4-суретте бейнеленген.

 
 
Дайындау жұмыстарының кешені

   
 
Ұңғы сағасының техникалық жағдайын тексеру
 
 
Сағалық жабдықтардың техникалық жағдайы

ИӘ ЖОҚ

 
 
Сағалық жабдықтарды жөндеу

Ұңғы оқпанын жөндеуге дайындау

Ымаларды іргелі жөндеу - student2.ru

 
 
Шаблон-мөр түпке жетті

ЖОҚ ИӘ

Шаблон-мөрдің түсірілуі (диаметрі 6-12 мм кішірек)
Ұңғы беттерінде парафиннің қатты бөлшектерінің шөгуі шөгінділері бар

ЖОҚ

Шаблон-мөр түпке жетті
Ұңғы беттерін парафиннің қатты бөлшектерінен тазарту
ИӘ ИӘ

ЖОҚ

               
   
Жаңа жоба бойынша жұмыс істеу
 
Қабаттың өнімділігін аңықтай отырып, ұңғыны жуу (қажет болғанда)
 
 
  Ымаларды іргелі жөндеу - student2.ru
 
   
Кәсіпшілік-геофизикалық зерттеулер қажеттілігі

ЖОҚ ИӘ

   
 
Кәсіпшілік-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулер қажеттілігі
 
 
Қолдану тізбегі герметизацияланған

ИӘ

ЖОҚ

     
   
Бөлгіш көпірді орналастыру
 
 
Қолдану тізбегінің бұзылған жерінің тереңдігі белгілі

ИӘ

ЖОҚ

   
 
Қолдану тізбегінің герметикалықсыздығын дәлелдеу бойынша зерттеулер Изоляцияның сапасын аңықтау бойынша зерттеу
 
 
Қолдану тізбегінің герметикалықсыздығын жою жұмыстары. Изоляцияның сапасын анықтау бойынша зерттеу

ЖОҚ

 
 
Герметикалы қолдану тізбегі

ИӘ

 
 
Бөлгіш көпірдің бұрғылау

 
 
Басқа түрлі жөндеу жұмыстарын жүргізу

 
 
Типтік жобада ұңғыны жуу белгіленген

Ұңғыны жуу
ИӘ ЖОҚ

ЖОҚ ИӘ

       
 
Жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын анықтау бойынша зерттеу
 
   
Қорытынды жұмыстардың кешені

5.4-сурет. Іргелі жөндеу кезіндегі орындалатын жұмыстардың кезегі

Наши рекомендации